Жаз мерзiмiнде облыс су айдындарында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкiмiнiң шешiмi 2002 жылғы 31 мамыр N№437. Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 25 маусымда N 1016 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009.03.30 N 15 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009.03.30 N 15 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Z960019_ Заңы мен облыстық мәслихаттың 1998 жылғы 14 маусымындағы N 249-1 "Атырау облысының су айдындарында азаматтардың қауiпсiздiгiн сақтаудағы мiндеттi ереже туралы" шешiмiн жүзеге асыру, сонымен қатар жаз мезгiлiнде облыстық су айдындарында адамдар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында шешiм етемiн:
      1. Қала мен аудандар әкiмдерi:
      1) суға шомылу маусымы кезiнде облыстың барлық су айдындарын есепке алсын ;
      2) демалыс аймақтары мен базалары және басқа да су нысандары бар барлық меншiк түрi кәсiпорындарымен және ұйымдармен құтқару бекеттерiн ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының 5 шiлдедегi 1996 жылғы N 19-1 санды "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 5 бабының орындалуын қамтамасыз етсiн;
      3) өзендер мен жағалау алқабын көркейту және су айдындарының түбiн тазалау жұмыстарын жүргiзсiн.
      2. Облыстық судан құтқару қызметi (Қойшыбаев Б.) :
      1) жазғы маусымда құтқару стансаларының жеке құрамы мен iздестiру топтарын нығайту шараларын алсын;
      2) меншiк түрiне және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдардағы барлық қолданыстағы жүзу құралдары және сүңгуiрлер санының есебiн жүргiзсiн;
      3) облыс су тоғандарындағы төтенше жағдайлардан сақтандырудың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырсын.
      3. Облыстық iшкi iстер басқармасына (Хайдар Қ.) Солтүстiк-Каспий аймақтық биоресурстар қорғау жөнiндегi басқармасымен (Ақботин А.) бiрлесiп, бақытсыздық жағдайларды болдырмау мақсатында суға шомылу кезiнде облыс су айдындарында, оның iшiнде Каспий теңiзiнiң жағалауында күзеттi күшейту тапсырылсын .
      4. Бiлiм басқармасы (Қ.Қайненов) мектеп пен оқу орындары оқушылары арасында жаз мезгiлiнде су қоймаларында қауiпсiздiк шараларын сақтау жұмыстарын ұйымдастыру мiндеттелсiн. 5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық төтенше жағдай басқармасының бастығы Ғ.Жұмағалиевқа жүктелсiн.

      Облыс әкiмi

       
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады