Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы<*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 21 қаңтар N 1100. Заңның Y бөлiмiнiң 47-бабындағы екiншi сөйлемнiң зейнетақы есептеу үшiн азық-түлiк паегiнiң құнын қосуға қатысты сөздердiң күшi 1 сәуiр 1997 жылға дейiн тоқтатылған - ҚР Президентiнiң 1994.04.12. N 1652 жарлығымен. Күшi тоқтатылған бап 1994 жылғы 14 шiлдедегi Заңмен қайтадан күшiне ендi. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.20. N 137-1 Заңымен. ~Z970137

      "Қазақ КСР-iндегi азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ КСР Заңында баяндалған зейнетақымен қамсыздандыру жалпы принциптерiне сәйкес және әскери қызмет пен iшкi iстер органдарындағы қызметтiң ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Заң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Бiрiккен Қарулы Күштерiнiң, шекара, iшкi темiр жол әскерлерiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық ұланның, әскери әдiлеттiң мемлекеттiк органдардың шешiмдерiне сәйкес құрылған басқа да әскери және арнаулы жасақтардың офицерлерiн, прапорщиктерiн, мичмандары мен мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерiн, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамның адамдарын, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн Қазақстан Республикасының аумағында зейнетақымен қамсыздандыру шарттарын, нормалары мен тәртiбiн айқындайды. Зейнетақымен қамсыздандырудың осы Заңда көзделген шарттары, нормалары мен тәртiбi бұрынғы КСР Одағы Қарулы Күштерiнiң, Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң әскерлерi мен органдарының, темiр жол әскерлерi мен басқа да әскери жасақтардың әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдарының басқы және қатардағы құрамы адамдарының аталған категориялары мен олардың отбасыларына да қолданылады.
      Нақты әскери қызметте немесе iшкi iстер органдарының кадрларында қалдырылып, мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарында, азаматтық министрлiктерде, ведомстволарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс iстейтiн офицерлер мен басшы құрамдағы адамдардың және олардың отбасыларының да осы Заңда көзделген негiздерде зейнетақымен қамсыздандырылуға құқы бар.
      Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн Қазақстан Республикасының аумағында зейнетақымен қамсыздандыру "Қазақ КСР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ КСР-iнiң Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
 
              I Бөлiм. Жалпы ережелер
 
      1-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру түрлерi
 
      Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының осы Заңда көзделген әскери қызметте және iшкi iстер органдарында қызмет еткен жылдары болған жағдайда қызмет еткен жылдары үшiн зейнетақы алуға, ал осы Заңда көзделген жағдайда мүгедек болған адамдардың мүгедектiгiне байланысты зейнетақы алуға құқы бар.
      Әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары қаза тапса немесе қайтыс болса олардың отбасы мүшелерi осы Заңда көзделген шарттар болған жағдайда асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға құқылы.
 
      2-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру шарттары
 
      Зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы бар әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басқы және қатардағы құрамының адамдарына зейнетақы осы Заңға сәйкес қызметтен босатылғаннан кейiн тағайындалады және төленедi.
      Әскери қызметшiлерге, басшы және қатардағы құрам адамдарына мүгедектiгiне байланысты зейнетақы, ал олардың отбасыларына асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы қызмет мерзiмiн ұзақтығына қарамастан тағайындалады.
      Заңсыз құрылған әскери жасақтарда қызметтен өткен адамдар мен олардың отбасыларының осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқы жоқ.
 
      3-бап. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлермен және
             олардың отбасыларымен тең дәрежеде зейнетақы
                       алуға құқы бар адамдар
 
      Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен олардың отбасылары үшiн зейнетақымен қамсыздандырудың осы Заңда көзделген нормалары тиiсiнше мыналарға да қатысты (егер басқа жәйт ескертiлмесе):
      1) партизандар мен олардың отбасыларына (4-бапта аталғандардан басқа);
      2) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi айқындаған Ұлы Отан соғысы кезеңiнде соғыс қимылдары жүргiзiлген аудандарда (темiр жолдардың майдан өңiрiндегi учаскелерде, қорғаныс шептерiнiң, әскери-теңiз базаларының, әуежайлардың құрылысында, т.б.) жұмыс iстеген тиiстi категориялардағы жұмысшылар мен қызметшiлерге және олардың отбасыларына;
      3) жаттығу, арнаулы және тексеру жиындарына шақырылған әскери мiндеттiлерге, олардың отбасыларына;
      4) мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға жатпайтын әскерилендiрiлген күзет қызметкерлерiне, байланыс министрлiгiнiң арнаулы қызметiнiң кiшi басшы және қатардағы құрамының адамдарына, олардың отбасыларына.
 
      4-бап. Мерзiмнен тыс әскери қызметтегi офицерлермен,
             әскери қызметшiлермен және олардың отбасыларымен
             бiрдей негiзде зейнетақы алуға құқы бар адамдар
 
      Партизан отрядтары мен құрамаларында офицерлiк құрамның лауазымдарына сай келетiн командалық лауазымдар атқарған адамдармен олардың отбасылары да зейнетақымен осы заңда офицерлер мен олардың отбасылары үшiн көзделген негiздерде қамсыздандырылады.
      Әскери қызметтен шарт бойынша өткен әскери қызметшiлер мен нақты әскери қызметке солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар лауазымында ерiктi түрде қабылданған әйелдер мен олардың отбасы мүшелерi де осы Заңда мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерi үшiн көзделген негiздерде зейнетақымен қамсыздандырылады.
 
      5-бап. Басқа мемлекеттердiң әскери қызметшiлерiн, iшкi iстер
             органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарын
             және олардың отбасы мүшелерiн зейнетақымен қамсыздандыру
 
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы басқа мемлекеттердiң қарулы күштерiнiң, ұлттық қауiпсiздiк органдарының шекара, iшкi және темiр жол әскерлерiнiң, мемлекеттiк органдардың шешiмдерiне сәйкес құрылған басқа да әскери және арнаулы жасақтарының Қазақстан РЕспубликасының аумағында тұрақты тұратын әскери қызметшiлерi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары және сол әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары да Заңда көзделген негiзде зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының құрамына кiрмейтiн, Қазақстан Республикасы әлеуметтiк қамсыздандыру туралы шарттар Келiсiмдер) жасасқан мемлекеттердiң әскери қызметшiлерi iшкi iстер органдарының басқы және қатардағы құрамының адамдары, сондай-ақ аталған әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы мүшелерi зейнетақымен осы шарттарда (келiсiмдерде) көзделген тәртiппен қамсыздандырылады.
 
      6-бап. Қайтыс болған зейнеткерлердiң отбасыларына
                  тағайындалатын зейнетақы
 
      Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының қатарынан қайтыс болған зейнеткерлер отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерi (оның iшiнде 5-бапта көрсетiлгендер) осы әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларымен бiрдей негiзде асыраушысынан айырылғанына байланысты зейнетақы алуға құқылы.
 
      7-бап. Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының
             басшы және қатардағы құрамының адамдарының және
             олардың отбасыларына "Қазақ КСР-iнде азаматтарды
             зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ КСР
             Заңында белгiленген негiздерде зейнетақы тағайындау
 
      Мерзiмiнен тыс қызметтегi офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандар мен әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына және олардың отбасыларына зейнетақы (олардың қалауы бойынша) "Қазақ КСР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ КСР Заңында белгiленген шарттар негiзiнде және нормалар бойынша тағайындалуы мүмкiн. Бұл орайда оларға зейнетақы есептеу кезiнде осы әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының тиiстi қызмет кезеңiнде алған ақшалай ризығының барлық түрлерi (Заңның 47-бабы) жалақымен тең дәрежеде ескерiледi. Қиыр Солтүстiк аудандарда және Қиыр Солтүстiк аудандарына теңестiрiлген жерлерде, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонына шектес аудандарда, экологиялық апат аймақтарында қызметтен өткен аталған әскери қызметшiлер, басшы және қатардағы құрам адамдары жөнiнде осы аудандар мен жерлерде iстеген адамдар үшiн жасының ұлғаюына байланысты зейнетақы тағайындаудың заңда белгiленген жеңiлдiктi шарттары қолданылады.
      Белгiленген тәртiпте әскери атақтарынан айырылған әскери қызметшiлерге (соның iшiнде олардың запаста немесе отставкада болған кезiнде) және осы әскери қызметшiлердiң отбасыларына олардың зейнетақы алуға құқы болған жағдайда зейнетақыны "Қазақ КСР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ КСР Заңында белгiленген негiзде халықты әлеуметтiк қорғау органдары тағайындайды.
 
      8-бап. Зейнетақыны таңдау құқы
 
      Бiр мезгiлде әр түрлi мемлекеттiк зейнетақы алуға құқы бар мерзiмнен тыс әскери қызметтегi офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандар мен әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына олардың таңдауы бойынша бiр зейнетақы тағайындалады.
 
      9-бап. Экологиялық апат немесе авариялар мен басқа да
             жағдайлардың салдарынан болған радиациялық әсер
             аудандарында тұратын әскери қызметшiлердi, iшкi
             iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының
             адамдарын зейнетақымен қамсыздандыру
 
      Экологиялық апаттан немесе азаматтық және әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi авариялардың зардаптарын жою, атом қаруының жарылыстары және оны сынау кезiнде не ядролық объектiлердегi авариялық жағдайлар салдарынан болған радиациялық әсерден зардап шеккен әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарына және осы әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына осы Заңда көзделген зейнетақымен қамсыздандыру шарттары мен нормаларына қосымша түрде экологиялық апат пен радиациялық әсер салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк жағынан қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындаудың жеңiлдiктi шарттары берiледi, зейнетақыға үстеме, жәрдемақы және өтемақы төленедi.
 
      10-бап. Жәрдемақы төлеу
 
      Қызметтен босатылған әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, мүгедек зейнеткерлерге, қайтыс болған зейнеткерлердiң отбасы мүшелерiне және аталған әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының құрамынан шыққан тиiстi категориялардағы зейнеткерлердiң асыраушысынан айырылған отбасыларына Қазақстан Республикасының

 

Үкiметi айқындайтын тәртiппен және мөлшерде жәрдемақы төленедi.


     11-бап. Зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған қаражат


     Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және

қатардағы құрамының адамдарына, олардың отбасыларына зейнетақы мен

жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының республикалық бюджетi

есебiнен қамтамасыз етiледi.


     12-бап.



     Ескерту. 12-бап алынып тасталған - ҚР Президентiнiң 1995.10.05.

              N 2488 жарлығымен. 


U952488_
 



     13-бап. Зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыру



 
       Офицерлердi, прапорщиктердi, мичмандар мен мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарын және олардың Қазақстан аумағында тұратын отбасы мүшелерiн осы әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының қызметiн өткерген соңғы орнына байланысты зейнетақымен қамсыздандыруды мыналар жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi - Қазақстан Республикасы армиясының, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы бiрiккен Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының ұланының әскери қызметшiлерi, сондай-ақ осы әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерi жөнiнде;
      2) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi - iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi, Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi жөнiнде;
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қауiпсiздiк органдарының шекара әскерлерiнiң, мемлекеттiк органдардың шешiмдерiмен құрылған басқа да әскери және арнаулы жасақтардың әскери қызметшiлерi жөнiнде.
      Бұрынғы Одақ пен басқа да мемлекеттердiң iшкi iстер органдарының тиiстi категориялардағы әскери қызметшiлерi, басшы және қатардағы құрамының адамдары, осы әскери қызметшiлердiң отбасылары да осы баптағы тәртiпте зейнетақымен қамсыздандырылады (кiрiспе мен 5-бап).
 
      14-бап. Осы Заңның қолданылуы
 
      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
      Қарушы Күштер мен iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн және олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы басқа тәуелсiз мемлекеттермен жасасылған келiсiмдер (шарттар) мен басқа да құқылық актiлерде осы Заңда баяндалған ережелерде айтылғаннан басқа ереже көзделген жағдайда тиiсiнше осы келiсiмдер (шарттар мен басқа да құқықтық актiлерде белгiленген ережелер қолданылады.)
 
      15-бап. Айрықша сiңiрген еңбегi үшiн зейнетақы
 
      Кеңес Одағының Батыры немесе Социалистiк Еңбек Ерi атағы берiлген, үш дәрежедегi Даңқ орденiмен, үш дәрежедегi Еңбек даңқ орденiмен немесе үш дәрежедегi "КСРО Қарушы Күштерiнiң Отанға қызмет еткенi үшiн" орденiмен наградталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының айрықша үздiк белгiлерi берiлген, ордендермен және медальдармен наградталған офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандар мен мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi белгiленген тәртiппен айрықша сiңiрген еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалуы мүмкiн.
 
            II Бөлiм. Қызмет еткен жылдары үшiн зейнетақы
 
      16-бап. Зейнетақы тағайындау шарттары
 
      Мыналар қызмет еткен жылдары үшiн зейнетақы алуға құқылы:
      1) қызметтен босатылған күнге дейiн әскери қызметте немесе iшкi iстер органдарындағы қызметте 20 және одан да көп жыл қызмет еткен офицерлер, прапорщиктер, мичмандар мен мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
      2) қызметтен жасының ұлғаюына, аурулығына, штаттардың қысқаруына немесе денсаулық жағдайы көтермеуiне байланысты босатылған және қызметтен босатылған күнi 45 жасқа толған, жалпы еңбек стажы 25 күнпарақ жыл және одан көп болған, осы жылдардың кемiнде 12 жыл 6 айын әскери қызметте немесе iшкi iстер органдарындағы қызметте өткерген офицерлер мен iшкi iстер органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамының адамдары.
 
      17-бап. Зейнетақы мөлшерi
 
      Қызмет еткен жылдары үшiн зейнетақы мынадай мөлшерде тағайындалады:
      1) 20 және одан да көп жыл қызмет еткен офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандар мен мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына (16-баптың 1-тармағы): 20 жыл қызмет еткенi үшiн - тиiстi ақшалай ризық сомасының 50 процентi, ал қызметтен жасының ұлғаюына немесе аурулығына байланысты отставкаға шыққандарға - 55 процентi, 20 жылдан асқан әрбiр жылғы қызметi үшiн 3 процент және халық шаруашылығында жұмыс iстеген әрбiр жылы үшiн 1 процент мөлшерiнде (қызметке шақырылғанға дейiнгi жұмыс iстеген жылдары үшiн) (47-бап), бiрақ бәрiн қосқанда осы санның 85 процентiнен аспайтын мөлшерде;
      2) жалпы еңбек стажы 25 күнпарақ жыл және одан көп болған, осы жылдардың кемiнде 12 жыл 6 айын әскери қызметте немесе iшкi iстер органдарындағы қызметте өткерген (16-баптың 2-тармағы) офицерлер мен iшкi iстер органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдарға: 25 жыл еңбек стажы үшiн - тиiстi ақшалай ризығы сомасының 50 процентi және 25 жылдан асқан стажының әрбiр жылы үшiн - 1 процентi мөлшерiнде (47-бап).
 
      18-бап. Зейнетақының ең аз мөлшерi
 
      Осы заңға сәйкес тағайындалатын қызмет еткен жылдары үшiн зейнетақы жасының ұлғаюына байланысты зейнетақының заңмен белгiленген ең аз мөлшерiнiң 150 процентiнен төмен бола алмайды.
 

     19-бап. Зейнеткерлердiң кейбiр категорияларына

                   зейнетақыны арттыру


 
 
       Соғыс мүгедектерi болып табылатын (24-баптың 1-тармағы), сондай-ақ жалпы аурудың не қызметтен өту кезiнде алған аурудың салдарынан мүгедектер деп табылған соғысқа қатысушы офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандар мен мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына қызмет еткен жылдары үшiн зейнетақы осы Заңның 26-бабында көзделген осы әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының қатарынан шыққан тиiстi мүгедектiк тобы бойынша соғыс мүгедектерiне белгiленген зейнетақының ең аз мөлшерiнiң сомасына арттырылады.
      Майдандағы армия құрамында, партизан отрядтары мен құрамаларында қызмет атқарған, не басқа мемлекеттерде әскери борышын орындау кезiнде соғыс қимылдарына қатысқан офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандар мен мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, егер олар соғыс мүгедектерi болып табылмаса, қызмет еткен жылдары үшiн зейнетақы жасының ұлғаюына байланысты зейнетақының ең аз мөлшерiнiң 50 процентiне арттырылады.
 
      20-бап. Зейнетақыға үстеме
 
      Офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандар мен мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына қызмет еткен жылдары үшiн тағайындалатын зейнетақыға, соның iшiнде ең аз мөлшерде есептелген зейнетақыға, мынадай үстеме есептеледi:
      1) I топтағы мүгедектер болып табылатын не 80 жасқа толған зейнеткерлерге, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты емдеу мекемелерiнiң қорытындысына сәйкес бiреудiң ұдайы күтiм жасауына дiлгер басқа да зейнеткерлерге - зейнеткерлердi күткенi үшiн әлеуметтiк зейнетақы мөлшерiнде;
      2) асыраушысынан айырылуына байланысты өзiнiң асырауында зейнетақымен қамсыздандырылатын адамдар тобына жататын еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерi бар жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге (32, 34, 36 және 37 баптар) - отбасының еңбекке жарамсыз әрбiр мүшесi үшiн еңбекке жарамсыздардың тиiстi категориясына "Қазақ КСР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ КСР Заңымен белгiленген әлеуметтiк зейнетақы мөлшерiнде. Бұл орайда үстеме тек еңбек немесе әлеуметтiк зейнетақы алмайтын отбасы мүшелерiне ғана есептеледi. Бiр мезгiлде әлеуметтiк зейнетақы мен отбасының еңбекке жарамсыз мүшесiнiң зейнетақысына қосымша қызмет еткен жылдары үшiн зейнетақыға үстеме алу құқығы болған жағдайда зейнеткердiң таңдауымен отбасының сол мүшесiне әлеуметтiк зейнетақы тағайындалуы немесе үстеме есептелуi мүмкiн.

 

     Осы баптың I және 2-тармақтарымен көзделген үстемелер бiр

мезгiлде есептелуi мүмкiн.


     21-бап. Қызмет еткен жылдарды есептеу


     Офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандар мен мерзiмнен тыс

қызметтегi әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және

қатардағы құрамының адамдарына осы Заңға сәйкес зейнетақы тағайындау

үшiн қызмет еткен жылдарды есептеу тәртiбiн Қазақстан

Республикасының Үкiметi айқындайды.


            III Бөлiм. Мүгедектiгiне байланысты зейнетақы


     22-бап. Зейнетақы тағайындау шарттары



 
       Мүгедек болған әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, егер мүгедектiк олар қызмет атқару кезеңiнде немесе қызметтен босатылғаннан кейiн әрi дегенде 3 айда болған болса, не егер мүгедектiк осы мерзiмнен кешiрек, бiрақ қызмет атқару кезеңiнде жаралану, мертiгу немесе ауру салдарынан болған болса, мүгедектiгiне байланысты зейнетақы тағайындалады.
 
      23-бап. Мүгедектiктi анықтау
 
      Мүгедектiктi: оның тобын, себебiн, қажет болған жағдайда мүгедектiк басталған уақытын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Медициналық-әлеуметтiк сарап комиссиялары (МӘСК) туралы ереже негiзiнде жұмыс iстейтiн осы комиссиялар анықтайды.
      Еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiне қарай мүгедектер үш топқа бөлiнедi.
 
      24-бап. Мүгедектiк себептерi
 
      Мүгедектiк себептерiне қарай әскери қызметшілер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары қатарынан шыққан мүгедектер мынадай категорияларға бөлiнедi:
      1) соғыс мүгедектерi - бұрынғы КСРО Одағын және Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде немесе әскери қызметiң басқа да мiндеттерiн (қызмет бабындағы мiндеттердi) орындау кезiнде жаралану, есеңгiреу немесе мертiгу, немесе майданда болумен не соғыс қимылдары жүргiзiлген шет елдерде әскери және қызмет борышын орындаумен байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болғандар. Осы баптың бiрiншi абзацында көрсетiлген, тұтқында болуы кезiнде жаралану, есеңгiреу, мертiгу не ауруға шалдығу салдарынан мүгедек болған адамдар да соғыс мүгедектерiнiң қатарына жатады;
      2) әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары қатарынан шыққан басқа мүгедектер - әскери қызмет мiндеттерiн (қызмет бабындағы мiндеттердi) орындаумен байланысты емес жазатайым оқиға нәтижесiнде болған мертiгу, не майданда болуына немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген шет елдерде әскери және қызмет борышын орындаумен байланысты емес ауруға шалдығу салдарынан мүгедек болғандар.
 
      25-бап. Зейнетақы мөлшерi
 
      Мүгедектiгiне байланысты зейнетақы офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандар мен мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына мынадай мөлшерде тағайындалады:
      1) I және II топтағы соғыс мүгедектерiне - тиiстi ақшалай ризық сомасының 85 процентi, III топтағы соғыс мүгедектерiне - 50 процентi (47-бап);
      2) I және II топтағы басқа мүгедектерге тиiстi ақшалай ризығының 75 процентi, III топтағы басқа мүгедектерге - 30 процентi (47 бап);
      3) зейнетақы тағайындау үшiн қажеттi қызмет еткен жылдары барларға мүгедектiгiне байланысты зейнетақы қызмет еткен жылдары үшiн зейнетақыға көзделген нормалар бойынша тағайындалуы мүмкiн.
 
      26-бап. Зейнетақының ең аз мөлшерi
 
      Мүгедектiгiне байланысты зейнетақының ең аз мөлшерi былай белгiленедi:
      1) мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарынан шыққан және II топтағы соғыс мүгедектерiне - жасының ұлғаюына байланысты зейнетақының ең аз мөлшерiнiң 200 процентi, III топтағы соғыс мүгедектерiне - 130 процентi мөлшерiнде, ал мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер қатарынан шыққан I және II топтағы басқа мүгедектерге - жасының ұлғаюына байланысты зейнетақының ең аз мөлшерiнiң 130 процентi, III топтағы басқа мүгедектерге - 100 процентi мөлшерiнде.
      2) офицерлер, прапорщиктер, мичмандар, мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарынан шыққан I және II топтағы соғыс мүгедектерiне - жасының ұлғаюына байланысты зейнетақының ең аз мөлшерiнiң - 300 процентi, III топтағы осындай мүгедектерге - 150 процентi, ал аталған әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарынан шыққан I және II топтағы басқа мүгедектерге - жасының ұлғаюына байланысты зейнетақының ең аз мөлшерiнiң 130 процентi, III топтағы осындай мүгедектерге - 100 процентi мөлшерiнде.
 
      27-бап. Мүгедектiгiне байланысты зейнетақыға үстеме
 
      I топтағы мүгедектер деп танылған немесе 80 жасқа толған не II топтағы мүгедектер деп танылған әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, егер емдеу мекемелерiнiң қорытындысына сәйкес олар ұдайы күтiмге, (көмекке, бақылауға) дiлгер болса, сондай-ақ I және II топтағы жұмыс iстемейтiн мүгедектер болып табылатындарға оларға мүгедектiгiне байланысты тағайындалатын зейнетақыға (оның iшiнде ең аз мөлшерде есептелген зейнетақыға) осы заңның 20-бабында көзделген тәртiппен және мөлшерде тиiстi үстеме есептеледi.
 
      28-бап. Мүгедектiгiне байланысты зейнетақы тағайындау
                     және төлеу мерзiмi
 
      Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына мүгедектiгiне байланысты зейнетақы дәрiгерлiк-әлеуметтiк сарап комиссиясы белгiлеген мүгедектiң барлық уақытында, ал 60 жастан асқан ер мүгедектер мен 55 жастан асқан әйел мүгедектерге - өмiр бойына тағайындалады, бұл мүгедектер олардың өз арызы бойынша ғана қайта куәландырылады.

 

     Осы бапта көрсетiлген жасқа толмаған зейнеткер еңбекке жарамды

деп табылған жағдайда зейнетақы оның еңбекке жарамды деп табылған

айының аяғына дейiн төленедi, бiрақ мүгедектiк анықталған күнге

дейiнгi мерзiмнен ұзақ болмауы керек.


     29-бап. Мүгедектiк тобы өзгерген жағдайда зейнетақыны

                     қайта есептеу


     Зейнетақы тағайындалғаннан кейiн мүгедектiк тобының өзгеруiне

байланысты осы Заңға сәйкес тағайындалған зейнетақының мөлшерi

тиiсiнше өзгередi.

     Бұл орайда, егер соғыс мүгедегiнiң (24-баптың 1-тармағы) жалпы

ауруға шалдығуына, еңбекте мертiгуiне немесе кәсiптiк ауруға

шалдығуына байланысты мүгедектiк тобы өзгерсе, мүгедектiктiң бұрынғы

себебi сақтала отырып, зейнетақы мүгедектiң жаңа тобы бойынша қайта

есептеледi.


     30-бап. Қайта куәландыру мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда

             зейнетақы төлеудi тоқтата тұру және қайтадан төлеу



 
       Мүгедек дәрiгерлiк-әлеуметтiк сарап комиссиясында қайта куәландыру мен оны қайтадан мүгедек деп тану мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда оған зейнетақы мүгедектiкте пайда болған үзiлiстiң бiр айдан аспайтын уақыты үшiн де төленедi, ал дәлелдi себеппен (мысалы, аурулығына, тұрақты тұрғылықты жерiнде лажсыздан жоқ болуына байланысты) қайта куәландыру мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда - мүгедектiктiң пайда болған үзiлiсiнiң үш жылдан аспайтын уақыты үшiн, егер медициналық-әлеуметтiк сарап комиссиясы оны осы кезеңде мүгедек деп таныса, оған зейнетақы төленедi. Бұл орайда, егер қайта куәландыру кезiнде мүгедекке мүгедектiң басқа тобы белгiленген болса (неғұрлым жоғары немесе төмен) көрсетiлген уақыт үшiн зейнетақы мүгедектiктiң бұрынғы тобы бойынша төленедi.
      Мүгедектiгiне байланысты зейнетақы алатын және сонымен бiрге қызмет еткен жылдары үшiн зейнетақы алу құқығы бар зейнеткерлерге, мүгедектiгiнде бiр ай мерзiмнен асатын үзiлiс болған жағдайда осы үзiлiс уақыты үшiн, егер оның мүгедектiкке байланысты зейнетақы алу құқығы жоқ болса, Заңның 58-бабында белгiленген мерзiм шегiнде оған қызмет еткен жылдары үшiн зейнетақы тағайындалып, төленуi мүмкiн.
 
            IV Бөлiм. Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы
 
      31-бап. Зейнетақы тағайындау шарттары
 
      Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларын асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы егер асыраушысы қызмет атқару кезеңiнде немесе қызметтен босатылғаннан кейiн әрi дегенде 3 ай өткенде не осы мерзiмнен кешiрек, бiрақ қызметiн атқару кезеңiнде жаралану, есеңгiреу, мертiгу немесе ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болса (қаза тапса), ал осы қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының қатарынан шыққан зейнеткерлердiң отбасыларына - егер асыраушысы зейнетақы алу кезеңiнде немесе оған зейнетақы төлеу тоқтатылғаннан кейiн әрi дегенде 5 жыл iшiнде қайтыс болса (қаза тапса) асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы тағайындалады. Бұл орайда тұтқында болған кезiнде қайтыс болған осы әскери қызметшiлердiң отбасылары және соғыс қимылдары кезiнде хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң отбасылары майданда қаза тапқандардың отбасыларына теңестiрiледi.
 
      32-бап. Зейнетақы алуға құқығы бар отбасы мүшелерi
 
      Қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерi асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға құқылы (34-бап).
      Асыраушысының асырауында болған-болмағанына қарамастан мыналарға зейнетақы тағайындалады: еңбекке жарамсыз балаларға еңбекке жарамсыз ата-ана мен жұбайына, егер олар асыраушысы қайтыс болғаннан кейiн күнкөрiс қаражатының көзiнен айырылса; осы Заңның 24-бабының 1-тармағында келтiрiлген себептердiң салдарынан қайтыс болған аталған әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының еңбекке жарамсыз ата-анасы мен жұбайына (33-баптың екiншi бөлiгiн ескере отырып); осы баптың 3-тармағында көрсетiлген жұбайына, ата-ананың бiрiне немесе басқа отбасы мүшесiне.
      Зейнетақы алу құқығын анықтау кезiнде отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерi деп мыналар есептеледi:
      1) 18 жасқа толмаған немесе осы жастан асқан, бiрақ 18 жасқа толғанға дейiн мүгедек болған балалар, аға-iнiлер, апа-қарындастар мен немерелер, және күндiзгi оқу орындарында оқитындар* (оқушылар мiндеттi әскери қызметте немесе iшкi iстер органдарындағы қызметте тұрады деп есептелетiн оқу орындарынан басқа) - осы оқу орындарын бiтiргенге дейiн, бiрақ олар 23 жасқа толғанға дейінгi мерзiмнен ұзақ болмауы керек. Бұл орайда аға-iнiлер, апа-қарындастар және немерелер, егер олардың еңбекке жарамды ата-аналары жоқ болса, зейнетақы алуға құқылы; .
 
      . Ескерту. Кәсiптiк-техникалық училищелер, арнаулы орта және жоғары оқу орындары.
 
      2) әке, шеше және жұбай, егер олар: ерлер 60 жасқа, әйелдер 55 жасқа толса, не мүгедектер болып табылатын болса (33-баптың екiншi бөлiгiн ескере отырып);
      3) жұбай немесе ата-ананың бiрi не ата, әже, аға-iнi немесе апа-қарындас жасына және еңбекке жарамдылығына қарамастан, егер ол қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, аға-iнiлерiн, апа-қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса (33-баптың бiрiншi бөлiгiн ескере отырып);
      4) ата мен әже - заң бойынша оларды асырауға мiндеттi адамдар болмаса.
 
      33-бап. Жеңiлдiктi шарттармен зейнетақы алу құқығы
 
      Осы Заңның 24-бабының 1-тармағында көрсетiлген себептердiң салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының 8 жасқа толмаған балаларын күтумен айналысатын әйелдерi жасына, еңбекке жарамдылығына және жұмыс iстейтiнiне-iстемейтiнiне қарамастан асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға құқылы.
      Соғыс қимылдары жүргiзiлген шет елдерде әскери және қызмет бабындағы борышын орындау кезiнде жаралану, есеңгiреу, мертiгу немесе ауыру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының мөлшерi мен әйелдерiне асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы олар 50 жасқа болғаннан кейiн тағайындалады.
 
      34-бап. Асырауда деп есептелетiн отбасы мүшелерi
 
      Қайтыс болған адамның отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi тұрақты және негiзгi күнкөрiс қаражатының көзi болған көмек алып тұрған болса, оның асырауында болған деп есептеледi.
      Қайтыс болған адамның көмегi өздерi үшiн тұрақты және негiзгi күнкөрiс қаражатының көзi болып келген, бiрақ өздерi әлде бiр зейнетақы алып тұрған оның отбасы мүшелерi жаңа зейнетақыға көшуге құқылы.
 
      35-бап. Мемлекеттiң толық асырауындағы балаларға
                     зейнетақы төлеу
 
      Ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) олардың мемлекеттiң асырауында болған кезеңiнде зейнетақы толық мөлшерде төленедi, ал мемлекеттiң толық асырауындағы басқа балаларға - тағайындалған зейнетақының 50 процентi төленедi.
 
      36-бап. Бала ғып алушылар мен бала болғандардың
                   зейнетақы алу құқығы
 
      Бала ғып алушылар асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға туған ата-аналармен тең дәрежеде, ал бала болғандар - туған балалармен тең дәрежеде құқылы.
      Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға құқылы кәмелетке толмаған балалар бұл құқықты сондай-ақ оларды асырап алғаннан кейiн де сақтайды.
 
      37-бап. Өгей әке мен өгей шешенiң, өгей ұл мен өгей
               қыздың зейнетақы алу құқығы
 
      Өгей әке мен өгей шеше қайтыс болған өгей ұлды немесе өгей қызды кемiнде 5 жыл тәрбиелеген болса немесе асыраса, олар асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақы алуға туған әке және шешемен тең дәрежеде құқылы.
      Өгей ұл мен қыз асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға туған балалармен тең дәрежеде құқылы.
 
      38-бап. Жаңа некеге тұрғанда зейнетақының сақталуы
 
      Асыраушысынан айырылуына байланысты еңбекке жарамсыз жұбайға тағайындалған зейнетақы (32-баптың 2-тармағы) зейнеткер жаңа некеге тұрған кезде де сақталады.
 
      39-бап. Зейнетақы мөлшерi
 
      Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы мынадай мөлшерде тағайындалады.
      1) осы Заңның 24-бабының 1-тармағында көрсетiлген себептердiң салдарынан қайтыс болған қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларына - асыраушысының ақшалай ризығының тиiстi сомасының (47-бап) отбасының әрбiр жарамсыз мүшесiне 40 процентi. Қайтыс болған күнге дейiн соғыс мүгедектерi болып келген қайтыс болған зейнеткерлердiң отбасыларына (24-баптың 1-тармағы) және ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) асыраушысының қайтыс болу себебiне қарамастан зейнетақы осындай мөлшерде тағайындалады;
      2) осы Заңның 24-бабының 2-тармағында көрсетiлген себептердiң салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларына - асыраушысының ақшалай ризығының тиiстi сомасының (47-бап) отбасының еңбекке жарамсыз әрбiр мүшесiне 30 процентi мөлшерiнде тағайындалады.
 
      40-бап. Зейнетақының ең аз мөлшерi
 
      Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларына асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалатын зейнетақы отбасының еңбекке жарамсыз әрбiр мүшесiне шағып есептегенде мынадан төмен бола алмайды:
      1) Осы Заңның 39-бабының 1-тармағына сәйкес зейнетақы есептеген кезде: мерзiмдi қызметтегi солдаттар мен матростардың отбасылары үшiн - жасының ұлғаюына байланысты зейнетақының ең аз мөлшерiнiң 120 процентi, мерзiмдi қызметтегi сержанттардың, старшиналардың, ефрейторлардың және аға матростардың отбасылары үшiн - 130 процентi, мерзiмiнен тыс қызметтегi офицерлердiң, прапорщиктердiң, мичмандардың, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасылары үшiн - 150 процентi;
      2) осы Заңның 39-бабының 2-тармағына сәйкес зейнетақы есептеген кезде - әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының тиiстi категорияларының отбасылары үшiн - жасының ұлғаюына байланысты зейнетақының ең аз мөлшерiнiң 100 процентi.
 
      41-бап. Зейнетақыға үстеме
 
      I топтағы мүгедектер болып табылатын немесе 80 жасқа толған отбасы мүшелерiне, сондай-ақ отбасының емдеу мекемелерiнiң қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайын ескере отырып, бiреудiң ұдайы күтiмiне (көмегiне, қадағалауына) дiлгер басқа мүшелерiне асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалған зейнетақыға (оның iшiнде ең аз мөлшерде есептелген зейнетақыға) зейнеткердi күткенi үшiн осы заңның 20-бабының 1-тармағында көзделген мөлшерде үстеме қосылады.
 
      42-бап. Тұлдыр жетiмдерге зейнетақы есептеу
 
      Құрамына ата-анасының екеуiнен де айырылған балалар (тұлдыр жетiмдер) кiретiн мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң отбасыларына зейнетақы "Қазақ КСР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңда белгiленген нормалар бойынша ата-анасының екеуiнiң табысының жалпы сомасынан есептеледi.
 
      43-бап. Зейнетақы тағайындалатын кезең
 
      Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы қайтыс болған адамның отбасының мүшесi еңбекке жарамсыз деп есептелетiн кезеңге (32-бап), ал ерлер 60 жасқа толған, әйелдер - 55 жасқа толған отбасы мүшелерiне - өмiр бойына тағайындалады.
 

 

     44-бап. Зейнетақының үлесiн бөлу


     Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға құқылы

отбасының барлық мүшелерiне бiр ортақ зейнетақы тағайындалады.

Отбасы мүшесiнiң өтiнуiмен оның зейнетақысының үлесi бөлiнедi және

оның бөлiнуiн сұраған отбасы мүшесi үшiн осы Заңда көзделген

зейнетақы есептеу нормаларын ескере отырып төленедi (39, 40,

41-баптар).

     Зейнетақы үлесi зейнетақыны бөлу туралы өтiнiш түскен айдан

кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап бөлiнедi.


     45-бап. Зейнетақы мөлшерiн өзгерту және оны төлеудi

                          тоқтату



 
       Егер асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы

 

тағайындалған отбасының құрамында өзгерiс болса, соның нәтижесiнде

отбасының жекелеген мүшесi немесе отбасы зейнетақы алу құқығынан

айырылса, өзгерiс болған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күннен бастап

зейнетақы қайта есептеледi немесе оны төлеу тоқтатылады.


     16-бап. Отбасы мүшелерiнiң мүгедектiгiн анықтау

                 тәртiбi мен мерзiмi


     Отбасының мүгедек мүшелерiне МӘСК-те куәландырудағы үзiлiс

кезiнде осы Заңның 23, 28, 30-баптарына көзделген мүгедектiктi

анықтау тәртiбi мен мерзiмi және зейнетақы төлеу туралы ережелер

қолданылады.


               V Бөлiм. Зейнетақыны есептеу


     47-бап. Зейнетақы есептелетiн ақшалай ризық



 
       Осы Заңға сәйкес әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына және олардың отбасына тағайындалатын зейнетақы осы әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының ақшалай ризығының есептеледi. Бұл орайда оларға зейнетақы есептеу үшiн лауазымы бойынша тиiстi окладтар (оның iшiнде сақталған окладтар да), әскери немесе арнаулы атақ бойынша окладтар, қызмет еткен жылдары үшiн проценттiк үстеме, тұрақты сипаттағы ақшалай ризықтың қосымша түрлерi және азық-түлiк үлесiнiң құны есептелiнедi.
 
      48-бап. Зейнеткерлердiң отбасыларына зейнетақы есептеу
 
      Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының қатарынан шыққан зейнеткерлердiң отбасыларына асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы асыраушысының өзiне зейнетақы есептелген (немесе қайта есептелген), не қайта есептелуге тиiс болған ақшалай ризықтан есептеледi (47-бап).
 
      49-бап. Зейнетақы мөлшерiне аудандық коэффициенттердi
                         қолдану
 
      Жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақысына аудандық коэффициенттер белгiленген жерлерде тұратын әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының қатарынан шыққан зейнеткерлерге және олардың отбасы мүшелерiне олардың осы жерлерде тұрған кезеңiнде осы Заңға сәйкес тағайындалатын зейнетақы, сондай-ақ осы зейнетақыға үстеме мен қосымша өндiрiстiк емес саладағы жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн осы жерде белгiленген тиiстi коэффициенттi қолдана отырып есептеледi.
 

 

     50-бап. Зейнетақыны қайта есептеу


     Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және

қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасыларына тағайындалатын

зейнетақылар жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу

үшiн заңда белгiленген есептi көрсеткiштi өзгерту коэффициентiне сәйкес

арттыруға жатады.



     Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.12.21.

              N 2703 жарлығымен. 


U952703_
 



           VI Бөлiм. Зейнетақыны тағайындау және төлеу


     51-бап. Зейнетақыны тағайындау жөнiндегi өтiнiш жасау



 
       Әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасы мүшелерi (7-бапта көрсетiлгендерден басқалары) зейнетақы тағайындау туралы арыздарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң зейнетақы органдарына - тиiстi әскери комиссариаттарға, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң облыстық басқармаларына (бөлiмдерiне) бередi (13-бап).
 
      52-бап. Зейнетақы тағайындау туралы арыздарды қарау
 
      Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына және олардың отбасыларына зейнетақы тағайындау жөнiндегi арыздарды және онымен бiрге келiп түскен құжаттарды зейнетақы органдары арыз келiп түскен күннен бастап 10 күн iшiнде қарайды.
 
      53-бап. Зейнетақы тағайындау мерзiмi
 
      Зейнетақы осы Заңға сәйкес былай тағайындалады:
      1) әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - қызметтен босатылған күннен бастап, бiрақ олар қызметтен босатылғанда ақшалай ризықпен қанағаттандырылған күннен ерте емес, неғұрлым кеш мерзiмнен бастап оларға зейнетақы тағайындаудың мынадай реттерiн қоспағанда:
      қызметтен босатылған күннен бастап 3 ай өткеннен кейiн не қызметтен босатылғаннан кейiн болған жазатайым оқиға немесе ауыру салдарынан болған мүгедектiктi анықтау кезiнде (22-бап) - мүгедектiк анықталған күннен бастап;
      2) әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының және осы әскери қызметшiлердiң басшы және қатардағы құрамы адамдарының қатарынан шыққан зейнеткерлердiң отбасыларын асыраушысы қайтыс болған күннен бастап, оған ақшалай ризық немесе зейнетақы төленген күннен ерте емес, отбасының мүшелерiне неғұрлым кеш мерзiмнен бастап зейнетақы тағайындаудың мынадай реттерiн қоспағанда:
      асыраушысы қайтыс болғаннан кейiн зейнетақы алу құқығына ие болған отбасы мүшелерiне зейнетақы алу жасына толуына (32-баптың 2-тармағы) немесе оларға мүгедектiктiң анықталуына байланысты - осы жасқа толған немесе мүгедектiгi анықталған күннен бастап;
      күнкөрiс қаражаты көзiнен айырылуына байланысты зейнетақы алу құқығына ие болған ата-анаға немесе жұбайға - зейнетақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасалған күннен бастап (54-бап).
      Дер кезiнде өтiнiш жасалмағанда өткен уақыт үшiн зейнетақы оны алу құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады, бiрақ зейнетақы алу жөнiнде өтiнiш жасаған күннiң алдындағы 12 айдан аспауға тиiс.
 
      54-бап. Зейнетақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасалған күн
 
      Барлық қажеттi құжаттармен бiрге зейнетақы тағайындау туралы арыздың тиiстi зейнетақы органына берiлген күнi, ал арыз бен құжаттарды почтамен жiбергенде - олардың жөнелтiлген күнi зейнетақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасалған күн болып есептеледi.
 
      55-бап. Тағайындалған зейнетақыны қайта есептеу мерзiмi
 
      Әскери қызметшілерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына және олардың отбасыларына тағайындалған зейнетақы мөлшерiн өзгертудi қажет ететiн мән-жай туған жағдайда бұл зейнетақы аталған мән-жай туған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап қайта есептеледi. Бұл орайда, егер зейнеткер зейнетақыны арттыру құнына ие болса, ол дер кезiнде өтiнiш жасамағанда өткен уақыт үшiн зейнетақыдағы айырма оған тек көп дегенде 12 айға ғана төленуi мүмкiн.
 
            Ескерту. 55-баптың 2-шi бөлiгi алынып тасталған - ҚР
               Президентiнiң 1995.12.21. N 2703 жарлығымен.
 
      56-бап. Зейнетақы төлеушi органдар және оны төлеудiң
                       жалпы тәртiбi
 
      Осы Заңға сәйкес әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының

 

басшы және қатардағы құрамының адамдарына және олардың отбасыларына

тағайындалатын зейнетақыны тiркелiмiне қарамастан зейнеткерлердiң

тұрғылықты жерiндегi Жинақ банкiсiнiң тиiстi мекемелерi төлейдi.

Салымға аудару, почтамен аудару және зейнетақыны үйге жеткiзiп беру

республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.


     57-бап. Табысы немесе басқа кiрiсi болған жағдайда

                 зейнеткерлерге зейнетақы төлеу


     Осы Заңға сәйкес төленетiн зейнетақы зейнеткерлердiң табысы

немесе кiрiсi болуына қарамастан толық төленедi.


     58-бап. Зейнеткер дер кезiнде алмаған зейнетақыны төлеу



 
       Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының және олардың отбасы мүшелерiнiң қатарынан шыққан зейнеткерлерге есептелген, бiрақ ол дер кезiнде алмаған зейнетақы сомасы өткен уақыт үшiн зейнетақы алу жөнiнде өтiнiш жасалған күннiң алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленедi.
      Зейнеткерлер зейнетақыны тағайындайтын немесе төлейтiн органның кiнәсiнен дер кезiнде алмаған зейнетақы сомасы өткен уақыт үшiн қандай да болсын мерзiмдi шектеместен төленедi.
 

     59-бап. Интернат-үйлерде тұратын зейнеткерлерге

                    зейнетақы төлеу


 
 
       Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге, пансионаттарда тұратын әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының және олардың отбасы мүшелерiнiң қатарынан шыққан зейнеткерлерге олардың зейнетақысының сомасы мен интернат-үйде (пансионатта) асырауда болуының құны арасындағы айырма төленедi, бiрақ ол тағайындалған зейнетақының 30 процентiнен кем болмауы керек.
      Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйде (пансионатта) тұратын зейнеткерлердiң асырауында тұрған және асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақымен қамсыздандырылатын адамдар тобына жататын еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерi болған жағдайда (32, 34, 36, және 37-баптар), оған тағайындалған зейнетақы мынадай тәртiппен төленедi:
      зейнетақының 30 процентi зейнеткердiң өзiне төленедi, бiрақ ол жасының ұлғаюына байланысты ең аз зейнетақының 30 процентiнен кем болмауы керек, ал зейнетақының қалған бөлігi отбасының аталған мүшелерiне төленедi, бiрақ ол тағайындалған мөлшердiң 50 процентiнен көп болмауы керек.
 
      60-бап. Стационарда емделуде болған кезеңде зейнетақы
                         төлеу
 
      Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының және олардың отбасы мүшелерiнiң қатарынан шыққан зейнеткерлердiң стационарда (ауруханада, емханада, госпитальда және басқа емдеу мекемелерiнде), сондай-ақ алапесханаларда емделуде болған уақытында оларға тағайындалған зейнетақы толық төленедi.
 
      61-бап. Бас бостандығынан айырылған уақытқа зейнетақы
                          төлеу
 
      Зейнеткер бас бостандығынан айырылған жағдайда оған тағайындалған зейнетақы бас бостандығынан айырылу уақытына тағайындалған зейнетақының айына 10 процентi мөлшерiнде, бiрақ жасының ұлғаюына байланысты ең аз зейнетақының 20 процентiнен кем емес мөлшерде төленедi.
 
      62-бап. Зейнетақыдан ұстау
 
      Осы Заңға сәйкес төленетiн зейнетақыдан сот шешiмдерi, ұйғарымдары, қаулылары мен үкiмдерi (мүлiктi алу шаралары жөнiнен), нотариат кеңселерiнiң атқару жазбалары және заңдарға сәйкес сот шешiмдерiн орындау үшiн белгiленген тәртiппен орындалатын басқа да шешiмдер мен қаулылар негiзiнде ұсталады. Осымен бiрге зейнеткер тарапынан алдаушылық салдарынан зейнеткерге артық төленген зейнетақы немесе жәрдемақы оған төленетiн зейнетақыдан тиiстi зейнетақы органның шешiмi негiзiнде (51-бап), ай сайын төленуге тиiс зейнетақының 20 процентiнен аспайтын мөлшерде ұсталады (басқа себептермен ұсталатын ақшадан тыс). Бұл орайда зейнетақыдан өндiрiп алу жөнiнде өтiнiш жасаған барлық жағдайда зейнеткерге тиесiлi зейнетақының кемiнде 50 процентi зейнеткерде қалады.
      Артық төленген зейнетақы немесе жәрдемақы сомасы бойынша берешек толық өтелгенге дейiн зейнетақы төлеу тоқталған жағдайда қалған берешек сот тәртiбiмен өндiрiп алынады.
 
      63-бап. Зейнеткер қайтыс болған жағдайда зейнетақы төлеу
 
      Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының және олардың отбасы мүшелерiнiң қатарынан шыққан зейнеткерге тиесiлi және оның қайтыс болуына байланысты толық алынбай қалған зейнетақы сомасы қайтыс болған зейнеткердi отбасы мүшелерiне немесе туысқандарына бұл сома мұра құрамына енгiзiлмей төленедi. Аталған сома, егер оны алу жөнiндегi өтiнiш зейнеткер қайтыс болғаннан кейiн 6 айдан кешiктiрмей жасалған болса төленедi. Басқа реттерде зейнеткер қайтыс болуына байланысты толық алмаған зейнетақы сомасы оның мұрагерлерiне азаматтық заңдарда белгiленген жалпы негiздерде төленедi. Отбасының бiрнеше мүшесi өтiнiш жасаған жағдайда оған тиесiлi зейнетақы оларға тең бөлiнедi.
 
      64-бап. Шетелге кеткенде зейнетақы тағайындау және төлеу
 
      Шетелге тұрақты тұруға кеткен әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына және олардың отбасы мүшелерiне осы Заңда көзделген зейнетақы Қазақстан Республикасының территориясында тағайындалмайды, ал оған шетелге кеткенге дейiн тағайындалған зейнетақыны төлеу тоқтатылады (осы баптың екiншi бөлiгiн ескере отырып). Оларды шетелде тұрған кезеңде зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесi олар аумағына барған елдiң заңдарына сәйкес, ал егер Қазақстан Республикасы немесе бұрынғы КСР Одағы мен аталған елдер арасында әлеуметтiк қамсыздандыру туралы келiсiм (шарт) жасалған болса - онда осы келiсiмдерге (шарттарға) сәйкес шешiледi.
      Әскер қызметшiлер, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары қатарынан шыққан зейнеткерлер және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасымен немесе бұрынғы КСР Одағымен әлеуметтiк қамсыздандыру туралы келiсiм (шарт) жасаспаған және олардың заңдарында тұрғылықты орнын осындай өзгеруге байланысты зейнетақы тағайындау (төлемдi жаңғырту) заңда көзделмеген шетелдерге тұрақты тұруға кететiн болса, оларға Қазақстан аумағында тағайындалған зейнетақы шетелге кетердiң алдында 6 ай үшiн алға төленедi.
 

     Қазақстан Республикасының

          Президентi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады