Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 1 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2186. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 122 Қаулысымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.12.29 № 122 қаулысымен.

      Қаржы рыногын реттеу және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Осы қаулының 2-тармағында аталған ұйымдардан басқа, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 5.000.000 (бес миллион) теңге сомасында белгіленсін.

      2. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын мынадай ұйымдар үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшері белгіленсін:
      1)  алынып тасталды ;
      2) 50 (елу) миллион теңге - банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялауды және жіберуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін;
      3) 40 (қырық) миллион теңге - заем және ломбард операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар үшін.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 214   қаулысымен .

      2-1. Осы қаулы, жарғылық капиталды қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделмеген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
       Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 225   қаулысымен .

      3. Осы қаулы күшіне енген күнге дейін банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялауды және жіберуді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар 2003 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өздерінің жарғылық капиталдарының мөлшерін осы қаулының 2-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.

      4. Осы қаулы жарғылық капиталдарының ең аз мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жекелеген нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін кредиттік серіктестіктерге, ломбардттарға, сондай-ақ қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдарға қолданылмайды. <*>
       Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 141   қаулысымен ҚР Қаржы рыногы және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 42   қаулысымен .
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      6. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады