Ақмола облысында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімінің қаулысы. 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N а-12/175. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 14 қаңтарда N 1478 тіркелді

      Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы ", " Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналысы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы " заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Жарлығын , Қазақстан Республикасы Үкіметінің  "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы"» Қаулысын  орындау мақсаттарында облыс әкімдігі қаулы етеді:
      1. Ақмола облысында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы облыстық Мәслихаттың сессиясында бекітуге ұсынылсын (қосымша 1).
      2. Облыс әкімдігінің жанынан консультативтік-кеңес органы - Есірткіге  және құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы тұру жөніндегі аймақтық комиссиясы құрылсын.
      3. Жоғарыда аталған комиссияның жеке құрамы облыстық Мәслихаттың кезекті сессиясында бекітуге ұсынылсын (қосымша 2).
      4. Есірткіге  және құрамында есірткі бар заттардың заңсыз  айналысына қарсы тұру жөніндегі аймақтық комиссиясы туралы Ереже бекітілсін (қосымша 3).
      5. Облыстық атқарушы органдар, орталық атқарушы органдардың аумақтық  бөлімшелері  және басқа да мемлекеттік органдар аймақтық бағдарламада белгіленген іс-шаралардың уақытында және толық орындалуын қамтамасыз етсін.
      6. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдіктері нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған аудандық және қалалық  бағдарламаларын әзірлеп,  аудандық және қалалық Мәслихаттардың  сессияларында бекітілсін, Есірткіге  және құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы тұру  жөніндегі аудандық аймақтық комиссиялар құрып, олардың жеке құрамдарын аудандық және қалалық Мәслихаттардың сессияларында бекітілсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С. Сейітжановқа жүктелсін.
      8. Облыс әкімінің 2000 жылғы 29 маусымдағы N№528 және 2001 жылғы 28 ақпандағы N№42 шешімдерінің күші жойылсын.

      Облыс әкімі

     

Облыс әкімдігінің    
2002 жылғы 13 желтоқсандағы
N А-12/175 қаулысымен 
бекітілген     

Есірткіге және құрамында есірткі бар заттардың заңсыз айналысына қарсы тұру жөніндегі аймақтық комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Есірткіге  және құрамында есірткі бар заттардың заңсыз  айналысына қарсы тұру  жөніндегі аймақтық комиссиясы (әрі қарай - Комиссия) консультативтік-кеңес органы болып табылады.
      2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкіметтің актілерін және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі мақсаттары мен міндеттері

      3. Комиссияның негізгі мақсаттары:
      1) Қазақстан Республикасында есірткі мен есірткі бизнесіне қарсы күрес стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған іс-шараларды жүзеге асыруға қолдау көрсету;
      2) төмендегі ұсыныстарды әзірлеу:
      есірткі заттары, қоздырғыш заттар, прекурсорлар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және олардың заңсыз айналысына қарсы тұру;
      есірткі мен есірткі бизнесіне, есірткі заттарының, қоздырғыш заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналысына қарсы күреске бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру және одан әрі жетілдіру;
      есірткі мен есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін заңнамаларды және нормативтік-құқықтық базаларды жетілдіру;
      4. Өзіне жүктелген мақсаттарына сәйкес комиссия төмендегі ұсыныстарды дайындауға міндетті:
      1) есірткі мен есірткі бизнесіне қарсы күрестің, есірткі заттары мен қоздырғыш заттарды орынсыз қолдану, нашақорлықтың алдын алу, емдеу және есірткіге тәуелді адамдарды сауықтырудың негізгі бағыттарын айқындау;
      2) есірткі мен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың жұмыстарын одан әрі жетілдіру;
      3) есірткі мен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіруді жетілдіру;
      4) Ақмола облысының халқын»әлеуметтік есірткілік иммунитетін қалыптастыру.     

3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссияның құқықтары:
      1) комиссияның мақсаттарын жүзеге асыру үшін атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардан қажетті материалдар сұратып алу;
      2) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың мамандарын аймақтағы нашақорлық жағдайын сараптау мен зерттеу үшін қатыстыру;
      3) комиссия мәжілістерінде атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың өкілдерін комиссияның құзырына жататын мәселелер бойынша тыңдау;
      4) мемлекеттік органдарға осы бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізу;
      5) комиссияның құзырына жататын басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

4. Комиссия жұмыстарын ұйымдастыру

      6. Комиссия төрағасы оның жұмысын басқарады, мәжілістерінде төрағалық етеді, жұмыстарын жоспарлайды, оның шешімдері жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін орынбасары атқарады.
      7. Комиссия мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, құжаттарды, материалдарды әзірлеуді және мәжіліс біткеннен кейін хаттамасын рәсімдеуді комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      8. Комиссияның жұмыс органы Ақмола облысының әділет басқармасы болып табылады.
      9. Комиссия отырысының материалдарын дайындауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады, ол комиссия мәжілісін өткізуден үш күн бұрын барлық қажетті құжаттарды комиссия мүшелеріне таратады.
      10. Комиссия отырысы қажет болған кезде өткізіледі, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес. Комиссия мәжілісі оған мүшелерінің  үштен бірі қатысқан жағдайда заңды саналады.
      Комиссия шешімі оған комиссия мүшелерінің жалпы санынан ашық көп дауыс берілсе қабылданады және комиссия мәжілісінің хаттамасымен рәсімделеді. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның  дауысы шешуші дауысқа ие болады.
      Хаттамаға комиссия төрағасы қол қояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады