Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң Тіркеу қызметі комитетінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 84 бұйрығымен.
-------------Бұйрықтан үзінді----------------
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тіркеу қызметі комитеті
Төрағасының м.а.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Тіркеу қызметі комитетінің
2007 жылғы 25 шілдедегі
N 84 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Тіркеу қызметі комитеті төрағасының күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi
...
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66 "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің Ережесі туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 768 нөмiрiмен тiркелген) бұйрығы...
-----------------------------
Ескерту: Бұйрықтың атауында, кіріспесінде, бұйрықтың бірінші абзацында "тіркеудің" деген сөзден кейін "және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің" деген сөздермен толықтырылды және кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын
орындау үшін бұйырамын:
Қоса беріліп отырған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің Ережесі бекітілсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі Тіркеу
қызметі комитеті Төрағасының
1999 жылғы 23 сәуірдегі N 66
бұйрығымен бекітілді
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің
Ережесі
Ескерту: Ереженің атауына толықтыру енгізілді, мәтіндегі "заңдарына" деген сөз тиісінше "Қазақстан Республикасының заң актілеріне" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
1. Жалпы жағдайлар
1. Осы Ереже республика аумағында орналасқан құрылатын, қайта құрылатын және таратылатын заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркеуi, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң есептiк тiркеуi бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң Тiркеу қызметi Комитетi мен аумақтық органдарының (бұдан әрi - тiркеушi органдар) әрекетiн реттейдi.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті Төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
2. Мемлекеттiк тiркеу субъектiлерге заңды тұлға мәртебесiн беру тәсiлi болып табылады. Заңды тұлға туралы деректердi заңды тұлғалардың регистрiне енгiзу және әдiлет органдары беретiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк субъектiнiң заңды тұлға құқықтарын иемденгенiнiң ресми айғағы болып табылады.
3. Тiркеу барысында заңды тұлға құрудың, филиалдың немесе өкiлдiгiнiң ашылуының жөндiлiгi назарға алынбайды, бақылауды жүзеге асыру және оның өндiрiстiк-шаруашылық және қаржылық қызметiне араласу мақсаты көзделiнбейдi.
4. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:
заңды тұлғаны құру, қайта ұйымдастыру және тоқтату, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктерді құру және тоқтату фактісін растау;
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және өзінің қызметін тоқтатқан заңды тұлғалар, сондай-ақ құрылған және өзінің қызметін тоқтатқан филиалдар мен өкілдіктерді есепке алу;
заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу;
заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері туралы ақпаратты (қызмет немесе коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпаратты қоспағанда) монополияға қарсы орган белгілеген тарифтер бойынша өткізу мақсатында жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ өзгертілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000 жылғы 11 сәуірдегі N 61 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
5. Тiркеушi органдар құрылған, қайта құрылған және таратылған заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы деректерге ие заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн (бұдан әрi - Регистр) филиалдары мен өкiлдiктердiң реестрiн (бұдан әрi - Реестр) жүргiзедi.
Регистр және Реестр жүргiзу тәртiбiн заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн және филиалдары мен өкiлдiктерiнiң реестрiн жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқаулық анықтайды.
Тiркеушi органдар бiрыңғай әдiстемелiк және бағдарламалық-технологиялық қағидаларға негiзделген бiрыңғай деректер банкiн жүзеге асырады. Тiркеу қызметi Комитетi құрылған, қайта құрылған және таратылатын заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы тiркеушi органдардан модемдi байланыс арқылы, қажет болған кезде қағазда немесе электронды қондырғыда (дискеталарда) алынған деректер негiзiнде бiрыңғай электронды деректер банкiн қалыптастыруды жүзеге асырады. Аймақтық электронды деректер банкiн жергiлiктi тiркеушi органдар қалыптастырады.
Ескерту. 5-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000 жылғы 11 сәуірдегі N 61 бұйрығымен .
6. Құрылған, қайта құрылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкiлдiктердiң мемлекеттiк тiркеуден өткенi үшiн жинақ қаржысына төлем төлеуi мен аудару тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдары бойынша реттеледi.
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi
7. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуіне - мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттарының Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкестiгiн тексеру, тiркеу нөмiрiн бере отырып оларға белгiлi бiр үлгiдегi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi беру, Регистрге заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi енгiзу жатады.
Саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдар мен өкiлдiктердiң) саяси партия мүшелерiнiң қажеттi саны бар екендiгiн растайтын құжаттарын берудi талап етуге немесе оларға қол жеткiзуге тiркеушi органдардың құқығы бар.
Заңды тұлғаларды тiркеу немесе қайта тiркеу үшiн ұсынылатын құжаттарды тексеру кезiнде тiркеушi орган орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, соның iшiнде құқық қорғау және бақылаушы органдармен, сондай-ақ лауазымды тұлғалармен де өзара iс-қимыл жасайды.
Ескерту. 7-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2002 жылғы 7 қаңтардағы N 1 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
8. Республика аймағында құрылатын барлық заңды тұлғаларға олардың құрылу мақсаттарына, олардың әрекетiнiң жайы мен түрiне, қатысушылардың (мүшелердің) құрамына қарамастан мемлекеттiк тiркеу мiндеттi болып табылады.
Заңды тұлға қайта құрудың мынадай жағдайларында тiркеуге жатады.
Өзгеру барысында заңды тұлға өзiнiң түрiн (ұйымдастыру-құқықтық нысаны) өзгертедi. Өзгеру арқылы қайта құрылатын заңды тұлға тiркеуден өтедi, бұл жағдайда тiркеушi органға өткiзу құжаты ұсынылады. Өз әрекетiн тоқтатқан (өзгерген) ұйым заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiнен шығарылуға тиiс, ол туралы жаңадан құрылған заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуi туралы бұйрықта көрсетiледi. Бұл жағдайда өз әрекетiн тоқтатқан заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнiң түпнұсқалары алынады.
Қосу барысында бiр және бiрнеше заңды тұлғалар таратылып, өткiзу құжатына сәйкес қосылған заңды тұлғалардың мiндеттерi мен құқықтарын иемденетiн заңды тұлғаның iрiленуi жүзеге асады. Қосылған заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрден шығарылуға тиiс, бұл туралы мемлекеттiк қайта тiркеу туралы бұйрықта бiрден көрсетiледi. Егер қосылу нәтижесiнде заңды тұлға қайта тiркеуге тиiстi болмаса, онда тiркеушi орган қосылу туралы шешiм мен беру актiсiнiң негiзiнде қосылған заңды тұлғаларды бiрыңғай мемлекеттiк тiзбеден шығару туралы бұйрық шығарады. Бұл жағдайларда соңғылардың құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнің түпнұсқалары алынады. Бұйрықта қосылған заңды тұлғалардың және оларды қосып алған заңды тұлғаның толық атаулары көрсетiлуге тиiс.
Бөлу барысында заңды тұлға таратылып, оның базасында екi және одан да көп заңды тұлғалар құрылады. Жаңадан құрылған заңды тұлғалар әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс. Бөлiнетiн заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға берiледi. Өз әрекетiн тоқтатқан ұйым заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiнен шығарылуға тиiс, ол туралы жаңадан құрылған заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуi туралы бұйрықта бiрден көрсетiледi. Өз әрекетiн тоқтатқан заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгiнің түпнұсқалары тiркеушi органға өткiзiледi.
Бөлiп шығару барысында бiр заңды тұлғаның құрамынан бiр және бiрнеше заңды тұлғалар бөлiніп шығады. Бұл жағдайда алғашқы заңды тұлғаның әрекетi тоқтатылмайды, ал бөлiнiп шыққан (жаңадан пайда болған) заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуден өтедi. Қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi одан бөлiнiп шыққан әрбiр заңды тұлғаға бөлу балансына сәйкес берiледi.
Қайта ұйымдасу нәтижесiнде пайда болған заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi органдар осы заңды тұлғаны қайта ұйымдастырушы-қатысушыларға талап қою үшiн берiлген мерзiмнiң өтуiне қарай жүргiзедi.
Ескерту. 8-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
9. Заңды тұлғаны тiркеу үшiн мыналар:
белгiленген үлгiдегi мемлекеттiк тiркеу туралы арыз. Мемлекеттiк кәсіпорындар, мемлекеттiк мекемелер, мекемелер және мемлекеттің үлес қатысы бар шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi мемлекет қатысуымен заңды тұлға) мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң, мемлекеттiң үлес қатысы бар шаруашылық серiктестiктердiң Реестр ұстау қызметiн жүзеге асырушы өкiлеттi органның (бұдан әрi реестрұстаушы) белгi соққан арызы;
құрылтайшы және басқа да құжаттардың пакетi (құжаттардың тiзiмi 1 қосымшаға тiркеледi) ұсынылады.
10. Жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін тіркеуші орган:
ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын және олардың дұрыс құрастырылғанын, дайындалғанын және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкестігін тексереді;
құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес болған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрық шығарады (бұйрық жобасын заңды тұлғаның құжаттарын қарастырған тіркеу қызметінің маманы үш данада дайындайды және осы маман, сондай-ақ тіркеу бөлімінің бастығы қол қояды, содан соң тіркеуші органының бастығына немесе оның орынбасарына қол қоюға ұсынады);
Тіркелімге, сондай-ақ электрондық дерекқорға заңды тұлға туралы мәлімет енгізеді;
тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика органына заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені туралы хабарлама жібереді;
есеп журналына статистикалық карточканың алынған уақыты мен күнін тіркейді;
"Салық төлеушінің куәлігін тіркелген заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке беру үшін салық органының әділет органына жіберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 2 маусымдағы N 314 бұйрығымен бекітілген тізімдемесі бойынша салық органы жіберген салық төлеушінің куәлігін алады; (тізімдемеге салық органының және әділет органының жауапты орындаушысы қол қояды және әрбір қол қойған тараптардың бір бір данасы сақталады, сонымен қатар әділет органы алынған салық төлеушінің куәліктерін есепке алу журналына жазба енгізеді);
салық төлеушінің куәлігін алғаннан кейін заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының үшінші данасын және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені туралы бұйрықты салық органына береді, ол жөнінде тиісті жазба енгізіледі;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы белгіленген үлгідегі куәлікті, сондай-ақ салық төлеушінің куәлігін және статистикалық карточкасын береді;
құрылтай және басқа құжаттары бір данадан тұратын істі рәсімдейді, істі рәсімдеп болғаннан кейін (тиісті штамптар мен мөр қойылғаннан кейін) құрылтай құжаттарының түпнұсқасы құрылтайшыға немесе оның өкіліне қайтарылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
11. Жүргiзiлген тiркеуден кейiн тiркеушi орган:
Тiркеу қызметi Комитетiне модем байланысы бойынша, қажет болған кезде қағазбен немесе электронды тасымалдаушы (дискетада) арқылы тiркелген, қайта тiркелген және тараған заңды тұлғалар туралы ақпарат жолдайды;
10 күн iшiнде реестрұстаушыны мемлекеттiк тiркеуден өткен заңды тұлға туралы хабардар етедi.
Ескерту. 11-тармаққа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 16 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
4. Филиалдарды және өкiлдiктердi есептiк
тiркеу тәртiбi
12. Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан филиалдар (өкiлдiктер) заңды тұлға құқықтарын иемденусiз есептiк тiркеуге алынады.
Оларға өзiн құрған заңды тұлғаның мүлкi берiледi және заңды тұлға бекiткен ережелер негiзiнде әрекет етедi.
Филиалдардың (өкiлдiктердiң) есептiк тiркеуiне өзiне филиалдар (өкiлдiктер) туралы, есептік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкестiгiн тексеру, тiркеу нөмiрiн бере отырып оларға есептiк тiркеу туралы куәлiктi беру, филиалдар (өкiлдiктер) туралы, есептік тіркеуге ұсынылған мәлiметтi Реестрге енгiзу кiредi.
Ескерту. 12-тармаққа өзгертулер, толықтырулар енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 16 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
13. Филиал (өкiлдiк) туралы ережеде мыналар анықталады:
филиалдың (өкiлдiктiң) атауы және тұрған жерi;
филиалды (өкiлдiктi) құрған заңды тұлғаның атауы және тұрған жерi;
филиалдың (өкiлдiктiң) қызмет мерзiмi;
филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң мақсаты;
филиалдары (өкiлдiктерi) қызметiнiң пәнi;
филиалды (өкiлдiктi) басқару және филиал (өкілдік) басшысының құзыреті;
филиалды (өкiлдiктi) тоқтатудың шарты;
қызметінің мәні, филиал (өкілдік) құратын заңды тұлғаны тіркеу туралы деректер.
Ережеде заңға қайшы келмейтiн басқа да мәлiметтер болуы мүмкiн. Филиал (өкiлдiк) туралы ереже заңды тұлғаның өкiлеттi органымен бекiтiледi, заңды тұлғаның мөрi басылады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгертулер, толықтырулар енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
14. Филиалды (өкiлдiктi) тiркеу үшiн мыналар:
белгiленген үлгiдегi филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу туралы арыз;
филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу үшiн қажеттi белгiленген үлгiде толтырылған құжаттардың пакетi ұсынылады (4 қосымша).
15. Жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін тіркеуші орган:
ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын және олардың дұрыс құрастырылғанын, дайындалғанын және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкестігін тексереді;
құжаттары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес болған жағдайда филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы бұйрық шығарады (бұйрық жобасын филиалдың (өкілдіктің) құжаттарын қарастырған тіркеу қызметінің маманы үш данада дайындайды және осы маман, сонымен қатар тіркеу бөлімінің бастығы қол қояды, содан соң тіркеуші органының бастығына немесе оның орынбасарына қол қоюға ұсынады);
Тізілімге, сондай-ақ электрондық дерекқорға филиал (өкілдік) туралы мәлімет енгізеді;
тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика органына филиалды (өкілдікті) есептік тіркегені туралы хабарлама жібереді;
есеп журналында статистикалық карточканың алынған уақыты мен күнін тіркейді;
салық органы "Салық төлеушінің куәлігін тіркелген заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке беру үшін салық органының әділет органына жіберу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 2 маусымдағы N 314 бұйрығымен бекіткен, тізімдемесі бойынша жіберген салық төлеушінің куәлігін алады; (тізімдемеге салық органының және әділет органының жауапты орындаушылары қол қояды және әрбір қол қойған тараптардың бір бір данасы сақталады, сонымен қатар, әділет органы алынған салық төлеушінің куәлігін есепке алу журналына жазба енгізеді);
салық төлеушінің куәлігін алғаннан кейін филиалдың (өкілдіктің) құжаттарының үшінші данасын салық органына береді;
филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы белгіленген үлгідегі куәлікті, сондай-ақ салық төлеушінің куәлігін және статистикалық карточкасын береді;
бір данадан тұратын ережелер істерін ресімдейді, істі ресімдеп болғаннан кейін (тиісті штамптар мен мөр қойылғаннан кейін) ережелерінің түпнұсқасы басшысына немесе оның өкіліне қайтарылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
16. Аумақтық тiркеушi органдар Тiркеу қызметi Комитетiне тiркелген, қайта тiркелген және тараған филиалдар (өкiлдiктер) туралы мәлiметтердi модем байланысы бойынша, қажет болса қағазбен немесе дискета арқылы жолдауға мiндеттi.
Ескерту. 16-тармаққа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 16 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
17. Заңды тұлға келесi жағдайда:
1) жарғылық капитал мөлшерi азайғанда;
2) атауы өзгергенде;
3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың (саны жүз және одан да көп қатысушылары бар шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда) құрамы өзгергенде қайта тiркеуден өтуге тиiс.
Өкiлеттi орган шешiмi қабылданған сәттен бастап бiр айдың iшiнде заңды тұлға тiркеушi органға қажеттi құжаттар пакетiмен қоса ұсына отырып қайта тiркеу туралы арыз беруге мiндеттi.
Қатысушылар құрамының өзгеруi, атауының өзгеруi немесе жарғылық капиталының азаюы негiзiнде заңды тұлғаның қайта тiркеуi қайта құрудың келесi жағдайларында болуы мүмкiн.
Қосу барысында бiр және бiрнеше заңды тұлғалар таратылып, өткiзу қажетiне сәйкес қосылған заңды тұлғалардың мiндеттерi мен құқықтарын иемденетiн бiр заңды тұлғаның iрiленуi жүзеге асады. Қосылған заңды тұлғалар Регистрден шығарылуға тиiс, бұл туралы мемлекеттiк қайта тiркеу туралы бұйрықта бiрден көрсетiледi. Егер қосылу нәтижесiнде заңды тұлға қайта тiркеуге тиiстi болмаса, онда қосылатын заңды тұлғаның тiркелуiн (қайта тiркелуiн) тiркеудi жүзеге асырған тiркеушi орган қосылу туралы шешiмi мен беру актiсiнiң негiзiнде қосылған заңды тұлғаларды Регистрден шығару туралы бұйрық шығарады. Тiркеушi органға кредиторларды хабардар ету тәсiлi, сондай-ақ заңды тұлғаның қайта құрылуы туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылған күнi мен нөмiрi көрсетiлген еркiн түрдегi жазбаша өтiнiш берiледi. Егер қайта құру нәтижесiнде қосып алушы заңды тұлға қайта тiркеуге жатса, онда қосылатын заңды тұлғаны Регистрден шығаруды қайта тiркеуге құжаттар пакетi тапсырылған тiркеушi орган жүзеге асыра алады. Осы жағдайда заңды тұлғаны қайта тiркеу және қосылған заңды тұлғаны Регистрден шығару туралы бұйрықтың көшiрмесi бұрынғы тiркеушi органға жiберiлуi тиiс. Бұл жағдайларда соңғылардың құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiгінiң түпнұсқалары алынады. Регистрден шығару заңды тұлғаның қызметiнiң тоқтатылғаны туралы жазба бойынша жүргiзiледi. Бұйрықта қосылған заңды тұлғалардың және оларды қосып алған заңды тұлғаның толық атаулары көрсетiлуге тиiс.
Бөлiп шығару барысында бiр заңды тұлғаның құрамынан бiр және бiрнеше заңды тұлғалар бөлiнiп шығады. Бұл жағдайда алғашқы заңды тұлғаның әрекетi тоқтатылмайды, ал бөлiнiп шыққан (жаңадан пайда болған) заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуден өтедi. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 42 бабы 6 тармағында көрсетiлген негiздер бар болған жағдайда алғашқы заңды тұлға қайта тiркеледi. Қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен мiндеттерi бөлiнген әрбiр заңды тұлғаға бөлу балансына сәйкес берiледi.
Ұйымдардың кейбiр түрлерінің қайта құруы заңдар қарастыратын ерекшелiктердi есепке ала отырып жүзеге асады.
Ескерту. 17-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен , 2000 жылғы 25 мамырдағы N 109 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
18. Заңды тұлғаны қайта тiркеу үшiн тiркеушi органға мыналар:
заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы белгiленген үлгiдегi арызы. Заңды тұлғалар мемлекет қатысуымен реестрұстаушының белгiсi бар арызды тапсырады;
құрылтай құжаттарына өзгерiстер (толықтырулар) енгiзу туралы өкiлдi органның мөрi қойылған шешiмi немесе шешімнің көшірмесі;
өзгерiстер (толықтырулар) енгiзiлетiн құрылтай құжаттар. Мұнда өзгерiстер (толықтырулар) енгiзу екi тәсiлмен жүргiзiлуi мүмкiн: жаңа редакцияда құрылтай құжаттарды жасау немесе өзгерiстердi (толықтыруларды) бұрынғы құрылтай құжаттарға қосымша түрiнде белгiлеу;
бұрынғы құрылтай құжаттарды түпнұсқалары;
мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктің түпнұсқалары, статистика карточкасының және салық төлеушінің куәлігінің түпнұсқалары;
қайта тiркеу үшiн алымның төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi ұсынылады.
Көрсетiлген құжаттардың тiзiмi қайта тiркеудің барлық жағдайларын өткенде ұсынылады.
Ескерту. 18-тармаққа толықтыру, өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000 жылғы 11 сәуірдегі N 61 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
19. Қайта тiркеудiң негiздерiне қарай заңды тұлға Қазақстан Республикасы заң актiлерiне сәйкес тiркеушi органға басқа құжаттарды ұсынуы тиiс. Шаруашылық серiктестігі құрамынан шыққан жағдайда, саны жүз және одан да көп қатысушылары бар шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеруі негiздемесi бойынша қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шығып кететiн қатысушының, мүлiктегi (жарғылық капиталдағы) үлеске құқығы оның иелiгiнен шығарылғанын (басқа бiреуге берiлгенiн) немесе басқаға ауысқанын растайтын құжат ұсынылады. Заңды тұлға қайта құрылғанда тiркеушi органға осы Ереженiң 18 тармағында аталған құжаттардан басқа қайта құрылған заңды тұлғаның мiндеттерi бойынша құқықтық мұрагерлiк туралы ереже (мәлiмет) көрсетiлген бөлу балансы немесе өткiзу акт ұсынылады.
Ескерту. 19-тармаққа толықтыру, өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
20. Құжаттар ұсынылғаннан кейiн тiркеушi орган:
ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын және олардың дұрыс құрастырылғанын, дайындалғанын тексередi;
мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы бұрынғы куәлiктiң күшiн жою туралы және қолданымдағы заңдар бұзылмаған жағдайда осы Ереженiң 10 тармағында қаралған тәртiпке сәйкес заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы бұйрық шығарады;
Регистрге, сол сияқты электронды банкке заңды тұлға туралы берiлген мәлiметтердi енгiзедi;
тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика органына заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені туралы хабарлама жібереді;
Заңды тұлғаны қайта тiркеу туралы белгiленген үлгiдегi куәлiк бередi. Заңды тұлғаға тiркеу нөмiрiн беру тәртiбi Заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi реестрiн жүргiзу тәртiбi туралы Нұсқаулық анықтайды;
iстi жаңа құрылтай құжаттармен немесе бұрынғы құрылтайшы құжаттарға қосымша ретiнде енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулармен, сол секiлдi бұрынғы куәлiктің түпнұсқасымен, статистикалық карточканың, салық төлеушінің куәлігінің түпнұсқаларымен және заңды тұлғаның басқа құжаттарымен толықтырады. Iс қалыптастырылып болғаннан кейiн (тиiстi штамптар қойылғаннан кейiн) құрылтай құжаттардың түпнұсқасын өкiлеттi адамға қайтарылады.
он күн iшiнде және заңды тұлғаның мемлекет қатысуымен қайта тiркеуi болған жағдайда реестрұстаушыны хабардар етедi.
Ескерту. 20-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
21. Заң актiлерiнде көзделген негiз бойынша заңды тұлғаның қайта тiркелуiнсiз құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер жарамсыз болып табылады.
6. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгертулер мен
толықтырулар енгізудiң тәртiбi
22. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi қайта тiркелуге апарып соқпайтын және алымды төлемей-ақ жүзеге асатын басқа мәлiметтердің өзгеруi туралы хабарлауға тиiстi (тұрған жерiнiң ауысуы, филиалдар немесе өкiлдiктердiң ашылуы және т.б.). Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына мұндай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн жағдайда заңды тұлға бұл жайлы бiр ай мерзiм iшiнде тiркеушi органға хабарлауға тиiс.
23. Қайта тiркелуге әкелiп соқпайтын өзгерiстер мен толықтыруларды құрылтай құжаттарына енгiзу үшiн тiркеушi органға келесi құжаттар:
өз еркiмен жазылған (мемлекет қатысуымен заңды тұлға реестрұстаушының белгiсi бар арыз) арыз;
құрылтай құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңды тұлғаның өкiлдi органының мөр басылған шешiмi немесе одан жасалған үзiндi;
бұрынғы құрылтай құжаттарына қосымша ретінде немесе құрылтай құжаттары жаңа редакция түрінде рәсімделуі мүмкін болатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың үш данасы. Егер заңға сәйкес құрылтай құжаттарды нотариалды куәландыру қажет болса, онда оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар да нотариалды тәртіпте куәландырылуы қажет;
бұрынғы құрылтай құжаттарының (мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің, статистикалық карточкасы мен салық төлеушінің куәлігінің) түпнұсқаларын ұсынады.
Ескерту. 23-тармаққа өзгертулер, толықтыру енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
24. Көрсетiлген құжаттарды алғаннан кейiн тiркеушi орган:
олардың дұрыс құрастырылғанын және енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың заңға сәйкестiгiн тексередi;
кемшiлiктерi болмаған жағдайда құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу туралы бұйрық шығарады;
Регистрге, сол сияқты электронды банкке жаңа деректердi енгiзедi;
тіркеген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика органына заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістермен толықтырулардың тіркелгені туралы хабарлама жібереді;
есеп журналында статистикалық карточкасын алған уақытын және күнін тіркейді;
өзгерістер мен толықтырулар рәсімделгеннен (тиісті штамптар мен мөр қойылғаннан) кейін бір данасы заңды тұлғаның өкілетті тұлғасына қайтарылады, ал өзге құжаттар заңды тұлғаның тіркеу істеріне тігіледі. Құрылтай құжаттары жаңа редакцияда тапсырылған жағдайда, бұрынғы құрылтай құжаттарының түпнұсқалары қайтарылуға жатпайды;
10 күн ішінде мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғаларға қатысты реестрұстаушыға хабарлайды.
Ескерту. 24-тармаққа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен , 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 16 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
25. 3аңды тұлғаның мекен-жайын бiр облыстан екiншi облысқа (Астана және Алматы қалалары) ауыстыруына байланысты құрылтай құжаттарына өзгерiстер енгiзген жағдайда тiркеушi орган:
құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы қайта толтырылған куәлiктi беру және бұрынғы куәлiктi жою туралы бұйрық шығарады;
Регистрге, сол сияқты электронды банкке заңды тұлға туралы мәлiметтердi енгiзедi;
жаңа мекен-жайы, жаңа тiркелген нөмiрi және заңды тұлғаның жаңа тiркелген (қайта тiркелген) күнi көрсетiлген заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы белгiлi үлгiдегi куәлiктi және статистикалық карточканы бередi;
заңды тұлғаның бұрынғы мекен-жайы бойынша тiркеушi органнан оның құжаттарын сұратып алады;
iске бұрынғы куәлiктiң түпнұсқаларын, статистика карточкасының, салық төлеушінің куәлігінің көшiрмесiн, сол сияқты жаңа ұсынылған құжаттарды тiгедi;
он күн iшiнде реестрұстаушыға (мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаға қатысты) заңды тұлғаның мекен-жайының өзгергенi туралы хабарлайды;
бұйрық көшiрмесiн заңды тұлғаның бұрынғы мекен-жайындағы тiркеушi органға жiбередi. Алынған бұйрық көшiрмесi негiзiнде тiркеушi орган Регистрге заңды тұлға қызметiн тоқтатқаны туралы жазбаны және электронды банкке деректердi енгiзу арқылы Регистрден бұрын тiркелген заңды тұлға туралы мәлiметтi жояды.
Ескерту. 25-тармаққа өзгертулер, толықтырулар енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 16 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
25-1. Заңды тұлғаның тұрған жерi бiр облыстың (Астана және Алматы қалаларының) аумағы iшiнде өзгерген жағдайда тiркеушi орган:
құрылтай құжаттарға енгiзiлген өзгерiстердi тiркеу, қайта дайындалған мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк беру және бұрынғы куәлiктiң күшiн жою туралы бұйрық шығарады;
Регистрге, сонымен қатар электронды деректер банкiсiне заңды тұлғаның тұрған жерiнiң өзгергенi жөнiндегi мәлiметтердi енгiзедi;
заңды тұлғаның жаңа тұрған жерi, бұрынғы тiркеу нөмiрi мен тiркелген күнi көрсетiлген мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк және статистикалық карточканы бередi. Тiркеушi органның тиiстi мөртаңбалары мен мөрi қойылғаннан кейiн құрылтай құжаттың түпнұсқасы өкiлеттi тұлғаға берiледi;
бұрынғы статистикалық карточкасының түпнұсқалары мен тапсырылған өзге де құжаттарды заңды тұлғаның тiркеу материалдарына тiгедi;
10 күн iшiнде реестрұстаушыны (мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалар бойынша) заңды тұлғаның тұрған жерiнiң өзгергенi туралы хабардар етедi.
Ескерту. 25-1-тармақпен толықтырылды, тармаққа өзгерту, толықтырулар енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 16 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
7. Филиалдар мен өкiлдiктердi қайта тiркеу
26. Филиал (өкiлдiк) атауы өзгерген жағдайда қайта тiркеуден өтуi тиiс.
Ескерту. 26-тармақ өзгертілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен .
27. Филиалдың (өкiлдiктiң) қайта тiркелуi осы Ереженiң 18 және 20 тармақтары қарастыратын тәртiппен филиалға (өкiлдiгiне) қатысты жүзеге асырылады. Филиалға (өкiлдiкке) белгіленген үлгідегі есептiк қайта тiркеу туралы куәлiк, сондай-ақ салық төлеушінің куәлігі және статистикалық карточкасы берiледi.
Ескерту. 27-тармақ толықтырылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
28. Филиал (өкiлдiк) туралы ережеге қайта тiркеуге әкелiп соқтырмайтын өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу осы Ереженiң 22 - 25-1 тармақтарына сәйкес филиалға (өкiлдiкке) қатысты жүзеге асырылады. Филиал (өкiлдiк) тұрған жерiн бiр облыстан басқа облысқа ауыстырған жағдайда қайта дайындалған есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк берiледi.
Ескерту. 28-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 16 бұйрығымен .
8. Тiркеу туралы куәлiктің дубликатын беру
29. Заңды тұлғаның өтініші бойынша тіркеуші орган үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы куәліктердің дубликаттарын береді.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы куәліктердің дубликаттарын беру үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексі белгіленген тәртіппен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым алынады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
9. Заңды тұлғаны таратуды тiркеу
30. Заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған заңды тұлғаның мүлкiнiң меншiк иесi немесе өкiлеттi орган таратылатын заңды тұлғаның тұрған жерiндегi тiркеушi органға бұл тарату туралы бiрден хабарлайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi 50 бабы 1 тармағы).
31. Заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асырушы орган, заңды тұлғаны тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешімді алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тарату немесе қайта ұйымдастыру тәртібінің сақталуын тексереді.
Заңды тұлғаның таратылу негіздемесі бойынша қызметінің тоқтатылуын тіркеу үшін:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша таратылуды тіркеу туралы өтініш;
2) заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның не оған заңды тұлғаның мөрі басылған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берген заңды тұлға органының шешімі;
3) құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік пен статистикалық карточка;
4) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды мәлімдеудің тәртібі мен мерзімдері туралы баспасөз басылымдарында ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;
5) таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамы, кредиторлар мәлімдеген талаптардың тізбесі туралы мәліметтер қамтылған аралық тарату балансы, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері;
6) тарату балансы;
7) заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе заңды тұлғаны тарату туралы, заңды тұлғаның мөрі басылған аралық және тарату баланстарын бекіту туралы шешімді қабылдаған өзге органның шешімі;
8) заңды тұлғаның мөрінің жойылғаны туралы құжаты;
9) таратылатын заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің (олар болған жағдайда) есептен шығарылғанын растайтын құжат;
10) салық берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама;
11) кеден органдарының кедендік төлемдер бойынша берешектері мен аяқталмаған сыртқы сауда мәмілелерінің жоқ екендігі туралы анықтама;
12) акция шығарылымдарының (акционерлік қоғамдар үшін) күші жойылғандығы туралы уәкілетті органның хабарламасы;
13) заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі.
Соттың шешімі бойынша таратылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеу, сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тиісті тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің қызметінің тоқтатылуын тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады. Акционерлік қоғамды қайта ұйымдастырған жағдайда тіркеуші органға, уәкілетті органның осы акционерлік қоғам акцияларының барлық шығарылымының күшін жою туралы хабарламасы қосымша табыс етіледі.
Заңды тұлғаны таратудың немесе қайта ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзушылық анықталған жағдайда тіркеуші орган тіркеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Ескерту. 31-тармақ өзгертілді, толықтырылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен .
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
32. Осы ереженің 31-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезден бастап тіркеуші орган 10 күн ішінде;
заңдарда және заңды тұлғаның жарғысында қарастырылған тарату тәртібінің орындалуын тексереді;
заңды тұлғаның таратылуын тіркеу туралы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің күшін жою туралы және оны Регистрден шығару туралы бұйрық шығарады. Заңды тұлғаны таратудың белгіленген тәртібі бұзылған жағдайларда тіркеуші орган таратуды тіркеуден бас тарту туралы бұйрық шығарады;
Регистрге және электронды деректер банкіне заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер енгізеді;
заңды тұлғаның таратылуы аяқталғаны туралы статистика органдарына және реестрұстаушыға (мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғаларға қатысты) хабарлайды (7 қосымша).
Ұйымдардың кейбір түрлерін (банк және т.б.) тарату заңдарда қарастырылған ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.
Құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік және статистикалық карточканың түпнұсқалары, сондай-ақ таратуды тіркеуге ұсынылған өзге де құжаттар тіркеуші органда сақталады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен .
33. Сот банкрот деп таныған заңды тұлғаны таратуды тiркеу банкрот деп тану туралы сот шешiмi және байқау өндiрiсiнiң аяқталғаны туралы сот анықтамасы негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тiркеушi органға таратуды тiркеу туралы арызды тапсыру қажет емес.
10. Филиал мен өкiлдiктi есептен алудың тәртiбi
Ескерту. 10-тарау жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 16 бұйрығымен .
34. Филиалды (өкiлдiктi) есептен алу үшiн тiркеушi органға:
филиалды (өкiлдiктi) есептен алу туралы белгiленген үлгiдегi арыз;
филиалды (өкiлдiктi) қысқарту туралы заңды тұлғаның өкiлеттi органының немесе соттың шешiмi;
филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы, филиалдың (өкiлдiктiң) ережесi және статистикалық карточкасы;
филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң тоқтатылғанын тiркеу үшiн алымды төлеу туралы түбiртек (төлем тапсырмасының көшiрмесi);
филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері бойынша салық органының салық берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы тапсырылады.
Ескерту. 34-тармақ өзгертілді, толықтырылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
35. Тiркеушi орган филиалды (өкiлдiктi) есептен алу туралы арызды алған күннен бастап 10 күннiң iшiнде:
тапсырылған құжаттардың толықтығы мен тағайындалғанының дұрыстығын тексередi;
кемшiлiктер болмаған жағдайда филиалды (өкiлдiктi) есептен алу, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу туралы куәлiктiң күшiн жою және Реестр мен электронды деректер банкiсiне филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң тоқтағаны жөнiнде мәлiмет енгiзу туралы бұйрық шығарады;
Реестрге және электронды деректер банкiсiне филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң тоқтағаны жөнiнде мәлiмет енгiзедi;
10 күн iшiнде статистика органдарын филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiнiң тоқтағаны жөнiнде хабардар етедi (7-қосымша).
Тiркеушi орган тапсырылған құжаттарда кемшiлiктер болған жағдайда (құжаттар дұрыс тағайындалмаса, филиалды (өкiлдiктi) қысқарту туралы шешiмдi өкiлеттiлiгi жоқ жақ қабылдаса, осы Ереженiң 34-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiреуi болмаса және т.б.) филиалды (өкiлдiктi) есептен алудан бас тарту туралы бұйрық шығарады.
Филиалды (өкiлдiктi) есептен алу үшiн тапсырылған құжаттар тiркеушi органда сақталады.
11. Мемлекеттiк тiркеу мерзiмi. Тiркеуден бас тарту
36. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш қоса берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000 жылғы 11 сәуірдегі N 61 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
37. Құжаттардың толық емес пакетi ұсынылған, оларды қарастыру барысында анықталған жетiспеушiлiктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысы қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерi қарастыратын басқа да негiздемелер бойынша мемлекеттiк (есептік) тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмi үзiледi.
Ескерту. 37-тармақ толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2000 жылғы 11 сәуірдегі N 61 бұйрығымен .
38. Заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртібін бұзу, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмеуі, сондай-ақ табыстау актісiн немесе бөлу балансын, ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы, заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға әкеп соғады.
Филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға филиалды (өкілдікті) құрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртібі бұзылған жағдайда, есептік тіркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болмаған жағдайларда жол беріледі.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
39. Тiркеуден бас тартқан немесе тiркеу мерзiмiн үзген жағдайларда тiркеушi орган нақты заңның (оның нақты бабының) бұзылғанына сiлтемесi бар бұйрық шығарады. Бас тартылған жағдайда өтініш, заңдарға қайшылығы бар құжаттар және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) үшін төленген алым қайтарылуға жатпайды.
Мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаны тiркеуден бас тарту кезiнде тiркеушi орган бұл жөнiнде 10 күн iшiнде реестрұстаушыға хабарлайды.
Ескерту. 39-тармақ өзгертілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен .
40. Тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмiнiң үзiлiсi жарияланған жағдайда тiркеу (қайта тiркеу) мерзiмiнiң үзiлiсiне себеп болған, қолданып жүрген заңға қайшылығы бар құжаттар қайтарылмайды. Үзілістен кейін мерзімнің өтуі қайтадан басталады: үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді.
Ескерту. 40-тармақ өзгертілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен .
41. Құрылтай құжаттарына мемлекеттік қайта тіркеуге әкеліп соқпайтын өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуін тіркеу мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады: шағын кәсіпкерлік субъектілері және олардың филиалдар мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс, ал өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс. Құжаттардың толық емес пакеті ұсынылып немесе оларда заңға қайшылықтар болған жағдайда құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуден бас тартылады.
Ескерту. 41-тармақпен толықтырылды, өзгертілді, жаңа редакцияда берілді - Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен , 2000 жылғы 11 сәуірдегі N 61 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк
тiркеу Ережесiне 1 қосымша
Ескерту. Қосымша өзгертілді, толықтырылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен , 2000 жылғы 11 сәуірдегі N 61 бұйрығымен , 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 1 бұйрығымен .
Тiркеуге ұсынатын құжаттардың тiзiмi
1. Акционерлiк қоғам:
тiркеу туралы өтiнiш;
жарғы;
құрылтай жиналысының хаттамасы;
тұрған жерiн растайтын құжат;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
2. Мемлекеттiк кәсiпорын:
тiркеу туралы өтiнiш;
жарғы;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің немесе жергiлiктi атқару органының кәсiпорынды құру туралы шешiмi;
тұрған жерiн растайтын құжат;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
3. Мемлекеттік мекеме:
тiркеу туралы өтiнiш;
мемлекеттiк мекеменi құру туралы шешiм;
ереже (жарғы);
тұрған жерiн растайтын құжат;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
4. Тұрғын үй-құрылыс кооперативi және тұрғын үй кооперативi:
тiркеу туралы өтiнiш;
жарғы;
тұрған жерiн растайтын құжат;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
Ескерту : Тұрғын үй-құрылыс және тұрғын үй кооперативтерi кооператив мүшелерiнiң фамилиясы, аты, әкесiнің аты, туған жылы, тұрған жерi туралы мәлiметтер бар тiзiмдi ұсынады.
5. Сенiм серiктестiк:
тiркеу туралы өтiнiш;
егер өз қызметiн Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асырмайтын болса, жарғы;
құрылтай шарт;
тұрған жерiн растайтын құжат (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен басқа);
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
6. Yй (пәтер) иелерiнiң кооперативi:
тiркеу туралы өтiнiш;
кондоминиум объектiсiндегi үй иелерi құрылтай жиналысының хаттамасы;
жарғы;
кондоминиум объектiсiн тiркеу туралы мемлекеттiк акт;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
7. Адвокаттар алқасы:
тiркеу туралы өтiнiш;
адвокаттар алқасының мүшелерiнiң жалпы жиналысымен (конференция) бекiтiлген жарғы;
тұрған жерiн растайтын құжат;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
8. Нотариалдық палата:
тiркеу туралы өтiнiш;
жарғы;
тұрған жерiн растайтын құжат;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
9. Қоғамдық қор:
тiркеу туралы өтiнiш;
жарғы;
құрылтай шарт (құрылтайшысы бiр адамнан көп болғанда);
тұрған жерiн растайтын құжат;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
10. Қоғамдық бiрлестiк:
тiркеу туралы өтiнiш;
құрылтай съезiнде (конференцияда, жиналысында) қабылданған жарғы;
жарғыны қабылдаған құрылтай съезiнiң (конференциясының, жиналысының) хаттамасы, оған съезд (конференция, жиналыс) төрағасы және хатшы қол қояды;
тегi, аты, әкесiнің аты, туған күнi, айы, жылы, мекен-жайы, үй және қызмет телефоны, жеке қолтаңбасы көрсетiлген қоғамдық бiрлестiктің бастаушы азаматтарының тiзiмi;
қоғамдық бiрлестiктiң басқарушы органының тұрған жерiн растайтын құжат;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
Ескерту:
1. Саяси партияларды тiркегенде қосымша ұсынылады:
партия бағдарламасы;
партия мүшесiнiң әрқайсысының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған айы мен жылын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрiн, тұрған жерiнiң мекен-жайын көрсете отырып, барлық облыстардағы, республикалық мәнi бар қаладағы және елордадағы әрбiр құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдармен өкiлдiктерiнiң ) кемiнде жетi жүз мүшесi бар, құрамында кемiнде елу мың партия мүшесi бар партия мүшелерiнiң тiзiмi.
2. Алынып тасталынды ;
11. Заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бiрлестiгі:
тiркеу туралы өтiнiш;
бiрлестiктiң барлық құрылтайшылары қолын қойған құрылтай шарты;
тұрған жерiн растайтын құжат;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
11-1. Ауылдық тұтыну кооперативі:
тіркеу туралы өтініш;
құрылтай жиналысының хаттамасы;
жарғы;
тұрған жерін растайтын құжат;
тіркеу үшін алым төлегені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
азаматтар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы және жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері, және заңды тұлғалар үшін - атауы, тұрған жері, тіркеу нөмірі туралы мәліметтер көрсетілген жарна салушылардың тізімі.
12. Аудиторлық палата:
тiркеу туралы өтiнiш;
жиналыс хаттамасы;
жарғы;
тұрған жерiн растайтын құжат;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
13. Толық серiктестiк:
тiркеу туралы өтiнiш;
егер өз қызметiн Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асырмайтын болса, жарғы;
құрылтай шарт;
тұрған жерiн растайтын құжат (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен басқа);
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
14. Өндiрiстiк кооператив:
тiркеу туралы өтiнiш;
егер өз қызметiн Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асырмайтын болса, жарғы;
құрылтай шарт (құрылтайшылар қалауы бойынша);
тұрған жерiн растайтын құжат (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен басқа);
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
Ескерту : Егер өндiрiстiк кооператив құру барысында құрылтай шарты бекiтiлмесе, онда тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, тұрақты мекен-жайы көрсетiлген өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң тiзiмi тiркеушi органға ұсынылуға тиiс.
15. Тұтыну кооперативi:
тiркеу туралы өтiнiш;
жарғы;
тұрған жерiн растайтын құжат;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
Ескерту : Тұтыну кооперативi кооператив мүшелерiнiң фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, тұрған жерi (азаматтар үшiн), тұрған жерi туралы, банк реквизитi және мемлекет тiркеу туралы мәлiметтер бар (заңды тұлға үшiн) тiзiмдi ұсынады.
16. Дiни бiрлестiк:
тiркеу туралы өтiнiш;
құрылтай съезiнде (конференцияда, жиналысында) қабылданған жарғы;
жарғыны қабылдаған жиналыстың (конференцияның, съездiң, құрылтайдың) нөмiрленген, тiгiлген хаттамасы, оған уәкiлеттi тұлға қол қояды;
тегi, аты, әкесiнің аты, туған күнi, айы, жылы, мекен-жайы, үй және қызмет телефоны, жеке қолтаңбасы көрсетiлген қоғамдық бiрлестiктiң бастаушы азаматтарының тiзiмi;
тегi, аты, әкесiнiң аты, сайлаулы қызметi, туған жылы, мекен-жайы, үй және қызмет телефоны, қоғамдық бiрлестiктің басқарушы органы мүшелерiнiң тiзiмi;
тұрған жерiн растайтын құжат;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi;
Ескерту:
1. Республика шеңберiнен тыс басқарушы орталығы бар дiни бiрлестiктер қосымша:
қазақ немесе орыс тiлiне аударылған, нотариалды куәландырылған шетел орталығының жарғысының көшiрмесi;
дiни орталық өз елiнiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын қазақ немесе орыс тiлiне аударылған, нотариалды куәландырылған тiзiлiм көшiрмесi немесе басқа құжат ұсынады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететiн дiни бiрлестiктердiң басшыларын шетел дiни орталықтарының тағайындауы республика басқару органдарының келiсiмi бойынша жүзеге асады.
3. Дiни оқу мекемесi қосымша оқу мекемесiн құру туралы дiни басқарманың (орталықтың) сәйкестi органның шешiмiн және жергiлiктi атқару органында аккредитацияланғанын растайтын құжатты ұсынады.
4. Дiни басқармалар (орталықтар) негiзiн салған дiни оқу
мекемелерiнiң, мешiттерiнiң, монастрлердiң және басқа да дiни
бiрлестiктердiң жарғыларын (ережелерiн) осы дiни басқармалар (орталықтар) бекiтедi. Тiркеу үшiн оларды құру туралы дiни басқарманың (орталықтың) сәйкестi органының шешiмi ұсынылады.
5. Алынып тасталынды ;
17. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк:
тiркеу туралы өтiнiш;
егер өз қызметiн Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асырмайтын болса, жарғы;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
18. Қосымша жауапкершілігі бар серiктестiк:
тiркеу туралы өтiнiш;
егер өз қызметiн Үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асырмайтын болса, жарғы;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
Ескерту:
Мына жағдайда, егер серiктестiк құрылтайшылары өз қызметiн серiктестiктің Үлгi жарғысы негiзiнде жүзеге асыру жөнiнде шешiм қабылдаған болса, серiктестiктi мемлекеттiк тiркеу кезiнде жарғыны ұсыну талап етілмейді.
Осы жағдайда арызға барлық құрылтайшылар қол қояды, қолдардың растығы нотариалды куәландырылады.
19. Мекеме:
тiркеу туралы өтiнiш;
мекеменi құру туралы меншiк иесi шешiмi;
ереже (жарғы);
құрылтай шарт немесе басқа да келiсiм (құрылтайшысы бiрден көп болған жағдайда);
тұрған жерiн растайтын құжат;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
Тiркеуге ұсынылатын құжаттардың
барлық тiзiмiне
Ескертулер
Ескерту. Ескертулерге өзгерістер, толықтырулар енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен ,
2000 жылғы 11 сәуірдегі N 61 бұйрығымен , 2000 жылғы 25 мамырдағы N 109 бұйрығымен , жаңа редакцияда жазылды - 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
1. Заңды тұлғаны тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтініш берiледi, мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жазылып, үш дана етiп берiлетiн құрылтай құжаттары қоса тапсырылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қызмет мәні банк және сақтандыру қызметi болып табылатын заңды тұлғаны тiркеу үшін - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсаты, ал банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын есептiк тiркеу үшiн аталған органның келiсiмi қосымша талап етiледi.
3. Банктердiң, филиалдар және өкiлдiктер болып табылмайтын аумақтық оқшау бөлiмшелерi банк заңдарында белгiленген тәртiппен құрылады және есептiк (мемлекеттiк) тiркелуге жатпайды.
4. Қызметінің мәні зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның оны ашуға рұқсаты қосымша талап етіледі.
5. Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда тiркеуші органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бiрге құрылтайшыда-заңды тұлғада салық берешегiнiң жоқ екендiгi туралы салық органының анықтамасы табыс етiледi.
6. Тиісті тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерін, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады.
7. Өтінішке құрылтайшы немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса тіркей отырып, құрылтайшы уәкiлдiк берген адам қол қояды.
8. Шетел қатысатын заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, осы тәртiппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:
1) құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды көшірмесі немесе басқа да заңы құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса;
2) құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс.
9. Қоғамдық және дiни бiрлестiктердi тiркеу " Қоғамдық бірлестіктер туралы ", " Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
10. Сонымен бiр мезгiлде тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiн куәландыратын құжат табыс етіледі. Заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттары: жалдау, сатып алу-сату шарттарының нотариалдық куәландырылған көшірмесі, үй-жайға құқығының тіркелгені туралы куәлігі және азаматтық заңдарда көзделген өзге де құжаты болуы мүмкін. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болған жағдайда, онда жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде бергені туралы нотариалдық куәландырған келісімі табыс етіледі. Шағын кәсіпкерлік субъектілері өздерінің орналасқан жерін куәландыратын құжат табыс етпейді.
11. Бiр немесе бiрнеше заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшiн табыстау актісi немесе бөлу балансы, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға кредиторларының осындай қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабардар етiлгенiн растайтын құжат та ұсынылады.
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де заң актілерінде көзделгеннен басқа қандай да болсын құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.
Заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу
Ережесіне 2 қосымша
Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу Ережесіне 3 қосымша
Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу Ережесіне 4 қосымша
Ескерту. Қосымша өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен , 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
Филиал мен өкiлдiктердi есептiк тiркеуге ұсынатын
құжаттардың тiзiмi
1. Қазақстандық заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiктерi:
есептiк тiркеу туралы өтiнiш;
филиал немесе өкiлдiк туралы заңды тұлға органы бекiткен ереже;
филиал немесе өкілдiк басшысына заңды тұлға органынан берiлген сенiмхат;
филиал немесе өкiлдiктi ашу туралы заңды тұлға органының шешімінен үзінді;
заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің көшiрмесi;
заңды тұлғаның жарғысының (ережесiнiң) көшiрмесi;
тұрған жерiн растайтын құжат;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
2. Шетелдік заңды тұлғаның филиалы мен өкілдіктері:
есептiк тiркеу туралы өтiнiш;
филиал немесе өкiлдiк туралы заңды тұлға органы бекiткен ереже;
филиал немесе өкiлдiк басшысына заңды тұлға органынан берiлген нотариалды куәландырылған мемлекеттiк және орыс тiлiнде сенiмхат;
филиал немесе өкiлдiктi ашу туралы заңды тұлға органының шешiмiнен нотариалды куәландырылған мемлекеттiк және орыс тілінде үзiндi;
Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашып отырған субъектiнiң өз елiнiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын, мемлекеттiк және орыс тiлiне аударылған, нотариалды куәландырылған, сауда тiзiмiнен ресми үзiндi немесе басқа құжат;
заңды тұлғаны құрылтай құжаттарының мемлекеттiк және орыс тiлiне аударылып нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
тұрған жерiн растайтын құжат;
тiркеу үшiн алым төленгенi туралы түбiртек немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi.
Ескерту:
1. Филиал немесе өкілдікті есептік тіркеу туралы өтініш Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі белгілеген нысанда беріледі.
2. Филиалдың немесе өкілдіктің ашылуы жөнінде шешім және оның басшысына берілетін сенімхат бір құжат түрінде дайындалуы мүмкін. Филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген сенімхат оны сайлау немесе тағайындау тәртібіне сәйкес қоғамдық бірлестіктер және діни бірлестіктердің филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеген кезде берілмеуі мүмкін.
3. Пәні банктік қызмет болып табылатын филиал немесе өкілдікті есептік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің оны ашуға келісімі, ал сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының филиалы немесе өкілдігін есептік тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органның оны ашуға рұқсаты талап етіледі.
4. Мемлекеттік кәсіпорын филиал құрған жағдайда меншік иесі немесе оның өкілетті органының филиал құруға келісім туралы құжат тапсыру керек.
5. Филиал немесе өкілдік туралы ереже тігілген әрі нөмірленген түрде екі данада беріледі.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу Ережесіне 5 қосымша
Ескерту. 5-қосымша алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу Ережесіне 6 қосымша
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен .
Ескерту. 6-қосымша алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 286 бұйрығымен .
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу Ережесіне 7 қосымша
______________________________
реестрұстаушы
______________________________
______________________________
______________________________
статистика органы
Заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің
қызметін тоқтатқаны туралы хабарлама
____________________________________________________________
заңды тұлғаның (филиал мен өкілдіктің) атауы
___________________________________________туралы мәліметтер
N______________________________________________ тіркелген
Иеленген ОҚЖК коды _________________________________________
"____"_______________________ ж. заңды тұлғалардың бірыңғай
мемлекеттік тізімінен, филиалдар мен өкілдіктердің реестрінен шығарылды.
________________________________________________ байланысты.
қызметтің тоқтатылған негізі
"_____"___________ ж. бұл туралы ________ бұйрық шығарылды.
_______________ ______________ _______________
басшысы қолы аты-жөні
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу Ережесіне 8 қосымша
ЕСКЕРТУ. 8 қосымша алынып тасталды - ҚР Әділет министрлігінің Тiркеу қызметi Комитетi төрағасының 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 202 бұйрығымен .