Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
заңына
, Бюджеттік
кодексіне
, ІІІ шақырылған Атырау облыстық мәслихаты сессиясының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 162 "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне және Атырау облысы әкімиятының 2004 жылдың 10 желтоқсандағы N 245 "Атырау облысының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы" қаулысына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты Х сессиясында шешім етті
:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2002 жылғы 6 ақпандағы 188 "Көп балалы аналарға әлеуметтік көмек көрсету туралы"
шешіміне
келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (Атырау облысы Әділет басқармасында 2002 жылғы 30 ақпанында N 817 тіркелді):
1) Шешімнің, сонымен қатар қосымшалардың мәтінінде "еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау" сөздері "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" сөздерімен және "облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халық әлеуметтік қорғау" сөзі "Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар" сөздерімен ауыстырылсын;
2) 3 тармақтың 1 тармақшасының - Төрт және одан да көп 18 жасқа дейінгі балалары бар көп аналарға тіс протездерін (аса құнды металдардан жасалған протездерден басқа) дайындау және жөндеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсету Тәртібінде:
8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Көп балалы аналарға біржолғы әлеуметтік көмек алты мың теңгеге дейін төленеді"
12 тармақтағы "облыстық бюджеттен" сөздері "жергілікті бюджеттен" сөздерімен ауыстырылсын;
3) 3 тармақтың 2 тармақшасының "Төрт және одан да көп 18 жасқа
дейінгі балалары бар көп балалы аналарға қала ішінде, сондай-ақ қала маңы мен аудан ішінде транспортта (таксиден басқа) жүруі үшін әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі" күші жойылды деп танылсын.
ІІІ сайланған облыстық мәслихаттың
Х сессиясының төрайымы
Облыстық мәслихаттың хатшысы