Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттігі төрағасының "Жыныстық жолмен берiлетін аурулармен (ЖЖБА) күресу шарараларын жетілдіру туралы" 2001 жылғы 27 шiлдедегi N 695 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрілігінде 2001 жылғы 14 тамызда N 1630 тіркелген) өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 7 сәуірдегі N 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2259. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      Жыныстық жолмен берiлетiн жұқпалар жөнiндегi жағдайлардың тұрақтануына байланысты және жыныстық жолмен берiлетiн жұқпалы ауруларды белсендi төмендету жөнiндегi одан арғы iс-шаралар үшін бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының "Жыныстық жолмен берiлетiн аурулармен (ЖЖБА) күресу шараларын жетілдіру туралы" 2001 жылғы 27 шiлдедегi N 695 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 14 тамызда N 1630 тiркелген, N 40 "Ресми газетте" 2002 жылы 5 қазанда ресми жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;
      3-тармақтағы:
      "халыққа медициналық көмектi ұйымдастыру және сапасын бақылау" деген сөздер "емдеу-алдын алу жұмыстары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1), 2) тармақшалардағы "ЖЖБА тексеру" деген сөздердi "ЖЖБА мiндеттi тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және функционалдық қамтамасыз ету департаментi" деген сөздер "Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген жыныстық жолмен берiлетiн ауруы (бұдан әрi - ЖЖБА) бар контингенттердi тексеру жөнiндегi және ЖЖБА-на оң реакциясы бар стационарлық науқастарды қарау тәртiбi туралы нұсқаулықтарда:
      1-тармақтағы:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) "қан плазмасы бар преципитацияның микрореакциясы-сифилиске тексеру кезiнде iрiктелген әдiс";
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) "серологиялық реакция кешенi (СРК): кардиолипиндік және трепонемдiк CKP+ кардиолипиндік антигенi бар преципитацияның микрореакциясы (VDRL үлгiсi)";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) "серорезистенттiк - сифилистi емдегеннен кейiн бiр жыл бойы дұрыс сақталатын серологиялық реакция";

      3-тармақтағы:
      1) тармақшада "барлық пациенттер" деген сөздер "14-тен 65 жасқа дейiнгi пациенттер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "биылғы жылдың тоқсанында бiр рет" деген сөздер "тоқсан сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "тексеруге" деген сөз "сифилиске" деген сөзбен толықтырылсын;
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген жұмысқа орналасу және кезеңдiк медициналық тексеру кезеңiндегi жыныстық жолмен берiлетiн ауруға (бұдан әрi - ЖЖБА) мiндеттi медициналық тексеруге жататын контингенттердiң тiзбесiнде:

      1, 2, 8, 9, 10, 11-тармақтардағы "жылына бiр рет" деген сөздер "жылына кем дегенде екi рет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "жарты жылда бiр рет" деген сөздер "жұмысқа орналасу кезiнде, ал содан кейiн жарты жылда бiр рет" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген жыныстық жолмен берiлетiн ауруымен (бұдан әрi - ЖЖБА) ауыратын науқастарға көмек көрсететiн медициналық ұйымдардағы микробиологиялық, зертханалық диагностикалардың әдiстердiң мiндеттi минимумы туралы нұсқаулықтағы:

      2-тармақтың 1) тармақшасында "тестер" деген сөзден кейiн "(РИФ, РИТ, АСЛ, ПЦР оң нәтижелерiн алу кезiндегi СРК, МР)" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады