Алкоголь өнімдеріне (сырадан басқа), темекі өнімдеріне және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарға арналған акциздік алым таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2003 жылғы 20 наурыздағы N 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2242. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 599 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.23 N 599 Бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес:
      БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. ...
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Алкоголь өнімдеріне (сырадан басқа), темекі өнімдеріне және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарға арналған акциздік алым таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының м.а. 2003 жылғы 20 наурыздағы N 134 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылы 25 сәуірде N 2242 болып тіркелген; "Официальная газета" газетінде 2003 жылғы 4 сәуірдегі N 40 (145) жарияланған);
      2) ...
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан пайда болатын қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрі                                   Б. Жәмішев

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қазандағы N 1102 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Алкоголь өнімдеріне (сырадан басқа), темекі өнімдеріне және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарға арналған акциздік алым таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру Ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Акциздерді әкімшіліктендіру басқармасы (Ә.Ж.Әбдірова):
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкнот фабрикасының мекен-жайына алкоголь өнімдеріне (сырадан басқа), темекі өнімдеріне және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарға арналған акциздік алым таңбаларын дайындауға өтiнiмдерді жіберуді қамтамасыз етсін;
      2) алкоголь өнімдеріне (сырадан басқа), темекі өнімдеріне және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарға арналған акциздік алым таңбалары үшін ақша аударуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкнот фабрикасының есеп шоттарын пайдалану туралығын алкоголь өнімдерін (сырадан басқа), темекі өнімдерін және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды өндірушілер мен импорттаушылардың назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның м.а.

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрлiгiнiң     
Салық комитетi Төрағасының м.а.
2003 жылғы 20 наурыздағы   
N 134 бұйрығымен бекiтiлген 

Алкоголь өнiмдерiне (сырадан басқа), темекi өнiмдерiне және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарға арналған акциздiк алым таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру Ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 21 маусымдағы N 846 қаулысына сәйкес әзiрлендi.

      2. Осы Ережелер акциздiк өнiмдi өндiру және/немесе импорт саласында, сондай-ақ тәркiленген акциздiк өнiмдi сату бойынша қызметiн жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалардың (бұдан әрi - алушылар) алкоголь өнiмдерiне (сырадан басқа), темекi өнiмдерiне және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарға (бұдан әрi - акциздiк өнiм) арналған акциздiк алым таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру тәртiбiн реттейдi.

      3. Акциздiк алым таңбаларымен жасап шығару Қазақcтан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң тапсырысымен (бұдан әрi - Комитет) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi мемлекеттiк мекемесiнiң Банкнот фабрикасымен (бұдан әрi - Банкнот фабрикасы) жасалған тиiстi шарт (бұдан әрi - Шарт) негiзiнде әзiрленедi.

      4. Акциздiк алым таңбаларын Банкнот фабрикасынан және оларды облыстар, "Астана - жаңа қала", Астана және Алматы қ.қ. бойынша салық комитеттерi мен iрi алушыларға алуды Алматы қаласы бойынша салық комитетi жүзеге асырады.
      5. Iрi алушылар тiзбесiн Комитет айқындайды.

      6. Акциздiк өнiмдердi таңбалау үшiн, оның iшiнде сот шешiмiмен тәркiленген және сатуға тиiстi акциздiк алым таңбалары тиiстi облыстық салық комитеттерiнде берiледi.

      7. Алматы қаласы бойынша салық комитетi қызметкерлерiнiң iшiнен бiрiншi басшының бұйрығымен акциздiк алым таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру мен оларды облыстық салық комитеттерi және iрi алушыларға берудi жүзеге асыратын материалдық жауапты адам тағайындалады.

      8. Акциздiк алым таңбаларын оны алған орны бойынша тиiстi облыстық салық комитеттерiне қайтаруды есептемегенде, акциздiк алым таңбаларын өзге ұйымдар мен тұлғалардың қайта сатуға, беруге немесе басқа нысандарда иесiздендiруiне жатпайды.

2. Акциздiк алым таңбаларын Банкнот фабрикасынан алу
тәртiбi

      9. Жаңа күнтізбелiк жыл келгенге дейiн 60 (алпыс) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, облыстық салық комитеттерi тиiстi салық комитеттерiнде тiркеу есебiнде тұрған және тиiстi қызмет түрлерiне лицензиясы бар алушылардан 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акциздiк алым таңбаларын алуға өтiнiмдердi (бұдан әрi - өтiнiмдер) жинауды қамтамасыз етедi.

      10. Акциздiк өнiмдердi импорттаушы алушылардан өтiнiмдердi қабылдау осы Ереженiң 9-тармағында көзделген талаптардан басқа, акциздiк өнiмдердi шығаруды жүзеге асыруға негiз болатын сыртқы сауда шартының нотариалды расталған көшiрмесiн көрсеткенде жүргiзiледi.

      11. Тәркiленген акциздiк өнiмдердi сатушы алушылардан өтiнiмдердi қабылдау осы Ереженiң 9-тармағында көзделген талаптардан басқа, мынадай құжаттарды көрсеткенде жүргiзiледi:
      сот шешiмi;
      тәркiленген акциздiк өнiмдердi сатуға уәкiлетті органның келiсiм-шарты;
      тәркiленген акциздiк өнiмдердi қабылдау-беру актiсi;
      белгiленген тәртiппен берiлген сәйкестiк сертификаты.

      12. Осы Ереженiң 9, 10, 11-тармақтарында көзделген құжаттардың көшiрмелерi облыстық салық комитеттерiнде қалады.

      13. Алушылардан қабылдаған өтiнiмдер негiзiнде облыстық салық комитеттерi жаңа күнтізбелiк жыл келгенге дейiн 50 (елу) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, 2-қосымшаға сәйкес акциздiк алым таңбаларын алуға жиынтық өтiнiмдi (бұдан әрi - жиынтық өтiнiм) Комитетке жiбередi.

      14. Комитет жаңа күнтізбелiк жыл келгенге дейiн 45 (қырық бec) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, тиістi облыстық салық комитеттерiнiң жиынтық өтiнiмдерiне сәйкес акциздiк алым таңбаларының түрлерi мен сыйымдылығы бойынша әзiрлеуге Банкнот фабрикасына тапсырыс орналастырады және акциздiк алым таңбаларын алу және осы өтiнiмге сәйкес оларды облыстар бойынша салық комитеттерi мен iрi алушыларға беру мақсатында республика бойынша жиынтық өтiнiмдi Алматы қаласы бойынша салық комитетiне бередi.

      15. Акциздiк алым таңбаларын әзiрлеуге Банкнот фабрикасымен есептесу акциздiк алым таңбаларын сатудан түскен қаржы есебiнен жүргiзiледi. Бұл ретте көрсетiлген қаржылар алушылармен Шартта айқындалған Банкнот фабрикасының есеп шотына аударылады, алу жүзеге асырылатын айдың I-шi күнiне дейiн 45 (қырық бес) күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде, әрбiр ай бойынша жеке, олардың өтiнiмiне сәйкес акциздiк алым таңбаларын әзiрлегенi үшiн төлем жүргiзедi.

      16. Банкнот фабрикасынан акциздiк алым таңбаларын алу үшiн материалдық жауапты адамға Алматы қаласы бойынша салық комитетiнiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтердiң қолы қойылған сенiмхат берiледi.

      17. Банкнот фабрикасынан акциздiк алым таңбаларын жеткiзу, оларды сақтау және салық комитеттерi мен iрi алушыларға беру жауапкершiлiгi Алматы қаласы бойынша салық комитетiнiң бiрiншi басшысына жүктеледi.

3. Алматы қаласы бойынша салық комитетiнiң акциздiк алым таңбаларын
беру тәртiбi

      18. Алматы қаласы бойынша салық комитетiнiң акциздiк алым таңбаларын облыстар бойынша салық комитеттерi мен iрi алушылардың акциздiк алым таңбаларын алу сенiмхаты негiзiнде өкiлеттiгi бар қызметкерлерiне беру акциздiк алым таңбалары үшiн оның есепшотына ақшаның түскенiн төлем тапсырысының көшiрмелерiн тиiстi түсу сәтiнен бiр күннен кешiктiрмей беру жолымен Банкнот фабрикасы растағанда ғана жүргiзiледi.

      19. Акциздiк алым таңбаларын алу үшін облыстар бойынша салық комитеттерi мен iрi алушылар сенiмхат беретiн тиiстi облыстық салық комитеттерiнiң мөрiмен расталған салық комитетiнiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтердiң қол қою үлгiсiн ай сайын Алматы қаласы бойынша салық комитетiне жiбередi. Көрсетiлген тұлғалардың қайсы бiрi алмасса, белгiленген тәртiппен сол тұлғалардың қол қою үлгiсi қосымша жiберiледi.
      Облыстық салық комитеттерi қызметкерлерiне акциздiк алым таңбаларын алу мынадай құжаттары бар болғанда берiледi:
      акциздiк таңбаларды алу үшiн бiрiншi басшының және бас бухгалтердiң қолы қойылған, облыстық салық комитеттерiнiң мөрiмен расталған таңбаларды алушының атына берiлген сенiмхаттың түпнұсқасы;
      акциздiк таңбалар үшiн төлегенi туралы төлем тапсырысының көшiрмесi;
      қызметкерлердiң жеке басын куәландыратын құжаттар.

      20. Iрi алушыларға акциздiк алым таңбаларын алу үшiн салық комитетi басшының және бас бухгалтердiң қолы қойылған, облыстық салық комитеттерiнiң мөрiмен расталған iрi алушылар қызметкерiнiң атына берiлген сенiмхаттың түпнұсқасын, сондай-ақ осы Ереженiң 22 және 23-баптарында көзделген құжаттарды көрсеткенде, Алматы қаласы бойынша салық комитетi бередi.

      21. Облыстық салық комитеттерiне акциздiк алым таңбаларын жеткiзу осы Ережеге сәйкес осы алушыларға тиiс акциздiк алым таңбаларын қорғау мақсатында бөлiнетiн күзеттiң iлесуiмен осы комитеттердiң қызметкерлерi жүзеге асырады.

4. Алушылардың акциздiк алым таңбаларын беру және
сақтау тәртiбi

      22. Облыстық салық комитеттерiнде акциздiк алым таңбаларын берудi мынадай құжаттарды көрсеткенде, облыстық салық комитетiнiң бiрiншi басшы бұйрығымен тағайындайтын материалдық жауапты адам жүзеге асырады:
      акциздiк алым таңбаларын алуға өтiнiш (3-қосымша);
      заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк;
      салық төлеушi куәлiгi;
      акциздiк таңбаларды алу үшiн бiрiншi басшының және бас бухгалтердiң қолы қойылған және алушының мөрiмен расталған алушы қызметкерiнiң атына берiлген сенiмхаттар;
      қызметтiң тиiстi түрiне лицензиялар;
      акциздiк таңбалар үшiн ақша төлегенi туралы төлем тапсырысы.

      23. Импортталатын акциздiк өнiмдi таңбалау үшiн осы Ереженiң 22-бабында көзделген құжаттардан басқа қосымша мынадай құжаттар тапсырылады:
      акциздiк өнiмдердi шығаруды жүзеге асыруға негiз болатын сыртқы сауда шартының (бұдан әрi - сыртқы сауда шарты) нотариалды расталған көшiрмесi;
      акциздi дұрыс төлегенi туралы кеден органының белгiсiмен импортталатын акциздiк өнiм үшiн ақша төлегенi туралы төлем тапсырысы.

      24. Тәркiленген акциздiк өнiмдi таңбалау үшiн акциздiк алым таңбаларын облыстық салық комитеттерi осы Ереженiң 22-бабында көзделген құжаттарды көрсеткенде, сондай-ақ:
      сот шешiмi,;
      тәркiленген акциздiк өнiмдi сатуға уәкiлеттi органмен келiсiм-шарт;
      тәркiленген акциздiк өнiмдердi қабылдау-беру актiсi;
      белгiленген тәртiппен берiлген сәйкестiк сертификаты.

      25. осы Ереженiң 22, 23 және 24-баптарында санамалаған құжаттардың көшiрмесi облыстық салық комитеттерiнде қалады.

      26. Алушыға облыстық салық комитетiнiң материалдық жауапты адамы акциздiк алым таңбаларын бергенде осы Ереженiң 27-бабын қоспағанда екi тарап та қол қоятын екi данада жөнелтпе құжат толтырылады. Жөнелтпе құжаттың бiр данасы алушыға берiледi.
      Бұл ретте аталған жөнелтпе құжатта мынадай деректер көрсетiледi:
      акциздiк алым таңбаларын берген күнi;
      алушының аты-жөнi немесе атауы;
      акциздiк алым таңбаларының түрi, сериясы, нөмiрi және саны.

      27. Импортталатын акциздiк өнiмге акциздiк алым таңбаларын бергенде үш данада жөнелтпе құжат толтырылады: бiрiншi және екiншi даналары (екiншi данасы кеден органына көрсету үшiн) алушыға берiледi, үшiншi данасы облыстық салық комитетiнде қалады.
      Бұл ретте бұл жөнелтпе құжатта мынадай деректер көрсетiледi:
      акциздiк алым таңбаларын берген күнi;
      импорттаушының аты-жөнi немесе атауы;
      акциздiк алым таңбаларының түрi, сериясы, нөмiрi және саны.

      28. Алушыларға акциздiк алым таңбаларын беру өтiнiмде көрсетiлген сан мен түрлерiне сәйкес жүргiзiледi. Бұрын тапсырылған акциздiк алым таңбаларын беру өтiнiмде көрсетiлген сан мен түрлерi бөлiгiндегi өзгертулер мен толықтырулар тиiстi салық комитетiне таңбалар берiлетiн айдың 1 күнiне 60 (алпыс) күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей тапсырулары тиiс. Көрсетiлген мерзiмнiң уақыты өтiп кетсе, өзгертулер мен толықтырулар қабылданбайды.

      29. Акциздiк алым таңбаларын облыстық салық комитеттерiнде сақтау: акциздiк алым таңбаларын сақтауға арналған және оларды беруге арналған екi жұмыс аймағы бар, өртке қарсы және күзет дабылы бар үй-жайларда жүзеге асырылады.

5. Пайдаланылмаған, ақаулы және бүлiнген акциздiк алым таңбаларын есепке алу

      30. Пайдаланылмаған, немесе ақауы бар акциздiк алым таңбалар алған орны бойынша тиiстi облыстық салық комитеттерiне қайтарылуы мүмкiн.

      31. Алушы акциздiк алым таңбаларын қайтаруды акциздiк алым таңбаларын қайтару туралы өтiнiштiң негiзiнде қайтару себебi және акциздiк алым таңбаларын сол бойынша алған жөнелтпе құжаттар көрсеткенде жүргізіледі.

      32. Қайтарылған акциздiк алым таңбаларының нөмiрлерi мен сериялары тиiстi облыстық салық комитетiнiң бiрiншi басшысының бұйрығымен тағайындалған, қайтарылған акциздiк алым таңбаларын қабылдап алу жөнiндегi, құрамында үш адамнан кем емес комиссия қол қоятын екi данада жасалатын 4-қосымшаға сәйкес нысандағы акциздiк алым таңбаларын қабылдау-беру актiсiнде көрсетiледi.
      Қабылдау-беру актiсiнiң бiр данасы Комитетке жiберiледi.

      33. Ақшаны қайтаруды Шартқа сәйкес Банкнот фабрикасы жүзеге асырады.

      34. Облыстық салық комитеттерi бүлiнген акциздiк алым таңбаларды қабылдау-беру актiсi мен акциздiк алым таңбаларын ол бойынша алған жөнелтпе құжаттар қоса Алматы қаласы бойынша салық комитетiне жiбередi.
      Алматы қаласы бойынша салық комитетi өз кезегiнде бүлiнген акциздiк алым таңбаларды Банкнот фабрикасына тапсырады.
      Банкнот фабрикасы Шартқа сәйкес Банкнот бүлiнген акциздiк алым таңбаларды алмастыруды жүзеге асырады.

      35. Бүлiнген акциздiк алым таңбаларды алған орны бойынша тиiстi облыстық салық комитеттерiне бүлiнген акциздiк алым таңбаларды iстен шығару және оларды одан әрi жою актiсiн жасау үшiн тапсырылады.
      Алушылар бүлiнген акциздiк алым таңбаларды мынадай ережелердi сақтаумен жеке парақтарға желiмдеуi тиiс;
      акциздiк алым таңбалары желiмдеуi қатталмай және бiртегiс жүргізіледі;
      акциздiк алым таңбасы таңбаның орта бөлiгi, сериясы мен нөмiрi анық көрiнетiн болып желiмделедi;
      акциздiк алым таңбасы жыртылып қалғанда, оның жеке бөлiктерi бiрiктестiрiлуi тиiс.

      36. Акциздiк таңбаларды жою комиссияның қатысуымен тиiстi облыстық салық комитетi бiрiншi басшысының бұйрығымен белгiленетiн орында жүргiзiледi.

      37. Акциздiк таңбаларды жою жөнiндегi комиссияның құрамын тиiстi облыстық салық комитетiнiң бiрiншi басшысының бұйрығымен бекiтiледi.

      38. Акциздiк таңбаларды жою жөнiндегi комиссияның құрамына мiндеттi түрде алушы өкiлiнiң кiруi тиiс.

      39. Акциздiк таңбаларды нақты жою жөнiнде акциздiк алым таңбаларының түрi, сериясы, нөмiрi және саны көрсетiлетiн үш данада жасалатын 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акциздiк таңбаларды жою актiсi жасалады. Жою актiсiнiң әрбiр данасына комиссия мүшелерi қол қояды және тиiстi облыстық салық комитетiнiң мөрiмен бекiтiледi.
      Жою актiсiнiң әрбiр данасы алушыға берiледi, екiншi данасы тиiстi облыстық салық комитетiнде қалады, ал үшiншi данасы Комитетке жiберiледi.

6. Акциздiк алым таңбаларының қозғалысын облыстық салық
комитеттерiнде есепке алу

      40. Акциздiк алым таңбаларының қозғалысын облыстық салық комитеттерiнде есепке алуды нөмiрленген, тiгiлген және тиiстi облыстық салық комитетi бiрiншi басшысының мөрiмен және қолымен бекiтiлген болуы тиiс. 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы акциздiк алым таңбаларының қозғалысын есепке алу кiтабын материалдық жауапты адам жүргiзедi.

      41. Акциздiк алым таңбаларының нақты барлығын әр тоқсанның 1 күнi және материалдық жауапты адам ауысқанда тиiстi облыстық салық комитетi бiрiншi басшысының бұйрығымен тағайындалатын, құрамы үш адамнан кем болмауы тиiс түгендеу комиссиясы жүргiзедi.

      42. Тiзiмдеу екi данада жасалады және түгендеу комиссиясының мүшелерi және материалдық жауапты адам қол қояды.
      Акциздiк алым таңбаларының нақты барлығы туралы бухгалтерияның деректерiмен алшақтығы анықталған жағдайда материалды жауапты адамның түсiнiктемесiмен материалдар шаралар қабылдау үшiн облыстық салық комитетiнiң бiрiншi басшысына ұсынылады.

      43. Материалдық жауапты адам ауысқанда түгендеу комиссиясының мүшелерi қол қоятын акциздiк алым таңбаларының қалдықтары туралы актi жасалады.

7. Акциздiк алым таңбаларының қозғалысын
алушылардың есепке алуы

      44. Акциздiк алым таңбаларына қатаң есептегi бланкiлер ретiнде бухгалтерлiк есеп ережесi қолданылады.

      45. Алушылар акциздiк алым таңбаларын дұрыс есепке алу, оларды пайдалану (түрлерi, саны, сыйымдылығы бойынша), бүлiнген таңбаларды белгiленген тәртiпте жоғалтуға жол бермей, оларды iстен шығарғанға дейiн сақталуын қамтамасыз етуi тиiс.

      46. Акциздiк алым таңбаларының кiрiсi мен шығысы қатаң есептегi бланкiлерге ұқсас тәртiпте жүргiзiледi.

8. Есептiлiк

      47. Алушылар ай сайын акциздiк алым таңбаларын пайдалануы туралы есептi облыстық салық комитеттерiнде беруi тиiс.
      Акциздiк өнiмдердi импорттаушылар тоқсан сайын акциздiк алым таңбаларын оны алған орны бойынша тиiстi облыстық салық комитеттерiне акциздiк алым таңбаларын пайдалануын растайтын кеден жүк декларацияларының көшiрмесiн (бұдан әрi - КЖД) облыстық салық комитеттерiне (акциздiк алым таңбаларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс алып шығуға КЖД көшiрмесi мен акциздiк өнiмдердi акциздiк алым таңбаларымен таңбалаумен алып шығу КЖД көшiрмесi) қосымша тапсырулары тиiстi.
      48. Налоговым комитетом по городу Алматы составляется ежемесячный отчет о выданных марках акцизного сбора областным налоговым комитетам и крупным получателям.
      Отчет подписывается первым руководителем, материально-ответственным лицом и главным бухгалтером налогового комитета по городу Алматы, затем направляется в Комитет не позднее 15 числа месяца, следующего за отчетным.
      Ескерту: 48-тармақтың мемлекеттік тілде аудармасы болмағандықтан мәтін орыс тілінде беріліп отыр.

9. Жауапкершiлiк

      49. Осы Ереженi бұзушылық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көзделген жауапкершiлiкке алып келедi.

Алкоголь өнiмдерiне (сырадан басқа), 
темекі өнімдеріне және құрамында    
темекі бар өзге де бұйымдарға арналған
акциздік алым маркаларын алу, есепке 
алу, сақтау және беру Ережесіне    
1-қосымша               
___________________________ облысы        
бойынша Салық комитетінің Төрағасы        
___________________________________       
___________________________________       
______ жыл "_____"_________________       

Акциздік алым маркаларын алуға өтінім

                                                        мың дана
___________________________________________________________________
Марка.|Акциздік|қаңтар|ақпан|наурыз|сәуір|мамыр|маусым|шілде|тамыз
ның  | алым   |      |     |      |     |     |      |     |
түрі  |маркасы.|      |     |      |     |     |      |     |
      |  ның   |      |     |      |     |     |      |     |
      | ыдысы  |      |     |      |     |     |      |     |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы
_________________________________________
қыркүйек|қазан|қараша|желтоқсан| __жылға
        |     |      |         | барлығы
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________

      Басшысы  __________________________ (аты-жөні)

      Материалдық жауапты тұлға _________________ (аты-жөні)

      М.О.

Алкоголь өнiмдерiне (сырадан басқа), 
темекі өнімдеріне және құрамында    
темекі бар өзге де бұйымдарға арналған
акциздік алым маркаларын алу, есепке 
алу, сақтау және беру Ережесіне    
2-қосымша               
 
ҚР ҚМ Салық комитеті Төрағасына         
___________________________________     
_____________________ бойынша СК-нен    
___________________________________     
(облыс атауы)                  
______ жыл "_____"_________________     

Акциздік алым маркаларын алуға жиынтық өтінім

                                                          мың дана
___________________________________________________________________
Алушы.|Марка.|Акциздік|қаңтар|ақпан|наурыз|сәуір|мамыр|маусым|шілде
ның  | ның  | алым   |      |     |      |     |     |      |
атауы | түрі |маркасы.|      |     |      |     |     |      |
      |      |  ның   |      |     |      |     |     |      |
      |      | ыдысы  |      |     |      |     |     |      |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы
________________________________________________
тамыз |қыркүйек|қазан|қараша|желтоқсан| __жылға
      |        |     |      |         | барлығы
________________________________________________
________________________________________________
________________________________________________

      Салық комитетінің Төрағасы _____________________ (аты-жөні)

      Материалдық жауапты тұлға _________________ (аты-жөні)

      М.О.

Алкоголь өнiмдерiне (сырадан басқа), 
темекі өнімдеріне және құрамында    
темекі бар өзге де бұйымдарға арналған
акциздік алым маркаларын алу, есепке 
алу, сақтау және беру Ережесіне    
3-қосымша               
 
_________________________ Төрағасына    
(обл. СК атауы)                 
___________________________________     
(Төрағаның аты-жөні)              

Акциздiк алым маркаларын алуға
өтініш

___________________________________________________________________
   (алушының атауы, мекен-жайы, CTH, банктiк деректемелерi)
___________________________________________________________________
акциздiк алым маркаларын беруiңiздi өтiнедi:
____________________ мөлшерде _____________________________ дана
  (марканың түрi)                        (жазбаша)
____________________ мөлшерде _____________________________ дана
  (марканың түрi)                        (жазбаша)
____________________ мөлшерде _____________________________ дана
  (марканың түрi)                        (жазбаша)

      Маркалардың көрсетiлген саны мына тауарларды шығару үшiн қажет:
___________________________________________________________________
      (өнімнің түрі, ыдыстың түрі көрсетілген шөлмектер саны)
      Маркаларды сатып алу үшiн ақша Банкноттық фабриканың _______
есеп шотына 200_ ж. _______________ N ____
      Төлем
      тапсырысымен ________________________ сомасында енгiзiлген.
                      (сома жазбаша)

      Акциздiк алым маркаларын алу, есепке алу, сақтау және беру
Ережелерiмен таныстырылдым.
      Акциздiк алым маркаларының қайтарымсыз жоғалуы, олардың ұрлануы
және с.с. жағдайында бюджетке белгiленген соманы төлеуге мiндеттенемiн.

      Басшы  ________________________________
                    (аты-жөнi, қолы)

      Бас бухгалтер ______________________________
                           (аты-жөнi, қолы)

      M.O.

Алкоголь өнiмдерiне (сырадан басқа), 
темекі өнімдеріне және құрамында    
темекі бар өзге де бұйымдарға арналған
акциздік алым маркаларын алу, есепке 
алу, сақтау және беру Ережесіне    
4-қосымша               

Акциздiк алым маркаларын
өткізу-қабылдау
aктi

                                         200__ж. "____"__________
_________________________________________________________________
    (алушының атауы, мекен-жайы, СТН, банктiк деректемелерi)
________________________________________________________ атынан
                   (лауазымы, аты-жөнi)
өткiзедi, ал _____________________________ бойынша Салық комитетi
__________________________________________________________ атынан
                   (лауазымы, аты-жөнi)
__________________________________________________________________
________ дана мөлшерiнде акциздiк алым маркаларын қабылдайды,

соның iшiнде:
____________________ мөлшерде _____________________________ дана
  (марканың түрi)                        (жазбаша)
____________________ мөлшерде _____________________________ дана
  (марканың түрi)                        (жазбаша)
____________________ мөлшерде _____________________________ дана
  (марканың түрi)                        (жазбаша)

      1. Жоғарыда аталған акциздiк алым маркалары
_________________________________________________________________
__________________________________________________________ себеп

бойынша қайтарылады
      2. Акциздiк алым маркалары тиiстi түрде оралған және
жиынтықты өткiзiлдi/қабылданды.

      Өткiздiм:                              Қабылдадым:
      ______________________             ______________________
       (қолы, аты-жөнi)                     (қолы, аты-жөнi)

      М.О.                                   M.О.

Алкоголь өнiмдерiне (сырадан басқа), 
темекі өнімдеріне және құрамында    
темекі бар өзге де бұйымдарға арналған
акциздік алым маркаларын алу, есепке 
алу, сақтау және беру Ережесіне    
5-қосымша               

Акциздiк алым маркаларын жою
актi

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетi Төрағасының "Алкоголь өнiмдерiне (сырадан басқа), темекi өнiмдерiне және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарға арналған акциздiк алым маркаларын алу, есепке алу, сaқтaу және бepу Ережесi" 2002 жылғы ___ N ____ бұйрығына сәйкес бiздер, мына құрамдағы
      комиссия:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
мөлшері  ____________________________________________________ дана
болатын акциздiк таңбаларды өртеу жолымен есептен шығаруды әрi жоюды
жүргiздiк.
      оның ішінде:
_____________________________________________________________ дана
                     (марканың түрі, мөлшерi)
N ________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Төраға
      1) __________________________           _____________________
            (аты-жөнi, лауазымы)                      (қолы)

      Комиссия мүшелерi:
      2) __________________________           _____________________
            (аты-жөнi, лауазымы)                      (қолы)

      3) __________________________           _____________________
            (аты-жөнi, лауазымы)                      (қолы)

      4) __________________________           _____________________
            (аты-жөнi, лауазымы)                      (қолы)

      5) __________________________           _____________________
            (аты-жөнi, лауазымы)                      (қолы)

Алкоголь өнiмдерiне (сырадан басқа), 
темекі өнімдеріне және құрамында    
темекі бар өзге де бұйымдарға арналған
акциздік алым маркаларын алу, есепке 
алу, сақтау және беру Ережесіне    
6-қосымша               

Акциздік алым маркалары қозғалысын есепке алу журналы

___________________________________________________________________
Акциздік |Акциздік |Банкноттық  |Жөнелтпе|Акциздік |  Акциздік
  алым    |  алым   |фабрикадан  |  құжат |  алым   |    алым
маркалары |маркасы. | акциздік   | нөмірі |маркала. |маркаларының
алынған  |ның түрі,|   алым     |        | рының   |  алушының
   күн    |  ыдыс   | маркалары. |        |берілген |    атауы
          |         |ның алынған |        |  күні   |
          |         |   саны     |        |         |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      таблицаның жалғасы
______________________________________
Акциздік  |Маркаларды | Маркаларды
   алым    | алушының  |  алушының
маркаларын | өкілінің  |  өкілінің
алушының  | аты-жөні  |құжаттарының
   СТН     |           |  деректері
______________________________________
______________________________________
______________________________________
______________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады