БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 608 "Салық есептiлiгiн жасау Ережелерiн бекiту туралы"
бұйрығына
(2002 жылғы 10 желтоқсанда 2079 нөмiрмен тiркелген) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген, Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiндегi корпорациялық табыс салығы мен аванстық төлемдер сомасының Есебiн жасау ережелерiнде (101.07-101.08-нысандар):
N 2 қосымшаның "Есеп" бөлiмiнде 101.08.001 жолының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Филиал/өкiлдiк/оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер үшiн төленуге жататын салық сомасы".
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Әдiстеме басқармасы (М.В. Бачурина) осы Бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
3. Осы Бұйрық оны мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Төраға