Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008.10.29 N 158 Қаулысымен.
--------------------- Қаулыдан үзінді ------------------------
Бағалы қағаздар рыногын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы
(бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ...
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
4. ...
5. ...
6. ...
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2008 жылғы
29 қазандағы N 158 қаулысына
қосымша
Күші жойылды деп танылатын нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі
1. ...
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақ тан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1569 тiркелген, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру
нөмiрлерiн беру қағидаларын бекiту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 16 сәуірдегі
N 114
қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2312 тіркелген).
3. ...
4. ...
5. ...
"Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N 1406
қаулысының
күшiне енуiне байланысты және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн беру қағидаларын бекiту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1569 тiркелген, 2001 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 12 жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн беру қағидаларында:
кiрiспесiндегi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы" деген сөздер "бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
1) және 2) тармақшалар алынып тасталсын;
4) тармақшадағы "Ұлттық комиссияның орталық аппараты Корпоративтік қаржы департаментiнiң" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
Қағидалардың мәтiнi бойынша түрлi септiктегi "Ұлттық комиссия" деген сөздер тиiстi септiктегi "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
5, 6-тармақтар алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Сұрату бойынша ескертпелер жоқ болған кезде Жауапты қызметкер осы Қағидалардың 1-қосымшасында келтiрiлген әдiстемеге сәйкес ҰБН жасайды, бағалы қағаздардың айналыста жүрген эмиссияларының осындай ҰБН бар жоқ екенiн тексередi, ҰБН беру жөнiнде эмитентке беретiн хат дайындайды және негiзiнде ҰБН құрылған сұратуды қоса бере отырып оны келесi бұрыштаманы қою үшiн бередi.";
9, 10-тармақтар алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Сұратуда қате және/немесе толық емес мәлiметтер анықталған кезде уәкiлеттi орган эмитентке бас тарту себебiн көрсете отырып ҰБН беруден жазбаша бас тарту жiбередi.";
12-тармақ алынып тасталсын;
13-тармақтағы "егер Ұлттық комиссия Төрағасының, Ұлттық комиссияның Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтiк қаржы департаментiне жетекшiлiк жасайтын атқарушы директорының немесе Департамент директорының тапсырмасымен (оның iшiнде ауызша) өте қысқа мерзiм белгiленбесе" деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақ алынып тасталсын;
21-тармақта:
екiншi абзацтағы "және жеке мөртабанының таңбасымен" деген сөздер алынып тасталсын;
үшiншi абзацтағы "Жауапты қызметкердiң және Департамент директорының қолдары және жеке мөртабандарының таңбасы қойылады" деген сөздер "Жауапты қызметкердiң қолы қойылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. ҰБН беру үшiн ұсынылған құжаттар жазысқан хаттар файлдарына хронологиялық тәртiппен тiгiледi.";
24-тармақтағы "және жеке мөртабанының таңбасы" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген Қағидалардың 1-қосымшада:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) "9" символы - Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтемақы төлеу мақсатында шығарылған, номиналдық құнын индекстеу және сыйақы ставкаларын айқындау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар.";
1-кесте мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк арнаулы өтем 9
қазынашылық облигациялар (МАОКО)";
көрсетiлген Қағидалардың 3-қосымшасы алынып тасталсын.
2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі