Әкімшілік жауапкершілік белгіленетін ережелерді бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2002 жылғы 26 қыркүйектегі N 27/6 шешімі. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2002 жылы 1 қарашада N 870 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 16 сәуірдегі N 23-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2009.04.16 N 23-4 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы, 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көксу ауданының "Мал дәрігерлік туралы" Ережесі бекітілсін (N 1 қосымша).

      2. Көксу ауданында және елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Ережесі бекітілсін (N 2 қосымша).

      3. Көксу ауданында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі "Ереже" бекітілсін (N 3 қосымша).

      4. Көксу ауданына төтенше жағдай енгізілген кезеңде қолданылатын "Ереже" бекітілсін (N 4 қосымша).

      5. Осы шешім облыстық әділет басқармасында тіркелген соң күшіне енеді.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Аудандық мәслихат
      хатшысы

Көксу аудандық мәслихаттың
27-сессиясында бекітілген
шешім N 27-6/1
26 қыркүйек 2002 ж.
1 қосымша

Көксу ауданының "Мал дәрігерлік туралы"
ЕРЕЖЕСІ

      1. Малдың иесі болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың міндеті:
      1.1. Мал дәрігерлік мамандарының талап етуі бойынша малды қарауға, диагностикалық зерттеу мен сақтық егу жұмыстарын жүргізуге;
      1.2. Карантин мен шектейтін іс-шаралардың шарттарын және талаптарын сақтауға;
      1.3. Ауру жұқтыратын малдарды жою бойынша мал
дәрігерлік-санитарлық іс-шараларды тиісті уақытында толық өткізуге;
      1.4. Ауру жұқтыратын малды таратпауға.
      2. Малды өсіру кезінде мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді сақтауға міндетті:
      2.1. Ұрықтандыруға пайдаланатын (бұқа, қошқар, айғыр, қабан т.б.) малдар мал дәрігерлік тексеруден міндетті түрде өтуі тиіс;
      БҰҚАЛАР: - туберкулез, вибриоз ауруына жылына 2 рет;
      - сарып, трихомоноз ауруына 3 айда 1 рет;
      - ұрықтың сапасы және тазалығы ұрықтандырудың алдында тексеріледі.
      ҚОШҚАРЛАР:- сарып, жұқпалы эпидедимитке жылына 2 рет тексеріледі (ұрықтандыруға дейін, ұрықтанғаннан кейін);
      - туберкулезге жылына 1 рет;
      - ұрықтың сапасы және тазалығы ұрықтандырудың алдында тексеріледі.
      ҚАБАНДАР:- туберкулезге, сарыпқа жылына 2 рет;
      АЙҒЫРЛАР:- маңқаға, киеңкі ауруына жылына 2 рет тексеріледі.
      2.2. Ұрықтандыруға жарайтын малдардың "Малдәрігерлік куәлігі" болуы тиіс.
      2.3. Ұрықтандыруға пайдаланылатын малдарды шет жерден келгенде 30 күн карантинде ұстау, ал шет мемлекеттерден келген малдарды 60 күн карантинде ұстау міндетті.
      2.4. Мал тұқымдарын асылдандыру үшін (алатау, қызыл-ала, эстон қара-ала) және асыл тұқымды бұқаларын пайдалану міндетті.
      2.5. Ұрықтандыруға пайдаланатын малдар малдәрігерлік тексеруден өткеннен кейін, табиғи шағылыстандыруға рұқсат анықтама болуы міндетті.
      2.6. Табиғи шағылыстыруға:
      - жұқпалы аурудан таза болмағанда;
      - белгісіз себептермен іш тасталғанда;
      - аналық малдардың жаппай жыныс мүшелерінің ауруына шалдыққанда тыйым салынады.
      3. Республика аумағын малдың жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау жөнінде нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау міндетті.
      4. Малды тасымалдау (айдап апару) кезінде мал дәрігерлік-санитариялық ережелерін бұзбауға міндетті:
      4.1. Жолдарда айдалатын, тасымалдайтын малға (құс, хайуанат, балық, омарта) N 1 формалы мал дәрігерлік куәлігі болуы тиіс;
      4.2. Жұқпалы аурумен ауырған малдарды ерекше куәлікпен ғана тасымалданады.
      5. Базарларда (сауда ұйымдарында), мал дәрігерлік бақылаудың қадағалауындағы нүктелерде, карантин базаларында, тиеу-түсіру алаңдарында және көлік құралдарында мал дәрігерлік-санитарлық ережелер мен нормативтердің талаптарын сақтау:
      5.1. Сатылатын малдардың N 1 формалы мал дәрігерлік куәлігі болуы тиіс;
      5.2. Малдың етін мал дәрігерлік сараптамаға тапсыратын азаматтардың 2 формалы куәлігі, ал аудан көлемінде болса анықтамасы болуы тиіс. Мал етінде Алдын ала тексеру деген мал дәрігерінің төрт бұрышты таңбасы болуы тиіс;
      5.3. Мал дәрігерлік сараптамаға балық, бал, жұмыртқа, сүт, сүт тағамдарын сату үшін мал дәрігерлік 2 формалы куәлігі немесе анықтамасы болуы тиіс;
      5.4. Сатуға алып келген өсімдік өнімдерін пестицидтардың және нитраттардың қалдығына тексеруі қажет;
      5.5. Мал дәрігерлік препараттарды базарда сату үшін сапа сертификаты, сатушының лицензиясы және жоғары немесе орта мал дәрігерлік білімі болуы қажет. Биопрепаратты ауа температурасы 2-12 градус, қараңғы, құрғақ, тоңазытқышпен жабдықталған бөлмеде сақтау қажет;
      5.6. Базар әкімшілігі азаматтарға өнімдерінің сапа куәлігінсіз сату орындарын беруге тыйым салынады;
      5.7. Базар әкімшілігі мал, құс, ет, сүт, жұмыртқа және балық сатылатын орындарды мал дәрігерлік инспекторымен келісіп орналастыру тиіс;
      5.8. Базар әкімшілігі өнімдерді уақытша сақтайтын тоңазытқышпен қамтамасыз етуге міндетті;
      5.9. Тоңазытқыштарға және қамбаға сапасы төмен, сараптамадан өтпеген өнімдерді қоюға тыйым салынады;
      5.10. Сатушылар өнімдерді сатуға бөгде иіс шықпайтын, бұзылмайтын, таза ыдыс аяқтарды пайдаланулары тиіс. Жерден, қораптардан, жәшіктерден сатуға тыйым салынады;
      5.11. Өсімдіктерден әзірленіп үйде жасалған жартылай фабрикат тағамдарын, дайын аспаз өнімдерін (котлеттер, салаттар, винегреттер, үстіне сорпа құйылған тағамдар, томаттан, саңырауқұлақтан жасалған пасталар, тұздықтар, тосаптар, жеміс жидектер жасалған қою тосаптар, консервленген өсімдік тағамдарды, кептірілген түрде қатпарлы саңырауқұлақтарды және тұздалған, қайнатылған, маринадталған саңырауқұлақтарды базарларда (сауда ұйымдарда) сатуға тыйым салынады.
      5.12. Үйде әзірленіп, еттен жасалған, жартылай фабрикаттар, кептірілген ет, еттен жасалған фарш, колбаса өнімдері (қаннан, өкпе-бауырдан жасалған, қуырылған және тағы басқа) ысталған ет тағамдарын базарда сатуға тыйым салынады.
      6. Осы ережелерді бұзған азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 310 бабына сәйкес айыпқа тартылады.

Көксу аудандық мәслихаттың
27-сессиясында бекітілген
шешім N 27-6/2
26 қыркүйек 2002 ж.
2 қосымша

Көксу ауданының елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау
ЕРЕЖЕСІ

      1. Иттерді және мысықтарды күтіп ұстайтын ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар және жеке азаматтар міндеті:
      а) елді мекендерде иттерді жекеленген оңаша қораларда (қаланған аулада, учаскеде, торлы қорада) ұстау және байлап ұстауға;
      б) иттерді пәтерден, жекеленген оңаша қорадан көшеге, жалпы аулаға шығару үшін қарғы бау, тұмсық тор пайдалану. Иттерді қарғы баусыз, тұмсық торсыз тек отарларда, табындарда ұстауға рұқсат беріледі;
      в) иттер, мысықтар ауырып қалған жағдайларда дереу малдәрігерлік мекемеге хабарлау, ал адамды, малды ит қапқан, мысық тырнаған жағдайда медициналық және малдәрігерлік мекемелерге хабарлау;
      г) малдәрігерлік мамандарының талап етуі бойынша иттерді, мысықтарды қарауға, құтыру және басқа ауруларға қарсы сақтық егу жұмыстарын жүргізуге;
      д) иттерді кенттік, ауылдық округтердің малдәрігерлік инспекторлары тізімге тіркеу және тіркеу куәлігін (паспортын) алу;
      е) ит, мысық сатып алған және басқа қалаға, ауылға орын ауыстыратын азаматтар 5 күн ішінде малдәрігерлік мекемеге өзгерістерді хабарлауы міндетті.
      2. Иттерді са ту, сатып алу, басқа аудандарға, облыстарға, мемлекеттерге апаратын жағдайда малдәрігерлік құжат болуы керек, құжатта ит құтыру ауруына қарсы 30 күн бұрын "егілген" деген белгі болуы керек.
      3. Кенттің, ауылдың ішінде, парктерде, алаңдарда, базарларда кездесетін иесіз иттер, мысықтар (қарғы бауы, тұмсық торы болса да) қаңғыбас деп саналып, аулауға және атуға рұқсат беріледі.
      4. Адамды, малды қапқан иттерді иелері жедел түрде мал дәрігерлік мекемеге алып келіп тексертіп, 10 күнге дейін оқшау ұстауға міндетті. Ал ережені сақтамай, иттерді бос жіберіп, соның салдарынан адамды, малды екінші рет қапқан иттерді мал дәрігерлік инспекторлар тартып алуға құқықты.
      5. Осы ережелерді бұзған азаматтар "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (2001 ж.) 311 бабына cәйкес айыпқа тартылады.

Көксу аудандық мәслихаттың
27-сессиясында бекітілген
шешім N 27-6/3
26 қыркүйек 2002 ж.
3 қосымша

Көксу ауданында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау жөніндегі
ЕРЕЖЕСІ

      Көксу ауданының аумағында тыйым салынады:
      - өсіп тұрған ағаштар мен бұталы өсімдіктерді кесуге және зақымдауға;
      - орман өсімдіктерін, орман питомниктері мен плантацияларындағы көшеттер мен жас өсімдіктерге, сондай-ақ ашық алаңдарда өскен ормандарды қалпына келтіру мақсатына арналған табиғи жас өсімдіктерді жоюға немесе зақым келтіруге;
      - мемлекет қорындағы ормандарда жас шыбықтарды отауға немесе зақымдауға;
      - ормандардағы ағаш түрлерінің құрамы мен сапасын қалпына келтіру және жақсарту, олардың өсімталдығын арттыру жөніндегі ережелер мен нұсқауларды бұзуға;
      - мемлекеттің орман қорындағы ағаш өспеген жерлердің шөбін рұқсатсыз шабуға;
      - мемлекеттің орман қорындағы шабындықтар мен жайылым жерлерді зиян келтіруге;
      - тыйым салынған жерлерде жабайы өсіп тұрған жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақ пен жидектерді рұқсатсыз теруге;
      - орман қорына зиян келтіретін немесе оны кептіретін залалы бар ағын суларымен, химиялық, өндірістік және коммуналдық-тұрмыстық қалдықтармен, қоқыстармен ормандарды ластауға;
      - саяхатшылар, альпинистер және т.б. демалушылардың қорықтардың аумағын арқылы көлікпен немесе жаяу рұқсатсыз жүріп өтуіне;
      - ерекше қорғанатын табиғат аумақтарына өрт қаупі бар от жағуға;
      - өсімдіктерді қорғауға, минералды тыңайтуға арналған дәрі-дәрмек өнімдерін сақтау және қолдану, тасымалдау ережелерін бұзуға тыйым салынады.
      Осы ережелерді сақтамағандарға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы (2001 ж.) Кодексінің 300 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады немесе айып салынады.

Көксу аудандық мәслихаттың
27-сессиясында бекітілген
шешім 27-6/4
26 қыркүйек 2002 ж.
4 қосымша

Көксу ауданы аумағына төтенше жағдай енгізген кезеңде қолданылатын
ЕРЕЖЕСІ

      1. Тыйым салынады:
      - төтенше жағдайлар енгізілген кезеңде азаматтарға өздерінің пәтерлерін, үйлерін тастап кетуге, немесе басқа елді мекеннің тұрғыны болса келуге;
      - жиналыс, бұқаралық жиын, демонстрация, ойын-сауық көріністерін сондай-ақ спорттық және басқа да көпшілік шараларын өткізуге;
      - ереуіл өткізуге;
      - қару, спирт қосылған ішімдіктер, күшті әсер ететін химиялық және улы заттар сатуға.
      2. Шектеледі немесе тыйым салынады:
      - автокөліктердің жүруіне және оларды тексеруден өткізеді;
      - көбейткіш техникаларын қолдануға;
      - теле және радиоқабылдағыш аппаратураларын қолдануға;
      - аудио және бейне таспа техникаларын қолдануға.
      3. Байланыс құралдарын қолдануға ерекше ереже енгізіледі.
      4. Комендант сағаты кезінде азаматтардың көшеде, көпшілік жерде, өз үйінен басқа жерде арнайы берілген рұқсат қағазсыз немесе төл құжатсыз жүруіне тыйым салынады.
      5. Үзілді-кесілді тыйым салынады:
      - заң тәртібін бұзуға;
      - ұлттық және діни ала-ауыздық туғызатын әрекеттерге;
      - азаматтарға және лауазымды тұлғаларға белсенді түрде кедергі жасауға;
      - ішкі істер органы қызметкерлерінің заңды талабы мен өкімін орындамауға, ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне, үкімет өкіліне, қызметін атқарып жүрген қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушы өкілдерге бағынбауға;
      - азаматтардың тыныштығын және қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған әрекеттерге.
      Осы ережені орындамау Қазақстан Республикасы әкімшілік Кодексінің 362-363 бабына сәйкес ескерту немесе айыппұл төлеуге әкеп соқтырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады