Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2009.07.24 N 222/16 шешімімен.
Облыс қаржы департаментiнiң бастығы В.З.Бочиннiң ауылдық жерде жұмыс iстейтiн және мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт салалары мамандарының айлықақылары мен тарифтiк мөлшерлемелерiн қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайларда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерiмен салыстырғанда 25 пайызға көтеру туралы хабарламасын тыңдап және талқылай келе, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн және мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт салалары мамандарының қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайларда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерiмен салыстырғанда 25 пайызға көтерiлген айлықақылары мен тарифтiк мөлшерлемелерi белгiленсiн.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясына (Шабрат Н.П) жүктелсiн.
II сайланған облыстық
Мәслихаттың кезектi ХХ
Сессиясының төрағасы