Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) бекiтудiң мерзiмдерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 қаңтардағы N 04-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2132. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 1 ақпандағы N 23-НҚ бұйрығымен.

        Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 1 ақпандағы N 23-НҚ бұйрығымен.

----------------Бұйрықтан үзінді------------------       

      "Табиғи монополиялар туралы" Қыақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 14 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженiң 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Табиғи монополия субъектілерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) бекiтудiң мерзiмдерi туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 13 қаңтардағы N 04-НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнде N 2132 нөмiрмен тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтiк құқықтық актілерi бюллетенiнде 2003 жылғы N 13, 826-құжат жарияланған) күшi жойылды деп танылсын...
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Төраға
----------------------------------

      Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңы  16-бабының  2-тармағына және  18-бабының  3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылдың 15 қарашасындағы N 1713  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ережесiнiң 11 тармағының 1) және 4) тармақшаларына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарлар мен жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағалар, алымдар ставкалары) бекiту мерзiмдерi белгiленсiн:
      1) жылдың 1 сәуiрi;
      2) жылдың 1 қазаны.
      2. Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Шабдарбаев А.Т.) табиғи монополия субъектiлерiне, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдарына осы бұйрықты назарына жеткiзсiн.
      3. Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелуiн Заңнама және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу департаментi (Жолдыбаева Ғ.Т.) қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары Б.A. Сағынтаевқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады