1. Заңсыз ауланған балық пен балық өнiмдерiн сатып алу тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
2. Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 293 "Заңсыз жолмен ауланған балықты тапсыруды тәртiпке келтiру туралы", 2000 жылғы 18 сәуiрдегi N 441 "Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 293 "Заңсыз жолмен ауланған балықты тапсыруды тәртiпке келтiру туралы" шешiмiне толықтырулар енгiзу туралы" шешiмдерiнiң күшi жойылсын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Облыс әкiмiнiң 2002 жылғы
N 439 шешiмiне 1-қосымша
Заңсыз ауланған балық пен балық өнiмдерiн
сатып алу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Z010144_ Заңына, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" Z020321_ Заңына, есепке алу және болашақта пайдалану, соның iшiнде Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N№1467 Үкiмет P001467_ Қаулысымен бекiтiлген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi өткiзу Ережелерiне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1994 жылғы 10 қазандағы N№250"а" бұйрығымен бекiтiлген "Тәркiленген, иесiз мүлiктердi және мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлiктердi, қазына, олжаларды, сонымен бiрге қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды есепке алу, бағалау және өткiзу тәртiбi туралы" Нұсқаулыққа, 1998 жылғы 12 қарашадағы N№121 "Соттардың, прокуратура, алдын-ала тергеу, анықтау сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық iстер жөнiндегi және әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi туралы құжаттарды, заттай дәлелдемелердi алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртiбi туралы" Нұсқаулыққа V980658_ сәйкес әзiрлендi.
1.2. Осы Ереже заңсыз ауланған балық пен балық өнiмдерiн (алға қарай - балық) iлгерi қарай өңдеуге және өткiзу үшiн сатып алу, осы балық өнiмiн өткiзуден түскен қаражаттың мемлекет кiрiсiне түсуiн қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi.
2. Балық сатып алу құқығына арналған
конкурсты өткiзу тәртiбi
2.1. Облыс әкiмiнiң шешiмiмен облыс әкiмi аппараты, салық комитетi, балық шаруашылығы басқармасы, облыстық санитарлық эпидемиологиялық станция, биоресурстарды қорғау жөнiндегi Солтүстiк Каспий аймақтық мекемесi өкiлдерiнен құрамы 5 адамнан тұратын конкурстық комиссия құрылады.
2.2. Балық сатып алу құқығына арналған конкурсты ұйымдастырушы Атырау облысы бойынша салық комитетi, комиссияның жұмысшы органы Атырау облысы бойынша балық шаруашылығы басқармасы болып табылады.
2.3. Конкурстық комиссияның алдын ала өтетiн мәжiлiсiнде конкурстың мерзiмi мен шарты анықталады. Алдағы конкурс пен конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
2.4. Конкурстық комиссияның шешiмдерi оның мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк даусымен қабылданады және барлық мүшелерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi.
2.5. Комиссия қызметiнiң бiр жолғы сипаты бар, комиссия конкурс жеңiмпазы туралы шешiм қабылдайды, осы шешiмдi алумен байланысты комиссия қызметi аяқталады.
2.6. Конкурс қорытындысы бойынша балық сатып алу құқығының жеңiмпазы (жеңiмпаздары) анықталады, онымен келiсiм-шарт жасалады, оған салық комитетi мен жеңiмпаз қол қояды.
3. Өнiмдi қабылдау, сақтау және есепке алу тәртiбi
3.1. Конкурс жеңiмпазы (жеңiмпаздары) (мәтiн бойынша iлгерi қарай - Оператор) конкурстың шартына сәйкес құқық қорғау, табиғат қорғау және өзге де қатыстырылған мемлекеттiк органдардан тәркiленген өнiммен қабылдау торабы бөлiмдерiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3.2. Барлық иесiз, тәркiленген, заңды бұзушылардан алынған балық әрi қарай сату үшiн жүкқұжат бойынша Операторға тапсырылады.
3.3. Жүкқұжатқа фамилиясын, атын, тегiн, қызметiн, жұмыс iстейтiн ведомствосын, органын, ұйымын көрсетiп балықты тапсырған тұлға және қызметiн, фамилиясын, атын-тегiн көрсетiп, балықты қабылдаған тұлға қол қояды.
Жүкқұжатта тапсырған балыққа дайындалған алыс-берiс актiнiң күнi, уақыты, саны, салмағы, атауы (түрi), бағасы, қандай материал (әкiмшiлiк, қылмыстық, иесiз және т.б.) сондай-ақ, балық тартып алынған тұлғаның фамилиясы, аты, тегi көрсетiледi.
Жеткiзiлген балық сапасын оператормен органолептикалық бағалауы арқылы тапсырылған балықтың сапасы туралы алдын ала мәлiметтер көрсетiледi.
3.4. Бұзылған және оның сапасы мен бағыт бойынша оны әрi қарай пайдалану мүмкiндiгiне шүбә туғызатын өнiм барында, сондай-ақ, тараптар арасында дау, келiспеушiлiк болған жағдайда облыстық санитарлық эпидемиологиялық стансасы сапасы туралы тұжырымдама берумен осы өнiмнiң зертханалық талдауын жүргiзуге тиiстi.
Облыстық санитарлық эпидемиологиялық стансасымен пайдалануға жарамсыз деп таныған өнiм заңнамаға сәйкес жойылады.
3.5. Жүкқұжат 3 данада әзiрленiп, тараптардың қойған қолымен, және мөрiмен куәландырылады. Бiр данасы операторға, екiншiсi балықты тапсырған тұлғаға, үшiншiсi салық комитетiне берiледi.
4. Оператор
4.1. Оператор мiндеттi:
1) тапсырылған балық пен балық өнiмiн оны өткiзуге дейiн тиiсiнше сақтау, сақталуын қамтамасыз етуге; тапсырылған өнiмнiң кемдiгi, жоғалуы, ұрлануы, тиiсiнше сақтамау салдарынан тапсырылған балық жарамсыз күйге ұшырап, бағыт бойынша әрмен қарай пайдалануға келмейтiнi анықталған кезде оператор барлық шығындарды өтеумен, азаматтық заңнаманың нормасына сәйкес жауап бередi. Қажеттi жағдайда материалдарды сот-тергеу орындарына беру туралы мәселе шешiлуi мүмкiн. Осы мәселе бойынша материалдарды Атырау облысы бойынша салық комитетi дайындайды;
2) құқық қорғау және басқа органдардан балықты кедергiсiз және тәулiк бойы қабылдауды қамтамасыз етуге;
3) облыстық салық комитетi жанындағы тәркiленген мүлiктiң нарықтық бағасын белгiлеу комиссиясымен балықтың бағасы анықталған соң аталған соманы бюджетке аударуға.
4.2. Атырау облысы бойынша салық комитетi осы балықты өткiзуден түскен қаржының бюджетке уақытылы түсуiне бақылау жүргiзедi.
4.3. Облыстық iшкi iстер органдарына түскен алынған балық пен балық өнiмдерi сатылуға жатады, кейiннен алынған соманы алдын ала тергеудi жүргiзетiн органның депозиттiк есеп шотына салынады.
/Маман: Ержанова К.С./