Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 982 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын инспекциялау туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 23 қыркүйектегi N 306 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 15 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 3 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2189. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 110 (V042845) қаулысымен.

      Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметiне инспекция жүргiзу шарттары мен рәсiмдерiн жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын инспекциялау туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 1999 жылғы 23 қыркүйектегi N 306  қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 982 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 1-16 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын инспекциялау туралы нұсқаулықта:

      3-тармағындағы "деректер" деген сөзден кейiн ", әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау жөнiндегi өкiлеттiктер" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Инспекция жүргізушi топтың басшысы тексеру жүргiзiлетiн сақтандыру ұйымының басшысына сұрату жiберуге құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Әрбiр тексерiлген учаске бойынша инспекция жүргiзушi топтың жұмыс есебi жасалып, сақтандыру ұйымына қарауға ұсынылады.
      Ескертулер болмаса, сақтандыру ұйымы жұмыс есебiне қол қояды. Жұмыс есебiнiң мазмұнына ескертулер болған жағдайда сақтандыру ұйымы жұмыс есебiне қол қойып, өзiнiң наразылығын бiлдiредi, ол инспекция жүргізуші топтың қарауына жатады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Сақтандыру ұйымына инспекция жүргiзу аяқталғаннан кейiн үш апта мерзiмде инспекция жүргiзушi топтың басшысы тексеру нәтижелерi туралы қорытынды есеп жасайды және оны Ұлттық Банктiң қаржылық қадағалау бөлiмшесiнiң (бұдан әрi - қаржылық қадағалау бөлiмшесi) басшысы мақұлдағаннан кейiн тексеру жүргiзiлетiн сақтандыру ұйымына қол қоюға жiбередi. Қорытынды есепте тапсырмада көзделген мәселелер тиiстi бөлiмдерге бiрiктiрiледi.
      Тексеруге қатысты мәселелер бойынша Ұлттық Банктiң құрылымдық бөлiмшелерiнен немесе үшiншi тұлғалардан қосымша мәлiметтер, қорытындылар алу қажет болған жағдайда қаржылық қадағалау бөлiмшесiнiң басшысы инспекциялау нәтижелерi жөнiндегi есептi дайындау мерзiмiн ұзартуы мүмкiн.";

      9-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Сақтандыру ұйымы инспекциялаудың қорытынды есебiн алған күннен бастап он күндiк мерзiмде оған қол қойып Ұлттық Банкке жiбереді.";

      10, 14 және 15-тармақтардағы "Ұлттық Банктiң Сақтандыруды қадағалау департаментiнде", "Ұлттық Банктiң Сақтандыруды қадағалау департаментiнiң", "Сақтандыруды қадағалау департаментiне" деген сөздер тиiсiнше "қаржылық қадағалау бөлiмшесiнде", "қаржылық қадағалау бөлiмшесiнiң", "қаржылық қадағалау бөлiмшесiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17-тармақта "қорытынды есеп" деген сөздер "қорытынды, жұмыс есептерi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

      3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) Ұйымдарына жiберсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады