Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық әкімиятының 2006.06.16 N 145 Қаулысымен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 17 тармақшасына сәйкес адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы және жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісін (АҚТҚ/ЖҚТБ) індетін тоқтату жөніндегі аудандық іс-шараларды орындауға қатыстырылған мекемелердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Көксу ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы және жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісін (одан әрі - АҚТҚ/ЖҚТБ) алдын алу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесі N 1 қосымшаға сәйкес құрылсын және оның дербес құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
2. Осы аудандық Үйлестіру Кеңесі жөніндегі Ережесі N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Кенттік, ауылдық округтерінің әкімдері АҚТҚ/ ЖҚТБ алдын алу жөніндегі техникалық топтарын құратын болсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Бәзіловке жүктелсін.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы
Аудан әкімиятының
2002 ж. 9 желтоқсан
N 10-32 қаулысының
N 1 қосымша <*>
Ескерту. 1 қосымшаға өзгерту енгізілді - Алматы облысы Көксу аудандық әкімиятының 2003 жылғы 03 шілдедегі N 8-33 Шешімімен.
АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесінің дербес құрамы
(одан әрі - Кеңес)
Қайнарбеков Т.Қ. - аудан әкімінің орынбасары, Кеңестің төрағасы;
Балбаева М. Е. - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы.
Кеңестің құрамы:
Ешкенов Е.О. - ауданның бас санитар дәрігері;
Исабеков Е.К. - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция майоры (келісім бойынша);
Мұқанов Б.М. - аудандық қаржы бөлімінің бастығы;
Сексенбаева К.О. - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы;
Хасанаев М.Ж. - аудандық білім бөлімінің бастығы;
Бабашева Қ.Қ. - аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;
Тәнеке С.Б. - "Көксу таңы" газетінің редакторы (келісім бойынша);
Аудан әкімі
аппаратының басшысы
Аудан әкімінің
2003 ж. 9 желтоқсан
N 10-32 қаулысына
N 2 қосымша
АҚТҚ / ЖҚТБ алдын алу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесінің дербес құрамы
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы бөлім
Мақсаты:
1) ЖҚТБ қарсы күрес жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін қатыстырылған бөлімдер мен мекемелер өзара тиімді іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
2) Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының АҚТҚ / ЖҚТБ жөніндегі Заңдарын, үкімет қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3) ЖҚТБ алдын алу мен оған қарсы күрес жұмыстарын әзірлеу және өткізу.
4) АҚТҚ / ЖҚТБ алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды нәтижелі және жоғары сапада жүргізіп, АҚТҚ / ЖҚТБ індетін тұрақтандыру.
5) Қатыстырылған бөлімдер мен мекемелер, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың АҚТҚ / ЖҚТБ алдын алуға бағытталған жұмыстарын үйлестіру.
6) Халық арасында, оның ішінде нашақорларға, коммерциялық негізде жыныстық қатынасқа түсушілерге, жастарға арналған мақсатты түрде оқу-ағарту бағдарламасын енгізу және оның орындалуын ұйымдастыру.
7) АҚТҚ / ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеттер жөніндегі 2002-2005 жылдарға арналған аудандық іс-шараларды іске асыру.
8) Емдік-диагностикалық және алдын алу шараларына қажетті қаржы көздерін іздестіру және оның бөлінуіне ықпал ету.
2. Кеңес қызметі
9) АҚТҚ / ЖҚТБ індетін тоқтату жөніндегі аудандық іс-шараларды орындауға қатыстырылған мекемелердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді, оны іске асыру жолдарын және қаржы көздерін анықтайды, қоғамдық үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен бірлесе жұмыс істей отырып, АҚТҚ / ЖҚТБ алдын алу және қоғамдық күреске бағытталған мәселелері жөніндегі өзара іскер байланысты жүзеге асырады.
10) Аудан көлемінде ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі іс-шараларының орындалуын бақылап, орындаушылардың жұмысын тыңдап, керекті жағдайда аудан әкімдігінің мәжілісінде мәселе көтереді.
11) АҚТҚ / ЖҚТБ төтенше індет орын алған жағдайда, шаралар төтенше індетке қарсы комиссияның жұмысына сәйкес жүргізіледі.
3. Басшылық және құрылым
12) Кеңесті аудан әкімінің орынбасары басқарады.
13) Ұйымдастыру-әдістемелік, кеңес және іс жүзінде көмек көрсету жұмыстарын Республикалық ЖҚТБ алдын алу және онымен күрес орталығы жүзеге асырады.
14) Кеңестің отырысы тоқсан сайын, ал індет жағдайының асқынуы кезінде жоспардан тыс, шұғыл түрде өткізіледі.
4. Кеңестің құқықтары
15) Мекемелерден, ұйымдардан ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеттер жөніндегі аудандық іс-шараларын орындалу барысы туралы ақпараттар жинау.
16) Іс-шараларының орындалу барысы аудан әкімдігінің мәжілісіне қаралуына ұсыну.
17) Хаттама - қаулыларды дайындап, толықтай немесе қысқартылған түрде орындаушыларға жеткізу.
Аудан әкімінің
орынбасары