Тауарларды еркін айналым үшін Қазақстан Республикасының кедендік аумағында/тысқары жерлерде қайта өңдеу шарттары туралы қорытындының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 3 мамырдағы N 233 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 27 мамырда тәркелді. Тіркеу N 2327. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 157 168 және 177-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында қайта өңдеудің, тауарларды еркін айналым үшін қайта өңдеудің, Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеудің шарттары туралы қорытындының  нысаны бекітілсін.Қараңыз.K100296 
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төрағаның міндетін атқарушы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрінің міндетін атқарушы

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және сауда
      министрінің міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы  
23 мамырдағы N 233 бұйрығымен
бекітілген       

Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында/тысқары
жерлерде қайта өңдеудің, тауарларды еркін айналым үшін қайта
өңдеудің шарттары туралы
ҚОРЫТЫНДЫ

1. Өтініш беруші ұйымның атауы, оның мекен-жайы;
2. Тауардың атауы;
3. Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды, оның мөлшері және құны;
4. Қайта өңдеуге арналған шарттың (келісім-шарттың) күні мен нөмірі;
5. Тауарларды қайта өңдеу өндірістік процесінің мерзімі;
6. Қайта өңдеу өнімдерінің атауы;
7. Қайта өңдеу өнімдерінің СЭҚ ТН бойынша коды, оның мөлшері мен құны;
8. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормасы;
9. Қайта өңдеудің сипаты;
10. Бірдейлендіру тәсілдері;
11. Қайта өңдеуші ұйымның атауы, оның мекен-жайы;
12. Қайта өңдеу өнімдерін кері әкелу/әкету мерзімі (күні, айы, жылы);
13. Қайта өңдеу қызметінің құны;
14. Ерекше белгілер
(мыналар:
- кәсіпорындарда технологияларды пайдалану кезінде қайта өңдеудің нәтижесінде пайда болған  қалдықтарды және шығындыларды пайдалану мүмкіндігі;
- тауардың атауы және СЭҚ ТН бойынша коды, және тарифтік реттеу шаралары қолданылатын және кеден баждары алынатын, қайта өңдеуге пайдаланылған қазақстандық тауарларды әкету кезіндегі құны көрсетіледі);
- өзге де мәліметтер.

      Тіркеу N№______________________
      Уәкілетті мемлекеттік орган                М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады