Ескерту - Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 21 қыркүйектегі N 285/35-ІІІ шешімінен
үзінді:
Заңнамалық нормалардың өзгеруiне және жекелеген шешiмдердiң қолданыс мерзiмдерiнiң өтуiне байланысты Астана қаласының мәслихаты шешiм қабылдады:
1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
2. Осы шешiм қабылданған күннен бастап күшiне енедi.
Астана қаласы мәслихатының
сессия төрағасы
Астана қаласы мәслихатының хатшысы
Астана қаласы мәслихатының
2006 жылғы 21 қыркүйектегi
N 285/35-IIІ шешiміне қосымша
Астана қаласы мәслихатының күшiн жойған кейбiр
шешiмдерiнiң тiзiмi
1. Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 2 мамырдағы N 156/30-II "Астана қаласының аумағындағы ВИЧ/СПИД iндетiне қарсы күрес жөнiндегi 2002-2005 жылдарға арналған бағдарлама туралы" шешiмi (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде 199 нөмiрмен тiркелген, 2002 жылғы 30 мамырда "Астана ақшамы" газетiнде жарияланды);
...
Астана қаласы мәслихатының хатшысы
________________________________________________________
Астана қаласының әкімияты ұсынған Астана қаласының аумағында ВИЧ/СПИД эпидемиясына қарсы іс-әрекеттер жөніндегі 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламаны қарап, Қазақстан Республикасы K951000_ Конституциясының 86-бабының және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Z010148_ 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы
Заңының 6-бабының негізінде Астана қаласының мәслихаты былай деп ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының аумағында ВИЧ/СПИД
эпидемиясына қарсы іс-әрекеттер жөніндегі 2002-2005 жылдарға арналған
бағдарлама бекітілсін.
Астана қалалық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қалалық мәслихаты
хатшысының міндетін
атқарушы
Астана қалалық мәслихатының
2002 жылғы 2 мамырдағы
N 156/30-ІІ шешімімен
бекітілген
2002-2005 жылдарға арналған
Астана қаласы аумағында ЖҚТБ/АҚТҚ
індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі
БАҒДАРЛАМА
АСТАНА - 2002 жыл
--------------------------------------------------------------------------
Бағдарламаның атауы 2002-2005 жылдарға арналған Астана қаласының аумағында
ЖҚТБ/АҚТҚ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі
бағдарлама
Бағдарламаны "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы
әзірлеу үшін іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясаттың
негіздеме тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1808 P001808_
қаулысы
Бағдарламаның Астана қаласы денсаулық сақтау департаменті
негізгі
әзірлеушілері
Бағдарламаның АҚТҚ инфекциясының таралу барысын төмендету және
мақсаты мен Астана қаласының аумағында таралғандығын бір қалыпқа
міндеттері келтіру
Бағдарламаның Алматы және Сарыарқа аудандары әкімдерінің
негізгі орындау. аппараттары, Астана қаласы денсаулық сақтау, білім,
шылары қаржы, мәдениет департаменттері, ішкі істер
басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдары
Бағдарламаны іске 2002-2005 жылдар аралығы
асыру мерзімі
Бағдарламаның АҚТҚ-ның алдын алу шаралары туралы халыққа ақпар беру
негізгі іс-шара. жүйелерін дамыту;
ларының тізбесі тәуекелшіл топтардың құрамы арасында ЖҚТБ таралуын
алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру; АҚТҚ
жұқпасын эпидемиологиялық қадағалауды, диагностикалық
және емдеу шараларын жетілдіру; АҚТҚ-ның таралуын
тұрақтандыруға бағытталған іс-шараларын үйлестіру мен
басқаруды әрі қарай жетілдіру, бағдарламаның
орындалуын бақылауды жүйеге келтіру; халықаралық және
қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық
Қаржыландыру Жергілікті бюджеттен 98937 мың теңге сомасында
көздері мен қаржыландыру жоспарлануда, оның ішінде:
көлемі (2002 жылғы 2002 жылға - 22584 мың теңге;
баға көлемінде) 2003 жылға - 24007 мың теңге;
2004 жылға - 25423 мың теңге;
2005 жылға - 26923 мың теңге;
бюджеттен 11409,7 мың теңге, сомасында қосымша қаржы
тарту, оның ішінде ЖҚТБ орталығына 10780,1 мың теңге,
көліктегі ішкі істер басқармасына 98,0 мың теңге, ішкі
істер басқармасына 531,6 мың теңге
Бағдарламаны Астана қаласының аумағында АҚТҚ-ның таралу қарқынын
іске асырудан бәсеңдету, ЖҚТБ-сы бар ауру адамдардың санын азайту
күтілетін арқылы еңбекке жарамды халықтың ысырабын азайту
нәтижелер
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
орындалуын Министрлігіне және Астана қаласы әкімиятына жарты
бақылауды жылда 1 рет Бағдарламаның орындалу барысы туралы
ұйымдастыру ақпараттар ұсыну және мониторинг өткізу
жүйесі
--------------------------------------------------------------------------
1. Кіріспе
Осы Бағдарламаны әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы
P001808_
"Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы туралы" Қаулысы негіз болды.
Өткен жылы АҚТҚ инфекциясына қарсы іс-қимыл жүйесін дамытуда маңызды рөлін атқарған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 ақпандағы N 193
P960193_
қаулысымен бекітілген "1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның алдын алу және онымен күрес жөніндегі шаралар жоспарының" қолданылу мерзімі аяқталды.
Осы жоспарды жасау кезінде ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралу мәселесі денсаулық сақтау секторы проблемаларының шеңберінен әлдеқайда кең және барлық әлеуметтік секторларға қатысты екенін түсіну негіз болып табылды.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы"
Z970111_
1997 жылғы 19 мамырдағы, "ЖҚТҚ ауруының алдын алу туралы"
Z946000_
1994 жылғы 5 қазандағы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен
U984153_
бекітілген "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасының және "Қазақстан Республикасындағы ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1207
P011207_
"Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы 2001-2005 жылдарға арналған Бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1808
P001808_
қаулысының ережелеріне негізделеді.
Бұнда БҰҰ-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың ЖҚТБ-ның алдын алу мәселелері бойынша ұсынымдары ескерілген.
490,6 мың халқы бар елордасы - Астана қаласының жалпы көлемі 71 мың гектар жерді құрайды. Қала тұрғындарының 64,4 пайызы еңбекке жарамды, ал 10,2 пайызы еңбек ету жас шамасынан асқандар. 15-29 жас шамасындағы азаматтар арасындағы АҚТҚ инфекциясы бар адамдардың негізгі тіркелген саны 28 пайызға жуығын құрайды.
Астана қаласы Қазақстан Республикасының көршілес облыстары мен жақын және алыс шет елдерден келген қоныс аударушылар орнына айналып кетті. Екі жыл ішінде қала халқының саны қоныс аударушылар есебінен 150 мың адамнан асты. Оның ішінде, АҚТҚ індетін әкелуіне қауіп төндіретін ер адамдардың саны басымды болғаны.
Экономика, сауда, қызмет көрсету нарығының дамуы АҚТҚ-ның жұғуы қаупін күшейтетін бұрын орын алмаған коммерциялық жыныстық қатынастың таралуына әкеліп соқты. Осындай жағдайда халықтың арасында жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулардың өсуі АҚТҚ-ны жұқтыру қаупіне әкелуі мүмкін.
Ауғанстаннан, Ресей мен Шығыс Еуропа елдеріне героинді заңсыз тасымалдаудың жолы болып табылатын Қазақстанның географиялық жағдайы ел халқының есірткі саудасы мен инъекциялық есірткілерді тұтыну, сондай-ақ жыныстық қызмет көрсету саласына, яғни АҚТҚ-ның таралуымен байланысты қызметке тартылуы ықтималдығының жоғары болуына алғышарт жасайды.
1987 жылғы ең алғаш рет тіркелуінен бастап Қазақстан Республикасында 2001 жылдың соңында АҚТҚ ауруына шалдыққандардың жалпы саны 2522-ке жетті.
Астана қаласында АҚТҚ індетіне диагностикаланғандардың жалпы саны 2001 жылдың соңында 21 адамды құрады, олардың ешқайсысында ЖҚТБ клиникасы өркендеуі байқалмаған.
-------------------------------------------------------------------------
АҚТҚ Жылдар
инфекциясы -----------------------------------------------
анықталған 1997 1998 1999 2000 10 ай Барлығы
(адамдар) 2001 жыл
-------------------------------------------------------------------------
3 6 4 4 4 21
-------------------------------------------------------------------------
АҚТҚ-сы бар тіркелген адамдардың жалпы санының тек төртеуі Астана қаласының тұрғыны болып табылады. 1997-2001 жылдар аралығында АҚТҚ-сы бар адамдар 15-39 жас шамасындағы топтарды құрайтыны анықталды. АҚТҚ анықталған жағдайлардың 73,6 пайызында қоздырғыш есірткі инъекциялармен берілген.
Инфекцияның жыныстық қатынаспен таралуының үлесіне тағы да 5,9 пайызы тиеді, ал 17,6 пайызында инфекцияның таралу жолы анықталмай қалып отыр.
Талдау АҚТҚ-сы бар адамдардың 59 пайызы пенитенциярлы орындарда, төртеуі, яғни 23 пайызы емдеу-профилактикалық ұйымдарда, 6 пайызы - 1 адам донорлардың тексеруінде және 12 пайызы анонимді қатысушылардың арасында екендігін көрсетті.
Осындай жағдайда тіркелгендердің құрылымын ескерсек, Астана қаласында АҚТҚ инфекциясы таралуының 79 пайызынан астамы инъекциялық есірткі тұтынудың жолымен таралады деп айтуға болады. Сондықтан да, халықтың мінез-құлқы қатерлі топтарына аса көңіл бөлу қажет. 2000 жылдың маусым-шілде айларының аралығында Астана қаласында тіркеуде жоқ есірткі тұтынушылардың арасында өткізілген дозорлық эпидемиологиялық бақылау (199 зерттеу) және 2001 жылы (180 зерттеу) бойынша, АҚТҚ инфекциясына шалдыққандар анықталды.
Жалпы 2001 жылы АҚТҚ-ға есірткі тұтынушылардың 1027 қан сарысуы лабораториялық зерттеуден өтті. АҚТҚ-сы бар адамдар анықталған жоқ. Сондықтанда, қауіпті топтардың арасында уақытында алдын алу шараларын өткізу арқылы ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуын төмендетуді сақтауға мүмкіншілік береді деп тұжырымдауға болады.
2.2. Астана қаласында инъекциялық есірткіні тұтынуды бағалау және
инъекциялық есірткіні тұтынушылар (ИЕТ) арасында АҚТҚ-ның таралуын
анықтайтын себептер
Қаланың наркологиялық қызметімен тіркелген ИЕТ саны 2002 жылдың басында 1331 адамды құрады. ЖҚТБ мәселелерімен айналысатын БҰҰ сарапшыларының бағалауына сәйкес Астана қаласында ИЕТ-тің нақтылы саны 8 мыңға жетті.
Өткізілген зерттеулер қорытындысы бойынша, 1997 жылдан бастап есірткіге тартылғандардың басымы (89 пайыз) бөлігі 20-25 жас шамасындағы жастар, есірткіні тұтынушылардың 85 пайызы ер адамдар, 94 пайызы есірткі тұтынуды жиырмадан асқанда бастаған, ал күніне есірткіні бірнеше рет қолданатындардың да саны сол мөлшерде.
Есірткіні тұтынушылардың инъекциялық түріне көшудің уақыт мерзімі 2000 жылы 11-ден 2-6 ай шамасына жетті. Инъекция үшін барлық жерде пайдаланылатын басымдықты есірткі-героин болып табылады.
ИЕТ-ке сұрау салу мәліметтері бойынша АҚТҚ ауруының жұғуына қауіп туғызатын жағдайлар:
1. Есірткі инъекциясы үшін ортақ инені пайдалану.
2. Қайта пайдаланылатын инелердің санынан есірткілердің ерітінділерін жинау.
3. Есірткіні дайындау процесінде адам қанын пайдалану. Бірде бір есірткі тұтынушы есірткіні қайтадан қолдану кезінде пайдаланылған инелерді тиімді тазалауды қамтамасыз ете алмайтындығынан дерттің жұғу қауіптілігі өрши түседі.
Астана қаласының ЖҚТБ-ның алдын алу және күресу жөніндегі орталықтың есірткі қызметі ұйымдарында есепте тұратын нашақорлар арасында 2000 жылы жүргізілген есірткі тұтынушыларға әлеуметтік сауал салулардың көптеген мәліметтері инъекциялық есірткіні қолдану кезінде АҚТҚ-ны болдырмаудың жолдары туралы ИЕТ-тің өте аз білетінін айқындады. ИЕТ-тің 7,5 пайызы ғана (студенттер) тиімді алдын алу туралы түсінігі бар.
ИЕТ-тің басым көпшілігі ретсіз жыныстық қатынасқа түседі. ИЕТ-тің презервативті пайдалану деңгейі 20 пайыздан аспаған.
Дерматология және жыныстық қатынас ауруларының алдын алу, емдеу орталығының мәліметіне қарағанда ИЕТ арасында жыл сайын сифилис ауруына шалдыққандар табылып отыр. Соның өзінде, сауал-салулардың көрсеткеніндей, ИЕТ-тің жартысынан азы тері-венерологиялық қызметтер ұйымдарынан медициналық көмек алуға дайын.
Ахуалды бағалауға сәйкес 2000-2001 жылдары орындалған ИЕТ-тің 90 пайызы есірткі қолдануды жалғастыру ниетінде, тек әрбір оныншысы ғана тиісті тиімді медициналық жәрдем берілген жағдайда оны қолдануды тоқтатуға әзір.
Есірткі енгізудің қазіргі тәжірибелерін ескере отырып, таяудағы 2-3 жыл ішінде Астана қаласында ИЕТ-тің өз инфекциясы ошақтары пайда болған жағдайда инъекция арқылы 4 мыңға жуық адамға АҚТҚ жұғуы жөнінде болжам жасалды.
2.3. Коммерциялық жыныстық қатынас және халықтың жыныстық
мінез-құлқы қауіпті топтарында АҚТҚ таралуын анықтайтын факторлар
Астана қаласында ағымдағы жылдың басында бір мезгілде күніне 250-ге жуық коммерциялық жыныстық қатынас қызметкерлері жұмыс істеді.
Соңғы екі жылда КЖҚҚ-не деген сұраныс күрт өсіп кетті. Бұған себеп:
халықтың көшпенділігі, секс қызметін тұтынушылардың әлеуметтік мәртебесі, олардың отбасынан алшақтығы, есеңгіреулер, алкоголизация.
Көшедегі коммерциялық жыныстық қатынас қызметкерлері, әдетте, клиенттері белгілейтін жерлерде жыныстық қатынасқа түседі, соның ішінде қауіпсіз жыныстық қатынас шарттарының сақталуын бақылауға алу мүмкіндігін төмендетеді. Қылмыстық топтардың өкілдері, жыныстық ауытқулары бар, алкогольдік немесе нашақорлық масаңдығы салдарынан өзін өзі билей алмайтын адамдар көшедегі КЖҚҚ-ның клиенттері болуы жиі кездеседі. Көшедегі КЖҚҚ клиенттері тарапынан зорлық көрсетілуіне жиі ұшырайды.
Жыныстық қатынас қызметі қонақ үйлерде көрсетіледі және телефон арқылы шақырылады. Жыныстық қатынас бизнесімен айналысатын әйелдердің дені есірткі қолданбайды, презерватив пайдаланады.
Сонымен қатар, жыныс қатынасы ауруынан емделмекші болған жезөкшелер мен олардың клиенттерінің көбеюі - презервативсіз қауіпті жыныстық қатынасқа жол беретінін дәлелдейді.
Аталмыш бизнеспен айналысатындар негізінен 20-22 жас шамасындағы Қарағанды, Теміртау, Степногорск, Ақмола облысы және Ресейдің көршілес облыстарынан келген әйелдер. Жезөкшелердің мардымды бөлігі есірткі тұтынуға құштарлы.
Коммерциялық жыныстық қатынас қызметкерлерінің бірен сараңы ғана жыныстық қатынас ауруларын емдеу мақсатымен тері-венерологиялық емханаларының қызметін қажет етеді.
Жыныстық жолмен берілетін инфекцияны емдеу мақсатында, аурулар көп жағдайда жекеменшік медициналық құрылымдардың қызметін пайдаланады немесе өзін-өзі емдеумен шұғылданады, ал кейбіреулері ешқандай емдеу шараларын қажет етпей жүре береді.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар халықтың айрықша топтарына жатады. Олар Астана қаласының аумағында АҚТҚ инфекциясын таратуға қатысы бар адамдардың 59 пайызын құрады, 10 адамның барлығы да инъекциялық есірткі тұтынушы екендігі анықталды. Қолданыстағы ережелерге сай, пенитенциарлы мекемелердегі адамдар АҚТҚ инфекциясына тексеруден өтеді, инфекция табылған жағдайда, олар оқшауланады.
Астана қаласының 15-29 жас шамасындағы тұрғындарының саны қала тұрғындарының 28 пайызын құрайды.
2000-2001 жылдары ЖҚТБ-мен күрес және оның алдын алу жөніндегі орталықтың қала жасөспірімдерімен жүргізген сұрау салудың мәліметтері бойынша, қала мектеп оқушыларының 2-ден 4 пайыз жасөспірімдер инъекциясыз жолмен есірткі тұтынып үлгірген, ал кейбір жоғары оқу орындарында осы жолмен есірткі қабылдағандардың саны 14-тен 23 пайызға дейін жетеді.
Социологиялық зерттеулерге қатысқан жауап берушілердің пікірінше, есірткі тұтыну жастар мәдениетінің құрамдас бөлігіне айналды. Осындай мәліметтер жастар арасында есірткі тұтынуға жол бермей, оның алдын алу шараларын ұлғайта түсу қажеттігін дәлелдейді.
13-пен 17 жас аралығындағы 335 жауап берушінің 50 пайызы жыныстық қатынасқа түсіп үлгерген, ал 10 пайызы ЖЖБИ-ге шалдыққаны туралы хабарлады.
Нақ осындай сауалдарға жауап берген 1575 адамның 67 пайызы - ер адам, 77 пайызы - әйелдер, жыныстық қатынас барысында презервативтерді үнемі қолданбайтынын немесе жалпы қолданудан бас тартатынын мәлімдеді.
Сөйтіп, қазіргі уақытта Астана қаласында АҚТҚ-ның инъекциялық жолмен таралу жолдары неғұрлым басым болып табылады, дәлірек- есірткіні инъекция арқылы енгізу жолымен. АҚТҚ-ның таралуының маңыздылығы бойынша екінші орында жыныстық жолмен таралуы.
Инъекциялық есірткі тұтынуды тәжірибеге енгізгендердің саны баға берушілердің мәліметімен қалада 8-8,5 мың адамды құрайды. Осы топ өкілдері АҚТҚ-ның таралу және оны жұқтырмау жолдары жайлы түсініктері өте төмен. Осының салдарынан, аурудың топ ішінде тез тарап, қауіпті жағдай тудыруына ықтималдылығын арттырады.
Көптеген кездейсоқ әріптестерімен жыныстық қатынастарға жиі түсетін халықтың тобы АҚТҚ-ның жұғуы тұрғысынан алғанда, қауіпті мінез-құлық ұстануда. Жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың жоғарғы деңгейі АҚТҚ-ның таралуы мен жұғуын арттыра түседі. Халықтың осы тобының АҚТҚ инфекциясын алдын алу туралы мағлұматтануы өте төмен.
Соның салдарынан, бірқатар коммерциялық түрде жыныстық қатынаспен айналушылардың ИЕТ тобында да болуына және жыныстық қызметке сұраныстың жоғары болуына байланысты болашақта АҚТҚ-ның таралуында осы топтың маңызы артатынын болжауға болады.
Жастар алдыңғы екі топты толықтыратын халық тобын құрайды.
Ахуалды талдау, жастар мен жасөспірімдер арасында инъекциялық есірткіні тұтыну мен қауіпті жыныстық қатынастан бас тарту мотивациясының жоқ екенін көрсетті. Мұның өзі АҚТҚ-ның таралуы ықтималдылығын арттырады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты - АҚТҚ инфекциясының таралу барысын төмендету және Астана қаласының аумағында таралғандығын бір қалыпқа келтіру. Бағдарламаның негізгі міндеттері:
1. АҚТҚ-ның бас сатыға көшуін болдырмай оның шоғырлануы сатысында таралуын тұрақтандыру:
2005 жылдың соңында ИЕТ арасындағы АҚТҚ-ның таралуы қала бойынша тұтас алғанда, 5 пайыздан аспауы керек; бұл ретте АҚТҚ-ны жыныстық жолмен жұқтырған адамдардың үлесі жұқтыру жолдарының құрылымында 20 пайыздан аспауы тиіс.
Бұл үшін қажет:
алдын алу бағдарламасына тұрақты тартылған ИЕТ-тің үлесін олардың бағаланатын санының 50 пайызына дейін арттыру;
алдын алу тұрақты тартылған КЖҚҚ-ның үлесін олардың бағаланатын санының 50 пайызына дейін арттыру;
індет шоғырланған (екі жыныстың да ИЕТ және КЖҚҚ) топ өкілдерінің өз еркімен жасырын негізде кеңесу және тестілеу үшін қаралуын олардың бағаланатын санынан 50 пайызға дейін арттыру;
2. Халықтың ИЕТ және КЖҚҚ топтарының АҚТҚ жұқтыруына қатысты осал топтардың жастар арасындағы жаңа адамдармен толығуын азайту.
Бұл үшін қажет:
есірткінің және ретсіз жыныстық қатынастардың зиян екендігін, сондай-ақ АҚТҚ-ны жұқтырудан қорғану шараларын түсіндіріп, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
қауіпсіз жыныс қатынасы мен есірткісіз өмір сүруді көпшілікке түсіндіруге бағытталған жастар саясатын әзірлеу және жүзеге асыру.
3. АҚТҚ-сы бар адамдардың кемінде 80 пайызы олардың ықтимал байланысы деңгейін төмендететін медициналық және әлеуметтік бағдарламалармен қамтамасыз ету.
4.1. Құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, мінез-құлқы қатерлі
адамдар мен АҚТҚ инфекциясы бар адамдардың
конституциялық кепілді құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Алдын алу бағдарламалары үшін олардың неғұрлым ашықтығына қол жеткізу мақсатында ИЕТ, КЖҚҚ, және басқалары, сондай-ақ ЖҚТБ/АҚТҚ-сы бар адамдардың конституциялық құқықтарын және бостандықтарын қамтамасыз ету ЖҚТБ/АҚТҚ індетіне қарсы күрес - ең басты міндеттердің бірі болып табылады.
АҚТҚ-сы бар және мінез-құлқы қатерлі адамдардың әлеуметтік
бейімділігіне қолдау көрсету, мемлекеттік және қоғам тарапынан оларға
қажетті көмек көрсетілуі тиіс.
Құқықтық және құқық қорғау органдарының басымдықты іс-шаралары
мыналар болуы тиіс:
- мінез-құлқының қатері жоғары топтарға тек шектеуші практикада ғана
емес, олардың заңды құқықтарын қорғауға бағыттау;
- олардың мінез-құлқының ықтимал қатерін ескере отырып, бас
бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды ЖҚТБ/АҚТҚ-ға профилактикалық
бағдарламалармен қамтамасыз ету;
- АҚТҚ-сы бар адамдарды басқа адамдардан бөлетін мемлекеттік
актілердің тиімділігін талдау, соның ішінде бас бостандығынан айыру
орындарында да.
4.2. Мемлекеттік құрылымдар және халықтың
мінез-құлқы қатерлі топтары арасында түсіністік пен қолдау
көрсету қарым-қатынастарын қалыптастыру
АҚТҚ ауруының өсуін, негізінен есірткіні инемен қабылдаушы және жыныстық өмірдің тәртіпсіз түрімен айналысатын адамдар айқындайды. Осы адамдардың бәрі оларға қатысты көлеңкелі қарым-қатынас салдарынан мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардан жасырынуға ұмтылады. Сондықтан, халықтың басым топтарының өкілдері білім беру және ақпараттық бағдарламалар алмайды, кейбіреулері ЖҚТБ/АҚТҚ және оның алдын алу жолдары жайлы хабарсыз болып қалады.
Осы топтармен байланыс орнату, ЖҚТБ/АҚТҚ мәселелері бойынша олардың құлағдарлығын арттыру және қауіпсіз мінез-құлықты таңдауды ынталандыру жедел шара болып табылады.
Бұл мәселелерді іске асыру үшін:
- психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсету функцияларымен бірге шприцтер алмасу, қорғау құралдарымен және ақпараттармен жабдықталған сенім пункттерінің жүйесін дамытуы;
- жергілікті әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ ЖҚТБ профилактикасы және есірткіге қарсы күрес қызметкерлерінің қызмет басымдықтары ретінде ИЕТ-пен дала жұмысын жүргізу, ішкі еңбек ресурстарын қайта бөлу есебінен осы қызмет түрімен айналысатын қолда бар бөлімшелерді нығайту;
- жұртшылықты халықтың мінез-құлқы қатерлі топтарына арналған профилактикалық бағдарламаларды қолдауын қамтамасыз етуге жұмылдыруы, ИЕТ-пен КЖҚҚ-ны профилактикалық бағдарламаларға тартуға бағытталған олардың қызметіне үкіметтік емес ұйымдардың қолдау көрсетуі;
- АҚТҚ-сы бар адамдармен қарым-қатынас орнату, оларды АҚТҚ індетінің профилактикасы жөніндегі жұмыстарға тарту;
- көпшілік акциялар, оның ішінде АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратындардың пайдасына қайырымдылық акцияларын жүргізу;
- КЖҚҚ болып табылатын, есірткі пайдаланушы, қорғанышсыз жыныстық қатынасқа түсетін АҚТҚ-сы бар адамдардың, олардың клиенттерінің ішіндегі жолбасшы топтардың құрылуына ерекше назар аудару;
- профилактикалық бағдарламаларды беру есебінен олардың мінез-құлқын өзгертуге көмек көрсету қажет.
4.3. ЖҚТБ/АҚТҚ проблемаларын дұрыс қабылдауға әсер ететін
ақпараттық орта жасау және білім бағдарламаларын өмірге енгізу
АҚТҚ жұқтыруға әкелетін халықтың мінез-құлқына қарсы әрекет ету бүгінгі күні АҚТҚ-ға қарсы күрестің негізгі құралы болып табылады (АҚТҚ-мен ластанған инъекциялық құралдарды және ерітіндіні қолдану, қорғанышсыз жыныстық қатынасу) осыны іске асыру үшін мынадай іс-шараларын орындау қажет:
- орта және жоғары, кәсіби-техникалық оқу орындарының оқу жоспарына "ЖҚТБ және оның алдын алу мәселесіне" арналған бағдарламаны енгізу;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен Ішкі істер министрлігінің жеке құрамын, сондай-ақ пенитенциарлы мекемелердегі адамдарды АҚТҚ және ЖЖБИ таралуын алдын алуға үйрету;
- көпшілік оқырмандарға арналған ақпараттық материалдарды әзірлеу және басып шығаруды қамтамасыз ету;
- жастар арасында беделі зор мәдениет, спорт өкілдерін жұмылдыру арқылы есірткіге қарсы жастар науқандарын өткізу.
4.4. Медициналық қызметті, медициналық және тазалық мақсаттағы
бұйымдардың сапасын бақылауды, ЖҚТБ/АҚТҚ індетіне байланысты
ахуалды бағалау мен мониторинг ұйымдастыру
АҚТҚ көзқарасынан алғанда, оларды қауіпсіз енгізу әдістеріне, есірткіні инъекциялық қолданатын адамдарды оқыту жөніндегі шараларды қабылдауы.
ИЕТ-ті тазартылған бір жолғы шприцтермен, инелермен, презервативтермен, дезинфекциялау құралдарымен жарақтандыру;
- барлық мемлекеттік емдеу-профилактикалық ұйымдарда, олардың еншісіндегі және одан тыс жерлерде қолдана отырып ИЕТ-тер үшін сенім пункттерін ұйымдастыру;
- дерматология және жыныс қатынасы ауруларын алдын ала емдеу орталығы жұмысын қайта құру, әлсіз топтар өкілдерін ЖЖБИ және АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу жайлы ақпаратпен, білім беру бағдарламаларымен, презервативтермен қамтамасыз ету;
- медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде барған орны бойынша
барлық медициналық ұйымдарда ЖЖБИ ауруларын синдромдық тәсілді енгізуін
қамтамасыз ету;
- жасырын тестілеу және кеңес беретін кабинеттер желісін кеңейту;
- мінез-құлық және биологиялық көрсеткіштерін қолданумен АҚТҚ
инфекциясына дозорлық эпидемиологиялық бақылаудың ұлттық хаттамасын енгізу;
- АҚТҚ-сы бар адамдарды, оның ішінде жүкті әйелдер мен балаларды
этиотроптық емдеу үшін емдеу-профилактикалық мекемелерін дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз ету;
- қоздырғышқа қарсы емдеуді қамтамасыз ету үшін АҚТҚ-сы бар
адамдардың басым топтарын айқындау.
4.5. ЖҚТБ/АҚТҚ жөніндегі алдын алу бағдарламаларын басқаруды,
үйлестіруді және орындауды ұйымдастыру
ЖҚТБ/АҚТҚ таралуына қарсы тұрудың тиімді бағдарламалары көпсекторлы
сипатта болуы қажет:
- қалалық денсаулық сақтау департаменті хатшылық қызметін атқарып,
келесі іс-әрекеттерді жасауға тиіс;
- бекітілген жоспарды өмірге енгізу жөніндегі үйлестіру комитетінің (кеңесі) практикалық қызметін қалыптастыру және қамтамасыз ету. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының штаттық нормативтерін, оларға заңгер кеңесші, социолог, жоспарлау және болжау жөніндегі экономист, педагог, БАҚ және көпшілікпен байланыстар жөніндегі маман (журналист) лауазымдарын енгізіп, қайта қарау және бекіту.
ЖҚТБ Орталығында келісім-шарт негізінде ерікті түрде жалданушылардың жұмыс істеуіне қаражат бөлуді қарастыру;
қалалық әкімияттың жанынан саяси сипаттағы ұсынымдар әзірлеу жөніндегі үйлестіру комитетін құру.
Әкімияттың әр департаментінің, басқармаларының, құрамына төрт техникалық топ кіретін ЖҚТБ/АҚТҚ алдын алу іс-шараларына жауапты адамдар бөлінуі тиіс:
- құқықтық қатынас және құқықты қолдану практикасын талдау және жетілдіру жөніндегі топ;
- бұқаралық ақпарат, білім беру, қорғаныс, жастар істері жөніндегі комитет, мәдениет өкілдері;
- қаржы, әлеуметтік қорғау департаменттерінің өкілдері кіретін экономикалық мәселелері жөніндегі топ;
- денсаулық сақтау департаменті мен ведомстволық қызметтер өкілдері кіретін денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі үйлестіру комитеті АҚТҚ инфекциясының эпидемиологиялық процесін өрбуіне сәйкес бағдарламаларды қайта бағалау жоспарымен қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыруына тұрақты бақылау жүргізеді.
Өткізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін бағалау келесі шарттар
арқылы жүргізіледі:
- бағдарламаның жекелеген нақты іс-шараларын орындау, бағдарламалық
көрсеткіштерге жету;
- жастар мен мінез-құлқы қатерлі адамдардың ЖҚТБ/АҚТҚ жайлы білімін,
мінез-құлқын өзгерту;
- ұзақ мерзімді іс-шараларды орындау (сенім пункттерінің жұмысы,
емдеуді қамтамасыз ету және басқа да мәселелер).
5. Қаржыландырудың қажетті ресурстары және көздері
Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету осы Бағдарламаны іске асыруға
бөлінетін қалалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бағдарламаның жекелеген іс-шараларын іске асыру барысында халықаралық
ұйымдардың, демеушілердің және гранттардың қаржылай көмегі қажет.
2002-2005 жылдар аралығындағы Бағдарламаны іске асыру:
қалалық бюджет қаржысынан;
халықаралық ұйымдар қаржысы есебінен жүзеге асырылатын болады.
Астана қаласында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі
2002-2005 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыруға қалалық бюджеттің
болжамды қаржылық шығындары (млн. теңге).
------------------------------------------------------------------------
Қаражат Жылдар
---------------------------------------------------------------
2002 2003 2004 2005 Барлығы
---------------------------------------------------------------
Қалалық 2701,3 2902,8 2902,8 2902,8 11409,7
бюджет
------------------------------------------------------------------------
2002-2005 жылдардағы шараларды іске асыру үшін қажетті қалалық бюджет
қаражатының көлемін тиісті қаржы жылына бюджетті әзірлеу кезінде қалалық
әкімиятпен айқындалады.
2002-2005 жылдарға арналған болжамды қаржылық шығындарға әр жылы
бюджетті қалыптастыру кезінде түзету енгізіледі.
6. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
1. АҚТҚ инфекциясының таралу қарқынын бәсеңсіту және оның көп
таралғандығын тұрақтандыру.
2. АҚТҚ-ға қарсы қауіпсіздік іс-шараларын жетілдіру, оның ішінде:
жастар, инъекциялық есірткілерді тұтынушылар және коммерциялық жыныстық
қатынас қызметкерлері арасында презерватив қолдануды арттыру.
3. Жас нәрестелердің АҚТҚ жұқтыруы қаупін бәсеңсіту.
4. Салауатты өмір салтын белсенді насихаттау арқылы жастардың
моральдық-этикалық мінездемесіне позитивті өзгерістер енгізу.
7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспары
-------------------------------------------------------------------------
N Іс-шаралар Аяқтау Жауапты Орындау 2002-2005 Күтілетін
р/с қалпы орындау. мерзімі жылдарға нәтиже
шысы арналған
қаржылан.
дыру көзі
(мың теңге)
-------------------------------------------------------------------------
І. Әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік іс-шаралар
-------------------------------------------------------------------------
1. АҚТҚ медициналық Ұсыныстар Денсаулық 2002 жыл Қажет емес Заңна.
куәландыру ережеле. сақтау депар. малық
ріне және ЖҚТБ ауру. таменті, Ас. базасын
ының алдын алу тура. тана қаласы құру
лы Қазақстан Респуб. ЖҚТБ-нің ал.
ликасы Заңына енгі. дын алу және
зілетін өзгерістер оған қарсы
жайлы ұсыныс дайын. күрес жөнін.
дау. дегі орталық
2. ЖҚТБ-ның алдын алу Астана Астана қаласы 2002 Қажет емес АҚТҚ ин.
жөніндегі қалалық қаласы денсаулық жылдың фекциясы.
Үйлестіру комитетін әкімінің сақтау депар. 1 тоқ. ның ал.
құру және оның жұ. өкімі таменті саны дын алу
мыс жоспарын іс-шара.
бекіту. ларын
күшейту
3. "Адамның иммунитет Іс- Астана Үнемі Қажет емес Әлеумет.
тапшылығы вирусын шаралар, қаласы тік
жұқтырған тұлға. денсаулық денсаулық қорғау
ларды әлеуметтік сақтау сақтау
қорғау бөлігіндегі департа. департа.
ЖҚТБ ауруының ментінің менті
алдын алу туралы" бұйрық.
Қазақстан Респуб. тары
ликасының 1994
жылғы 5 қазандағы
Заңының орындалуын
бақылауды
қамтамасыз ету.
4. Сенім телефонын Денсаулық Астана 2002 2002 жылғы Халықты
ұйымдастыру сақтау қаласы жылдың смета ақпарат.
департа. ЖҚТБ-нің IV шығыны тандыруды
ментінің алдын алу тоқсаны бойынша арттыру
бұйрығы және оған 50,0
қарсы
күрес
жөніндегі
орталығы
5. Астана қаласы Үйлестіру Денсаулық Жылына Қажет емес Мекемелер
ЖҚТБ-ның алдын комитет. сақтау 2 реттен мен ұйым.
алу және оған інің департа. кем емес дар жұмы.
қарсы күрес шешімі менті, сын
жөніндегі Астана нығайту
Үйлестіру қаласы
комитеті ЖҚТБ-нің
отырыстарын алдын алу
өткізу. және оған
қарсы күрес
жөніндегі
орталығы
ІІ. АҚТҚ/ЖҚТБ проблемалары бойынша білім беру бағдарламаларының
орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
1. Қалалық ЖҚТБ-мен Курстарды Денсаулық 2002-2005 Қажет емес
күресу және оның өткізу сақтау жылдар
алдын алу орта. жоспары департа.
лығының жанындағы менті,
тұрақты курстар. ЖҚТБ-нің
ында мынандай алдын алу
мамандарды және оған
дайындау қарсы күрес
жөніндегі
орталығы
а) АҚТҚ инфекция. Семинар, Астана 2002-2005 Қажет емес АҚТҚ ин.
сының себептерін әдістеме. қаласы жылдар фекциясын
диагностикалау, лік ЖҚТБ-нің диагнос.
ЖҚТБ-сы бар әдебиет алдын алу тикалауын
адамдарды емдеу және оған ұлғайту,
мен лаборатория. қарсы күрес АҚТҚ-сы
лық тексеруден жөніндегі бар адам.
өткізу, диагнос. орталығы дар ден.
тикалау мәселе. саулығын
лері бойынша жақсарту
амбулаториялық
-емхана
мекемелерінің
дәрігерлері
б) АҚТҚ-ның Семинар, Астана Үнемі Қажет емес АҚТҚ-ның
аурухана ішінде әдістеме. қаласы аурухана
жұғуын алдын алу лік ЖҚТБ-нің ішінде
үшін дезинфек. әдебиет алдын алу жұғуын
циялық-стерили. және оған ескерту
зациялық және қарсы күрес
індетке қарсы жөніндегі
күресуді орталығы
қамтамасыз ету
үшін орта
медицина
қызметкерлері
в) Пенитенциарлы Семинар, Астана Үнемі Қажет емес АҚТҚ
мекемелерде әдістеме. қаласы жұғуын
АҚТҚ жұқтырудың лік ЖҚТБ-нің ескерту
алдын алу әдебиет алдын алу
мәселесі бойынша және оған
ІІМ, ҰҚК қарсы күрес
мекемелерінің жөніндегі
дәрігерлері мен орталығы
орта медициналық
қызметкерлерін
г) АҚТҚ-инфекциясын Семинар, Астана Үнемі Қажет емес АҚТҚ
алдын алу әдістеме. қаласы жұғуын
жөніндегі әуе лік ЖҚТБ-нің ескерту
және темір жол әдебиет алдын алу
көлігінде және оған
санитарлық-бақылау қарсы күрес
пунктінің жөніндегі
дәрігерлері, орталығы
АҚТҚ-ға жеке
топтарды міндетті
түрде тестілеу
бойынша
д) АҚТҚ инфекциясын Семинар, Астана Үнемі Смета АҚТҚ
алдын алу әдістеме. қаласы шығыны жұғуын
мақсатында тіс лік ЖҚТБ-нің шегінде ескерту
емдеу және тіс әдебиет алдын алу 64,0
дәрігерлік және оған
кабинеттер қарсы күрес
мамандарын жөніндегі
орталығы
е) АҚТҚ-ның Семинар, Астана Үнемі Қажет емес АҚТҚ
анадан балаға әдістеме. қаласы жұғуын
таралуының алдын лік ЖҚТБ-нің ескерту
алу үшін перзент. әдебиет алдын алу
хана акушер-гине. және оған
кологтары мен қарсы күрес
бала дәрігерлері жөніндегі
орталығы
ж) Жалпы білім Семинар, Білім Үнемі Смета Білім беру
беретін әдістемелік департаменті, шығыны жұмысы
мектептердің әдебиет жоғары оқу шегінде тиімділі.
мұғалімдері, орындары 248,0 гін
кәсіби мектептер. арттыру
дегі, орта және
жоғары оқу
орындарының
оқытушылары
з) АҚТҚ/ЖҚТБ Семинар, ЖҚТБ Үнемі Қажет емес Білім беру
мәселелері әдістемелік орталығы, жұмысы
жөніндегі теле. әдебиет әкімияттың тиімділі.
радиобағдарлама, баспасөз гін
газет журналис. қызметі арттыру
терін
2. ЖҚТБ мәселелері Жоғары оқу Білім Оқу Оқу Қатерлі
және оның алдын орындарының департаменті, жылының орындары мінез-
алу туралы білім беру жоғары оқу ішінде бюджет. құлқын
арнайы бағдар. департамент. орындары інің қауіпсізге
ламалар бойынша тінің Жыл шегінде өзгерту
мектептерде, бұйрығы сайын
кәсіптік
техникалық
мектептерде,
орта және жоғары
оқу орындарында
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның
алдын алу
мәселелері
бойынша оқыту
сабақтарын
оқу жоспарларына
енгізу.
3. Мектептердің, Бұйрық Білім беру Оқу Институт Оқытушы.
орта және жоғары жүйесіндегі жылының бюджет. лардың
оқу орындары кадрлардың ішінде інің кәсіби
оқытушыларының біліктілігін шегінде білімдерін
біліктілігін арттыру Жыл жоғарылату
арттыру және қайта сайын
курстарының оқу даярлау
бағдарламаларына институты
ЖҚТБ мәселелері
және оның алдын
алу бағдарламасы
бойынша АҚТҚ/ЖҚТБ
-ның алдын алу
мәселелерін
зерттеуді енгізу.
4. Пенитенциарлық Астана Ішкі істер 2002-2005 Қажет емес Білім беру
жүйеде алдын алу қаласы басқармасы жылдар жұмысы ти.
жұмыстарын жүргізу ішкі імділігін
үшін жеке құраммен істер арттыру
бас бостандығынан басқарма.
айырылған, сының
емделуге өз бұйрығы
еркімен ниет
білдірген адам.
дарды ұйымдастырып,
оларды қажетті
әдебиетпен
қамтамасыз ету.
5. Астана қаласында Ақмола Ақмола 2002-2005 Қажет емес АҚТҚ
орналасқан әскери аймақтық аймақтық жылдар таралуын
бөлімдер мен оқу гарнизоны гарнизоны ескерту
орындарының әскери бастығының
қызметкерлерін бұйрығы
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның
алдын алу жөнінде
оқытуда, кешенді
іс-шаралар жүргізуді
және қорғаныш
құралдарымен
жабдықтауды
қамтамасыз ету
ІІІ. АҚТҚ инфекциясын алдын алу мәселелері бойынша
халықпен жүргізетін ақпараттық-ағарту жұмысы
1. Ағарту әдебиетін Сюжеттерді Астана Үнемі Смета Қауіпсіз
шығару: әзірлеу қаласы шығыны мінез-құлық
плакаттар ЖҚТБ-нің шегінде туралы
үндеулер алдын алу 1600,0 халықтың
кітапшалар және оған қосымша ақпараттан.
дәріқағаз қарсы күрес қаржы. дырылуын
бланкілері жөніндегі ландыру арттыру
орталығы 679,2
2. АҚТҚ/ЖҚТБ-ның Сценарийді Астана Үнемі Қосымша Аурудың
алдын алу әзірлеу қаласы қаржы. белгілері
жөнінде ЖҚТБ-нің ландыру мен оны
бейнеорамдар, алдын алу 216,0 алдын алу
бейне-роликтер және оған тәсілдері
жасау (клип, қарсы күрес жөнінде
ролик). жөніндегі халықтың
орталығы ақпарат.
тылығын
көтеру
3. АҚТҚ/ЖҚТБ Телехабар Астана Әкімият Қажет Халықтың
мәселесі қаласы жұмысы. емес ақпарат.
жайында әкімият әкімиятының ның тылығын
басшыларымен, баспасөз- жоспары көтеру
қала басқармасы қызметі бойынша
қызметкерлерімен жылына
дөңгелек стол бір рет
өткізу
4. "АҚТҚ инфекция. Хабарлау Телебағдар. Үнемі Демеушілік Халықтың
сының алдын алу ұйымы лама көмек ақпарат.
жолдары" атты редакциясы қаражаты тылығын
тікелей есебінен көтеру
телехабар өткізу
5. Үгіт-насихат Дискоте. Денсаулық Жылына Демеушілік Қатерлі
әдісімен калар, шоу сақтау де. 1 рет көмек мінез-
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның бағдарла. партаменті, барлық қаражаты құлқын
алдын алу жұмысын малар мәдениет де. мәдениет есебінен қауіпсіз
дамыту: шоу, партаменті мекеме. мінез-
дискотекалар. лерінде құлыққа
Кітапханалар өзгерту
жұмысын дәстүрлі
түрде тәжірибе.
лендіру:
сұхбаттар,
ауызша әдеби
журнал,
тематикалық
сөрелер
6. Дүниежүзілік Денсаулық Денсаулық 1-желтоқсан Смета Қатерлі
ЖҚТБ-мен күрес сақтау де. сақтау, Жыл сайын шығыны мінез-
күнін өткізу партамен. мәдениет есебінен құлқын
тінің департа. 560,0 қауіпсіз
бұйрығы менттері, және мінез-
ЖҚТБ қосымша құлыққа
орталығы демеу. өзгерту
шілік
көмек
қаражаты
есебінен
7. ЖҚТБ мәселесі Бейнебағ. "АС ТВ" Айына Қосымша Халықтың
жөнінде дарламалар телеком. бір рет қаржы. ақпарат.
жергілікті көрсету паниясының ландыру тылығын
теледидар басшылығы 1080,0 көтеру
арналарында (келісім
бейне бойынша)
материалдарын
жасап көрсету
8. Астана қаласы Мақалалар Астана қаласы Үнемі Қажет Халықтың
ЖҚТБ орталығы жариялымы, ЖҚТБ-нің емес ақпарат.
мамандарының сұхбат алдын алу тылығын
АҚТҚ/ЖҚТБ және оған көтеру
мәселесі қарсы күрес
жөнінде жөніндегі
қалалық орталығы
баспасөз
бетінде
материалдарын
жария ету