Атырау облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы

Жаңа

Екінші сайланған Атырау облыстық Мәслихаты ХХI сессиясының шешімі. 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N№266-II. Атырау облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 25 желтоқсанда N 1235 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы N№334 Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі N 736 "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы" қаулысын  жүзеге асыру мақсатында, облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Атырау облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған Бағдарламасы мақұлданып, облыстық Мәслихаттың бекітілуіне ұсынылсын (бұдан әрі - Бағдарлама).
      2. Атырау қаласы және аудан әкімдері, барлық мүдделі мемлекеттік органдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.

      Облыс әкімі

Атырау облысында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне
қарсы күрестiң 2002-2003 жылдарға арналған
Бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

Атауы         - Атырау облысында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне
                қарсы күрестiң 2002-2003 жылдарға арналған
                бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн   - Президенттiң "Қазақстан-2030. Барлық
негiздеме        қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi
                 және әл-ауқатының артуы" деген 1997 жылғы
                 10 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы;
               - "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және
                 олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына
                 қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан
                 Республикасының Заңы;
               - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 16
                 мамырдағы N 394 Жарлығымен  бекiтiлген
                 Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және
                 есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2002-2003
                 жылдарға арналған Стратегиясы;
               - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы
                 8 шілдедегi N№736 "Қазақстан Республикасында
                 нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң
                 2002-2003 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы"
                 қаулысы.

Негiзгi        - Облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық және
әзiрлеушiлер     әскери жұмылдыру жұмысы бөлiмi, облыстық әдiлет
                 басқармасы, Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетiнiң Атырау
                 облысы бойынша Департаментi, Қаржы полициясының
                 департаментi, Iшкi Iстер басқармасы, Атырау
                 стансасындағы IIЖБ, облыстық прокуратура, көлiк
                 прокуратурасы, кеден басқармасы, облыстық қаржы
                 басқармасы, облыстық бiлiм беру басқармасы,
                 облыстық денсаулық сақтау басқармасы, мәдениет
                 басқармасы, ақпарат және қоғамдық келiсiм
                 басқармасы, еңбек, жұмыспен қамту және халықты
                 әлеуметтiк қорғау басқармасы.

Мақсаты        - Қазақстан Республикасында нашақорлықтың және
                 есiрткi бизнесiнiң одан әрi таралуына қарсы тиiмдi
                 мемлекеттiк және қоғамдық iс-қимыл жүйесiнiң
                 негiзгi буындарын нығайту.

Мiндеттерi     - Нашақорлықтың алдын алу, оны емдеу жүйесiн нығайту
                 және есiрткiге тәуелдi адамдарды оңалту жүйесiн
                 есірткiнiң, психотроптық заттардың және
                 прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл
                 тетiгiн нығайту;

               - есiрткiнiң заңсыз айналымын және оларды терiс
                 пайдалануды бақылау саласында халықаралық
                 ынтымақтастықты нығайту.

Қаржыландыру   - республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
көздерi          қаражаттары, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң
                 өтемсiз техникалық және материалдық көмектерi.

Күтiлетiн      - Бағдарламаны iске асыру нашақорлықтың алдын алу
нәтижелер        тиiмдiлiгiн арттыруға, есiрткiнi заңсыз
                 пайдаланатын адамдарды уақытында анықтауға және
                 олардың санын қысқартуға, есiрткiнiң заңсыз
                 кiруiне қарсы Қазақстан Республикасының кедендiк
                 және мемлекеттiк шекарасын бақылауды күшейтуге,
                 есiрткiнiң, психотроптық заттардың және
                 прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылау
                 жүйесiн нығайтуға, есiрткiнiң заңсыз айналымына
                 байланысты iстер бойынша сот iсiн жүргiзу
                 тиiмдiлiгiн арттыруға, есiрткiнiң заңсыз айналымын
                 бақылау саласында халықаралық ұйымдар мен донор
                 елдердiң назарын аудару арқылы есiрткiге сұранысты
                 азайтуға, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және
                 оңалту, есiрткiнiң заңсыз айналымының жолын кесу
                 саласында перспективалы бағдарламаларды әзiрлеуде
                 және енгiзуде оларға техникалық көмек көрсету үшiн
                 халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қол
                 жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

Iске асыру       2002-2003 жылдар
мерзiмi

2. Кiрiспе

      Бағдарлама нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес Үкiметтiң басым мiндетi ретiнде айқындалған Президенттiң "Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" деген Қазақстан халқына Жолдауына, "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру нәтижелерi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған Стратегиясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 шiлдедегi N№736 "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2002-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк Бағдарламасы туралы" қаулысы негiзiнде әзiрлендi.

3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау

      Соңғы жылдары есiрткiнi, психотроптық заттар мен прекурсорларды терiс пайдалану әрi олардың заңсыз айналымының республикада жаппай таралуы етек алды және экономиканың, құқық тәртiбiнiң жай-күйiне, қоғамдағы әлеуметтiк-психологиялық ахуалға, халықтың денсаулығы мен тектiк қорына барған сайын терiс әсер етуде.
      Орналасу ерекшелiгiне орай Атырау облысының аумағы есiрткiнi Оңтүстiк-Батыс Азия елдерiнiң Еуропа елдерiндегi, соңғы жылдары Ресейдегi оларды өткiзетiн әлемдiк рыноктарға жеткiзу үшiн оны транзиттiк дәлiз ретiнде пайдаланатын халықаралық есiрткi картельдерi мүддесiнiң аясында қалып отыр.
      Қалыптасқан ахуал тиiсiнше мемлекеттен халықтың психикалық және тән саулығын есiрткiнiң лекiген толқынынан қорғауға бағытталған нақты пәрмендi шаралар қабылдауды талап етедi.
      Облыста есiрткiнiң таралуы мен оларды терiс пайдалануға байланысты тiркелген құқық бұзушылық санының өзгеру серпiнi олардың ұдайы өсуiн айқын көрсетiп отыр. Бұдан басқа, есiрткiнi жүйелi пайдаланатын адамдар саны да көбеюде. Бұл факторлар облыстағы экономикалық және әлеуметтiк ахуалға терiс әсер етедi және үрей туғызады.
      Осыған байланысты есiрткi айналымына бақылауды одан әрi күшейту, есiрткiнi терiс пайдалануға қарсы iс-қимылға мемлекеттiк құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың қызметiн жандандыру мақсатында есiрткiге қарсы күреспен айналысатын құқық қорғау құрылымын нығайту мақсатқа сай келедi.
      Есiрткiнiң заңсыз айналымы облыста өте маңызды болып отыр, өйткенi оған халықтың барлық жiгi, соның iшiнде балалар да тартылған. Айталық, 01.11.02 ж. жағдай бойынша алдын алу есебiнде есiрткiнi терiс пайдаланатын 729 адам, соның iшiнде 4 кәмелетке толмағандар, есiрткiнi терiс пайдаланатын әйелдер саны үстiмiздегi жылдың басында 29-ды құрайды.
      Жоғарыда көрсетiлген статистикалық және өзге де мәлiметтердi талдау есiрткiнi заңсыз таратуға және оларды медициналық емес пайдалануға байланысты қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтар саны өсуiнiң тұрақты үрдiсiнiң сақталуы туралы айғақтайды.
      Есiрткiге қол жетiмдiлiк, оларды iс жүзiнде кедергiсiз сатып алу мүмкiндiгi, салыстырмалы түрде арзандығы облыста бүгiндерi есiрткiнi терiс тұтынудың нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң етек алуының басты себептерiнiң бiрi болып отыр. Бұл ретте психиатриялық және наркологиялық қызметтердiң жай-күйiн жақсарту жөнiнде мемлекеттiк органдар алып жатқан шаралар әлi де жеткiлiксiз.
      Қазiргi кезде облыста есiрткiге қатысты ахуал:
      1) есiрткiге тәуелдiлiкпен азап шегушi адамдар үшiн алдын алу, емдеу және оңалту көмегiнiң жеткiлiксiз дамуымен;
      2) есiрткiнiң заңсыз айналымына байланысты қылмыстар санының көбеюiмен;
      3) Атырау облысы аумағын транзиттiк дәлiз ретiнде пайдаланудың жалғасуымен, соның салдарынан есiрткiнiң анағұрлым қауiптi түрлерiнiң (героиннiң, апиынның және синтетикалық есiрткiлердiң) контрабандасы мен транзиттiк ұлғаюымен;
      4) есiрткiнi тұтынушылар жасының төмендеуiмен сипатталады. Облыстағы есiрткiлiктiң бетiн қайтару мемлекет пен қоғамның күшi толық жұмдасқанда ғана мүмкiн болмақ.

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты облыста нашақорлықтың одан әрi таралуына қарсы тиiмдi мемлекеттiк және қоғамдық iс-қимыл жүйесiнiң негiзгi буындарын нығайту және есiрткi бизнесiне қарсы күресу болып табылады.
      Бағдарламаның аса маңызды мiндеттерiнiң қатарында:
      1) нашақорлықтың алдын алуды, оны емдеу жүйесiн нығайтуды және есiрткiге тәуелдi адамдарды оңалту жүйесiн құруды;
      2) есiрткiнiң, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл тетiгiн нығайтуды;
      3) есiрткiнiң заңсыз айналымын және оларды терiс пайдалануды бақылау саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды бөлiп көрсеткен жөн.

5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiгi

      Бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткiзу мен басты мiндеттердi шешу үшiн облыста нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң қазiргi бар жүйесiн нығайтуға бағытталған кешендi шараларды жүзеге асыру көзделген. Нашақорлықтың алдын алу, оны емдеу жүйесiн нығайту және есiрткiге тәуелдi адамдарды оңалту жүйесiн құру iсiнде назар облыстық наркологиялық диспансердiң қызметiне зор көңiл бөлiнетiн болады. Бүгiнгi таңда алдын алу, емдеу және оңалту осы келеңсiз құбылысқа қарсы күрестiң неғұрлым пәрмендi жолдары болып табылатындықтан, мәселенiң осы қыры ерекше назар аударуға лайық және нашақорлық тамырларын анықтау мен жоюға бағытталады.
      Мұқтаж адамдардың көмектi уақтылы алу және тиiстi қызметтерге қол жеткiзу мүмкiндiгiн туғызу қажет. Бұл ретте есiрткi мен психотроптық заттарды пайдаланатын және пайдалануға бейiм жасөспiрiмдердi емдеуге және әлеуметтiк оңалтуға ерекше көңiл бөлiнедi, осы орайда барлық наркологиялық диспансерлерде жасөспiрiмдер кабинетi ашылады.
      Наркология саласында:
      1) нашақорлықты әлеуметтiк қауiптi ауру ретiнде тану жағдайында наркологиялық қызметтердi жетiлдiру мен дамыту;
      2) бас бостандығынан айыру орындарында наркологиялық қызметтердi ұйымдастыруды және жарақтандыруды жақсарту;
      3) наркологиялық мекемелердi аса тиiмдi дәрiлермен және осы заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар қолдану керек.
      Әлеуметтiк есiрткi иммунитетiн егу мақсатында мамандарды, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн тарту арқылы есiрткiге қарсы тақырыптарда лекциялар енгiзу керек.
      Есiрткiге қарсы тақырыптарда көркем шығармаларға конкурстар, спорттық жарыстар ұйымдастырып, телеарналар мен кинотеатрларда қоғам үшiн есiрткiнiң залалы туралы деректi, ғылыми-көпшiлiк және көркем фильмдер көрсете отырып, жергiлiктi деңгейде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнiне (26 маусым) арналған акциялар өткiзу дәстүрге айналып отыр.
      Бұндай акциялар әрi қарай өнер шеберлерiн, еңбек ардагерлерiн, шығармашылық зиялыларды қатыстыру арқылы өткiзiлетiн болады.
      Осы Бағдарламаны iске асырудың келесi бағыты нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы заңдарды жетiлдiруге және есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылауды күшейтуге бағытталған шаралар кешенiн қамтитын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл тетiгiн нығайту болып табылады.
      Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес проблемасы тиiмдiлiгi осы салаға тартылған барлық мемлекеттiк органдардың бiрлесiп үйлестiрiлген күш-жiгерi мен iс-әрекеттерiне байланысты жан-жақты сипат алатынын ескере отырып, мемлекеттiк органдардың есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы бiрлескен iс-қимылды одан әрi әзiрлеу қажет.
      Осы қызметте келесi маңызды бағыт зертхана жабдықтарын сатуға бақылауды қамтамасыз ету, прекурсорлардың заңсыз жасалуына, таралуы мен олардың ашық айналымынан жасырын айналымға шығарылуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолдану болып табылады.
      Есiрткiнiң негiзгi ағыны облысқа iргелес мемлекеттерден заңсыз келiп түсетiнiн ескере отырып, әуежайдағы, темiр жол вокзалындағы және автомобиль жолдарындағы кедендiк бақылау учаскелерiн күшейту жөнiнде шаралар қабылдау керек.
      Есiрткiге байланысты қылмыстар туралы ақпаратты жедел талдау негiзiнде есiрткi қылмысының серпiнiн, құбылу себептерiн зерделеу және оған қарсы iс-қимылдың тиiмдi шараларын әзiрлеу керек.
      Заңсыз егiлетiн және жабайы өсетiн қара сора мен апиын көкнәрiн анықтау және жыл сайынғы науқандар, олардың жасырын айналымға түсуiнiң жолын кесу мақсатында жалғаса беретiн болады. Осы мақсатта құрамында есiрткi бар өсiмдiктердiң өсуi және өсiрiлуi туралы деректер қорын құру, мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайту керек.

     Халықаралық ұйымдар мен шаруашылық ететiн субъектiлердi есiрткiге

тәуелдi адамдарды емдеу мен оңалту, есiрткiнiң заңсыз айналымының жолын

кесу үшiн оларды техникалық көмек көрсетуге кеңiнен тарту керек.

     Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары оларды

кезең-кезеңмен орындауды көздейдi. Iс-шаралардың кешендiгi нашақорлыққа

және есiрткi бизнесiне қарсы күресте мемлекеттiк және жергiлiктi билiк пен

басқару органдарының қызметiн барынша үйлестiруге әрi шоғырландыруға

септiк жасайды.

     Бағдарлама нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң

қолданылып жүрген нысандары мен әдiстерiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға,

мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi одан әрi дамытуға және

нығайтуға бағытталған.

     Бағдарламаны iске асыруға жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн барлық

қаражат, сондай-ақ сыртқы техникалық көмек шеңберiндегi жабдықтар мен

техника нақты iс-шаралардың орындалуына жауапты тиiстi органдарға

берiлетiн болады.

            6. Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi

     Осы бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар тиiстi қаржы жылына

арналған жергiлiктi бюджетке берiлетiн қаражат есебiнен және шегiнде әрi

заңнамамен тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылатын болады.

     Бағдарламаны iске асыру жергiлiктi бюджет қаражатынан 2002 жылы 22276

мың теңге, 2003 жылы 55057 мың теңге қаржыландыруды талап етедi.          

     2002 жылы қаржыландыру сомасы нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне

қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауға арналған жергiлiктi бюджеттiк

бағдарламалар әкiмгерлерiнiң сметаларында көзделген, 2003 жылы тиiстi

жылға арналған бюджеттi қалыптастыру жөнiндегi бюджет комиссиясы

белгiлейдi

және Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" Заңына сәйкес

түзетiлуi мүмкiн.

                7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

     Бағдарламаны iске асыруда мынадай нәтижелер күтiледi:

     1) нашақорлықтың алдын алу, оны емдеудiң тиiмдi жүйесiн нығайту және

нашақорлықпен ауыратын адамдарды оңалту жүйесiн құру;

     2) есiрткiнi, психотроптық заттарды және прекурсорларды жасырын

айналымнан алу жөнiндегi қызметтi жандандыру, оларды әкелу мен әкетуде

Қазақстан Республикасының кедендiк және мемлекеттiк шекарасын бақылауды

күшейту;

     3) мүдделi органдарды ұйымдық, кадрлық және материалдық-техникалық

нығайту, олардың арасында тиiмдi өзара iс-қимыл орнату арқылы олардың

қызметiн жақсарту;

     4) есiрткiнiң заңсыз айналымын және оларды терiс пайдалануды

бақылау саласында халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң назарын аудару

арқылы есiрткiге сұранысты азайту, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және

оңалту, есiрткiнiң заңсыз айналымының жолын кесу саласында перспективалы

бағдарламаларды әзiрлеуде және енгiзуде оларға техникалық көмек көрсету

үшiн халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

          8. Атырау облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы

               күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасын іске

                           асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

--------------------------------------------------------------------------

р/с    Іс-шара   Аяқтау    Орындалуына  Орындалу    Болжанып  Қаржыландыру

                 нысаны      (іске     (іске асырылу) отырған     көзі

                           асырылуына   мерзімі     шығыстар

                           жауаптылар)            2002ж.2003ж.2003ж.

---------------------------------------------------------------------------

 1         2        3                 4        5       6          7

---------------------------------------------------------------------------

         Есірткіге тәуелді адамдар арасында емдеу және оңалту жұмысын,

                         нашақорлықтың алдын алуды нығайту

1. Жастар мен          Атырау      ЕЖҚӘҚБ, ДБ, 2003 ж.          Жергілікті

жасөспірімдер үшін   қаласы және     Атырау                       бюджет

есірткіге байланысты  Жылыой ауданы  қаласы

проблемаларды шешуде   әкімдерінің   және

оларға көмек көрсету    шешімдері    аудан

мақсатында әлеуметтік               әкімдері

қызметтер құру жөнінде                 

шаралар қабылдау.

2. Әлеуметтік есірткі       Оқу     ББ, мұнай   2002 ж.

иммунитетін егу мақсатында: орын-   және газ   

2.1. Балаларға,            дарының  институты

жасөспірімдер          жоспарларына университетінің

мен жастарға арналған     лекциялар   ректоры,

есірткіге қарсы оқу-      курстарын   колледждер

танымдық әдебиеттер    енгізу туралы  директорлары

әзірлеу және басып     ведомстволық

шығару.                   бұйрық

2.2. Халықаралық          Акция      ББ, ДБ, МБ,     2002 ж.

нашақорлыққа қарсы        өткізу  ІІБ, ӘБ (келісім   сәуір,

күрес күніне арналған     туралы   бойынша), кәсіби  маусым,

жергілікті деңгейде    ведомстволық  оқу мекемелері, қазан

акциялар өткізу.          бұйрық     колледждер, ТБ,

                                     прокуратура

                                   (келісім бойынша)

2.3. Бұқаралық ақпарат     Радиотеле-  АҚКБ, ББ, ДБ,  2002 ж.   276000

құралдары арқылы қоғамдық  хабарлар,      ІІБ, ҰҚКБ  желтоқсан;  теңге

санада әлеуметтік есірткі  жарияланымдар, (келісім    2003 ж.

иммунитетін қалыптастыру   сұхбаттар,     бойынша),   сәуір,

жөніндегі қызметті         ақпараттық-    Атырау      маусым,

жандандыру және азаматтарды  насихат    қаласы мен    қазан

мемлекеттік органдардың    іс-шаралар,    облыс

нашақорлыққа және есірткі  семинар-     аудандарының            Жергілікті

бизнесіне қарсы күресте    тренингтер,    әкімдері                бюджет

қолданып отырған шаралары  "дөңгелек

туралы, соның ішінде танымал  үстелдер",

қоғам қайраткерлерін, ғылым  конференциялар,

мен мәдениет өкілдерін,      бейнероликтер

дәрігерлерді және басқа да

мамандарды тарта отырып

хабардар ету.

3. Балалар, жасөспірімдер         Оқу-       ББ, ДБ,    2002-  

және жастар арасында есірткі,  әдістемелік   Атырау     2003

темекі шегудің алдын алу       көп сатылы    қаласы     жылдар

жөнінде көп сатылы білім беру  білім беру    мен облыс

бағдарламасын әзірлеу         бағдарламасын  аудандарының    

                              әзірлеу туралы  әкімдері

                              ведомстволық                      Жергілікті

                              бұйрықтар, оқу-                     бюджет

                              әдістемелік

                              ұсынымдар,

                              мамандардың

                              тағылымдамасы

4. Кәмелетке толмағандарды       Осы         ДБ        2003 ж. Жергілікті

емдеу үшін наркологиялық        мәселе                           бюджет

диспансерлер құрылымында        бойынша

стационарлық бөлімдер           әкімнің

құру және нығайту               шешімі

--------------------------------------------------------------------------

р/с    Іс-шара     Аяқтау  Орындалуына   Орындалу    Болжанып Қаржыландыру

                   нысаны    (іске     (іске асырылу) отырған     көзі

                           асырылуына   мерзімі     шығыстар

                           жауаптылар)            2002ж.2003ж.2003ж.

---------------------------------------------------------------------------

 1 |        2     |      3    |     4    |    5  |       6         |  7

---------------------------------------------------------------------------

5. Есірткінің      Әкімдердің    Атырау   2003 ж.|20000 |20000|    |

таралуының жаңа    шешімдері,    және              мың   мың

үрдістерін ескере  наркологиялық аудандарының      теңге теңге

отырып, облыстағы  қызметтерді   әкімдері,         обл.   обл.

наркологиялық      жетілдіру     ДБ               наркол. наркол.

қызметтерді         туралы                        диспан- диспан-

жетілдіру жөніндегі бұйрық                        серге   серге

жұмысты жалғастыру.      

6. Бас бостандығынан   Әкімнің     ӘБ      2003 ж.            Республикалық

айыру орындарында      ақпараты  (келісім  қараша                 бюджет

наркологиялық қызметті            бойынша)

ұйымдастыруды,                                     

жарақтандыруды жақсарту

7. Есірткіні теріс      Әкімнің   ДБ, ББ,   2002-

пайдалануды қысқартуға  ақпараты    ІІМ     2003

және ЖҚТБ/АҚТҚ бақылауға          (келісім  жылдар

бағытталған жобаларды              бойынша)

іске асыру.

8. Наркологиялық        Әкімнің   Әкімдер,  2002-

мекемелерді тиімділігі  ақпараты    ДБ      2003

жоғары дәрі-дәрмек                          жылдар

құралдарымен және

қазіргі заманғы

жабдықтармен қамтамасыз

етуге шаралар қабылдау.

9. Дінге сенушілер мен  Әкімнің   Әкімдер,  2003 ж.

олардың жақындарының    ақпараты  АҚКБ, ДБ  маусым

есірткіні тұрақты                 ББ        және 30

қабылдамауын қалыптастыру                  желтоқсан

бойынша діни конфессиялармен

өзара іс-әрекет жасау

10. Елімізде есірткіге  семинарлар,   Әділет

қарсы күрес жұмыстарын  "дөңгелек    басқармасы

үйлестіру мақсатында    үстелдер",   әкімдермен

семинарлар, "дөңгелек   конференциялар  бірге

үстелдер", конференциялар

өткізу.

11. Мектептерде нашақорлыққа         ББ      2003 ж.             Жергілікті

қарсы күрес жөніндегі                                              бюджет

консультациялық пункттер ашу

12. Қалада және аудан                ДБ      2003 ж.             Жергілікті

орталықтарында наркологиялық                                       бюджет

кабинеттерді қалпына келтіру

мүмкіндіктерін қарастыру.

13. Жастардың бос уақытын         Атырау     2003 ж.

ұйымдастыруды ПИК-терге         қаласының

ұсыну.                        және аудандар

                               әкімияттары

14. Балалар үшін спорт       Жастар, туризм  2003 ж.

мектептерін, секцияларын       және спорт

ашу мүмкіндіктерін қарау.      басқармасы

        Есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз

               айналымына қарсы іс-әрекет тетігін нығайту

    

15. Нашақорлықты емдеуге және  Әкімнің   ДБ, ББ, 2003 ж.

алдын алуға мамандандырылған   ақпараты    ҚБ

мемлекеттік емес мекемелермен,            (келісім

қоғамдық ұйымдармен өзара                  бойынша)

іс-әрекеттерді нығайту.

16. Құқық қорғау және арнаулы     Әкім     ІІБ 

органдарының есірткі бизнесіне    шешімі     

қарсы күрес жөніндегі                          

бөлімшелерін ұйымдық және                    

материалдық-техникалық нығайту.  

                                                    16 п. графаның жалғасы

---------------------------------------------------------------------------

 1        2         3      4    5     6        7           8         9

---------------------------------------------------------------------------

16.                                2000     ІІБ        2000 мың

                                 мың теңге  жанындағы  теңге    Жергілікті

                                    ІІБ     қызметтік  ІІБ        бюджет

                                 жанындағы  иттерді   жанындағы

                                 қызметтік  ұстау     қызметтік

                                  иттерді   орнына -  иттерді

                                   ұстау    2440940   ұстау

                                   орнына   теңге     орнына

17. Есірткіні алып  Әкімнің   ІІБ,

өтуге жол бермеу    ақпараты  кеден

мақсатында шекаралық        басқармасы

бекеттерде кеден және       (келісім

шекара бақылауын             бойынша)

күшейту.                    Атырау ст.

                              ЖІІБ

18. Сот сараптамасына                       Газды               Жергілікті

жабдықтар сатып алу                       хромотографтарға-     бюджет

мәселесін шешу.                             15500

                                           мың теңге;

                                           ИК -

                                          спектрометрге-

                                         542500 мың теңге

19. Девиантты балалардың             2003 ж.       14574        Жергілікті

мектеп-интернатының базасына                        мың         бюджет

есірткіні пайдаланатын,                             теңге

кәмелетке толмаған балалар

үшін 50 орын ашу.

      Іс-шаралар жоспарында қолданылған шартты белгілер:

ДБ - денсаулық сақтау басқармасы
ББ - білім беру басқармасы
ІІБ - ішкі істер басқармасы
ӘБ - әділет басқармасы
ҰКҚД - ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті
ЕЖҚӘҚБ - еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады