2002 жылғы 16 қазандағы мемлекеттік тіркелімі N 2012 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 бұйрығына N 8 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2184. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      39. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 15 (тіркелген N 2184) "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы, тіркелген N 2012" бұйрығына N 8 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. N 2012 мемлекеттік тіркеуден өткен "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3  бұйрығына  (2002 жылғы 1 қазанда  N 5  - N 2013 мемлекеттік тіркеуден өткен, 2002 жылғы 17 қазанда  N 10  - N 2018 мемлекеттік тіркеуден өткен, 2002 жылғы 25 қараша  N 27  - N 2094 мемлекеттік тіркеуден өткен, 2002 жылғы 6 желтоқсандағы  N 37  - N 2101 мемлекеттік тіркеуден өткен, 2002 жылғы
14 желтоқсандағы  N 43  - N 2086 мемлекеттік тіркеуден өткен, 2003 жылғы 6 қаңтардағы  N 52  - N 2119 мемлекеттік тіркеуден өткен, 2003 жылғы 21 қаңтардағы  N 10  - N 2170 мемлекеттік тіркеуден өткен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      1) бюджет кірістерінің сыныптамасында:
      1 "Салық түсімдері" санатындағы 04 "Меншік салығы" сыныбындағы 3 "Жер салығы" кіші сыныбында:
      01 және 02 ерекшеліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      "01 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке тұлғалардан алынатын жер салығы
      02 Елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы";
      мынадай мазмұндағы 07 және 08 ерекшеліктерімен толықтырылысын:
      "07 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы
      08 Елді мекендер жерлеріне заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы";
      2 "Салықтық емес түсімдер" санатында:
      03 "Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсімдер" сыныбындағы 1 "Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсімдер" кіші сыныбы мынадай мазмұндағы 16 ерекшелігімен толықтырылсын:
      "16 Монополияға қарсы заңдарды бұзу нәтижесінде алынған аударылған кірістер";
      04 "Кредиттер бойынша сыйақы (мүдде)" сыныбындағы 01 "Заңды тұлғаларға республикалық бюджеттен кредиттер бергені үшін алынған сыйақы (мүдде)" кіші сыныбы мынадай мазмұндағы 07, 08 және 09 ерекшеліктермен толықтырылсын:
      "07 Шағын кәсіпкерлікті дамытуға берілген кредиттер бойынша сыйақы
      08 Өнім өңдеу кәсіпорындары үшін жабдық лизингі шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы
      09 Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетулермен қамтамасыз ететін заңды тұлғаларға берілген кредиттер бойынша сыйақы";
      5 "Кредиттерді қайтару" санатындағы 01 "Ішкі кредиттерді қайтару" сыныбындағы 1 "Заңды тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару" кіші сыныбы мынадай мазмұндағы 16, 17 және 18 ерекшеліктерімен толықтырылсын:
      "16 Шағын кәсіпкерлікті дамытуға берілген кредиттерді қайтару
      17 Өнім өңдеу кәсіпорындары үшін жабдық лизингі шеңберінде берілген кредиттерді қайтару
      18 Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетулермен қамтамасыз ететін заңды тұлғаларға берілген кредиттерді қайтару";
      2) бюджет шығыстарының функциональдық сыныптамасында:
      1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер" функциональдық тобындағы 2 "Қаржы қызметі" кіші функциясында:
      277 "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының атқарушы органы" бағдарламасының әкімшісі бойынша:
      029 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен соттардың шешімдері бойынша Үкіметтің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің міндеттемелерін орындауы" бағдарламасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 070 және 097 бағдарламалармен толықтырылсын:
      "070 Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы атқарушы органының материалдық-техникалық базасын күшейту
      097 Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау";
      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функциональдық тобында:
      2 "Су шаруашылығы" кіші функциясы мынадай мазмұндағы 037 бағдарламасы бар 259 бағдарлама әкімшісімен толықтырылсын:
      "259 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық меншіктің атқарушы органы
      037 Су берумен байланысты емес Астана қаласының гидротехникалық жүйелері мен құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету";
      256 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі атқарушы орган" бағдарлама әкімшісі бойынша 5 "Қоршаған ортаны қорғау" кіші функциясы мынадай мазмұндағы 028 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "028 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің белгіленген тәртіппен тіркелген шарттық міндеттемелері бойынша кредиттік берешегін өтеу";
      257 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауыл шаруашылығы, орман және хайуанаттар дүниесін қорғау жөніндегі атқарушы орган" бағдарлама әкімшісі бойынша 9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де қызмет көрсетулер" кіші функциясында 070 бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "070 Ауыл шаруашылығы, орман және хайуанаттар дүниесін қорғау жөніндегі атқарушы органның материалдық-техникалық базасын нығайту".
      2. Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті (Б.Т.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Е.Е.Исаев) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енгізіледі және 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады