Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң Тіркеу қызметі комитетінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 84 бұйрығымен.
-------------Бұйрықтан үзінді----------------
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын.
...
5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 01 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2111 нөмiрiмен тiркелген) бұйрығы
2. Осы бұйрық қол қойған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тіркеу қызметі комитеті
Төрағасының м.а.
-----------------------------
"Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетi төрағасының "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 23 сәуiрдегi N 66 бұйрығына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетi төрағасының 1999 жылғы 23 сәуiрдегi N 66 бұйрығымен бекiтiлген Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу ережесiнде (бұдан әрi - Ереже):
Ереженiң 7-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдар мен өкiлдiктердiң) саяси партия мүшелерiнiң қажеттi саны бар екендiгiн растайтын құжаттарын берудi талап етуге немесе оларға қол жеткiзуге тiркеушi органдардың құқығы бар.
Заңды тұлғаларды тiркеу немесе қайта тiркеу үшiн ұсынылатын құжаттарды тексеру кезiнде тiркеушi орган орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, соның iшiнде құқық қорғау және бақылаушы органдармен, сондай-ақ лауазымды тұлғалармен де өзара iс-қимыл жасайды.";
Ереженiң 1 Қосымшасының 10-тармағындағы Ескертпенiң 1-тармағының 3-абзацы алып тасталсын;
Ереженiң 1 Қосымшасының 10-тармағындағы Ескертпенiң 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"партия мүшесiнiң әрқайсысының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған айы мен жылын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрiн, тұрған жерiнiң мекен-жайын көрсете отырып, барлық облыстардағы, республикалық мәнi бар қаладағы және елордадағы әрбiр құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдармен өкiлдiктерiнiң ) кемiнде жетi жүз мүшесi бар, құрамында кемiнде елу мың партия мүшесi бар партия мүшелерiнiң тiзiмi.".
2. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Төраға