Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 21 маусымдағы N 598 хатымен
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Z010148_
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-2 Заңы 6 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, "Халықтың санитарлық эпидемиологиялық игiлiгi туралы"
Z942000_
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 8 шiлдедегi N 110-ХIII Заңының 9 бабына және Алматы қаласы әкiмiнiң ұсынысына сәйкес II-сайланған Алматы қаласы Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2003 жылға арналған "Алматы қаласының санитарлық эпидемиологиялық басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң лабораториялық қызметiн дамыту" аймақтық бағдарламасы бекiтiлсiн, қоса берiлiп отыр.
2. Алматы қаласының Әкiмiне Алматы қаласының 2003 жылғы бюджетінде
"2003 жылға арналған Алматы қаласының санитарлық эпидемиологиялық
басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң лабораториялық қызметiн дамыту"
аймақтық бағдарламасын қаржыландыру үшiн оның орындалуын қамтамасыз ететiн
көлемде қаражат бөлу ұсынылсын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау әлеуметтiк мәселелер және
денсаулық сақтау жөнiндегi тұрақты комиссияға (Е.Б.Тәжиев) және Алматы
қаласының Әкiмiнiң орынбасары А.З. Мурзинге жүктелсiн.
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының ХVIII-сессиясының
төрағасы
II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы
Мәслихатының ХVIII-шi сессиясының
2002 жылдың 31 маусымындағы
шешiмiне қосымша
басқармасының "Мемлекеттiк кәсiпорынның лабораториялық
қызметiнiң даму" бағдарламасы
Алматы қаласы
2002 жыл
Бағдарлама құжаты
2003 жылы Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы "Мемлекеттiк кәсiпорынның лабораториялық қызметiнiң даму" бағдарламасы өзiнiң статусы мен маңыздылығы бойынша, Алматы қалалық санитариялы-эпидемиологиялық қызметiнiң лабораториялық базасын модернизациялау және қайта жабдықтауды қарайтын аумақтық қысқа мерзiмдi бағдарлама болып табылады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасындағы бағдарлама Ережесiн бекiту туралы"
P000789_
2000.05.25-гi N 789 Қаулысының талаптарына сәйкес өңделген.
"Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасы санитарлық-гигиеналық және санитарлық-iндетке қарсы шараларды жүзеге асыруда қазiргi уақыттың талабына сай, жұмысты қажет етедi.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнiң атқаратын жұмысы сыртқы ортаны (суды, ауаны, топырақты) тамақ өнiмдерiн, халық қолданатын тауарларды лабораториялық аспаптық зерттеу жұмыстарын жүргiзуге негiзделген. Бұл зерттеу жұмыстары санитарлық-гигиеналық және iндетке қарсы жүргiзiлетiн шаралардың тиiмдiлiгi мен өз уақытында өткiзiлуi лабораториялық-аспаптық оперативтiк бақылау жұмысының нақтылығын, анықтылығын анықтаудағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметi жұмысының базасы болып табылады.
Сонымен қатар, соңғы он жылдың iшiнде бiздiң қоғамдағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар және денсаулық сақтау секторының жеткiлiктi мөлшерде қаржыландырылмайтынына байланысты, санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнiң лабораториялық базасының дамуына көңiл аударылмаған.
Осы кездегi шиеленiстi эпидемиологиялық жағдай, биотерроризмнiң қауiпi, күрделi қауiптi радиациялық жағдай, қоршаған ортаның токсикалық заттармен ластануы, iшiмдiлiк алкоголь өнiмнiң кеңiнен жасанды түрде шығуы, ешқандай ведомстволық бақылауға алынбай, тамақ өнiмдерiн шығаруда жасырынды цехтардың жұмыс iстеуi, шығарылған өнiмнiң сапасы жақсы болуы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарынан оперативтiк лабораториялық зерттеу жүргiзуге негiзделген жедел профилактикалық шаралар өткiзудi қажет етедi. Сонымен, Республикада 2001 жылы денсаулық сақтау Министрлiгiнiң мәлiметтерi бойынша, аса қауiптi жұқпалы аурулар iшiнде тiркелiмге алынғаны: тырысқақтың 32 жағдайы, түйнеменiң 17 жағдайы, соңғы 25 жылдың iшiнде бiрiншi рет оба ауруының 2 жағдайы кездестi. Сарып ауру 15%, "С" вирустық гепатит 10%, кенелiк сүзек ауруы 14%, туберкулез 8,2% көбейген. ЖИТС-пен ауырғандар саны 2,5 ретке көбейген. Безгек ауруының басқа жақтан әкелiнген 30 жағдайы тiркелген.
Шекараның ашық болуына байланысты Алматы қаласына аса қауiптi жұқпалы аурулар әкелуiне қауiп туып отыр.
Алматы қалалық санитариялы-эпидемиологиялық басқармасының лабораториялық базасы 5 лабораториялық бөлiмшелерден құрылған: басқарманың бактериологиялық лабораториялары және аудандық санитариялық- эпидемиологиялық стансалар, санитарлық-гигиеналық лаборатория, аса қауiптi жұқпалы аурулар лабораториясы, вирусологиялық лаборатория, радиациялық гигиена бөлiмшесi.
Басқарманың лабораториялары типтiк 5 қабатты ғимаратта орналасқан, бөлмелерiнiң көлемi нормативтiк нормаға сәйкес келедi. Аудандық санитариялы-эпидемиологиялық стансалардың және Қалалық дезинфекциялық стансасының бактериологиялық лабораторияларының санитарлық-техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз, қайта жасау және күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзудi қажет етедi.
Лаборатория базасы негiзiнде зерттеу жұмыстарын жүргiзуге керектi аппаратуралар, жиһаздар, материалдармен қамтылған. Сонымен қатар, жабдықтауға арналған тiзбеге сәйкес: 2-класс таразысы, РН-өлшеуiшi, автономдық анаэростат және центрифугалар, бактериологиялық лабораторияда бинокулярлық микроскоптар жетiспеушiлiгi кездеседi, радиациялық лабораториясында альфа-спектр өлшеуiшi, топырақ радоның және топырақтан алынатын радон эксхаляциясын өлшеуге, радонды монитор алынбаған.
Сонымен қатар, лабораторияның көптеген жабдықтары ескiрген: 86% автоклавтар, тоңазытқыштар, кептiрiлген ыстық шкафтар 15-20 жылдан астам уақыттан берi пайдаланылуда, олардың пайдалану мерзiмi норматив бойынша 10 жылға дейiн. Пайдалану мерзiмi өтiп кеткен құралдар жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң денсаулығы мен өмiрiне қауiп тудырады. Пайдаланатын жабдықтардың елеулi жетiспеушiлiктерi: зерттеу жұмысының ұзақтығы едәуiр (3-10 тәулiк) көп еңбек сiңiрудi керек қылушылық және бағасы болып отыр. Осыған байланысты лабораторияның жұмыс тәжiрибесiне пайдалы, зерттеудiң автоматизацияланған жүйесiн енгiзу, жұмысты белгiлi бiр уақыттың iшiнде жоғары мөлшерде орындай алу мүмкiншiлiгi болу және қысқа мерзiм iшiнде анализ жасай алу керек, сондай-ақ кiшi механизация жүйесiн енгiзу. Осы бағдарлама барлық лабораториялар қызметiнiң жабдықтау жүйесiн жаңарту және қолайлы, үйлесiмдi жабдықтар алу және аудандық санитариялы- эпидемиологиялық стансасының бактериологиялық лабораториясында күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу қаралған.
эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуде санитариялық-
эпидемиологиялық қызметi: лабораториялық-аспаптық бақылаудың
нақтылығына, анықтылығына жоғары сенiмдiлiгiне, жылдамдығына жету.
Бағдарламаның мiндеттерi:
1. Қаланың санитариялық-эпидемиологиялық қызметi, лабораторияларын
модернизациялау және техникалық құралдарды жаңарту;
2. Өте тиiмдi және пайдалы лабораториялық технология енгiзу;
3. Лаборатория қызметкерлерiнiң еңбек етуiне қауiпсiз жағдай жасау
және санитариялық-гигиеналық жағдайды жақсарту.
Бағдарламаны жүзеге асыру механизмi және
негiзгi бағыттары
Бағдарламаның негiзгi бағыттары:
- лабораториялық жабдықтар сататын базарларда маркетингтiк зерттеу
жұмыстарын жүзеге асыру;
- лабораторияларды жаңа лабораториялық жабдықтармен жабдықтау және
зерттеу жүргiзу жұмыстарына жаңа лабораториялық - аспаптық тәсiл енгiзу;
- лаборатория базасын жақсарту және оның санитарлық жағдайын ретке
келтiру;
Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру
Бағдарламаның орындалуына қаражат Алматы қаласының жергiлiктi
бюджетiнен бөлiнедi.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн, 91500,0 мың теңге керек, соның
iшiнде: 61500,0 мың теңге лабораториялық жабдықтарды сатып алу үшiн және
30000,0 мың теңге лабораторияларда күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн.
Бағдарламаны iске асырудағы қорытындысы
Алматы қаласы тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығын қамтамасыз ету үшiн санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды
және қадағалауды тиiмдi түрде жүзеге асыру, бағдарламаны толық
қаржыландыруға мүмкiндiк етедi.
"2003 жылы Алматы қалалық санитариялы-эпидемиологиялық
басқармасы мемлекеттiк кәсiпорынның лабораториялық қызметiнiң
дамуы" бойынша жоспардың шаралары
--------------------------------------------------------------------------
N !Өткiзiлетiн шаралар !Орындалу !Жауапты адамдар!Орындалу! Қорытындысы
! !формасы ! !мерзiмi !
--------------------------------------------------------------------------
1. Лабораториялық Лаборато- "Алматы қалалық 2002 Қолайлы
жабдықтарды сататын риялық санитариялы- жылдың лабораториялық
базарларда жаңа эпидемиологиялық IV- технологиясын
маркетингтiк зерттеу әдiстердi басқармасы" тоқсаны енгiзу
жұмыстарын жүргiзу енгiзу мемлекеттiк
кәсiпорын
2. Сатып алу жоспарына Жабдықтар- 2003 Алматы қаласы
сәйкес, ды қондыру жыл тұрғындарының
лабораториялық және санитарлық-
жабдықтарды алу пайдалану эпидемиологиялық
және мына сомаға салауаттылығын
жедел әдiстi енгiзу қамтамасыз ету
сомасы 61500,0 мың үшiн,
теңге лабораториялық-
инструменталдық
бақылауды тиiмдi
түрде жүзеге
асыру
3. Лабораториялық Күрделi 2003 Қызметкерлердiң
базасын жақсарту: жұмыстар ж. еңбек етуiндегi
- Медеу аудандық жүргiзу жағдайын
СЭСсы - 10000,0 жақсарту,
теңге лабораториялық
- Алмалы және зерттеу
Түрксiб аудандық жұмыстары
СЭСсы - 10000,0 мың қорытындысының
теңге анықтылығын,
- Бостандық лабораториядағы
аудандық СЭСсы iндетке қарсы
және қалалық тәртiптi
дезинфекциялық сақтауды
стансасы - 10000,0 қамтамасыз ету.
мың теңге
--------------------------------------------------------------------------
2003-2005 жж. лабораториялық жабдықтарды
сатып алу жоспары.
Бактериологиялық лаборатория
--------------------------------------------------------------------------
N ! Керектi жабдықтар ! Негiздеу !Саны!Орындалуы туралы
! ! ! ! белгiлеу
--------------------------------------------------------------------------
1. Микрооганизмдердiң Микроорганизмдердiң жедел 1
идентификаторы диагностикасы - анализ
жасау мерзiмiнiң
қысқартылуы 3-5 күннен
4-24 сағатқа дейiн.
2. Принтерлi компьютер Алынған қорытынды 10
жұмыстарын өңдеу арқылы
лабораториялық зерттеу
материалдарын компьютерге
тiркеу жүйесiн енгiзу.
3. - ыдыс аяқ жуатын Процестi автоматизациялау 6
агрегат;
- қоректiк орта Процестi автоматизациялау 4
дайындайтын және
құятын аппарат
- "Сарториус" 2 тәулiктен 18-20 сағатқа 4
фирмасының суды дейiн суды зерттеу мерзiмi
зерттеуге арналған қысқартылады.
сүзгi жүйесi
4. 2-шi класс Мемлекеттiк стандарттың 7
электрондық таразы талабы. Салмақтың дәлдiгiн
анықтау үшiн. Қазiргi кезде
аудандық санитариялы-
эпидемиологиялық
стансаларда жоқ.
5. Иммуноферменттiк Бактериалы табиғатты жұқпалы 1
анализ алуға және аурулар қоздырғыштарына
жасауға жабдықтар иммуноферменттiк реакциясын
алу. байқау және есебiн жүргiзу.
6. ВК-75 автоклавы Пайдаланып жүрген жабдықтар 8
15-20 жылдан астам
пайдаланылуда, ескiрген.
Техника қауiпсiздiгiн сақтау
үшiн, ауыстыруды қажет етедi.
7. Ыстық кептiргiш Техниканың тозу нәтижесiнде 8
шкафтары (пайдалану мерзiмi 15-20
жылдан астам)
8. Бинокулярлы Лабораториялық зерттеу 9
микроскоп жүргiзуге жетiспейтiндiгiнiң
нәтижесiнде
9. Кең диапазонды Микроорганизмдi өсiру үшiн, 16
термостат техникалық тозу нәтижесiнде
(пайдалану мерзiмi 15-25
жылдан астам)
10. Тоңазытқыштар Қан сарысуын және қоректiк 10
ортаны және т.б. сақтау үшiн
(техниканың тозу нәтижесiнде
15-25 жылдан астам)
11. Жоғары Лабораториялық зерттеу 5
температурадағы жүргiзу үшiн. Техниканың
пештер тозу нәтижесiнде.
12. Автономды Жоқ болудан. 5
анаэростат
13. Центрифуга Жоқ болудан. 2
14. Лабораториялық Заттарды булау, қыздыру, 2
электр қыздырғышы бiр қалыпты температурада
бар су моншасы ұстау үшiн. Жоқ болудан.
--------------------------------------------------------------------------
Санитариялық-гигиеналық лаборатория
--------------------------------------------------------------------------
N ! Керектi жабдықтар ! Негiздеу !Саны !Орындалуы
! ! ! !туралы
! ! ! !белгiлеу
--------------------------------------------------------------------------
1. Аз уақыттың iшiнде 2 тәулiктен зерттеу жүргiзу 1
үлгiлердi дайындап уақытының 30 минутқа дейiн
шығаратын қысқаруы.
микротолқынды аспап 7 муфельдiк пешке тоқ берудi 1
азайту арқылы үнемдеу.
Жұмыс iстеу қабiлетiнiң өсуi.
2. Принтерлi компьютер Жұмыс iстеу қабiлетiнiң өсуi. 5
Барлық лаборатория
бөлiмшелерiне зерттеу
жұмыстарының қорытындысы
бойынша, келiп түскен
мәлiметтер жөнiнде жедел-
ақпарат беру үшiн.
3. Шуды өлшеуiш Ең нақты және үнемдi құрал. 2
--------------------------------------------------------------------------
Вирусологиялық лаборатория
--------------------------------------------------------------------------
N ! Керектi жабдықтар ! Негiздеу !Саны !Орындалуы
! ! ! !туралы
! ! ! !белгiлеу
--------------------------------------------------------------------------
1. Ридер Иммуноферменттiк тәсiлмен 1
анализ қорытындысын тексерiп
шығу. Ескiрген жабдықтарды
айырбастау арқылы.
2. Бiр каналды және Кiшi механизация құралы 20
сегiзканалды ретiнде пайдаланылады.
пипеткалық Инфекцияланған материалдармен
дозаторлар жұмыс iстеу қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етедi.
3. АВ-75 булы Техникалық тозу нәтижесiнде 1
стерилизатор
4. Сулы термостат Вирусологиялық зерттеу 1
жұмысын жүргiзу үшiн
клеткаларды өсiру
5. Тоңазытқышы бар Вирусты материалдар 1
центрифуга сынамасын тазалау үшiн.
Техникалық тозу, ескiру
нәтижесiнде
--------------------------------------------------------------------------
Радиациялық гигиена лабораториясы
--------------------------------------------------------------------------
N ! Керектi жабдықтар ! Негiздеу !Саны !Орындалуы
! ! ! !туралы
! ! ! !белгiлеу
--------------------------------------------------------------------------
1. Радонды монитор Ескiрген жабдықтарды айырбастау. 1 дана
2. Зерттеудегi Жоқ болудан. 1 дана
үлгiлердiң
радионуклидiн
анықтайтын
спектрометриялық
дозиметр
3. Альфа спектрометр Жоқ болудан. 1 дана
4. Рентген сәулеленуiн Ескiрген жабдықтарды айырбастау. 1 дана
өлшейтiн дозиметр
5. 2-класты таразы Жоқ болудан. 1 дана
--------------------------------------------------------------------------
Аса қауiптi жұқпалы аурулар лабораториясы
--------------------------------------------------------------------------
N ! Керектi жабдықтар ! Негiздеу ! Саны !Орындалуы
! ! ! !туралы
! ! ! !белгiлеу
--------------------------------------------------------------------------
1. Ионайырбас Бiр дистилятор, басқарманың 1
шайырдағы дистилятор барлық лабораторияларын
тазартылған сумен қамтамасыз
ете алады.
2. Аксиолаб Микроскоп препаратты бiр уақытта 1
(люминесцеттiк және әр түрлi тәсiлмен зерттеуге
фазоконтрасты, жарық мүмкiндiк бередi, бұл зерттеудiң
микроскопия үшiн жылдамдығын және алынған
арналған микроскоп) қорытынды анықтылығын арттыра
түседi, бұл әсiресе тырысқақ пен
түйнеме ауруларына зерттеу
жұмыстарын жүргiзуге керек.
3. 2 класты Жабдықтау тiзбесiне кiргiзiлген 1
электрондық
лабораториялық
таразы
4. Үстел үстiне қоятын Жедел тәсiлмен зерттеу 1
тоңазытқышы және жүргiзуге материалды тез
қыздырғышы бар уақыт iшiнде дайындайды.
центрифуга
5. АВ-75 булы Ескiрген жабдықты айырбастау 1
стерилизатор
6. Биологиялық Тканьдердi бiркелкi етiп 1
тканьдердi ұсақтауға ұсақтау, микробтың өнiп
арналған өсуiне әсер етедi.
гомогенизатор
7. Ыстық кептiргiш Ескiрген жабдықты айырбастау 2
шкафтар
---------------------------------------------------------------------------
II-шi шақырылған
Алматы қалалық Мәслихатының
ХVIII-шi сессиясының төрайымы
II-шi шақырылған
Алматы қалалық Мәслихатының
хатшысы
Маман: Сариева А.