Маңғыстау облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2003 жылға арналған Бағдарламасы туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы мәлихатының шешімі. 2002 жылғы 20 желтоқсандағы N 23/239. Маңғыстау облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 01 қаңтарда N 1235 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі N 736 Қаулысына  сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:
      1. Маңғыстау облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2003 жылға арналған Бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
      2. Осы шешім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы           Облыстың мәслихаттың
                                    хатшысы     

"Маңғыстау облысында нашақорлыққа
және есірткі бизнесіне қарсы күрестің
2003 жылға арналған Бағдарламасы
туралы" облыстың мәслихаттың
2002 жылғы 20 желтоқсандағы
N№23/239 шешіміне қосымша

Маңғыстау облысында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне
қарсы күрестiң 2003 жылға арналған Бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

Атауы                            

Маңғыстау облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2003 жылға арналған Бағдарламасы

Әзірленім үшін
негіздеме

Президенттің 1997 жылғы 11 қазандағы "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандыңтардың  өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан халқына Жолдауы;
"Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және  олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 200 жылғы 16 мамырдағы №394 Жарлығымен бекітілген, "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясы".

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі №736 Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған Бағдарламасы.

Негізгі әзірлеушілер

Маңғыстау облысы әкімінің аппараты, Маңғыстау облысының прокуратурасы, Маңғыстау облыстың ішкі істер басқармасы, Маңғыстау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Маңғыстау облысы бойынша Әділет басқармасы, Маңғыстау облысы бойынша кеден басқармасы.

Мақсаты

Маңғыстау облысының аумағында нашақорлық пен есірткі бизнесінің одан әрі таралуына қарсы тиімді мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесінің негізгі буындарын нығайту.

Міндеттері

1) Нашақорлықтың алдын алу, емдеу жүйесін нығайту және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін құру;

2) Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тетігін нығайту;

Көздері

Облыстық бюджеттің қаражаты, заңды және жеке тұлғалардың ерікті қайырымдылық қаржылары.

Күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны іске асыру нашақорлықтың алдын алудың тиімділігін арттыруға, есірткіні заңсыз  тұтынатын адамдарды дер кезінде анықтауға және олардың санын азайтуға, Қазақстан Республикасының кедендік және мемлекеттік шекараларына бақылау жасауды күшейтуге, есірткі, психотроптың заттардың және прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау жүйесін нығайтуға, есірткіге деген сұраныстың азаюына, есірткіге тәуелді адамдарды емдеуге және оңалтуға, есірткінің заңсыз айналымының жолын кесуге жетуге мүмкіндік береді.

Іске асыру мерзімі

2003 жыл

2. Кіріспе

      Маңғыстау облысында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2003 жылға арналған Бағдарламасы (бұған әрі - Бағдарлама) онда нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Үкіметтің басым міндеттері болып айқындалған Президенттің "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты Қазақстан халқына Жолдауына , "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес әзірленді.

      Бағдарлама Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясы негізінде Маңғыстау облысының 2001-2002 жылдарға арналған нашақорлық және есірткі бизнесімен күрестің аймақтық бағдарламасының нәтижелері ескеріле отырып жасалды.

3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

      Соңғы жылдары Маңғыстау облысында есірткі мен психотроптық заттарды тыйымсыз пайдалану мен олардың заңсыз айналымы етек ала бастады және бұл экономиканың, құқықтық тәртіптің жай-күйіне, қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалға, халықтың денсаулығына барған сайын әсерін тигізуде. Облыстық наркологиялық диспансерде 2002 жылдың бірінші қыркүйегіне есірткі пайдаланғаны үшін бақылауда тұрған адамның жалпы саны 981 адам құрайды. Ағымдағы жылдың сегіз айында есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 187 қылмыс жасалып, 129 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Есірткі заттарының медициналық емес қолданудың кәмелетке толмаған адамдар, жастар мен әйелдер арасында таралуы айырықша толғандырады. Есірткі тұтынушылардың үштен екісіне жуығы 30 жасқа дейінгі адамдар болып отыр. Көрсетілген кезеңде тіркелген 606 жалпы қылмыс арасынан 212-сін есірткіге елтіген нашақорлар жасаған.

      Жедел алынған мәліметтер мен қылмыстық істердің материалдарын талдауда көрінгеніндей, облыс аумағына есірткі заттарының келіп түсетін негізгі көздері Қазақстанның оңтүстік аймағы, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан болып табылады. Негізінен героин мен марихуана сияқты түрлері тасымалданып әкілінеді.

      Қазір бүкіл республикадағы сияқты Маңғыстау облысындағы есірткі жағдайы былайша сипатталады:
      есірткіге тәуелділік дертіне ұшыраған адамдарды алдын ала сауықтырудың, емдеудің және оңалтудың жеткіліксіз дамуы;
      есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар санының өсуі;
      Қазақстан аумағын транзиттік дәліз ретінде пайдаланудың жалғасуы;
      есірткі тұтынушылар жасының "жасаруымен".
      Республика бойынша есірткі таралуының жолын кесу, тек мемлекет пен қоғамның күшін толық топтастырғанда ғана мүмкін болмақ.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты нашақорлық пен есірткі бизнесінің одан әрі таралуына қарсы тиімді мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесінің негізгі буындарын нығайту болып табылады.

      Бағдарламаның неғұрлым маңызды міндеттерінің ішінен мыналарды бөліп көрсетуіміз қажет:
      1) нашақорлықты алдын ала сауықтырудың, емдеудің жүйесін нығайту және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін құру;
      2) есірткі, психотроптық заттарының және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасаудың тетігін нығайту.
     

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен
іске асыру тетігі

      Бағдарламада қойылған мақсаттар мен басты міндеттерге қол жеткізу үшін Маңғыстау облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүйесін нығайтуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру көзделген.
      Бағдарламаны іске асыру жөніндегі әрекеттің тоқтап қалмауы үшін және қолдау мақсатымен облыста, құрамы  облыстық барлық құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекарашылар күштерінің өкілдерінен, облыстық мәслихаттың депутатынан, облыстық денсаулық сақтау және білім басқармаларының өкілдерінен тұратын нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссия жұмыс істейді.
      Нашақорлықтың алдын алу, емдеу жүйесін нығайту және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін құру ісінде облыстық наркологиялық диспансерінің қызметіне зор көңіл бөлінетін болады.
      Мұқтаждарға наркологиялық жәрдемді уақытылы алу мүмкіндігі берілуге тиіс. Бұл ретте есірткі мен психотроптық заттарды тұтынатын және тұтынуға бейім тұратын кәмелетке толмағандарды емдеуге және әлеуметтік оңалтуға айырықша көңіл бөлінетін болады. Облыстық наркологиялық диспансері жанынан жасөспірімдер бөлімі ашылуға тиіс.
      Денсаулық сақтау органдарының кадрларды оқытуға, оларды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға байланысты ұшырасатын проблемаларын шешу көзделеді.
      Облыстың барлық оқу орындарында жас ұрпаққа әлеуметтік есірткілік иммунитетін сіңіретін, мысалы, "Есірткінің адам организміне әсері", "Есірткі заттарын заңсыз таратқаны және сақтағаны үшін құқықтық жауапкершілік" сияқты арнайы курстар жұмыс істеуге тиіс.
      Осындай мақсатпен есірткіге қарсы көрнекі үгіт, басқа да әдебиеттерді әзірлеу және шығару қажет.
      Салауатты өмір салтын қоғамдық санада қалыптастыру, есірткіні теріс пайдалануға қарсы қоғамдық алдын алу бағдарламаларын қолдау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тарту күшейе түседі.
      Есірткіге қарсы тақырыпқа арналған конкурстарды, спорт жарыстарын, есірткінің қоғам үшін зияны туралы деректі және ғылыми-көпшілік фильмдерді көрсетуді ұйымдастырып, Халықаралық есірткіге қарсы күрес Күніне арнап кең ауқымды акция өткізу белгіленген.
      Осы Бағдарламаны іске асырудың келесі бір бағыты-есірткі, психотроптық заттарының және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тетігін нығайту болып табылады, ол есірткі, психотроптық заттарының және прекурсорлардың айналымына бақылауды күшейтуге, соның ішінде облыстық ішкі істер басқармасының кинология қызметін нығайтуға, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың есірткі заттарымен заңсыз айналымына бақылау жасау саласындағы өзара іс-қимылы мен қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған кешенді шаралардан тұрады.

6. Қажетті ресурстар мен оларды
қаржыландырудың көздері

      Осы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар облыстық бюджеттің, және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарламаны іске асыру 39220 мың теңге сомасында қаржыландыруды талап етеді.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелері

      Бағдарлама іске асырылған жағдайда мынадай нәтижелер күтіледі:     Нашақорлықты алдын алу тиімділігінің артуы, есірткіні заңсыз тұтынатын адамдарды дер кезінде анықтау және олардың санын азайту;
      Қазақстан Республикасының кедендік және мемлекеттік шекарасына бақылау жасауды күшейту;
      есірткі, психотроптық заттардың және прекурсорлардың Заңсыз айналымына мемлекеттік бақылау, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу мен оңалту, есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу жүйелерін нығайту.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады