Кейбір селолық округтердің шекараларын өзгерту және Ұрымқай селолық округін құру туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихаты мен Ақмола облысы әкімшілігінің бірлескен шешімі. 2002 жылы 19 желтоқсандағы N С-22-9. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылы 14 қаңтарда N 1490 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"» Заңының 11 бабына сәйкес, облыстық әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында және Щучье ауданы әкімі мен аудандық мәслихатының бірлескен өтініштері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі шешім етті:
      1. Облыстық әкімшілік-аумақтық құрылымына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      Веденовка және Успеноюрьевка селолық округтерінің шекаралары Николаевка, Райгородок селоларын Веденовка селолық округінің қарамағынан Успеноюрьевка селолық округінің әкімшілік қарамағына беру арқылы өзгертілсін, орталығы Успеноюрьевка селосы;
      Ұрымқай, Дмитриевка, Ынталы, Кіндікқарағай, Күлстан, Қарашілік, Красный Кордан, Көрнекті селоларының шекарасында Ұрымқай селолық округі құрылсын, орталығы Ұрымқай селосы;
      Успеноюрьевка селолық округінің шекарасы Ұрымқай, Дмитриевка, Ынталы, Кіндікқарағай, Күлстан селоларын Успеноюрьевка селолық округінің қарамағынан Ұрымқай  селолық округінің әкімшілік қарамағына беру арқылы өзгертілсін, орталығы Ұрымқай селосы.
      Климовка селолық округінің шекарасы Қарашілік, Красный Кордан, Көрнекті селоларын Климовка селолық округінің қарамағынан Ұрымқай селолық округінің әкімшілік қарамағына беру арқылы өзгертілсін, орталығы Ұрымқай селосы.
      2. Шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында тіркелгеннен соң күшіне енеді.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
      Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады