Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын дайындау мен ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 4 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2151. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 20 ақпандағы N 58 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2007 жылғы 20 ақпандағы N 58 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің:
      ...
      2) "Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын дайындау мен ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 13 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2151 болып тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күннен батап қолданысқа енгізіледі.

      Министр
-----------------------------

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеге сәйкес және Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын дайындау мен ұйымдастыру тәртібін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын дайындау мен ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы     
Энергетика және минералдық   
ресурстар министрлігінің    
2003 жылғы 21 қаңтардағы    
N 13 бұйрығымен         
бекітілген           

  Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын дайындау мен ұйымдастыру
тәртібі туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

  1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің " Мұнай туралы ", " Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы " заң күші бар Жарлықтарына (бұдан әрі - Жер қойнауы туралы Жарлықтар), Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы N  108  (бұдан әрі - Ереже), "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері туралы" 2001 жылғы 25 қаңтардағы N  133 , "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің мәселелері туралы" 2001 жылғы 15 ақпандағы N  232 , "Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік контрактіні бекіту туралы" 2001 жылғы 31 шілдедегі N  1015 , "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын өткізу жөнінде комиссия құру туралы" 2002 жылғы 19 сәуірдегі N  451 , "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" 2002 жылғы 2 тамыздағы N  859  қаулыларына және жер қойнауын пайдалану саласындағы басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын, Барлауға, Өндіруге не болмаса бірлескен Барлау мен Өндіруге арналған құқықты қоса алғанда, алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізудегі Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қызметін егжей-тегжейлейді.

      2. Осы Нұсқаулықта жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық кесімдерде көзделген ұғымдар қолданылады.

  2-тарау. Конкурс туралы хабарландыру және конкурсқа қатысуға Өтінімдер мен Конкурстық ұсыныстарды қабылдау

      3. Құзыретті орган бұқаралық ақпарат құралдарында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған Инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсын жариялау туралы Хабарламаны жария етеді.

      4. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсын жариялау туралы Хабарламаның құрамында кен орны көрсетіледі және жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін ұсыну белгіленіп отырған участоктың (блоктың) қысқаша сипаттамасы болады.

      5. Хабарламада сол сияқты мыналар анықталады:
      1) инвестициялық бағдарламалардың конкурсын өткізу уақыты мен орны;
      2) конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі;
      3) конкурстың негізгі шарттары;
      4) Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысу құқығы үшін жарнаның көлемі (төлем сомасының мөлшері және банктің деректемелері);
      5) геологиялық ақпарат топтамасының құны (төлем сомасының мөлшері және банктің деректемелері);
      6) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылу бонусының ең төменгі көлемі.
      6. Хабарламада конкурс өткізу шарттары туралы өзге де ақпараттар көрсетілуі мүмкін.

  3-тарау. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға арналған өтінімдерге және Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарға қойылатын талаптар

Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға арналған өтінімдерге қойылатын талаптар:

      7. Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға арналған өтінімдер (бұдан әрі - Өтінім) Жер қойнауы туралы Жарлықтың  41-3-бабының  және  10-бабының  талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      8. Өтінім 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және мынадай деректерді:
      1) Өтінушінің атауы;
      2) заңды мекен-жайы, телефоны, факсы, негізгі қызмет орнының мекен-жайы; жер қойнауын пайдалану объектісінің, Жер қойнауы учаскесінің (Блоктың) атауы;
      3) мемлекеттік тиесілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);
      4) заңды тұлғаның басшылары, иегерлері және Өтінушіні білдіретін тұлғалар туралы деректер; жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар;
      5) өтінушінің техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктері.

      9. Өтінім мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
      10. Өтінімге міндетті түрде мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) конкурсқа қатысу үшін жарна төлегендігі туралы құжаттың көшірмесі;
      2) шаруашылық субъектісінің тіркелгендігі туралы куәлігінің көшірмесі;
      3) Өтінушінің техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктерін растайтын құжаттар.

      11. Жер қойнауы туралы  Жарлықтың  41-6 баптарында көзделген Өтінушінің конкурсқа қатысуға және (немесе) конкурстық ұсыныста көрсетілген барлау және (немесе) өндіруге қажетті техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктеріне ие екені немесе ие болатыны туралы құжаттамалық куәліктері болжамды мердігермен жасалған жұмысты жүргізу ниеті туралы шарт, сондай-ақ Жер қойнауын барлауға, өндіруге не болмаса бірлескен барлау мен өндіруге арналған құқықты алуға конкурсқа қатысуға және конкурстық ұсыныстарға арналған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2002 жылғы 13 қыркүйектегі N 199  бұйрығымен  бекітілген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген өтініштер әзірлеу туралы Нұсқаулыққа сәйкес нысан бойынша ұсынылатын өзге де құжаттар болып табылады.

      12. Өтінушінің қаржылық мүмкіндіктері туралы деректер мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) Өтінушінің бухгалтерлік балансы;
      2) кірістер мен шығыстар туралы есеп беру;
      3) салық органдарынан кредиторлық берешектің және бюджетке төлемдер бойынша берешектің бар-жоқтығын растайтын құжаттар;
      4) Өтінушінің банк алдындағы мерзімі асып кеткен берешегінің бары немесе жоқтығы туралы банктің анықтамасы;
      5) Өтінушінің соңғы есептік жылғы қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды.

      13. Өтініммен қоса топтамаға Өтінушінің бірінші басшысы куәландырған құжаттар тізімдемесі салынады.

      14. Жеңімпаздардың Өтінімдерін қоспағанда, конкурсқа қатысушы Өтінімдер материалдары Құзыретті органда 5 жыл бойы сақталады.

      15. Жеңімпаздардың Өтінімдері Құзыретті органда Келісім-шарттың сақталуының барлық мерзімінде сақталады.

  Инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға арналған өтінімдерді беру және қарау

      16. Өтінуші Конкурс туралы хабарламада белгіленген мерзімдерде (бұдан әрі - Өтінім беру кезеңі) Құзыретті органға Өтінімнің түпнұсқасын береді.

      17. Өтінуші Өтінімді Құзыретті органға почта бойынша не Құзыретті органның кеңсесіне жіберуге құқылы.

      18. Құзыретті органға Өтінім беру кезеңі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды және конкурсқа қатыстырылмайды.

      19. Құзыретті органға келіп түскен өтінімдер кеңседе тіркеледі және тіркелген күні Құзыретті органның тиісті құрылымдық бөлімшесіне беріледі.

      20. Конкурсқа қатысу үшін жарна төлемеген Өтінушінің өтінімдері қарауға қабылданбайды.

      21. Құзыретті орган жер қойнауы туралы Жарлықтың 41-6-баптарында және Ереженің 13-тармағында көзделінетін негіздер бар кезде Өтінімдерді конкурсқа қатысуға қабылдаудан бас тартуға құқылы.

      22. Құзыретті орган Өтінім түскен күннен бастап бір ай мерзімде Өтінушіні ресми түрде Өтінімдерді Конкурсқа қатысуға қабылдағаны туралы хабардар етеді.

  4-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарға қойылатын талаптар және оларды беру мен қарау шарттары

Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарға қойылатын талаптар

      23. Өтінуші Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсынысты (бұдан әрі - Конкурстық ұсыныс) Құзыретті орган Өтінушіге хабарламада белгілеген мерзімдерде конкурстық ұсыныстарды жасау үшін қажетті геологиялық ақпаратты сатып алғаннан кейін береді.

      24. Конкурстық ұсыныстар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі.

      25. Барлауға арналған конкурстық ұсыныс міндетті түрде:
      1) Өтінушінің соңғы 5 жыл ішіндегі өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, жүзеге асырған қызметі туралы ақпаратты;
      2) Өтінушінің жұмыс бағдарламасын және оларды жүзеге асыруға кеткен шығындарын қоса алғанда, жұмыстарды жүргізу шарттары туралы ниеттерін;
      3) Өтінушінің, келісім-шарттық аумақтағы жерді шұрайландыру және қалпына келтіруді қоса алғанда, қоршаған ортаға қатысты ниеттерін;
      4) жұмыстарды қаржыландыру көздерін (жеке немесе қарыздық қаржыларын);
      5) геологиялық ақпаратты сатып алу шарттарын;
      6) Өтінушінің Жер қойнауын пайдалану құқығын іске асыруда Ұлттық компаниялармен үлестік ынтымақтастығы туралы ниеттерін қамтуы тиіс.

      26. Өндіруге арналған конкурстық ұсыныс міндетті түрде осы Нұсқаулықтың 25-тармағының 1)-6)-тармақшаларында көзделінген ақпаратты, сондай-ақ мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) Өтінуші өндіруді болжап отырған, пайдалы қазбалар көлемін қамтитын кен орындарын әзірлеу жоспарын;
      2) өндіруді бастаудың күтілетін мерзімдері және оның экономикалық және техникалық мүмкін деңгейіне қол жеткізуі;
      3) Өндіруге байланысты шығыстар мен пайдалы қазбаларды сатудан түсетін кірістер бойынша болжамдар есебі;
      4) Қазақстан Республикасының бюджетіне болжанып отырған ақшалай түсімдердің және келісім-шарттық аумақтың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға күрделі қаржы салымдары.

      27. Бірлескен Барлау мен Өндіруге арналған Конкурстық ұсыныстар осы Нұсқаулықтың 25 және 26-тармақтарында көзделген ақпаратты қамтуы тиіс.

      28. Конкурстық ұсыныс өтінуші Ереженің конкурс өткізу тәртібіне және өтінушінің міндеттемелеріне қатысты шарттарымен танысқаны туралы жазбаша нұсқауды қамтуы тиіс.

      29. Конкурстық ұсыныстар пакетіне жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның бірінші басшысының қол қоюымен расталған құжаттар тізімдемесі қоса салынады.

  Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды беру және тіркеу

      30. Өтінуші Құзыретті орган белгілеген мерзімдерде Құзыретті органға осы Нұсқаулықтың 24-29 және 31-37-тармақтарында айтылған талаптарға сәйкес ресімделген Конкурстық ұсынысты береді.

      31. Өтінуші Конкурсқа Конкурстық ұсыныстың түпнұсқасы мен нотариалдық расталған көшірмелерін береді.

      32. Өтінушіні берілуі қажет Конкурстық ұсыныс беру қажеттілігі туралы хабарландыру кезінде Конкурстық ұсыныс көшірмелерінің санын Құзыретті орган белгілейді. Өтінім түпнұсқасының мәтіндері мен барлық көшірмелерінің бірдейлігі үшін Өтінуші жауапкершілік арқалайды.

      33. Конкурстық ұсыныстың түпнұсқасы "Түпнұсқа" деген жазуы бар жеке желімделген пакетте беріледі. Конкурстық ұсыныстың көшірмелері "Көшірме" деген жазуы бар жеке желімделген пакетте беріледі.

      34. Конкурстық ұсыныстың түпнұсқасы мен көшірмесі салынған пакеттерге Өтінуші пакетке салынған құжаттардың тізімдемесін қоса салады.

      35. Өтінуші Конкурстық ұсынысты Құзыретті органға пошта арқылы жолдауға немесе тікелей Құзыретті органның кеңсесіне ұсынуға құқылы.

      36. Пакетте міндетті түрде:
      1) Конкурстың атауы;
      2) жер қойнауын пайдалану объектісінің атауы;
      3) жер қойнауын пайдалану түрінің атауы;
      4) Өтінушінің атауы мен деректемелері;
      5) "Ашпаңыз. Конкурс комиссиясының қарауы үшін" деген жазуы бар ақпараттар көрсетілуі тиіс.

      37. Конкурстық ұсыныстың түпнұсқасы мен көшірмелері салынған пакеттер өтінушінің қолымен расталуы, ал заңды тұлғалар үшін сондай-ақ Өтінушінің ресми мөрімен расталған болуы тиіс.

      38. Конкурстық ұсыныстар Құзыретті органның кеңсесінде пакеттің бетіне тіркеу күнін және нөмірін көрсетумен мөртабан қойыла отырып, пакет ашылмаған күйі тіркеледі.

      39. Құзыретті орган белгілеген мерзім аяқталғаннан кейін Құзыретті органның кеңсесіне келіп түскен Конкурстық ұсыныстар қарауға қабылданбайды.

      40. Құзыретті органның кеңсесі тіркелген пакеттерді ашпастан, Құзыретті органның тиісті Құрылымдық бөлімшелеріне табыс етеді.

      41. Құзыретті органның Құрылымдық бөлімшесі Конкурстық ұсыныстарды алған күні тіркеу журналына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркейді. Журналда Конкурстық ұсыныс салынған пакеттерде келтірілген мәліметтер көрсетіледі.

      42. Құзыретті органның Құрылымдық бөлімшесі Конкурстық ұсыныстары бар тіркелген пакеттер мен тіркеу журналын Конкурстық комиссияның жауапты Хатшысына (бұдан әрі - Хатшы) оларды Конкурстық комиссияның қарауына дейін жауапты сақтауға табыс етеді.

      43. Комиссияның отырысынан кейін жеңімпаздың конкурстық ұсынысын қоспағанда, Конкурстық ұсыныстардың Түпнұсқасы мен Конкурстық ұсыныстардың нотариалды расталған бір данасы Құзыретті органда 5 жыл бойы сақтауда болады.

      44. Жеңімпаздардың конкурстық ұсыныстарының түпнұсқалары Келісім-шарттың барлық сақталу мерзімінде Өтініммен бірге сақталады.

  8-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған
 жабық конкурс өткізуді ұйымдастыру

      45. Инвестициялық бағдарламалардың жабық конкурсына шығарылатын жер қойнауы учаскелерінің (блоктарының) тізбесі заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітіледі.

      46. Жабық конкурсты өткізу шарттары барлық әлеуетті қатысушыларға жеткізіледі.

      47. Жабық конкурсқа қатысушылардың өтінімдері мен конкурстық ұсыныстарын қабылдау, тіркеу және ресімдеу ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен конкурстық ұсыныстарға ұқсас жүзеге асырылады.

      48. Өтінімдерді қарау мен баға беру, конкурстық ұсыныстарды қарау және жабық конкурстың әрі қарайғы конкурстық рәсімдері ашық конкурстың рәсімдеріне ұқсас.

Қазақстан Республикасы     
Энергетика және минералдық   
ресурстар министрлігінің    
2003 жылғы 21 қаңтардағы    
N 13 бұйрығымен бекітілген  
Жер қойнауын пайдалану құқығын 
беруге арналған инвестициялық 
бағдарламалар конкурсын    
дайындау мен ұйымдастыру   
тәртібі туралы нұсқаулыққа  
1-қосымша           

Жазылым бонусының ең аз мөлшері, АҚШ долларымен

___________________________________________________________________
  Келісім-шарт түрі    | Көмірсутектік |Қатты пайдалы | Жер асты
                       |   шикізат     |  қазбалар    | сулары
___________________________________________________________________
Барлау
Бірлескен Барлау мен
Өндіру
Өндіру
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы     
Энергетика және минералдық   
ресурстар министрлігінің    
2003 жылғы 21 қаңтардағы    
N 13 бұйрығымен бекітілген  
Жер қойнауын пайдалану құқығын 
беруге арналған инвестициялық 
бағдарламалар конкурсын    
дайындау мен ұйымдастыру   
тәртібі туралы нұсқаулыққа  
2-қосымша           

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысуға
Өтінім

___________________________________________________________________
                      Өтінуші туралы мәлімет
___________________________________________________________________
1. Өтінушінің  атауы -                     |
2. Өтінушінің  мекен-жайы -                |
3. Мемлекеттік тиесілігі (заңды тұлғалар   |
   үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін) -|
4. Заңды тұлғалардың басшылары немесе      |
   иегерлері және өтінушіні білдіретін     |
   тұлғалар туралы деректер                |
___________________________________________________________________

Бірінші басшы___________________              М.О.
               (қолы, күні )

Қазақстан Республикасы     
Энергетика және минералдық   
ресурстар министрлігінің    
2003 жылғы 21 қаңтардағы    
N 13 бұйрығымен бекітілген  
Жер қойнауын пайдалану құқығын 
беруге арналған инвестициялық 
бағдарламалар конкурсын    
дайындау мен ұйымдастыру   
тәртібі туралы нұсқаулыққа  
3-қосымша           

Құзыретті органға келіп түскен конкурстық ұсыныстарды тіркеу журналы

___________________________________________________________________
Р/с |Өтінушінің атауы | Кен орынының, жер  | Кеңсеге келіп түскен
 N  |                 |қойнауы Учаскесінің |  күні және тіркеу N
                      |  (блоктың) атауы   |
___________________________________________________________________
 1          2                   3                     4
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады