Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-І "Бюджет жүйесі туралы" Заңы, 2001 жылдың 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" қаулысын және Қарағанды облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 тамыздағы N 07/03 "Қарағанды облысы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы" қаулысын іске асыру мақсатында Қаражал қаласының әкімияты қаулы етеді:
1. Қалалық әкімият резервінің қаражатын пайдаланудың Қағидасы бекітілсін (N 1 қосымша).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Н.А. Кәдірсізовке жүктелсін.
3. Осы қаулы 2002 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енеді.
Әкім Е. Қорғамбаев
Қаражал қаласы әкімиятының
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 95 қаулысымен бекітілген
N 1 қосымша
Қаражал қаласы әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың
Қағидасы
Осы Қағида қала әкімиятының резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың ретін белгілейді.
1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
қала әкімиятының резерві - тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген және бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін қала әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат;
көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған қала бюджетін қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар;
қала бюджетінен қаржыландырылатын қала әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу үшін қала әкімияты резервінің құрамындағы қаражат - қала әкімияты резервінің құрамында көзделетін және сот шешімдері бойынша қала әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу үшін қалалық бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне бөлінетін қаражат;
қала әкімияты резервінің қаражатын алушы - қалалық бюджеттік бағдарламалардың әкімгері немесе қала (кент) әкімі.
2. Қала әкімияты резервінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарға келесі шаралар:
1) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою, бұған кіретіндер:
төтенше жағдайлардың пайда болу нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
зардап шеккендер үшін уақытша тұруға және тамақтануға орындар дайындау және ұстау;
шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтарымен және жарақтармен қосымша жарақтандыру;
төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдардың тасымалдануын қамтамасыз ету;
2) сот шешімдері бойынша қала әкімиятының, қала бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу;
3) қала әкімиятының қаулысымен айқындалатын өзге де күтілмеген шығыстар жатады.
2. Қала әкімияты резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі
3. Қала әкімиятының резервінен қаражат бөлуді, қала әкімиятының қаулысы негізінде, заңдармен белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінің шығыстарының құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшерлер шегінде Қаржы бөлімі жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ, қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
4. Қала әкімиятының резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Қағида мен қала әкімиятының резервтен қаражат бөлу туралы қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
5. Қала әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы қала әкімиятының қаулысын дайындаған кезде мынадай шарттар:
1) қала бюджетінде ағымдағы қаржы жылына арналған бөлінетін ақшаның болмауы;
2) сот шешімдері бойынша қала әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, қала әкімиятының резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болуы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы ескеріледі.
6. Резервтен қаражат бөлу туралы қала әкімиятының қаулысы негізінде қала әкімиятының тиісті қаулысына сәйкес жыл аяқталғанға дейін күшін жояды.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
7. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою қала әкімиятының резерв қаражатының есебінен қаржыландырылады.
8. Төтенше жағдайлардың салдарын, оның ауқымы мен таралу аймағын жою үшін, қала әкімиятының резервінен табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша шараларды қаржыландыру қалалық жергілікті атқарушы органдарында қаражаттар мен ресурстар жетіспеген жағдайда жүзеге асады.
9. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда, резервтен қаражат бөлу туралы айқындалған тәртіппен берілетін негізделген материалдар мен олардың тізімдемелерін азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі әкім көмекшісі қарайды және табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет кезде Қаржы бөлімінің келісімі бойынша төтенше жағдайларды жоюға арналған қаражат бөлу туралы қала әкімияты қаулысының жобасын қала әкімиятының қаулысының жобасын қала әкімиятының мәжілісіне тапсырады.
4. Сот шешімдері бойынша қала әкімияты мен атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу
10. Сот шешімдері бойынша қала әкімиятының, атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда қала әкімиятының қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Қолданыстағы заңдардағы көзделген негіздемелер болған жағдайда сот шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті қала бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар аталған шешімдерге барлық сот сатыларында шағым беруге тиіс.
Атқарушы органдар шағым берілген сот кесімдерінің көшірмелерін қалалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне беруі тиіс.
Атқарушы органдар өздерінің заңсыз қабылдаған кесімдері үшін, сондай-ақ, өздерінің лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттері үшін "Жергілікті деңгейдегі әкімшілік шығындар" бағдарламасы бойынша бөлінген ақшамен жауап береді.
11. Қала әкімиятының міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу туралы қала әкімияты қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен Қаржы бөлімі дайындайды.
12. Атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу туралы қала әкімиятының қаулысының жобасын тиісті атқарушы органдар белгіленген заңдылықтар тәртібімен Қаржы бөлімімен келісіп дайындайды және қалалық әкімиятқа тапсырады.
5. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу
13. Қала әкімиятының резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу үшін қалалық бюджет бағдарламаларының әкімгерлері Қаржы бөліміне тиісті негіздемелерімен және есептеулерімен бірге қаражат бөлу туралы өтініш тапсырады.
14. Қаржы бөлімі берілген өтініштің негізінде қала әкімиятының резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі, не болмаса мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
Қаржы жылының ішінде қаражатты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға тиімді бөлу мақсатында өтінішті қарау кезінде, қала әкімиятының резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға бөлінетін қаражаттың сомасы, әрбір ағымдағы тоқсанда қалалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға көзделген жылдық соманың 25% нен аспауы тиіс. Бұл ретте қала әкімиятының резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы қала әкімиятының бұрын қабылданған қаулылары есепке алынады.
15. Қалалық бюджеттік бағдарлама әкімгерінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда қала әкімиятының резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы қала әкімияты қаулысының жобасын белгіленген заңдылықтар тәртібімен Қаржы бөлімімен келісіп осы қалалық бюджеттік бағдарламаның әкімгері дайындайды.
16. Қала әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты алушылар Қаржы бөлімі белгілеген тәртіппен және уақытында олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі тиіс.
17. Қаржы бөлімі қала әкімиятының резерв қаражатын пайдалану және тиісті кезеңге оның қалдықтары туралы қала әкімиятына ай сайын ақпарат тапсырады.
18. Қала әкімиятының резервінен бөлінетін қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін алушы Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған тәртіппен жауап береді.
19. Қала әкімиятының резервінен қаражатты мақсатты пайдалануға бақылау жасауды Қаржы бөлімі жүзеге асырады.