Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде N 2034 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 1 қазандағы N 4 "Банкроттық рәсімдердегі кредиторлардың талаптары тізімін бекіту және қалыптастыру Нұсқаулығын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 14 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2207. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 12 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 12 бұйрығымен (2006 жылғы 8 желтоқсанда N 213-ші "Заң газеті" газетінде жарияланды).

----------------Бұйрықтан үзінді---------------------
       Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi Төрағасының кейбiр бұйрықтарының күшi жойылған деп танылсын.
      2. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға  

      Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз
борышкерлермен жұмыс Комитетi
төрағасының 2006 жылғы   
20 наурыздағы N 12 бұйрығына 
қосымша           

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс
Комитетi Төрағасының күшi жойылған кейбiр
бұйрықтарының тiзiмi

      ...
      7. "Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi Төрағасының 2002 жылғы 1 қазандағы N 4 "Банкроттық рәсiмдердегi кредиторлардың талаптары тiзiмiн бекiту және қалыптастыру Нұсқаулығын бекiту туралы" бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi Төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 17 бұйрығы, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2207 тiркелген...
-----------------------------------

      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде N 2034 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 1-қазандағы N 4 "Банкроттық рәсімдердегі кредиторлардың талаптары тізімін бекіту және қалыптастыру Нұсқаулығын бекіту туралы"  Бұйрығына  (одан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Бұйрықпен бекітілген Банкроттық рәсімдердегі кредиторлардың талаптары тізімін бекіту және қалыптастыру Нұсқаулығында (одан әрі - Нұсқаулық):
      18 тармақтың:
      бірінші абзацында:
      "шешім" сөзі "Бұйрық" сөзіне ауыстырылсын;
      "екі түрде шығарылады" сөзі "екі түрде толтырылады" сөзіне ауыстырылсын;
      екінші абзацта бірінші сөйлемнің "шешімді шығару" сөзі "Бұйрықты шығару" сөзіне ауыстырылсын;
      екінші абзацтың 22 тармақтағы "өкілетті органның шығарған шешімі" сөзі "өкілетті органның бұйрығы шығарылады" сөзіне ауыстырылсын;
      Нұсқаулықтың 3 қосымшасында:
      "шешім", "шешімге" сөздері "бұйрық", "бұйрыққа" сөздеріне ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 "Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитетінің сұрақтары" сөздері "2002 жылғы 28 қарашадағы  N 1268  "Қаржы Министрлігінің жекелеген сұрақтары" сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады