Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 837 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1284 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарында қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 342 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1510 болып тіркелген) бұйрығының;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1284 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін ішкі істер органдарында қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 342 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2411 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті (С.С. Сайынов) белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір апта мерзімде көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады