Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы орган лауазымды тұлғаларының қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2003 жылғы 24 маусымдағы N 144-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 11 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2399. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 306-Ө бұйрығымен.

       Ескерту:Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 13 қазандағы   N 306-Ө   бұйрығымен .

      "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 8 76 және   77-баптарына  және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 156-ІІ  Заңының 3-бабына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы орган лауазымды тұлғаларының қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі нұсқаулық" бекітілсін.
      2. Заң департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылдың 17 қазанында N 1267 тіркелген "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы орган лауазымды тұлғаларының қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2000 жылғы 18 қыркүйектегі N 371-П  бұйрығы  күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министр Н.А. Ысқақовқа жүктелсін.

       Министрдің м.а.

Қазақстан Республикасы    
Қоршаған ортаны қорғау    
министрлігінің        
2003 жылғы 24 маусымдағы  
N 144-п бұйрығымен      
бекітілген          

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы
Орталық атқарушы орган лауазымды тұлғаларының қоршаған ортаны
қорғауда мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының  Конституциясына , "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексіне  және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Орталық атқарушы органы (бұдан әрі - Орталық атқарушы орган) және оның аумақтық органдары лауазымды тұлғаларының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы кезінде заңнамаларды қолдануын нақтылайды.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - Мемлекеттік бақылау) қоршаған ортаның сапасын сақтау және жақсарту мақсатында жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік бақылаудың басты міндеттері қоршаған ортаның жағдайына және шаруашылық және өзге де қызметтердің ықпалымен оның өзгеруін бақылау, қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру жөніндегі жоспарлар мен іс-шаралардың орындалуын тексеру, табиғи ресурстарды жаңғырту және тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалардың және оның сапалық нормативтері мен экологиялық талаптарының сақталуы болып табылады.

      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша өкілеттік берілген Орталық атқарушы органның және оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары лауазымы бойынша бір мезгілде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор (бұдан әрі - мемлекеттік инспектор) болып табылады.

      6. Қоршаған ортаны қорғау үшін мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асырудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1991 жылғы 18 желтоқсандағы N 785  қаулысымен  бекітілген "Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылау туралы ережемен" анықталған.

  2. Табиғат қорғау заңнамаларының бұзылуын жою жөнінде
шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапқа тарту және
құжаттарды ресімдеу тәртібі

      7. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік инспектор табиғат қорғау заңнамалары бұзылуының алдын алу, ашу мен жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

      8. Шаруашылық субъектілерін тексеру кезінде мемлекеттік инспектор табиғат қорғау заңнамаларын сақтауды тексерудің Акт-нұсқамасын жасайды. Акт-нұсқама 2 данада жасалады. Бұзушылардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы белгіленген мерзімінде орындауы міндетті болып табылады. Кәсіпорын басшысы қоршаған ортаны қорғау органына нұсқаманың орындалу мерзімі өткеннен кейін 7 күннен кешіктірмей нұсқаманың орындалуы жөніндегі ақпаратты тапсыруы тиіс (N 1-қосымша).

      9. Тексеру барысында табиғат қорғау заңнамаларының бұзылуы ашылған жағдайда мемлекеттік инспектор "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы  Кодексінің 554 635 және   636-баптарына  сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды. Хаттама 2 данада жасалады. Егер бұзушылық қоршаған ортаға келтірілген елеулі залалмен (зиянмен) орайлас болса, не қылмыстық бұзушылық белгілері бар болса хаттама 3 данада жасалады.
      Табиғат қорғау заңнамалары бұзылуының мән-жайы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада қайда және қашан жасалғаны және қандай іс-әрекетпен немесе іс-әрекетсіз көрініс тапқаны анық түрде сипатталуы тиіс.
      Бұзушы(лар) Хаттамаға қоса берілетін Хаттаманың мазмұны жөніндегі ескертпені және оған қол қоюдан бас тарту жазбасын ұсынуға құқылы.

      10. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың негізінде мемлекеттік инспектор (өз құзыреті шегінде) бұзушыға табиғат қорғау заңнамаларын бұзу ауыртпалықтарына байланысты бір немесе бірнеше ықпал ету шараларын қолдану туралы шешім қабылдайды:
      1) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 77-бабының  2-тармағының және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы  Кодексінің 650  және  651-баптарының  негізінде Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарады;
      2) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 2-тармағының негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалардың бұзылу нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерін анықтайды (анықтауға қатысады) залалды (зиянды) ерікті өтеу туралы талапты кінәлі адамдарға ұсынады не сотқа талап-арызды ұсынады;
      3) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 77-бабының  2-тармағының негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық талаптарды және заңнамаларды бұза отырып жүзеге асырған шаруашылық және өзге де қызметтерді шектеу және тоқтатып қою туралы сот органына ұсыныс енгізеді;
      4) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 77-бабының  2-тармағының және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы  Кодексінің 53-бабының  4-тармағының негізінде, ерекше жағдайларда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық талаптарды және заңнамаларды бұза отырып жүзеге асырған жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның шаруашылық және өзге де қызметтерін, сотқа талап ету арыздарын көрсетілген мерзімде міндетті түрде ұсына отырып үш күннен аспайтын мерзімге тоқтатып қояды немесе тиым салады. Бұл орайда Қызметтерді тоқтатып қою немесе тиым салу туралы нұсқама сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады (N 2-қосымша);
      5) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 77-бабының  3-тармағының негізінде экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырған шағын кәсіпкерлік субъектісінің шаруашылық және өзге қызметтеріне тиым салу немесе тоқтатып қою туралы сотқа талап ету арызын жібереді;
      6) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  77-бабының  2-тармағының негізінде Экологиялық талаптарды бұза отырып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысы жасалмай жүзеге асырылған шаруашылық және өзге қызметтер объектілерінің құрылысын қаржыландыруды және пайдалануға беруді тоқтату туралы нұсқаманы тиісті қаржы-кредит ұйымдарына енгізеді (N 3-қосымша);
      7) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  77-бабының  2-тармағының негізінде табиғат қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін кінәлілерді әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиісті органдарға жібереді.

      11. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы  Кодексінің 650  және  651-баптарына  сәйкес жасалады.
      Қаулы әр құқық бұзушыға (заңды, лауазымды тұлғаларға, азаматтарға) қатысты жеке қолданылады және 2-ден кем емес данада жасалады, оның бірі 3 күн ішінде бұзушыға қолы қойдырылып тапсырылады немесе почта арқылы жіберіледі.
      Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы заң күшіне енген күннен бастап не "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің  701-бабында  көзделген кейінге қалдырылған мерзімі толған күннен бастап 30 (отыз) күннен кешіктірілмей әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам айыппұлды төлеуі тиіс.
      Кінәлі адам белгіленген мерзімде айыппұлды төлемеген жағдайда мемлекеттік инспектор айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіппен қарау үшін сотқа жібереді.

      12. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалардың бұзылуы нәтижесінде келтірілген залалды (зиянды) өтеу туралы талап "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  86-бабына  сәйкес ұсынылады.
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалардың бұзылуы салдарында келтірілген залалды (зиянды) өтеу зиянды есептеудің белгіленген тәртіптегі бекітілген мөлшеріне және әдісіне сәйкес, ал олар жоқ болған жағдайда - келтірілген залалды ескере отырып қоршаған ортаның бұзылған жағдайын қалпына келтіруге арналған іс жүзіндегі шығындар бойынша ерікті түрде немесе сот шешімімен жүргізіледі.

      13. Экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылған шаруашылық және өзге қызметтерді тоқтатып қою немесе тиым салу туралы нұсқама тәртіп бұзушы экологиялық талаптар мен нормативтерді бұза отырып шаруашылық және өзге қызметтерді жүргізуі кезінде оған белгіленген тәртіппен жіберіледі.
      "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  77-бабының  3-тармағына сәйкес Нұсқама барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

      14. Экологиялық талаптарды бұза отырып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілмей жүзеге асырылған шаруашылық және өзге қызметтер объектілерінің құрылысын қаржыландыруды және пайдалануға беруді тоқтату туралы нұсқама Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және Экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырған шаруашылық және өзге де қызметтерді тоқтатып қою немесе тиым салу туралы нұсқамамен бір мезгілде тиісті қаржы-кредит органына жіберіледі.

      15. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  85-бабына  сәйкес қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалардың бұзылуына кінәлі заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапқа тартылады.
      Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде экологиялық қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген ( 277 - 294-баптар ).

      16. Тексеруді сапалы ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бланкілердің қатаң есептілік жүйесі енгізілуі тиіс. Қатаң есептілік бланкілері берілгенге дейін нөмірленеді және арнаулы журналда тіркеледі.

      17. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  77-бабының  3-тармағына сәйкес мемлекеттік инспекторлар өз құзыретінің шегінде қабылдаған шешімдері барлық заңды тұлғалардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті және бағыныстылық тәртібімен немесе сотта шағымдалуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының     
Қоршаған ортаны қорғау      
министрінің           
2003 жылғы 24 маусымдағы    
N 144-п бұйрығымен бекітілген  
Қазақстан Республикасының    
қоршаған ортаны қорғауда    
Орталық атқарушы орган     
лауазымды тұлғаларының     
қоршаған ортаны қорғауда    
мемлекеттік бақылауды жүзеге  
асыруы жөніндегі нұсқаулығына 
N 1 қосымша           

Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі

___________________________________________________________________
                 қоршаған ортаны қорғау органы
___________________________________________________________________
                  мекен-жайы, телефоны, факсі

Табиғат қорғау заңнамаларының
сақталуын тексеру
АКТ-НҰСҚАМАСЫ
N ________

"____" _____________  200__ ж.      ______________________________
                                      объектінің орналасқан орны

      Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор(лар):
___________________________________________________________________
                         тегі, аты-жөні
___________________________________________________________________

"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997
жылғы 15 маусымдағы  Заңының 77-бабы  негізінде басшысы
_________________________________________________ болып табылатын
                         тегі, аты-жөні
___________________________________________________________________
                     кәсіпорынның, объектінің
___________________________________________________________________
             немесе ғимараттың атауы, жоғары тұрған ұйым,
____________________________________________________ табиғат қорғау 
кәсіпорынның почта мекен-жайы, телефоны, факсі

заңнамаларының сақталуы тексерілді

Тексеру ___________________________________________________________
                     лауазымы, тегі, аты-жөні
___________________________________________________________________
________________________________________________________ қатысуымен

______________________________________ қатысып отыруымен жүргізілді
кәсіпорын өкілінің лауазымы, тегі, аты-жөні
___________________________________________________________________

      Объектінің қысқаша сипаттамасы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Табиғат қорғау заңнамаларының сақталуын тексеру кезінде мыналар анықталды:

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 маусымдағы  Заңының 77-бабын  басшылыққа ала отырып, НҰСҚАМА БЕРЕМІН:
___________________________________________________________________
  N   |   Нұсқаманың мазмұны   |  Орындалу мерзімі   | Негіздеме
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Нұсқаманың орындалуы туралы есеп 7 күннен кешіктірілмей мына
мекен-жайға_______________________________________________________
_____________________________________________________ тапсырылсын

     ҚОЛДАРЫ: ________ ___________________________________________
                        қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
                        мемлекеттік инспектордың тегі, аты-жөні
              ________ ___________________________________________
              ________ ___________________________________________
              ________ ___________________________________________
              ________ ___________________________________________
                             қатысушылардың тегі, аты-жөні
              ________ ___________________________________________
              ________ ___________________________________________
                          қатысып отырғандардың тегі, аты-жөні
              ________ ___________________________________________
              ________ ___________________________________________

_____ данада жасалды, қосымшасы _____ парақ.

N1 данасы  ________________________________________________________
N2 данасы  ________________________________________________________
N3 данасы  ________________________________________________________

Акт-нұсқамамен танысты және бір данасын алды  "___" ________ 200_ ж.

Кәсіпорынның басшысы: __________  ________________________________
                        қолы                тегі, аты-жөні

      М.О.

Тіркеу N _______  

Қазақстан Республикасының     
Қоршаған ортаны қорғау      
министрінің           
2003 жылғы 24 маусымдағы    
N 144-п бұйрығымен бекітілген  
Қазақстан Республикасының    
қоршаған ортаны қорғауда    
Орталық атқарушы орган     
лауазымды тұлғаларының     
қоршаған ортаны қорғауда    
мемлекеттік бақылауды жүзеге  
асыруы жөніндегі нұсқаулығына 
N 2 қосымша           

Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі

___________________________________________________________________
                 қоршаған ортаны қорғау органы
___________________________________________________________________
               почта мекен-жайы, телефоны, факсі

Экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылған
шаруашылық және өзге де қызметтерді тоқтатып қою
немесе тиым салу туралы
НҰСҚАМА

N ______

"___" __________ 200_ ж.           _______________________________
                                           толтырылған орны

      Объектінің атауы және орналасқан орны: ______________________
___________________________________________________________________

      Қызметті тоқтатып қою немесе тиым салу ______________________
___________________________________________________________________
        жекелеген өндірістік қондырғының, цехтың, кәсіпорынның,
             объектінің, мекеменің, ұйымның және т.б. атауы

      Мынадай _____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________________________ бұзылушылыққа байланысты

      НЕГІЗДЕМЕ: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  77-бабының 2-тармағы, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы  Кодексінің  53-бабының 4-тармағы

      Осы нұсқама сот шешімі шыққанға дейін қолданылады.

      Нұсқаманы берді:
      Қоршаған ортаны қорғау
      жөніндегі мемлекеттік инспектор: _________ __________________
                                          қолы     тегі, аты-жөні

      М.О.

      Нұсқаманы алды және орындауға қабылдады:
______________________________________ ________ ___________________
         лауазымы                        қолы      тегі, аты-жөні

Тіркеу N _____  

Қазақстан Республикасының     
Қоршаған ортаны қорғау      
министрінің           
2003 жылғы 24 маусымдағы    
N 144-п бұйрығымен бекітілген  
Қазақстан Республикасының    
қоршаған ортаны қорғауда    
Орталық атқарушы орган     
лауазымды тұлғаларының     
қоршаған ортаны қорғауда    
мемлекеттік бақылауды жүзеге  
асыруы жөніндегі нұсқаулығына 
N 3 қосымша           

Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау
министрлігі

___________________________________________________________________
                 қоршаған ортаны қорғау органы
___________________________________________________________________
               почта мекен-жайы, телефоны, факсі
___________________________________________________________________
        қаржы-кредит органының атауы және оның мекен-жайы

Экологиялық талаптарды бұза отырып немесе экологиялық
сараптаманың оң қорытындысы жасалмай жүзеге асырылған
шаруашылық және өзге қызметтер объектілерінің
құрылысын қаржыландыруды және пайдалануға беруді
тоқтату туралы
НҰСҚАМА

N ________

"___" __________ 200 ___ж.             __________________________
                                            толтырылған орны 

      "___" ___________ 200 __ж. N _____ Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы хаттама негізінде және "Қоршаған ортаны қорғау туралы"
Қазақстан Республикасының  Заңын  орындау үшін 
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
  Заңның тиісті баптарына, сондай-ақ басқа да нормативтік-құқықтық
  актілерге, олардың баптарына немесе тармақтарына сілтеме

қаржыландыруды тоқтатуды міндеттеймін _____________________________
               заңды тұлғаның атауы, оның мекен-жайы, тегі, аты-жөні
___________________________________________________________________
         жеке тұлға және оның жұмыс орны (тұрғылықты жері)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

мынадай ___________________________________________________________
___________________________________________________________________
_________________ экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырған
шаруашылық қызметтің түрлері

Жұмыстың тапсырыс берушісі (инвесторы) ____________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
_________________________________________________ болып табылады
заңды тұлғаның атауы, оның мекен-жайы және банктік деректемелері

      Осы нұсқаманы берген мемлекеттік лауазымды тұлға Хаттамада көрсетілген бұзылған экологиялық талаптардың жойылғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейін ғана  қаржыландыру жұмыстарын жандандыруға рұқсат береді.

      Осы нұсқаманың орындалуы туралы "____" __________ 200__ж. дейін хабарлауыңызды сұраймын.

      Қосымша: "___" ___________ 200 __ж. N _____ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама  ____________________ парақ ____________

___________________________________________________________________
                  Хаттаманы жасаушының лауазымы

________________      _____________________________________________
    қолы                               тегі, аты-жөні

      М.О.

Тіркеу N _____  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады