Табиғи монополия субъектілерінің жыл сайынғы міндетті аудит жүргізуге арналған шартына қосымша талаптар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 20 ақпандағы N 44-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2216. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 6 маусымдағы N 185-НҚ бұйрығымен.

----------------Бұйрықтан үзінді------------------
       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттiгі туралы ереженiң 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Табиғи монополия субъектiлерінің жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзуге арналған шартына қосымша талаптар туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөнiндегi агенттігi төрағасының 2003 жылғы 20 ақпандағы N 44-НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Мемлекеттiк тіркелiмiнде N 2216 нөмiрмен тiркелген, 2003 жылғы 17 мамырда "Ресми газетте" жарияланған) күшi жойылды деп танылсын...
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Төраға

----------------------------------------             

 

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7-бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Табиғи монополия субъектілері аудиторлық ұйымдармен (аудитормен) жасалған жыл сайынғы міндетті аудит жүргізуге арналған шартта қосымшаға сәйкес талаптарды көздесін.
      2. Табиғи монополия субъектілері Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігіне аудиторлық тексеру аяқталған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей аудиторлық есеп ұсынсын.
      3. Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шабдарбаев) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін;
      2) осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары А.Р.Ойнаровқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төрағаның міндетін
      атқарушы

Қазақстан Республикасы     
Табиғи монополияларды реттеу  
және бәсекелестікті қорғау   
жөніндегі агенттігінің     
2003 жылғы 20 ақпандағы    
N 44-НҚ бұйрығына       
қосымша             

  Табиғи монополия субъектілерінің жыл
сайынғы міндетті аудит жүргізуіне арналған
шартқа қосымша талаптар

      Табиғи монополия субъектілері міндетті жылсайынғы аудитті жүргізуге арналған шартты жасасқан кезде аудиторлық ұйымның (аудитордың) табиғи монополия субъектілерінің қызметін шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне сәйкес тексеру жүргізудегі міндеттері мынадай талаптар бойынша көзделсін:
      бухгалтерлік есепті ұйымдастыру Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкестігі (есептік саясаттың сәйкестігі, шығарылатын немесе көрсетілетін қызмет (тауарлар, жұмыстар) түрі бойынша бөлінген есеп);
      табиғи монополия субъектілерінің тарифтік саясатты сақтауы: өкілетті органмен бекітілген тарифтерді (баға, алым ставкасы), (соның ішінде жеңілдіктер, уақытша төмендетілетін коэффиценттер және басқа), есеп жүйесін пайдалану;
      шығын баптары бойынша ауытқу себептері көрсетілген тарифтік сметаның орындалуын талдауы;
      өндіріске арналған шығыстарды есептеу және қызметтердің (тауарлар, жұмыстар) өзіндік құнын калькуляциялау анализі;
      негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді есепке алу (қайта бағалау, өтелімді есептеу);
      инвестицияны салу анализі, инвестицияны мақсатты пайдалану және тиімділігін талдау;
      дебиторлық және кредиторлық берешек анализі (соның ішінде дебиторлар және кредиторлармен есептесуді түгендеу, шот бойынша операциялардың дұрыстығы);
      табыстың қаржылық жағдайын талдау және табиғи монополия субъектілері қызметінің тиімділігі.
      Агенттік бұйрығымен бекітілген (көлік және байланыс саласында) шығындарды бөлу және қызметтердің өзіндік құнын анықтау Әдістемесін дұрыс қолдану.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады