Аудандық көшіру комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімінің 2002 жылғы 6 қарашадағы N 321 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 11 желтоқсанда N 1017 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 23 хатымен

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімінің 2009.12.08 № 23 хатымен.
 
 
      "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы, "Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы және "Облыстық көшіру комиссиясын құру туралы" облыс Әкімінің шешіміне сәйкес және төтенше жағдайлар, сондай-ақ ерекше кезең туған шақта халықты, материалдық техникалық құнды заттарды дер кезінде және ұйымшылдықпен қауіпсіз жерге көшіру мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
       1. Аудандық көшіру комиссиясы құрылсын және мыналар бекітілсін:
      1) Аудандық көшіру комиссиясы туралы ереже (N 1 қосымша);
      2) Аудандық көшіру комиссиясының құрамы (N 2 қосымша);
      3) Аудандық көшіру комиссиясының құрылымы (N 3 қосымша).
       2. Аудандық көшіру комиссиясының бейбітшілік және соғыс кезінде көшіру жоспарларын әзірлеп, аудан Әкімінің бекітуіне тапсырсын.
       3. Ауыл Әкімдері өз шешімдерімен ауылдық көшіру комиссияларын құрсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан Әкімі орынбасары міндетін атқарушы Б. Тәттібековке жүктелсін.
      
      
      Аудан Әкімі

Абай ауданы Әкімінің
2002 жылғы 6 қарашадағы
N 321 шешіміне
      N 1 қосымша

  Аудандық көшіру комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ереже

      1. Аудандық көшіру комиссиясы (ары қарай АКК) жоспарлауды тікелей жүзеге асыру, жұмысшыларды, қызметшілерді шоғырландыру және қалған халықты ауданның санатталған ауылдарынан, ерекше маңызды объектілері бар елді мекендерден және төтенше жағдайлар аймағынан көшіру жөніндегі шараларды жүргізуге арналған. Ауданның ауылдарының көшіру органдарымен тұрақты ынтымақтаса қимылдауды қамтамасыз етеді және олардың жұмысына бақылау жасайды. АКК өзінің іс-қимылдары мен практикалық жұмысына аудандық Азаматтық қорғаныс бастығына бағынады.
      2. Өзінің практикалық жұмысында аудандық көшіру комиссиясы Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі төрағасының, аудандық Азаматтық қорғаныс бастығының бұйрықтары мен директиваларын және осы ережені басшылыққа алады.

              2. Аудандық көшіру комиссиясының міндеттері

      3. Күнделікті дайындық кезінде АКК жоспарларын әзірлеумен және анықтаумен, АҚ және ТЖ төтенше жағдайларға және соғыс кезі жағдайына арналған жоспарларында көзделген шараларды өрістету және жүргізу жөніндегі үйлесті іс-қимылдарды пысықтаумен шұғылданады, бұл үшін ол мыналарға міндетті:
      1) қорытынды мәліметтерді әзірлеуге және жұмысшыларды, қызметшілерді және қалған халықты төтенше жағдайлар орындарынан, санатталған қалалар мен ерекше маңызды (ЕМ) объектілері бар елді мекендерден көшіру мен шоғырландыру жоспарын көшіру шараларының жоспарын есептердің тиісті қосымшаларымен бірге әзірлеуге белсенді қатысуға;
      2) көшіру шараларының мақсаттары үшін қатыстырылатын автомобиль және басқа көлік түрлерінің жағдайын, автомобиль колонналарының жүргізушілер құрамымен және техникамен толықтыруын тұрақты бақылауға, жетіспейтін жүргізушілер құрамын дайындауға шаралар қолдануға;
      3) көшірілетін халықты және материалдық құнды заттарды тасу үшін іске қосылатын автоколонналардың, теміржол құрамдарының дайындығына бақылау жасауға. Көлік ұйымдары басшыларының көлік құралдарының жағдайы туралы есептерін өз отырыстарында тыңдауға;
      4) автомобиль жолдарының, жаяу колонналардың қозғалыс бағыттарының жағдайын зерттеуге және білуге, олардың автомобиль көлігінің және жаяу колонналардың жылдың қай кезінде болсын жылжуын қамтамасыз ету жөніндегі дайындығына шаралар қолдануға;
      5) АҚ және ТЖ аудандық қызметтерінің, ауылдардың АКК қатысты мәселелер бойынша жоспарларын анықтауға және түзетулер енгізуге;
      6) көшіру шараларының жағдайы, оларды бағынышты көшіру органдарында орындауды қамтамасыз ету мәселелерін қарай отырып, жұмысты жоспар бойынша жүргізуге (АКК жоспары ағымдағы жылға әр жартыжылдыққа жасалады және 2-3 отырыс өткізіледі);
      7) аудандық көшіру комиссиясының жеке құрамымен сабақтарды тұрақты жүргізуге, функционалды міндеттерді, олардың жұмысына қатысты құжаттарды және оларды бөлшекті әзірлеуді берік білулерін қамтамасыз етуге, командалық - штабтық үйренулерге және штабтық жаттығуларға белсенді қатысуға;
      8) аудан ауылдарының көшіру шаралары жоспарын үзбей қарап отыруға, өз отырыстарында лауазымды адамдардың есептерін тыңдауға;
      4. Төтенше жағдайлар туу қаупі болғанда немесе туған кезде:
      1) АКК жеке құрамын жинауды жүзеге асырады;
      2) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі Ведомствоаралық аудандық комиссия төрағасынан міндеттер алады және оны АКК жеке құрамына жеткізеді;
      3) ауданның төтенше жағдайлар туған көшіру органдарына уақытша көшіруді жүргізуге өкімді жеткізеді;
      4) төтенше жағдайлар аймағынан уақытша көшіру туралы халыққа құлақтандырады;
      5) көлікті әзірленген уақытша кесте бойынша отыру пункттеріне дер кезінде беруге бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
      6) халықты төтенше жағдайлар аймағынан әзірленген жоспарларға сәйкес көшіруге, оны қауіпсіз аймаққа орналастыруға және барлық күнкөріске қажетті нәрселермен қамтамасыз етуге бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
      7) көшіру шараларының барысы туралы мәліметтерді дер кезінде жинайды, оларды қорытындылайды және жоғарыда тұрған органдарға есеп береді және хабарлайды.
      Көшіру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтан тыс жерге тасымалдау (шығару) уақыты оның аяқталғаны болып саналады.
      5. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығының ерекше өкімімен іске асырылатын бірінші кезекті шараларды жүргізу кезінде Азаматтық қорғаныстың жалпы әзірлігін енгізуге дейін оларды топтар бойынша толық немесе жеке шаралармен (бөлу тәртібімен) жасырын жүргізуге дайын болады.
      5.1. Топтың бірінші кезекті міндеттері:
      1) АКК басшы құрамын жинауды жүзеге асыру;
      2) аудандық азаматтық қорғаныс бастығынан тапсырмалар алу және оларды АКК басшы құрамына жеткізу, жағдайға байланысты олардың алдына міндеттер қою; 
      3) АКК басшы қызметкерлерінің арасынан тәулік бойы кезекшілік және тұрақты орналастыру орнын ұйымдастыру; 
      4) басқару, құлақтандыру және ауылдық көшіру және көшірілушілерді қабылдау комиссиялары мен, көлік ұйымдарымен байланыс жүйелерінің әзірлігін тексеру;
      5) халықты көшіру жоспары, көшіру шараларын жүргізуді қамтамасыз ету есептерін, көшірілетін халықты ауылдан тыс аймақта орналастыру жоспарын, көшірілетін халықты жан-жақты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды анықтау;
      6) АКК соғыс кезіне арналған күнтізбелік жұмыс жоспарын анықтау, басшы құрамның функционалды міндеттерін білу және жеке жұмыс жоспарының бар екендігін тексеру;
      7) көлік құралдарының жағдайын, олардың жүргізушілер құрамымен толықтыруын тексеру;
      8) жинау көшіру пункттеріне (ҚКП), стансаларына (отырғызу пункттеріне) жақын орналасқан биылғы жылдың жоспары бойынша салынып жатқан қорғаныс құрылыстарын жедел іске қосу жөніндегі жұмысты орындау мерзімін анықтау;
      9) көшіру кезеңдерінде халық үшін қарапайым паналау орнының жағдайын тексеру;
      10) құнды заттарды тасып шығару есептерін анықтау.
      5.2 II топтың бірінші кезекті шаралары:
      1) АКК басшы құрамын жұмыстың тәулік бойғы режиміне көшіру;
      2) басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерін толық дайындыққа келтіру;
      3) ауданның ауылдарын көшіру органдарын, көлік құралдарын, көшіру маршруттарын өрістетуге әзірлікке келтіру;
      4) көшіру шараларын басқару үшін басқару пунктін алу;
      5) АКК басшы құрамы үшін жеке қорғаныс құралдарын, оның ішінде медициналық құралдарды алуды қамтамасыз ету;
      6) әскери командование органдарымен бірге көшіру шараларын жүргізу үшін көлік құралдары мен коммуникацияларды пайдалану тәртібін анықтау;
      7) ауданның ауылдары бойынша көшіру шараларының жоспарларын, есептерін, көшірілетін халықты ауылдан тыс аймақта орналастыру жоспарлары мен есептерін, материалдық құнды заттарды тасып шығару есептерін, АҚ қызметтерінің, басқармалардың көшіру шараларын орындауға және көшіру кезеңдерінде көшірілетін халықты жан-жақты қамтамасыз етуге дайындығын анықтау.
      6. АҚ жалпы дайындығын іске қосумен:
      1) АКК жеке құрамын жинауды жүзеге асыру;
      2) АКК жеке құрамына жеке қорғаныс құралдарын, оның ішін медициналық құралдарды алуды қамтамасыз ету;
      3) көшіру, көшірілетін халықты қабылдау және ауылдан тыс аймаққа орналастыру жоспарларының есептерін анықтау, көшіруді өткізу мерзімдерін қысқарту мақсатында көшіру шараларын өткізу мүмкіндіктерінің варианттарын түзету;
      4) басқару, байланыс және көшіруді жүргізудің басталғаны туралы халықты құлақтандыру жүйесінің әзірлігін, көшіру шараларын жүргізу кезінде халыққа үндеу арнау, хабарландыру, өкім ету және тәртіп ережесін сақтау үшін бұқаралық ақпараттың техникалық құралдарының әзірлігін анықтау;
      5) халық үшін баспана, олардың тығылу орындарының әзірлігін анықтау, ауданның ауылдарында қарапайым жабдықтары бар жетіспейтін баспаналарды жедел салуды бастау, радиацияға қарсы баспана үшін үйлердің подвалдарын және басқаларын қосымша жабдықтау;
      6) медициналық мекемелерді, медициналық мүліктерді ауылдан тыс аймаққа көшірудің, азық-түлік, өнеркәсіп тауарларын, жанар-жағар май материалдарын, теңдесі жоқ құндылықтарды, қазіргі және мұрағаттық құжаттарды ауданның ауылдарынан тасып шығаруға әзірлікті анықтау;
      7) III топ халқын елді мекендерден алдын ала тасымалдауға әзірлік жүргізілуі және дайын болу; 
      8) аудандық азаматтық қорғаныс бастығына азаматтық қорғаныстың жалпы әзірлігін енгізу кезеңіне міндеттердің орындалу барысы туралы баяндау.
      Азаматтық қорғаныстың жалпы әзірлігінің негізгі шаралары 1 тәуліктен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
      7. III топ халқын санатталған елді мекендерден алдын ала (ішінара немесе жалпы) көшіруді жүргізуге өкім алысымен көшірілетін халықты тасымалдау, шығару жаттығу, сауықтыру шаралары, ауылшаруашылығының жұмыстары және басқа шаралар түрінде алдын ала жасалған көшіру шараларының жоспары бойынша жасырын жүргізіліп, көшірудің жалпы жоспарында көзделген орналастыру орындарына жүзеге асырылады.
      Көшірілетін халықты алдын ала тасымалдауды, шығаруды тікелей Азаматтық қорғаныс бастықтары ауылдардың комиссияларының төрағаларын, халқын көшіруге жоспарланған ұйымдардың, мекемелердің басшыларын, осы мақсаттарға көлік бөлетін көлік ұйымдарының өкілдерін, сондай ақ қоғамдық тәртіпті қорғау өкілдерін міндетті түрде қатыстырып жүзеге асырады.
      Жоспарланған автокөлік әзірленген отыру орындарының кестесі бойынша көшірілетін халқы алдын ала тасымалданатын ұйымдар, мекемелер орналасқан жерлерге тікелей жіберіледі. Темір жол көлігі отыру стансаларына берілді.
      8. Жұмысшыларды, қызметшілерді шоғырландыру, қалған халықты көшіру туралы өкім алысымен:
      1) жұмысшыларды, қызметшілерді шоғырландыру, қалған халықты Азаматтық қорғаныстың тиісті жоспарларына сәйкес күшті бүліншілік болу мүмкін аймақтарда орналасқан санатталған елді мекендерден көшіруге тікелей басшылықты қамтамасыз етуге;
      2) көшіру шараларын жүргізуге өкім алысымен оны облыс қалалары мен аудандарының көшіру органдарына жеткізуге;
      3) аудан халқын көшіру шараларын өткізу басталғаны туралы құлақтандыруға, бұл үшін техникалық байланыстың барлық құралдарын пайдалануға;
      4) Азаматтық қорғаныс бастығының халыққа үндеуін радио арқылы беруді қамтамасыз етуге, көшіру шараларын жүргізуге өкім алысымен және көшіру аяқталғанға дейін оны әрбір 2 сағат сайын ауық-ауық беріп отыруға;
      5) автоколонналарды, теміржол эшелондарын Азаматтық қорғаныс бойынша әзірленген көшіру шараларының кестелері бойынша пункттер мен стансаларға дер кезінде беруге тұрақты бақылауды қамтамасыз етуге;
      6) көшірілетін халықты ауылдан тыс аймақта қабылдауға, орналастыруға бақылау жасауды қамтамасыз етуге;
      7) барлық деңгейдегі көшіру органдарының жұмысына тікелей басшылық пен бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      8) көшірілетін халықты күн көру және өндірістік жұмыспен шұғылдану үшін қажеттіліктің бәрімен жан-жақты қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      9) жаяу колонналарды көшірудің шығыс пункттерінен дер кезінде шығаруға, олардың ұйымшылдықпен көшіру бағыттары бойынша жылжуына Азаматтық қорғаныстың әзірленген жоспарларына сәйкес аралық көшіру пункттеріне келуіне бақылау жасауды қамтамасыз етуге;
      10) материалдық құндылықтарды ауылдан тыс аймаққа дер кезінде шығаруға бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      11) әскери комиссариаттармен тұрақты байланыс жасауға, жұмылдыру жұмыстарынан босатылатын көлік құралдарын пайдалану жөнінде олармен ынтымақтаса қимылдауды жүзеге асыруға, бұл көліктерді көшіру мақсаттары үшін пайдалануға, өз отырыстарында лауазымды адамдардың есептерін тыңдауға;
      12) көшіру шараларын жүргізудің барысы туралы мәліметтерді дер кезінде жинауға, оларды қорытып, жоғары орындарға есеп беруге, хабарлауға;
      13) көшіру шараларын жүргізу барысындағы кемшіліктерді жою жөнінде қажетті өкімдер беруге;
      14) аудан ауылдары барлық көшіру органдарының аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы АҚ аудандық қызметкері, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы көшіру шараларының жоспарларын орындауы және көлік құралдарын пайдалану мәселелері бойынша тығыз ынтымақтаса жұмыс істеуін жүзеге асыруға;
      15) көшіру шаралары өкім (сигналдан) кейін 4 сағаттан кешіктірілмей басталады және аудандық АҚ жоспарымен белгіленген 16 сағаттан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
      9. Көшіру аяқталған соң.
      Жұмысшылар мен қызметшілерді шоғырландыруды және қалған халықты санатталған ауылдар мен елді мекендерден, күшті бүліншілік болуы мүмкін пункттерден, аймақтардан көшіруді жүргізуді аяқтау деп елді мекендерде осы уақытта объектілерде жұмысты жалғастырушы (жұмыс істеуші ауысым) жұмысшылары мен қызметшілердің қалуына қарамастан жаяу колонналарды, автомобиль колонналарын шығаруды санау.
      Көшіру шараларын аяқтаудан соң комиссия міндетті:
      1) көшірілген халықты ауылдан тыс аймақта орналастыруға және оларды жан-жақты қамтамасыз ету үшін бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      2) көшірілген халықты түсірілген жерлерден және аралық көшіру пункттерінен ауылдан тыс аймақта орналастыруға тасымалдауды және шығаруды қамтамасыз етуге, бұл үшін аудан ауылдарының көшіру шараларынан босатылған көлік құралдарын, сондай ақ селолық ауылдардың автокөлігін, тіркемелі тракторларды, жүк көлігін пайдалануға;
      3) материалдық құндылықтарды тасып шығаруға, оларды ауылдан тыс аймақта орналастыруға және сақталуын қамтамасыз етуге бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      4) аудан ауылдары шаруашылық кешені объектілерін, тұрғын үй қорын, көшірілетін халықтың мүлкін қорғауды ұйымдастыруға бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      5) соғыс кезінде жұмысты жалғастырушы кәсіпорындардың ауысым жұмысшыларын АҚ жоспарларына сәйкес тасымалдауды ұйымдастыруға бақылау жасауды жүзеге асыруға.

      Аппарат басшысы

Абай ауданы Әкімінің
2002 жылғы 6 қарашадағы
N 321 шешіміне
      N 2 қосымша

 Аудандық көшіру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

N р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Атқаратын қызметі

Телефондар

Қызмет

Үйдікі

1.

Сүлеймен Ержан Әшімұлы

Аудан Әкімінің орынбасары, аудандық көшіру комиссиясының төрағасы

9-18-55

9-25-55

2.

Тәттібеков Бауыржан Болатұлы

Аудан Әкімінің орынбасары, міндетін атқарушы

9-22-67

9-21-44

3.

Нұрғаламов Нұржан Абдахметұлы

Экономика бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы

9-12-98

9-13-06

Комиссия мүшелері

4.

Жакашев Мұрат

Аудандық әскери комиссариаттың бастығы

9-12-58

9-12-08

5.

Сұмағұлова Клара

Аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы

9-15-65

-

6.

Сапаралина Майра

Білім бөлімінің бас маман

9-11-22

9-16-95

7.

Тәтиева Сағдат Әбікенқызы

Аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі

9-15-05

9-22-25

8.

Құлекенов Қалибек

N 49 өрт бөлімінің бастығы 

9-12-35

9-11-26

9.

Мамырбаева Қанымкүл /өз келісімімен/

"Қазақтелеком" ААҚ аудандық бөлімшесінің бастығы

9-17-75


10.

Асхатов Айдар Асқатұлы

Қаржы бөлімінің меңгерушісі

9-11-56

9-15-89

11.

Лаубаев Ерсін

Ішкі істер бөлімінің аға инспекторы

9-14-44

9-23-10

12.

Сүлейменова Клара Әшімқызы

Статистика бөлімінің бас маманы

9-15-53

9-12-45

13.

Оразалин Елдар Каменұлы

Мәдениет бөлімінің меңгерушісі

9-18-54

9-13-49

14.

Нүрпейсов Сайлау

Мәдениет үй директоры

9-18-54

9-16-19

15.

Қасымжанов Қуат Санақбекұлы

Қазынашылық бөлімінің меңгерушісі

9-11-83

9-15-62

16.

Шөкенқызы Сәния

Әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы

9-16-16

9-22-18

17.

Тлеумбердин Талғат

Ішкі істер бөлімінің орынбасары

9-23-51

9-14-54

18.

Ғылымбаев Сапар

Ішкі істер бөлімінің көші қон бастығы

-

9-15-48

       
      
      Аппарат басшысы

Абай ауданы Әкімінің
2002 жылғы 6 қараша
N 321 шешіміне
      N 3 қосымша

 Аудандық көшіру комиссиясының құрылымы мен
құрылымдық бөлімшелерінің құрамы

N р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Жұмыс орны және лауазымы

Топ мүшесінің міндеттері

Телефондары

Қызметтік

Үйдікі

Халықтың көшірілуін есепке алу және ақпарат тобы

1.

Берлешов Құсман Ғимранұлы

Жұмыспен қамту орталығының меңгерушісі

Топ бастығы

9-16-56

9-25-15

2.

СүлейменоваКлара Әшімқызы

Статистика бөлімінің бас маманы

Топ бастығының орынбасары

9-15-53

9-12-45

Топ мүшелері

3.

Әлімжанов Ғизат Сакенұлы

Білім бөлімінің орынбасары

Оқушыларды және мектеп жасына дейінгі мекемелер, интернаттар балаларын көшіруге бақылау жасау

9-11-22

9-12-12

4.

Ғылымбаев Сапар

Паспорт беру бөлімінің бастығы

Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды көшіруге бақылау



5.

Смағұлова Клара

Аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы

Ауыр сырқаттардың, мед мекемелердің көшірілуіне, көшірілентіндердің тұратын орындарының санитарлық жағдайына және мед.қызметпен қамтылуына бақылау жасау

9-15-65

-

6.

Шөкенқызы Сәния

Әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы

Зейнеткер- жалғыз бастылардың мүгедектер үйлеріне және қарттардың көшірілуіне бақылау жасау

9-16-16

9-22-78

7.

Құлекенов Қуан

Телеком маманы

Ақпарат және Құлақтандыру тобы

9-18-78

9-25-00

Халықты қауіпсіз аймақта орналастыруды ұйымдастыру тобы

1.

Рахимов Базар Баянұлы

Коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс бөлімінің меңгерушісі

Топ бастығы

9-13-06

9-16-99

2.

Орынбаева Қарлығаш Байботақызы

Қаржы бөлімінің бас маманы

Топ бастығының орынбасары

9-13-61

9-22-47

Топ мүшелері

3.

ТлеумберлинТалғат

Ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары

Келетін халықтың есебін жүргізу және бақылау жасау

9-23-51

9-14-54

4.

Махат Ерсен

Коммуналдық  шаруашылық, көлік және байланыс бөлімінің бас маманы

Көшірілетін халықтың орналастырылуына бақылау жасау

9-13-04

9-22-48

5.

Әбілов Аман

Аудан Әкімі аппараты маманы

Мекемелердің орналастыры- луына бақылау жасау

9-12-44

9-19-06

6.

Нұрғаламов Нұржан

Экономика бөлімінің бас маманы

Азық-түлікпен қамтамасыз етуге, тамақтануға бақылау жасау

9-12-98

9-13-06

Көлікпен қамтамасыз ету тобы

1.

ЖақсылықоваГүлжан

Коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс бөлімінің жетекші маманы

Топ бастығы

9-13-04

-

Топ мүшелері

2.

Ахмет Марат

"Қарауыл ауыз су" МКК директоры

Сумен қамтамасыз етуге бақылау жасау

9-14-51

9-16-29

3.

ДінсіләлұлыНысанбек   /өз келісімімен/

АЗС "Нысанбек"

Жанар -  жағармай қамтамасыз ету



4.

Жакеев Ержан

Ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары

Автоколоналардың қозғалыс қауіпсіздігіне бақылау жасау

9-14-44

-

Азық-түлік қорлары мен материалдық құндылықтардың көшірілгенін есепке алу тобы

1.

Махмет Совет

Мұрағат бөлімінің бастығы

Топ бастығы

9-17-93

9-11-88

2.

Оразалы Елдар Каменұлы

Мәдениет бөлімінің меңгерушісі

Топ бастығының орынбасары

9-18-54 

9-13-49

Топ мүшелері

3.

Нүрпейсов Сайлау

Мәдениет үйі директоры

Көркем құндылықтардың әкетілуіне бақылау жасау

9-18-54

9-16-19

4.

Қасымжан Қуат Сақбекұлы

Қазыналық бөлімінің меңгерушісі

Банк құндылықтарының әкетілуіне бақылау жасау

9-11-83

9-15-62

5.

Қасымжан Дулат Сақбекұлы

Ауылшаруашылық бөлімінің жетекші маманы

Бағалы жабдықтың әкетілуіне бақылау жасау

9-16-60

9-21-31

       
      
      Аппарат басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады