Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1284 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарында қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкісминінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2411. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 837 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 19.08.2016 № 837 бұйрығымен.

      2000 жылғы 12 қазандағы N 548 бұйрықтың нормаларын "Қазақстан Республикасы халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысына сәйкестендіру, заңсыз құжаттандыруды болдырмау мақсатында, сондай-ақ халықты құжаттандыру жүйесінің бағдарламалық-техникалық кешенін жетілдіруге байланысты бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1284 болып тіркелген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1510 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 342 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) "Қазақстан Республикасы халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарының қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 548 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарының қолдану тәртібі туралы нұсқаулықтағы:

      1) "2. 1-формалы өтінішті ресімдеу тәртібі" деген 2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Азаматтарға ф-1 өтініштерін (1-қосымша) олардың тұрақты тұратын жерлеріндегі уәкілетті орган ресімдейді.
      Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілеттіктері және консулдық мекемелері шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ф-1 өтініштерін ресімдейтін уәкілетті органдар болып табылады. Оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтарға ф-1 өтініштерін ресімдейтін уәкілетті органдар болып табылатын көші-қон полициясы бөлімшелері үшін белгіленген ережелер мен жауапкершілік таратылады. Олар тікелей өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Көші-қон полициясы департаменті (Астана қаласында) құжаттандыруды жүзеге асырады. Ф-1 өтініштерін функционалдық міндеттері бойынша азаматтарға көрсетілген уәкілетті органдардың ф-1 өтініштерін ресімдеу құқығы берілген штаттық қызметкерлері ғана толтырады.
      9. Ф-1 өтініші нөмірі мен штрих коды бар қатаң есептегі типографиялық бланкіден тұрады, деректердің бірыңғай ақпараттық базасына енгізілетін ақпараттарды тасушы болып табылады және кейіннен жеке адам мен берілетін құжаттарды сәйкестендіру, мекенжай-анықтамалық және іздеу жұмыстары мақсатында пайдаланылады. Осыған орай ф-1 өтініштерін толтыруға жоғары талаптар қойылады.
      Қалалық, аудандық ішкі істер органдарында (бұдан әрі - ҚАІІБ) алынған ф-1 өтініш бланкілері арнайы кітаптарда (2-қосымша) реттік нөмірлері бойынша толық есепке алынады. Кіріс-шығыс журналына қол қойып, материалдық жауапты адамнан ф-1 өтінішінің бланкілерін алған қызметкерлер оларды ресімдеуді өзі жүзеге асырады.
      Ф-1 өтінішінде қара, көк немесе күлгін түсті сиямен, қысқартуларсыз және түзетулерсіз толтырылуы тиіс 20 ақпараттық жолдар болады. Адамның анықтау деректері: Т.А.Ә., туған жері және тұрғылықты жері баспа әріптерімен толтырылады. Толтыру толығымен мемлекеттік тілде немесе толығымен орыс тілінде жүргізіледі. Әртүрлі тілдерде алаластырып толтыруға рұқсат етілмейді. Барлық түзетулер туралы ф-1 өтінішінің сыртқы жағындағы бос жерге, 18-жолдың қатарына жазба жасалады. Ол түзетілген жазбаны көрсету арқылы қызметкердің қолымен және көші-қон полициясы бөлімшесінің елтаңбалы төлқұжаттық мөрімен расталады.
      10. Ф-1 өтінішіне енгізілген мәліметтердің дұрыстығына және оны ресімдеудің негізділігіне ф-1 өтінішін толтырған және растаған көші-қон полициясы бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің және консулдық мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ көрсетілген бөлімшелердің бастықтары жауапты болады.
      Ф-1 өтініші өтініш берушілерде көші-қон полициясының осы бөлімшесі берген бір немесе бірнеше құжаттардың болуын анықтайтын 1-формалы картотека бойынша, сондай-ақ жоғалту туралы істер бойынша (3-қосымша) тексеріледі. Бұл ретте формулярларда көрсетілген барлық деректер және фотографиялық сурет салыстырылады.
      11. Қазақстан Республикасының азаматтарына ф-1 өтініштерін ресімдеу туралы шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртекті, фотосуреттерді және төменде тізілген құжаттардың бірін:
      туу туралы куәлікті;
      Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын;
      жеке куәлікті;
      уақытша жеке куәлікті;
      қайтып оралу куәлігін;
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы (мойындауы) немесе Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу туралы анықтаманы (4-қосымша);
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандығы туралы анықтаманы немесе қабылдау-тарату орнында ұсталғандығы туралы анықтаманы (егер бұрын жеке басын куәландыратын құжаттар берілмесе, бір мезгілде туу туралы куәлікті сұратып алу не болмаса жоғалтқан құжаттарын қалпына келтіру кезінде);
      офицердің, прапорщиктің (мерзімнен тыс қызмет өткерушінің) әскери билетін немесе жеке куәлігін;
      Бұрынғы КСРО-ның паспортын;
      Бұрынғы КСРО-ның жалпы азаматтық шетел паспортын көрсетуі тиіс.
      Бұл ретте мынаны басшылыққа алу қажет:
      1) ф-1 өтінішін тек қана жеке куәлікке ресімдеген жағдайда бас киімсіз түскен, бұрыштары қиылмаған түрлі-түсті немесе бір түсті 3,5 х 4,5 см стандартты көлемдегі екі фотосурет талап етіледі. Әйел адамдарға басындағы орамалмен суретке түсу рұқсат етіледі.
      Төлқұжатқа немесе төлқұжатпен бірге жеке куәлікке ф-1 өтінішін ресімдеу кезінде өтініш беруші үш фотосурет тапсыруы тиіс.
      Құжатты ресімдеу кезінде фотосурет өтініш берушінің жасына сәйкес болуы керек, тек қана қарсы алдынан жарық фонда шығарылуы тиіс, әрі адамның бет-әлпетінің көлемі иегінен бастап шашының жоғарғы шетіне дейін кемінде 2 см, бірақ 3,5 см-ден аспауы және фотосурет шеңберінен шықпауы керек. Фотосурет анық болуы тиіс, адамның жеке ерекшеліктерін анықтау үшін жарық орталықтан және біркелкі, мейлінше айқын, қосымша көлеңкелерсіз болуы тиіс. Фотосуреттің сыртқы жағына иесінің тегі, аты-жөні жай қарындашпен жазылады. Фотосурет фотобаспа әдісімен бір ғана негативтен тығыз (жұқа емес) фотоқағазға шығарылуы керек. Компьютерлік сканерлеу және моделдеу немесе ксерокөшіру әдісімен әзірленген суреттерді пайдалануға жол берілмейді.
      Ф-1 өтінішінің сыртқы жағына міндетті түрде 18-жолдың қатарына өтініш берушінің қосымша фотосуреті жапсырылады және көші-қон полициясы бөлімшесінің елтаңбалы төлқұжат мөрімен расталады. Мөр бедері анық, еркін оқылатын болуы тиіс, бұл ретте мөрдің нөмірі фотосуретке қойылмайды.
      2) өтініш иесі ф-1 бланкісіне қара, көк немесе көкшіл түсті пастасы бар шарикті қаламсаппен біркелкі басып, шектерінен шықпай шеңбердің дәл ортасына қол қоюы тиіс. Сияны және капиллярлы (гельді) қаламсаптарды пайдалануға болмайды. Өтініш берушінің қолынан төмен арнайы бөлінген орынға ф-1 өтініші қабылданған дата жазылады;
      3) Ф-1 өтінішін толтыру кезінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты және басқа да мәліметтер, оның ішінде әкімшілік-аумақтық бөлінуі, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлер мен құжат беруші органдардың атауы ф-1 өтінішін ресімдеуге негіз болып табылатын құжаттардағы жазбаларға сәйкес жазылады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жерлер мен құжат беруші органдардың атауы қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бөлінуге сәйкес жазылады;
      4) туу туралы куәлігі негізінде балаларға құжаттарды ресімдеу кезінде ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжатын; ер адамдарға - әскери учаскеге тіркеуге алу куәлігін көрсету міндетті болып табылады.
      Жеке басын куәландыратын құжаттар беру туралы өтініш жасаған және туу туралы куәлігін ұсынған 18 жастан асқан адамдар үшін ф-1 өтінішін ресімдеу туралы шешім өтініш берушінің жеке басы белгіленген тәртіппен расталғаннан кейін қабылданады. Ф-1 өтінішінің сыртқы жағына 18-жолдың қатарындағы бос орынға жеке адамды растау туралы шығарылған қорытындының нөмірі мен датасы туралы жазба жасалады. Ол көші-қон полициясы бөлімшесі қызметкерінің қолымен және мөрмен расталады. Жеке адамды тексеру туралы материалдар кемінде 10 жыл сақталатын жеке номенклатуралық іске тігіледі;
      5) барлық кодтар, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайлары және оларда жасалатын қысқартулар кодтар мен қысқартулар кестесіне (5-қосымша) сәйкес көрсетіледі. Кодтар кестесінде жер атаулары немесе ұлты болмаған жағдайда кодтарды көрсетуге арналған торшалар толтырылмайды. Кодтар мен қысқартулар кестелері өзгертілген жағдайда олар жеке циркулярлар бойынша қосымша таратылады;
      6) 6, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19-жолдардағы даталар сандар арқылы мынадай ретте: жылы, айы, күні жазылады. Мысалы: 2002.10.03.
      12. Ф-1 өтінішін толтыру кезінде мынадай ережелерді басшылыққа алу қажет.
      "ТӨЛҚҰЖАТ, ЖЕКЕ КУӘЛІК БЕРУГЕ ӨТІНІШ" деген нөмірсіз жол тапсырыс берілетін құжат түріне сәйкес (банк мекемесіне оның құны төленгеннен кейін) төлқұжат пен жеке куәлік үшін - "N", азаматтығы жоқ адамның куәлігі үшін - "А", шетелдік азаматтың ықтиярхаты үшін - "І" латынша бас әріптерді жазу арқылы толтырылады. Егер өтініш беруші тек қана төлқұжат немесе жеке куәлік алатын болса, екінші жол таза болып қалады. Құжат алу үшін төлем жасау туралы түбіртекке ф-1 өтінішінің нөмірі жазылады.
      "ТӨЛҚҰЖАТ, ЖЕКЕ КУӘЛІК БЕРІЛЕДІ" деген 1-жолда ф-1 өтінішін ресімдеудің бір немесе бірнеше себептерінің (7 себепке дейін) коды көрсетіледі. 1-ақпараттық жолдағы кодтар мынадай тәртіппен көрсетіледі:
      "00" коды 16 жасқа дейінгі балалардың төлқұжатына ф-1 өтінішін ресімдеу кезінде көрсетіледі, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда туу туралы куәліктің деректері жазылады. Туу туралы куәлікке оның нөмірі мен дайындалған күні көрсетілген төлқұжатты беру туралы белгі қойылады.
      "01" коды 16 жасқа толған азаматтар үшін көрсетіледі, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда туу туралы куәліктің деректері жазылады. Егер азамат 16 жасқа толғанға дейін төлқұжат алған болса, онда 16 жасқа толуына байланысты ф-1 өтінішін ресімдеу кезінде 9, 10, 11-жолдарда оның төлқұжатының деректері, ал 18-жолдың қатарындағы бос орынға туу туралы куәлігінің деректері жазылады. Туу туралы куәлікке құжаттандырылғандығы туралы белгі қойылады.
      "02" және "03" кодтары тиісінше 25 жасқа және 45 жасқа толуына байланысты жеке куәлік алу үшін ф-1 өтініштерін ресімдеу кезінде көрсетіледі. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда өтініш берушінің бұған дейін алған жеке куәлігінің деректері жазылады.
      Азаматтардың 16, 25 және 45 жасқа толуына бір ай қалғанда жеке куәлік алу үшін ф-1 өтінішін ресімдеуге рұқсат етіледі.
      "04" коды өтініш беруші тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен кезде көрсетіледі. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда бұрынғы жеке куәлігінің деректері жазылады, ал 5-жолда өтініш берушінің бұрынғы тегі жазылады. Егер өтініш беруші тегін бірнеше рет өзгерткен болса, онда барлық бұрынғы тектері туралы мәліметтер "5-жолға толықтыру" деп көрсетіліп, бір парақ қағазға жазылады, ол ф-1 өтінішіне желімделеді.
      18-жолдың қатарындағы бос орынға фамилиясын (атын, әкесінің атын) өзгерту үшін негіз болған тиісті құжат - туу туралы куәлік, Т.А.Ә-ні өзгертуі туралы куәлік, көші-қон полициясы бөлімшесі қызметкерінің қолымен және елтаңбалы төлқұжат мөрімен расталған қорытынды көрсетіледі.
      "05" коды өтініш беруші туған күнін өзгерткен кезде көрсетіледі, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда бұрынғы жеке куәлігінің деректері жазылады. 18-жолдың қатарындағы бос орында туған күнінің өзгеруі туралы АХАЖ органдары куәлігінің деректері және бұл мән-жайларды тексеру бойынша шығарылған көші-қон полициясы бөлімшесі қызметкерінің қолымен және елтаңбалы төлқұжат мөрімен расталатын қорытынды көрсетіледі.
      "06" коды басып шығарылған жеке басын куәландыратын құжаттарда қателер табылған жағдайларда көрсетіледі. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда қате табылған жеке куәліктің немесе, егер де ол жеке куәліктен бөлек ресімделген болса, төлқұжаттың деректері жазылады. Егер қате Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің "Ақпаратты-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - "АӨО" РМК) кінәсінен жіберілген болса, онда жаңа ресімделген ф-1 өтінішімен қоса бұрынғы ф-1 өтініші және табылған қатесімен бірге құжаттың өзі де Құжаттандыру басқармасына жіберілуі тиіс. Бұл ретте олар жалпы тізімге енгізілмей, жеке реестрмен жіберіледі. Жаңа құжат әзірленгеннен кейін бұрынғысы (қатесі бар) "АӨО" РМК-да жойылады, ал ф-1 өтініштерінің екеуі де кейін қайтарылады, олардың соңғысы қолданыстағы, ал бұрынғысы - мұрағаттық картотекаға енгізіледі. Егер қателер көші-қон полициясы қызметкерлерінің немесе ф-1 өтінішін ресімдеген басқа да уәкілетті органдардың кінәсінен жіберілген болса, онда бұрынғы ф-1 өтініші жаңадан толтырылған ф-1 өтінішімен қоса Құжаттандыру басқармасына жіберіледі, бұл ретте оның бет жағында дәлсіздік табылған жолы көрсетілген жазба жасалады, ал қате табылған құжаттың өзі осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен жойылады және Құжаттандыру басқармасына жіберілмейді.
      Азаматтарға олардың бұрынғы құжаттарындағы жазбаларда дәлсіздіктердің анықталуына немесе пайдалануға жарамсыз болуына байланысты (бүліну, тозу және т.с.с.), оның ішінде тегін, атын, әкесінің атын, туған жері мен күнін өзгерткенде жеке басын куәландыратын құжаттар беру туралы өтініштерді қарау кезінде уәкілетті органдар өтініш берушілердің жеке басын, сондай-ақ оларға жеке басын куәландыратын құжаттың және АХАЖ органдары куәліктерінің берілуі фактісі мен олардың түпнұсқалылығын, оның ішінде ескі және жаңа анықтау деректері арқылы мекенжай бюросындағы есептер бойынша қажетті тексеру жүргізеді. Азаматтар ұсынған құжаттардың түпнұсқалылығы күмән туғызған немесе оларды ұсынушылар өзі туралы жалған мәліметтер берген немесе өзі атап отырған адам емес деп топшылауға негіздер болған жағдайларда осы мәселе бойынша барлық материалдар жөнінде ішкі істер органдарының бастықтарына немесе олардың орынбасарларына баяндалады, олар мән-жайларға қарай мұндай адамдарға қатысты тиісті тексерулер жүргізу туралы шешім қабылдайды. Бұл жағдайларда тексеру ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметі әдістерін пайдалана отырып, жедел түрде жүргізілуі тиіс.
      Нақты мән-жайларға қарай, сондай-ақ сотталған адамдарға қатысты мәліметтерді қалпына келтіру кезінде құжаттандырылушылардың жеке басын тексеру:
      1) тексерілушінің фотосуреттерін олармен бірге тұрған және бірге жұмыс істеген азаматтардың тануына ұсыну үшін жібере отырып, олардың бұрын тұрған жерлері мен жұмыс орындары бойынша;
      2) тексерілушілердің фотосуреттерін олардың ата-аналарына, туысқандарына немесе байырғы тұрғындарға тануға ұсыну үшін жіберу арқылы және қажет болғанда АХАЖ-дан туу туралы акт жазбасының көшірмесін талап ету арқылы туған жерлері бойынша. Егер ата-аналары немесе туысқандары тексерілушілердің туған жерлерінде тұрмайтын болса, онда фотосуреттері қоса берілген сұрау салулар олардың нақты тұратын жерлеріне жіберіледі;
      3) тиісті мемлекеттік мұрағаттар бойынша;
      4) қалалық, аудандық ішкі істер органдарының, ІІБ-нің және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің жедел және криминалистикалық есептері бойынша;
      5) облыстық мекенжай бюросы бойынша жүргізіледі.
      Қажет болғанда тексерілушілерден олардың төлқұжаттарында және құжат алу үшін берілген ф-1 өтініштерінде қойылған қолдардың сәйкестілігін анықтау мақсатында жазу әдісін зерттеу үшін жазу үлгісі алынады.
      Иесі туралы мәліметтердің (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен жері) қалпына келтірілуіне байланысты төлқұжаттарды, жеке куәліктерді ауыстыру туралы мәселе қаралған жағдайларда мұндай адамдар міндетті түрде, оның ішінде мекенжай бюроларының есептері бойынша, ескі және жаңа анықтау деректері бойынша мұқият тексеріледі.
      Мұндай адамдарға ф-1 өтініштерін ресімдеу және құжаттар беру олардың жеке басын анықтау және ол туралы дәлелді қорытынды шығару жөніндегі тексерулер аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Ол туралы ф-1 өтінішінің сыртқы жағындағы бос орынға 18-жолдың қатарына жазылып, көші-қон полициясы бөлімшесі қызметкерінің қолымен және елтаңбалы мөрімен расталады. Жеке адамды тексеру жөніндегі материалдар кемінде 10 жыл сақталатын жеке номенклатуралық іске тігіледі.
      "07" коды құжат пайдалануға жарамсыз (бүліну, тозу, төлқұжаттың барлық парақтарын пайдалану) болған жағдайларда көрсетіледі. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда жарамсыз болған құжаттың деректері, ал 18-жолдың қатарына, жоғарыда көрсетілгендей, бұл мән-жайларды тексеру туралы жазылады (егер ол жүргізілген болса).
      "08" коды азамат өз ұлтын өзгерткен жағдайда көрсетіледі. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда бұрынғы жеке куәлігінің (немесе төлқұжатының - шетелде тұратындар үшін) деректері, ал 18-жолдың қатарындағы бос орынға ұлтын өзгерту жөніндегі қорытынды туралы мәліметтер жазылады, олар көші-қон полициясы бөлімшесі қызметкерінің қолымен және елтаңбалы мөрімен расталады. 8-жолда өтініш берушінің жаңа ұлты жазылады. Дәл осы код егер азамат жеке басын куәландыратын құжатты онда ұлтының көрсетілмеуін қалауына байланысты ауыстыру үшін ф-1 өтінішін ресімдеу кезінде көрсетіледі. Бұл жағдайда қорытынды шығарылмайды, 8-жол толтырылмайды, онда "999" коды қойылады.
      "09" коды азаматтың жеке куәлігін жоғалтуына байланысты ф-1 өтінішін ресімдеуі кезінде ғана көрсетіледі. 9, 10, 11-жолдарда уақытша жеке куәліктің деректері жазылады, егер уақытша жеке куәлік берілмеген болса, жоғалған жеке куәлігінің деректері, ал 18-жолдың қатарындағы бос орынға жоғалту жөніндегі істің нөмірі, оның ашылған және аяқталған күні жазылады. Төлқұжаты болған жағдайда жоғалған жеке куәлікті қалпына келтіру жөніндегі іс ашылмайды, 9, 10, 11-жолдарда қолда бар төлқұжаттың деректері көрсетіледі.
      "10" коды азамат тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда көрсетіледі. Бұл ретте міндетті түрде 14-жол толтырылады, 9, 10, 11-жолдарда өтініш берушінің жеке куәлігінің деректері жазылады.
      "11" коды егер де жеке куәлік пен төлқұжат алғаш рет алынатын, 1974 жылғы үлгідегі төлқұжат ұсынылған жағдайларда ғана көрсетіледі. 1974 жылғы үлгідегі төлқұжаттардың негізінде ф-1 өтінішін ресімдеу өтініш берушіні тіркелу заңдылығы мен БМБ-де мекенжай мәліметтерінің болуына тексергеннен кейін ғана жүргізіледі. Бір мезгілде айрықша белгілердің болуын ф-1 картотекасы бойынша тексеру жүзеге асырылады. Төлқұжатты республиканың басқа өңірінде алған жағдайда фотосуреті бар ф-1 көшірмесіне сұрау салынады.
      "12" коды Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдарға ф-1 өтінішін ресімдеу кезінде көрсетіледі. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда азаматтықты қабылдау туралы анықтаманың деректері, ал 15-жолда өтініш берушінің бұрынғы азаматтығы (азаматтығы жоқ адамдар үшін - АЖА), сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау датасы жазылады.
      "13" коды төлқұжатын ғана жоғалтқан азаматтарға ф-1 өтінішін ресімдеу кезінде көрсетіледі. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда жеке куәліктің деректері, ал 18-жолдың қатарындағы бос орында азаматтың жазбаша өтінішін тіркеу нөмірі мен датасы жазылады. Егер жеке куәлігі болса, жоғалған төлқұжатты қалпына келтіру жөніндегі іс ашылмайды.
      16 жасқа дейінгі балаға дайындалған төлқұжат жоғалған жағдайда, өтінішті оның ата-анасының біреуі жазады.
      Төлқұжатты жоғалту туралы хабарлама азаматтан өтініш түскеннен кейін бір тәулік ішінде жоғары тұрған Көші-қон полициясы басқармасына жіберіледі. Ол бір тәулік мерзім ішінде бұл жөнінде Қазақстан Республикасы ҰҚК-ның Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Көші-қон полициясы департаментіне хабарлайды.
      "14" коды жер атауларының өзгертілуі бойынша жеке куәлік алу үшін ф-1 өтінішін ресімдеу кезінде көрсетіледі. 14-жол толтырылмайды, ал 9, 10, 11-жолдарда қолда бар жеке куәліктің деректері жазылады.
      "15" коды шетелден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қайтып оралған Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік алу үшін ф-1 өтінішін ресімдеу кезінде көрсетіледі. Бұл ретте 14-жол міндетті түрде толтырылады, ал 9, 10, 11-жолдарда өтініш берушінің қолындағы төлқұжаттың деректері жазылады.
      "16" коды құжаттардың түрін өзгертумен байланысты оларды дайындаудағы жаңа технологияға сәйкес (түрлі-түсті фотосурет, тұрғылықты жері) жеке куәлік пен төлқұжатты иесінің қалауы бойынша алу үшін ф-1 өтінішін ресімдеу кезінде көрсетіледі.
      Сонымен қатар 02, 03, 04, 05, 06, 07, 09, 10, 13, 14, 15, 16 кодтары өтініш иесінің қолында Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаты жоқ болған жағдайларда қойылады. Ф-1 өтінішін ресімдеуге бірнеше себептер болған жағдайда, мысалы, 25 жасқа толу, тегін өзгерту және тұрғылықты жерін ауыстыру кезінде 1-жолда тиісінше 02, 04, 10 кодтары қойылады.
      13. Ф-1 өтінішінің 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 12-жолдары ф-1 өтінішін ресімдеуге негіз болған құжаттарға сәйкес толтырылады.
      Ф-1 өтінішінің бланкісіндегі және оның жыртылатын түбіршегіндегі фамилиялар, аттары, әкесінің аттары дұрыс жазылуы керек. 7-жолда ер адамдарға - 1 саны, әйел адамдарға - 2 саны қойылады.
      Тегін, атын, әкесінің атын жазу қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлты қазақ адамдардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" 1996 жылғы 2 сәуірдегі Жарлығының талаптарына сай жүргізілуі тиіс. Олар көші-қон полициясы қызметтеріне өтініш білдірген кезде тілеген тегін, атын, әкесінің атын мемлекеттік немесе орыс тілдерінде көрсете отырып, ауыстырылатын құжаттары туралы мәліметтерді көрсетіп өтініш жазады. Тегі мен әкесінің атының түбірлері сақталып, қазақ тіліне тән емес (-ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -ина, -н, -на, -ович, евич, -овна, -евна) аффикстері алынып тасталып, формулярдың 2-жолда тегі, 3-жолда аты, ал 4-жолда әкесінің аты жазылады. Бұл ретте әкесінің атын жазған кезде әкесінің атына адамның жынысына қарай "улы, ұлы; кызы, қызы" деген жалғаулар бірге қосылып жазылады, мысалы, Наурызбаев (Наурызбай) Болат (Болат) Каримович (Каримулы). Сондай-ақ, мынадай тектер, мысалы, Джандосов Джумабай, Чоканов Рыскали орыс тілінде Жандосов Жұмабай, Шоқанов Ырысқали деп транскрипцияланады. Ұсынылған құжаттарда өтініш берушінің тегі болмаған жағдайларда оның әкесінің аты тегі ретінде жазылады, мысалы - Болат Каримулы, "фамилия-тегі" деген бағанда Каримулы Болат немесе Кәрімұлы Болат деп жазылады. Тегі де, әкесінің аты да болмаған жағдайда тегі ретінде аты жазылады. Тегін, атын, әкесінің атын және басқа да анықтау деректерін өзгертуге байланысты барлық өзге мәселелер АХАЖ органдары берген құжаттардың негізінде ғана шешіледі.
      Төлқұжат әзірлеу туралы белгісі бар ф-1 өтінішін ресімдеу кезінде өтініш берушінің тілегі бойынша ағылшын транскрипциясындағы оның тегі, аты төлқұжатқа көші-қон полициясы бөлімшесінің бастығына ұсынған өтінішінің негізінде басылуы мүмкін. Ол ф-1 бланкісінің сыртқы жағына бұрыштама қойылады және желімделіп, онымен бірге Құжаттандыру басқармасына жіберіледі.
      Ф-1 өтінішінің 9, 10, 11-жолдары осы Нұсқаулықта көзделген құжаттар есебінен ф-1 өтінішін ресімдеу үшін негіз болған құжатқа сәйкес толтырылады. Олар мыналар:
      "01" туу туралы куәлік;
      "02" бұрынғы КСРО-ның паспорты;
      "03" жеке куәлік;
      "04" бұрынғы КСРО-ның жалпы азаматтық шетелдік паспорты;
      "05" әскери билет (бұрын жеке құжаттары болмаған әскери қызметшілер үшін);
      "06" офицер мен мерзімнен тыс қызмет етушінің жеке куәлігі;
      "07" бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы туралы анықтама (туу туралы куәлік анықтамамен бір уақытта талап етілген кезде, егер бұрын жеке басын куәландыратын құжаттар берілмесе, не болмаса қолда бар құжаттарды жоғалтып алған жағдайда оларды қайта қалпына келтіру кезінде);
      "08" Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау (мойындау) туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу анықтамасы;
      "09" азаматтығы жоқ адамның куәлігі (екінші рет құжаттандыру кезінде);
      "10" уақытша жеке куәлік;
      "11" босқынның құжаты;
      "12" Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
      "13" шетел мемлекеті азаматының төлқұжаты;
      "14" шетел азаматы үшін тұру рұқсаты;
      "15" алғашқы құжаттандыру кезінде азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерін дайындауға арналған жеке құжаттардың барлық түрлері (туу туралы куәлік, мерзімі өткен; шетел мемлекетінің төлқұжаты, ұлттық төлқұжаттың мерзімі өткен жағдайда тұру рұқсаты; Қазақстан Республикасының төлқұжаты; Қазақстан Республикасының жеке куәлігі; бұрынғы КСРО-ның паспорты; уақытша жеке куәлік). Бұл ретте міндетті түрде 9-жолдың астына құжаттың түрі сөздермен көрсетіледі.
      11-жол қысқартусыз толтырылады, құжатты берген қалалық, аудандық АХАЖ органының, аудандық ІІБ-нің немесе аудандық әскери комиссариаттың атауы, сондай-ақ облыстың атауы толық көрсетіледі.
      Ф-1 өтінішіндегі 12-жолда Қазақстан Республикасының аумағында туған азаматтар үшін тиісті жолдарда облысы, ауданы, елді мекені және оларға сәйкес кодтар жазылады. Астана және Алматы қалаларында туған адамдарға "Автономиялық республика, өлке, облыс" деген жолда Астана (немесе Алматы) қаласы деп жазылады. Шетелде туған адамдарға тиісті жолдарда елдің, облыстың (өлкенің), ауданның, елді мекеннің атауы жазылады, бұл ретте елдің коды ғана көрсетіледі, басқа кодтар қойылмайды. ТМД елдерінің астаналарында, сондай-ақ облыс (өлке) орталықтарында (мысалы, МИНСК, ОМСК және т.б.) туған адамдарға "Автономиялық республика, өлке, облыс" деген жолда қала көрсетіледі.
      13-жол тұрақты тіркеу мекенжайына сәйкес толтырылады. Осы ретте Қазақстанда тұратындар үшін "елі" деген жол толтырылмайды. Астана, Алматы қалаларында тұратын азаматтар үшін "облыс" деген жолға Астана, Алматы қалалары жазылады; "аудан" деген жолға қаланың ауданы толтырылады, мысалы: "202" Сарыарқа ауданы; "елді мекен" деген жолға Астана (Алматы) қалаларының құрамындағы елді мекен жазылады, мысалы: Көктал кенті; "елді мекеннің ауданы" деген жол толтырылмайды.
      Облыстық орталықтарда және облыстың қарамағындағы қалаларда тұратын азаматтар үшін "облыс" деген жолда облыстың коды мен атауы көрсетіледі, мысалы: "1917" - Шығыс-Қазақстан облысы; "аудан" деген жолда "401" - Өскемен қаласының коды көрсетіледі; "елді мекен" деген жол толтырылмайды; "елді мекен ауданы" деген жолда - Өскемен қаласы ауданының коды көрсетіледі, мысалы: "367" Үлбі.
      Облыстың аудандық елді мекендерінде тұратын азаматтар үшін "облыс" деген жолда облыстың коды мен атауы көрсетіледі, мысалы: "1907" Алматы облысы; "аудан" деген жолда - ауданның коды мен атауы көрсетіледі, мысалы: "211" Іле ауданы; "елді мекен" деген жолда ауданның құрамындағы елді мекеннің атауы көрсетіледі, мысалы: Ащыбұлақ кенті; "елді мекеннің ауданы" деген жол толтырылмайды.
      Шетелдерде тұратын Қазақстанның азаматтары үшін "елі" деген жолда - коды мен тұрып жатқан елі көрсетіледі; "облыс" деген жолда - облыстың атауы; "аудан" деген жолда ауданның атауы; "елді мекен" деген жолда елді мекеннің атауы көрсетіледі; "елді мекеннің ауданы" деген жол толтырылмайды.
      13-жолдағы келген күні тек қана тұрғылықты жерін (10-код) ауыстырғанда толтырылады.
      14-жол тұрғылықты жерін ауыстырғанда толтырылады.
      Ф-1 өтінішінің 15-жолы бұған дейін басқа мемлекеттердің азаматтығында тұрған және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдарға оны ресімдеу кезінде ғана толтырылады. Тиісті жолдарда өтініш беруші бұрын азаматтығында тұрған ел және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған күні көрсетіледі. Ол азаматтықты қабылдау туралы анықтама бойынша белгіленеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша азаматтыққа қабылданғандар үшін - бұл Жарлық шыққан күн, азаматтыққа жеңілдетілген түрде қабылданғандар үшін - азаматтықты қабылдау туралы анықтама берілген күн.
      Осы санаттағы адамдардың құжаттарын ресімдеуде ф-1 өтінішін одан әрі толтырған кезде 15-жол формулярларда құжаттарды ресімдеу себебінен тыс ұдайы толтырылады. Азаматтық алған күні туралы деректер өтініш берушінің сөзімен немесе алдындағы құжаттың ф-1 өтініші бойынша толтырылады.
      Ф-1 өтінішінің 16-жолы 1, 2, 3, 4 кодтарды қою арқылы өтініш берушінің отбасы жағдайына сәйкес толтырылады. Төменгі жағында қазіргі кездегі жұбайының тегі, аты, әкесінің аты, некені тіркеген орган және күні, жұбайының некеге дейінгі тегі жазылады. Ф-1 өтінішінің 17-жолында тиісті жолдарға 16 жасқа толмаған балалардың тегі, аты, әкесінің аты және туған күні жазылады. Егер өтініш берушінің 16 жасқа толмаған үш және одан да көп балалары болса, олар туралы мәліметтер "17-жолға толықтыру" деп көрсетіліп, жеке парақта жазылады. Ол ф-1 өтінішіне желімденеді.
      Ф-1 өтінішінің 18, 19-жолдарында ата-аналарының тегі, аты, әкесінің аты және олардың туған күні жазылады. Өтініш берушіде ата-аналары туралы қандай да бір мәліметтері болмаған жағдайда осы мәліметтер жазылуы тиіс жолдар толтырылмайды. Ата-аналарының бірі немесе екеуі де туралы мәліметтер мүлдем болмаған жағдайда тиісті жолда "МӘЛІМЕТТЕР ЖОҚ" деп жазылады.
      Ф-1 өтінішін толтырудың негізділігі мен дұрыстығы оған берілген кодты көрсете отырып ф-1 өтінішін толтырушы қызметкердің қолымен расталады.
      Ресімдеудің заңдылығын бақылау мақсатында ф-1 өтінішіне көші-қон полициясы бөлімшесінің бастығы қол қояды.
      Ф-1 өтінішінің 20-жолында төлқұжаттың, жеке куәліктің нөмірі және олардың дайындалған күні, құжаттарды иелерінің алған күні, оның қолы және құжатты берген қызметкердің қолы көрсетіледі.
      Өтініш берушіге жаңа жеке куәлікті берген кезде көші-қон полициясы бөлімшесінің мекенжай-анықтамалық картотекасына және облыстық мекенжай бюросын орналастыру үшін келудің мекенжай парақтары міндетті түрде толтырылады.
      14. Қазақстан Республикасында тұру рұқсатын алу үшін ф-1 өтінішін толтыру кезінде шетелдік азаматтарға ф-1 өтінішінің 1-жолында кестеге сәйкес тұру рұқсатының мынадай берілу себептерінің бірі көрсетіледі:
      06 - жазбаның дұрыс болмауы;
      07 - одан әрі пайдалануға жарамсыз болуы;
      09 - жоғалту;
      10 - тұрғылықты жерін ауыстыру;
      11 - тұру рұқсатын алғаш рет алуы;
      01, 02, 03, 04, 05, 08 кодтары бойынша тұру рұқсаты ресімделмейді.
      8-жолда ұлтының орнына азаматтық кодтарының кестесіне сәйкес шетелдіктің азаматтығы көрсетіледі.
      9-жолда 13 код және ұлттық төлқұжаттың деректері қойылады, ал 10 және 11-жолдарда құжаттың берілген күні және оны кімнің бергені көрсетіледі.
      15-жолда елдер кодтарының анықтамалығына сәйкес азаматтық елінің коды көрсетіледі.
      Тұру рұқсаты иесінің қол қою үлгісіне арналған рамканың үстіне қызыл сиямен қолмен жазу арқылы немесе арнайы мөртаңбаның көмегімен "жарамдылық мерзімі - ___________ дейін" деген жазба жасалады. Тұру рұқсаты 5 жыл мерзімге беріледі, бірақ ұлттық төлқұжаттың жарамдылық мерзімінен көп емес уақытқа беріледі.
      15. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін алу үшін ф-1 өтініші 9-жолдан басқасы Қазақстан Республикасының азаматтарына белгіленген тәртіпке ұқсас толтырылады, онда мынадай кодтар көрсетіледі:
      01 - туу туралы куәлік;
      02 - бұрынғы КСРО-ның паспорты;
      03 - жеке куәлік;
      07 - бас бостандығынан айыру орындарынан немесе қабылдау-тарату орындарынан босатылуы туралы анықтама (туу туралы куәлік анықтамамен бір уақытта талап етілген кезде, егер бұрын жеке басын куәландыратын құжаттар берілмесе, не болмаса қолда бар құжаттарды жоғалтып алған жағдайда оларды қайта қалпына келтіру кезінде);
      08 - Қазақстан Республикасы Президентінің саяси баспана беру туралы Жарлығы;
      09 - азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
      10 - уақытша жеке куәлік;
      11 - босқынның құжаты;
      12 - Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
      13 - шетел мемлекеті азаматының төлқұжаты;
      14 - тұру рұқсаты;
      15-жолда "азаматтығы жоқ адам" деп жазылады және "990" деген ел коды қойылады.
      16. Жеке басты куәландыратын құжаттар құжат алу үшін өтініш берген күннен бастап 2 ай мерзімнен кешіктірілмей беріледі.
      17. Толтырылған ф-1 өтініштері ҚАІІБ-ден облыстардағы ІІББ-нің, ІІБ-нің, Астана қаласы ІІББ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің КҚПБ-ға жіберіледі. Бұл жерлерден олар Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Көші-қон полициясы департаментінің (бұдан әрі - КҚПД) Құжаттандыру басқармасына жеткізіледі, бірақ оған дейін өтініш берушілердің жергілікті іздестіруде болуына ҚАІІБ-нің және облыстардағы ІІББ-ІІБ Криминалдық ақпараттар басқармасының (бұдан әрі - КАБ) есептері бойынша міндетті түрде тексеріледі.
      Қатаң есепке алуды жүзеге асыру үшін ф-1 өтініштері реттік нөмірлері бойынша реестрге енгізіледі. Материалдық-жауапты адам реестрлері: тізімдемелері, парақтық есебі бар номенклатуралық істердің тиісті түрде жүргізілуі мен сақталуын қамтамасыз етеді.
      Қазақстан Республикасының Ішкіісмині КҚПД-ның Құжаттандыру басқармасы облыстардағы, Астана және Алматы қалаларының ІІБ-ге қателіктердің болуына байланысты қайта қарауға жіберілген ф-1 өтініштері 25 күннен аспайтын (ҚАІІБ-ге келіп түскен күннен бастап 10 күннен аспайтын) мерзім ішінде қайта қаралып, олар Қазақстан Республикасының Ішкіісмині КҚПД-ның Құжаттандыру басқармасына жалпы тізімге енгізілмей, жекелеген реестрлермен қайтарылады. Бұл ретте ілеспе хатта сол бойынша осы ф-1 өтініштері облысқа қайта қарауға қайтарылған Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің КҚПД Құжаттандыру басқармасының шығыс нөмірі міндетті түрде көрсетіледі (КҚПД Құжаттандыру басқармасының шығыс нөмірі әрбір ф-1 өтініші бойынша жеке көрсетіледі), өйткені ф-1 өтініші бойынша құжаттар қайта қаралғаннан кейін және жазудағы қателіктерге орай бірінші кезекте әзірленуі тиіс.
      18. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині КҚПД-ның Құжаттандыру басқармасына ІІББ-ІІБ-ден келіп түскен ф-1 өтініштері олардың толтырылу дұрыстығы және өтініш берушілердің іздестіруде болуы тексерілгеннен кейін құжаттар әзірлеу үшін "АӨО" РМК-ға жіберіледі. Бұл ретте құжаттарды шығару кезектілігін Қазақстан Республикасының Ішкіісмині КҚПД-ның Құжаттандыру басқармасы белгілейді.
      Жалпы тәртіппен келіп түскен ф-1 өтініштері қатарына жекелеген құжаттарды бірінші кезекте шығару қажет болғанда Құжаттандыру басқармасы мұндай ф-1 өтініштерін АІІБ-ҚІІБ-нің жалпы реестрлерінен бөліп алып, оларға бөліп алу туралы белгілер жасайды және құжаттарды шығарудың мерзімін көрсете отырып, бұл ф-1 өтініштерін "АӨО" РМК-ға тапсыру үшін жеке реестрлер (6-қосымша) толтырады.
      19. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині КҚПД-ның Құжаттандыру басқармасы тексеру кезінде анықтаған іздестіру жарияланған адамдардың ф-1 өтініштері бөліп алу туралы белгілер жасалып, АІІБ-ҚІІБ-нің жалпы реестрлерінен алынады және жеке реестр бойынша "АӨО" РМК-ға тапсырылады. Бір мезгілде бұл адамдардың тұрғылықты жері туралы ақпарат іздестіру бастамашысына, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Криминалдық полиция департаментіне және тұрғылықты жеріндегі ІІБ-ге хабарланады. Жеке құжаттар әзірленгеннен кейін олардың иелері іздестіруде екендігі туралы хабарлана отырып, олар ІІБ-нің КҚПБ-ға жіберіледі. Мұндай құжаттардың келіп түскендігі туралы КҚПБ іздестірілуші адамды ұстау жөніндегі шараларды қабылдау үшін ІІБ-нің Криминалдық полиция қызметіне дереу хабарлайды. Ол адам ұсталған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттар Криминалдық полиция қызметі қызметкерінің қатысуымен иесіне тапсырылады. Бұл ретте ф-1 өтінішінің 20-жолында құжатты алғандығы туралы оның иесі қол қоятын орыннан төмен бұл қызметкердің лауазымы, тегі мен қолы қойылады. Іздестірілуші адам ұсталғанға дейін оның құжаттары ІІБ-нің Көші-қон полициясы басқармасы бастығында немесе оның орынбасарында сақталады. Бір жыл сақталғаннан кейін олар талап етілмеген ретінде белгіленген тәртіппен жойылады.
      Ф-1 өтініштерін және іздестірудегі адамның анықтау деректеріне ішінара сәйкес келетін адамдардың әзірленген құжаттарын Қазақстан Республикасының Ішкіісмині КҚПД-ның Құжаттандыру басқармасы құжаттарды иесіне тапсыру алдында олардың жеке басын қосымша тексеру туралы арнайы хабарламамен қоса облыстардағы ІІБ-ге жібереді.
      20. Берілген төлқұжаттардың, жеке куәліктердің ф-1 өтініштері көші-қон полициясы бөлімшелеріндегі арнайы картотекаларда, тегі, аты және әкесінің аты бойынша алфавиттік тәртіппен сақталады.
      Ф-1 өтінішінің сақталу мерзімі - 75 жыл.
      Картотека өрт сөндіру-күзет сигнализацияларымен, терезелердегі торлармен, берік қабырғалармен, сенімді жабулармен, металмен қапталған есікпен жабдықталған көші-қон полициясы бөлімшесінің жеке, оқшауланған үй-жайында орналастырылуы тиіс. Картотека үй-жайы ф-1 өтінішінің көшірмесін түсіріп алу үшін көшіру-көбейту техникасымен қамтамасыз етілуі тиіс.
      Әзірленген құжаттардың ф-1 өтініштерін жоғалтуды болдырмау үшін картотекада жұмыс істеу үшін қызметкерлер бөлінсін, оларға оның сақталуына жауапкершілік функционалды түрде бекітілсін. Сонымен қатар көші-қон полициясы бөлімшесінің бастығына картотеканың сақталуы үшін дербес жауапкершілік жүктеледі.
      Мұндай жұмыс өзінің функционалдық міндеттеріне кірмейтін қызметкерлердің картотекаға кіруіне қатаң тыйым салынады.
      Ф-1 өтінішін қолданыстағы картотекаға тарату құжаттарды иелеріне беру фактісін тексергеннен кейін және арнайы тексеріс комиссиясы ф-2 журналымен салыстырғаннан кейін ай сайын жүргізіледі.
      Ф-1 өтінішін мұрағаттық картотекаға орналастыру осы туралы комиссиялы акт құра отырып жарамсыз құжаттарды жойғаннан кейін жүргізіледі. Мұрағаттық картотекаға орналастыру үшін қолданыстағы картотекадан алынатын ф-1 өтінішінде формулярды мұрағаттық картотекаға орналастырудың себебі туралы жазба жүргізіледі. Ф-1 өтінішін картотекаға орналастыру қатаң түрде алфавит бойынша жүргізіледі. Фамилиялары бір әріптен басталатын адамдардың өтініші фамилиясының екінші, одан үшінші және т.б. әрпі алфавит бойынша таңдалады және орналастырылады.
      Мысалы: Абрамов, Авдеев, Агеев;
      Базаров, Баитов, Бакатин және с.с.
      Фамилиялары бірдей адамдардың өтініштері картотекаға аты және әкесінің аты бойынша жүйелі тәртіппен алфавит бойынша орналастырылады.
      Мысалы: Азаров Алексей Антонович, Азаров Алексей Артемович, Азаров Алексей Васильевич және с.с.
      Фамилиялары, аттары, әкесінің аттары бірдей болған жағдайда ф-1 өтініші туған жылының өсу тәртібі бойынша, одан кейін қаласы, ауданы және туған елді мекені алфавит тәртібі бойынша орналастырылады.
      Мысалы: Баринов Аркадий Исаевич, 1966 жылы туған,
              Баринов Аркадий Исаевич, 1963 жылы Алматы қаласында туған,
              Баринов Аркадий Исаевич, 1963 жылы Балхаш қаласында туған.
      Мемлекеттік тілде толтырылған ф-1 өтініштері алфавит бойынша мынадай тәртіпте орналастырылады:
      - Ә әрпі А әрпінен кейін қойылады, әрі қарай тиісінше:
      - Ғ-Г; І-И; Қ-К; Ө-О; Ү, Ұ-У; N-Х.
      Ф-1 өтініштерін картотекалардан анықтамалар жүргізу, көшірмелер түсіру, қызметтік белгілер қою үшін бір жұмыс күннен аспайтын мерзімге уақытша алуға рұқсат етіледі. Жұмыс күнінің соңында уақытша алынған ф-1 өтініші картотекаға қайтарылуы тиіс. Ф-1 өтінішін картотекадан уақытша алған кезде картотекаға алынған ф-1 өтінішінің орнына ф-1 өтінішінің нөмірі, оны алып қою себебі, және формулярды уақытша алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты жазылатын ауыстырушы-бетбелгі салынады. Ф-1 өтінішін құқық қорғау органдары басқа қызметтерінің қызметкерлеріне беруге тыйым салынады.
      Картотекаға бекітілген қызметкерлер ТМД елдері ішкі істер органдарының паспорттық-визалық қызметтерінен 1974 жылғы үлгідегі паспорттарын жою туралы хабарламалар мен сұрау салулар келіп түскенде ескі төлқұжаттардың картотекалары, сондай-ақ жаңа ұлттық құжаттардың қолданыстағы және мұрағаттық картотекалары бойынша тексеру жүргізеді.
      21. Толтыру кезінде және ұқыпсыз сақталғанда бүлінген ф-1 өтініштерінің бланкілері есептен шығарылады және ішкі істер органдарының комиссиялары оларды актілер бойынша кемінде айына бір рет жояды. Комиссия мүшелері 2-формалы кітаптағы жазбамен салыстыра отырып, жойылатын әрбір бланкіні тексереді. Жойылатын ф-1 өтініштерінің штрих коды бар жолағы жыртып алынып, ф-1 өтініштерін есептен шығару туралы актіге желімденеді, ал 2 формалы кітапта актінің нөмірі мен датасы көрсетіледі. Содан соң өтініш бланкілері жою үшін ІІБ-ге жіберіледі.";

      2) 3-тарау мынадай абзацтармен толықтырылсын:
      "Тергеу қамауына алынған адамдарды құжаттандыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2150 болып тіркелген "Бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу таңдап алынған, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан айыпталушыларды құжаттандыру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 34, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2003 жылғы 23 қаңтардағы N 16, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 8, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 24 бірлескен бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.".

       3) 4-тараудың 26-тармағындағы он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтарды құжаттандыру мәселелерін қозғайтын құқық қорғау органдарының, ұйымдардың, мекемелер мен азаматтардың сұрау салулары Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөлімшелері арқылы ғана орындалады";

      4) 4-тараудың 26-тармағындағы он екінші абзац алынып тасталсын;
      5) 4-тараудың 28-тармағындағы екінші абзацта: "18, 19, 20-жолдарына" деген сөздер "9, 10, 11-жолдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 28-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте жоғалған жеке бас құжаттарын ресімдеген ішкі істер органдарына ф-1 өтінішіне белгі енгізу үшін хабарлама жіберіледі";

      7) 29-тармақтың алтыншы абзацындағы "шетел азаматтарына - олардың елінің азаматтығы" деген сөздер алынып тасталсын;
      8) 29-тармақтың "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқанда, жаңа құжаттарды беру Қазақстан Республикасының азаматтарына беру тәртібімен беріледі" деген соңғы абзацы алынып тасталсын;
      9) 6-тараудағы 38-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Азаматтарды тіркеу олардың тұрғын үйі орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады";

      10) 8-тараудың 58-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Комиссия мүшелері ай сайын актілерде ф-1 өтінішінің толықтығы мен толтырудың сапасын және олардағы тиісті белгілер мен деректердің уақытылығын тексеруге және көрсетуге міндетті. Тексерістер аралығындағы кезеңде құжаттар берілген ф-1 өтініштері алфавиттік тәртіппен жалпы картотекадан бөлек сақталуы тиіс және тексерістен кейін ғана картотекаға қосылады. Картотекаға қосылатын ф-1 өтініштері формулярлардың нөмірлері бар актімен ресімделеді. Ф-1 өтініштерінің ресімделу негізділігін тексерулердің нәтижелері актіде көрсетіледі".

      11) нұсқаулыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      12) нұсқаулыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Көші-қон полициясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен тіркеуден өткізсін және ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөлімшелеріне жеткізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Көші-қон полициясы департаментіне (М.О.Нүкенов) жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      генерал-полковник

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2003 жылғы 11 маусымдағы 
N 342 бұйрығына 1-қосымша

Нұсқаулыққа       
1-қосымша        

Жеке куәлік
Алуға арналған өтініш

1 Паспорт, жеке куәлігі беріледі
2 __________________    3 ________________    4 _________________
  Тегі                    Аты                   Әкесінің аты
5 __________________    6 _____ ____ ____  7 ________  8 ________
  Тұрмысқа шыққанға       Туған күні,        Жынысы:     Ұлты
  дейінгі /бұрынғы/       айы, жылы          ер-1
  тегі                                       әйел-2
9 _______________________  10 _____ ____ _____  11 ______________
  Паспорт (жеке куәлігі)      Берілген күні        Берген мекеме
  берілген негізі
12 __________________   13 _________________   14 _______________
   Туған жері              Тұрғылықты жері        Бұрынғы тұрған
                                                  жері
   __________________      _________________   __________________
   Ел                      Ел                  Қай елден келді
   __________________      _________________   __________________
   Автономиялы республика, Облыс               Автономиялы
   өлке, облыс                                 республика, өлке,
                                               облыс
   __________________      _________________   __________________
   Аудан                   Аудан               Аудан
   __________________      _________________   __________________
   Елді мекен              Елді мекен          Елді мекен
15 __________________      _________________   __________________
   Бұрын қай елдің         Елдің орналасқан    Елдің орналасқан
   азаматтығында тұрған    мекені              мекені
   __________________      _________________   __________________
                           Көше                Көше
   _______ _____ ____      ____  ______ ____   ____  ______  ____
   Қазақстан               Үй    Корпус Пәтер  Үй    Корпус  Пәтер
   Республикасының         ____________
   азаматтығын             Телефон
   қабылдаған күні         _____  _____ ____   _____  _____ _____
                           Келу мерзімі        Кету мерзімі
        Сурет        __________________________       Сурет
                          Азаматтың қолы              қалтасы
                    Өтініш қабылданған күні _____  _______  _____

------------------------------------------------------------------

Паспорт, жеке куәлігін алуға арналған түбіртек:           Өтініш

                                                      N 14565082

Азамат
_______________________   _______________   ____________________
Тегі                      Аты               Әкесінің аты
Паспорт, жеке куәлігін алуға арналған
өтініш қабылданды және теңге алынды         _____________ теңге
                                               сомасы
Өтініш қабылданған күн _____  _____  ____
____________________________    _______________________________
         Өз қолы                      Қызметкердің тегі
16 Отбасы жағдайы 1-үйленбеген/  2-үйленген/  3-тұл/  4-ажырасқан
                    тұрмысқа       тұрмысқа     жесір
                    шықпаған       шыққан
____________________   ____________________   __________________
Зайыбының тегі         Аты                    Әкесінің аты
____________________   ____________________   ______ _____ _____
Тұрмысқа шыққанға      АХАЖ мекемесі          Неке тіркелген
дейінгі /бұрынғы/                             күні
тегі
17 16 жасқа толмаған балалар
____________________   ____________________   __________________
Тегі                   Тегі                   Тегі
____________________   ____________________   __________________
Аты                    Аты                    Аты
____________________   ____________________   __________________
Әкесінің аты           Әкесінің аты           Әкесінің аты
_______ _____ ______   _______ _____ ______   _______ _____ ____
Туған күні, айы, жылы  Туған күні, айы, жылы  Туған күні, айы, жылы

Қосымша мәліметтер үшін  18 Әкесі             19 Анасы
                         __________________   __________________
                         Тегі                 Тегі
                         __________________   __________________
                         Аты                  Аты
                         __________________   __________________
                         Әкесінің аты         Әкесінің аты
                         ______ _____ _____   _______ _____ ____
                         Туған күні, айы,     Туған күні, айы,
                         жылы                 жылы

             ______     ________________   _____________________
          Қызметкердің   Қызметкердің өз     Қызметкердің тегі
              коды            қолы

      Көші-қон полициясының бастығы ____________________________
                                      қолы           тегі

      20  "__"_________ 200_ ж Дайындалған N__________ Паспортты
      20  "__"_________ 200_ ж Дайындалған N__________ Жеке куәлік
      20  "__"_________ 200_ ж   Алдым _________________________
                                                 өз қолы

      Берілді __________________________________________________
                      лауазымды      тегі        өз қолы

------------------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2003 жылғы 11 маусымдағы 
N 342 бұйрығына 2-қосымша

Ішкі істер Министрлігі
Ішкі істер басқармасы

Нұсқаулыққа 
4а-қосымша  

Қазақстан Республикасы
жеке куәлігі мен төлқұжатын
алу үшін
АНЫҚТАМА N___________

Тегі ________________________________________________________
Аты-жөні ____________________________________________________
Туған жері, айы, жылы, күні _________________________________
_____________________________________________________________
отбасы жағдайы ______________________________________________
Республикасы азаматтығы туралы заңына сәйкес
Азамат ______________________________________________________
Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылданды ______________
Жарлығы _____________________________________________________
200 ______________ ж N

      Онымен бірге Қазақстан Республикасы азаматтығы деп балалары танылды _____________________________________________________
_____________________________________________________________
        (тегі, аты-жөні және балаларының туған жылы)

Ескерту: Қазақстан Республикасы азаматы деп танылған балалары Ф-1 өтінішіне жазылады

ІІМ КПД ІІБ бастығы __________________________________
                                  қолы

Анықтама түбіртегі
N _________________________________________
Тегі ______________________________________________________
Аты _______________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________
Туған жылы ________________________________________________
Бұрынғы азаматтығы ________________________________________

Қазақстан Республикасының азаматтығына
Жарлығымен қабылданды

200 __________          N ______________

________________________________________________________________
________________________________________________________________

Инспектор ____________________________________
                         қолы
Анықтаманы алдым _____________________________
                                 қолы

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрінің    
2003 жылғы 11 маусымдағы   
N 342 бұйрығына 2-қосымшаның
жалғасы           

Ішкі істер Министрлігі
Ішкі істер басқармасы

Нұсқаулыққа 
4б-қосымша  

Қазақстан Республикасы
жеке куәлігі мен төлқұжатын
алу үшін
АНЫҚТАМА N___________

Тегі ________________________________________________________
Аты-жөні ____________________________________________________
Туған жері, айы, жылы, күні _________________________________
_____________________________________________________________
Туу туралы куәлік N _________________________________________
Актілік жазу ________________________________________________
Тіркелген жері ______________________________________________
(АХАЖ бюросының, бөлімінің атауы, орналасқан жері)

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматы болып танылды

Негізі:
ІІМ, ІІБ қорытындысы _________________________________________

ІІМ КПД ІІБ бастығы __________________________________
                                   қолы

Анықтама түбіртегі N ______________________________________
Тегі ______________________________________________________
Аты _______________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________
Туған жылы ________________________________________________
Бұрынғы азаматтығы _______________________________________

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматы болып танылды

Негізі: ІІМ, ІІБ қорытындысы _______________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
_________________________________________________________

Инспектор ____________________________________
                        қолы

Анықтаманы алдым ____________________________________
                                қолы

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер министрінің    
2003 жылғы 11 маусымдағы   
N 342 бұйрығына 2-қосымшаның
жалғасы           

200___жыл "_____"_________
N _______

Нұсқаулыққа 
4в-қосымша  

АНЫҚТАМА

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________ берілді.
                     туған жылы

Оған және оның балаларына: _______________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Президентінің 200__жыл "___"____________ N____________ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат етілді.

______________________________________ облысы ІІББ-ІІБ КПБ бастығы

М.О

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады