Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру ережеcін бекіту жөнінде" 2003 жылы 29 мамырдағы N 176 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 10 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 1 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4072. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 123 қаулысымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N  123  қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру ережеcін бекіту жөнінде" 2003 жылы 29 мамырдағы N 176  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2386 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 242  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3132 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауындағы және 1-тармақтағы ", жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру ережесінде:
      жоғарғы оң жақ бұрышындағы "Жинақтаушы зейнетақы қорларын, олардың құрылтай құжаттарына, жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге өзгерістер мен толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру ережеcін бекіту туралы" деген сөздер алынып тасталсын;

      атауындағы ", жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге" деген сөздер алынып тасталсын;

      кіріспеде:
      ", Қорлардың филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге" деген сөздер алынып тасталсын;
      "және келісім" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақтың 3) тармақшасының төртінші абзацындағы "тізілімінен" деген сөз "тізілім жүйесінен" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      3-тармақтағы ", Қорлардың филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беру" деген сөздер алынып тасталсын;

      4-тармақтағы ", сонымен қатар Қордың филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісімдерді жазбаша нысанда беруді" деген сөздер алынып тасталсын;

      5-1 және 5-2-тармақтар алып тасталсын;

      6-тармақтағы ", Қорлардың филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беру" деген сөздер алынып тасталсын;

      6-1-тармақ алып тасталсын;

      6-2 тармақтағы ", Қордың филиалдарын (өкілдіктерін) ашуға келісімдерді" деген сөздер алынып тасталсын;

      1, 2 және 3-қосымшалардың жоғарғы оң жақ бұрышындағы ", жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға келісім беруге" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қола алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" және "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестіктеріне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қола алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады