Көп балалы аналарға әлеуметтiк көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық Мәслихатының екінші сайланған ХVI сессиясының 2002 жылғы 6 ақпандағы № 188-II шешімі. Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 30 қаңтарда № 817 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 16-V шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2012.01.25 № 16-V шешімімен.

      Атырау облыстық Мәслихатының XV сессиясының 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 168-II "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешiмiне сәйкес, сондай-ақ көп балалы аналарды әлеуметтiк қолдау мақсатында облыстық Мәслихаттың кезектен тыс XV сессиясы шешiм еттi:

      1. Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсетiлсiн.

      2. Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға қала iшiнде, сондай-ақ қала маңы мен аудан iшiнде транспортта (таксиден басқа) жүруi үшiн әлеуметтiк көмек көрсетiлсiн. 3. Бекiтiлсiн:

      1) төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Тәртiбi (қосымша № 1);

      2) төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға қала iшiнде, сондай-ақ қала маңы мен аудан iшiнде транспортта (таксиден басқа) жүруi үшiн әлеуметтiк көмек көрсету Тәртiбi (қосымша № 2).

      4. Облыс әкiмi көп балалы аналарға әлеуметтiк көмектiң уақытында тағайындалуын және төленуiн қамтамасыз етсiн.

      5. Облыстық Мәслихаттың кезектен тыс IX сессиясының 2001 жылғы 12 қаңтардағы № 98-II "Атырау облысы азаматтарының кейбiр санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету Тәртiбiнiң ережелерiн бекiту туралы" шешiмiмен жоғарыда көрсетiлген мәселелер бойынша бекiтiлген Тәртiптердiң күшi жойылған деп танылсын.

Облыстық Мәслихаттың


XVI сессиясының төрағасы


Облыстық Мәслихаттың хатшысы



  Облыстық Мәслихаттың кезектен тыс
XVI сессиясының 2002 жылғы 6 ақпандағы
№ 188-ІІ шешiмiне № 1 қосымша

Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету тәртібі

      Ескерту. Қосымшаның мәтінінде "еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау" сөздері "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" сөздерімен және "облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халық әлеуметтік қорғау" сөзі "Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар" сөздерімен ауыстырылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2005 жылғы 11 ақпандағы № 191-ІII шешімімен.

Жалпы ережелер

      1. Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көп балалы аналарға тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу үшiн бiржолғы әлеуметтiк көмек (алға қарай-көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек) жергілікті уәкілді және атқарушы органдардың көп балалы аналарға көрсететін әлеуметтiк көмегінің бiр түрi болып табылады.

      2. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсетудiң негiзгi мақсаты көп балалы отбасыларын уақытша қаржылық қолдау болып табылады.

      3. Көп балалы аналарға заңсыз төленген бiржолғы әлеуметтiк көмектер пайдаланудағы заңдылықтар белгiленген тәртiп бойынша кiнәлi тұлғалардың есебiнен орнына келтiрiлуге жатады.

Тағайындау тәртiбi

      4. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек жылына бiр рет тағайындалады және төленедi.

      5. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмекті тұрғын жердегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары көп балалы аналар арыздарының негiзiнде тағайындайды.

      6. Тұрғын жердегi жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына төмендегiдей құжаттар берiледi:

      Әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi жеке арыз;

      отбасы құрамы туралы анықтама;

      балаларының тууы туралы куәлiктерiнiң көшiрмелерi;

      ортопед-стоматолог дәрiгердiң тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) тегiн дайындау және жөндеу қажеттiлiгi туралы қорытындысы;

      стоматологиялық мекемеден тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу жұмыстарының құнын растайтын анықтама.

      7. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек тiс протездерiн (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу жұмыстары Атырау облысының аумағындағы стоматологиялық мекемелерде жасалса ғана тағайындалады.

      8. Көп балалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек алты мың теңгеге дейін төленеді. <*>

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық Мәслихатының 2005 жылғы 11 ақпандағы № 191-ІII шешімімен.

      9. Көп балалы аналардың бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындау жөнiндегi арыздары басқа да қажеттi құжаттармен бiрге арыз берген күннен бастап 5 күн мерзiм iшiндежұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарында қаралады.

      10. Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарының шешiмi тиiстi хаттамамен ресiмделедi және оның қорытындысы арыз берушiге жазбаша хабарланады.

      11. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындаудан бас тарту жөнiндегi шешiм заңдылықтарда белгiленген тәртiп бойынша шағымдануға жатады.

Қаржыландыру және төлеу тәртiбi

      12. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмектi қаржыландыру жергілікті бюджеттiң осы мақсатқа қаралған қаржысы есебiнен жүзеге асырылады. <*>

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық Мәслихатының 2005 жылғы 11 ақпандағы № 191-ІII шешімімен.

      13. Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары әр айдың 5 жұлдызына дейiн тағайындалған бiржолғы әлеуметтiк көмек алушылардың санын және осы көмектiң өткен айдағы сомасын анықтайды. Бiржолғы әлеуметтiк көмек алушылардың жиынтық тiзiмiн жасап, оларды әр айдың 10 жұлдызына дейiн екiншi деңгейдегi банктерге, сонымен қатар қаржы органдарына сұраныстар жiбередi.

      14. Қаржы органдары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының сұраныстарына сай бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы шегiнде қаржыландыруды ашады.

      15. Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары ағымдағы шоттарына қаржы түскеннен кейiн 2 күннiң iшiнде екiншi деңгейдегi банктердiң шоттарына көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек төлеуге қажеттi соманы, сонымен қатар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары мен екiншi деңгейдегi банктердiң арасындағы агенттiк келiсiмге сәйкестi комиссиялық сыйақыларды аударады. Екiншi деңгейдегi банктер бiржолғы әлеуметтiк көмектердi жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарынан алған алушылардың тiзiмдерi негiзiнде және өзiн растайтын құжаттарын (төлқұжат, жеке куәлiк) көрсеткеннен кейiн төлейдi.

Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi

      16. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек бойынша есеп жүргiзу, бақылау және есеп берудi жүзеге асыру жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына жүктеледi.

      17. Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары әр тоқсанның алғашқы айының 10 жұлдызына дейiн екiншi деңгейдегi банктермен өткен тоқсанда көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмекке төленген төлемдер сомалары бойынша салыстыру актiлерiн жасайды және қаржы органдарына, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне тапсырады. Сонымен қатар, әр айдың 10 жұлдызына дейiн белгiленген нысан бойынша есеп тапсырады.

      18. Көп балалы аналарға бiржолғы әлеуметтiк көмек төлеудiң дұрыстығына және уақытында болуына өкiлеттi органдар бақылау жасайды.

  Облыстық Мәслихаттың
кезектен тыс XVI сессиясының
2002 жылғы 6 ақпандағы
№ 188-II шешiмiне № 2 қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2005 жылғы 11 ақпандағы № 191-ІII шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады