Азаматтық әуе кемелерінің техникалық пайдалануын бақылау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 17 шілдедегі N 339 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2450. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 (3-тармақты қараңыз) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңын орындау мақсатында бұйырамын:
      1. Осы Азаматтық әуе кемелерінің техникалық пайдалануын бақылау ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Төраға міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасының 
Көлік және коммуникациялар 
Министрлігінің Азаматтық 
авиация комитеті    
төрағасының 2003 жылғы  
17 шілдедегі N 339   
бұйрығымен бекітілген  

Азаматтық әуе кемелерінің техникалық пайдаланылуын
бақылау ережесі Жалпы ережелер

      1. Азаматтық әуе кемелерінің техникалық пайдаланылуын бақылау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңын орындау мақсатында әзірленген және Қазақстан Республикасы аумағындағы азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану саласындағы бірыңғай тәртіпті ұйымдастыру мен бақылау жүргізуді реттейді.

      2. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылған:
      1) азаматтық әуе кемелерінің техникалық пайдаланылуын бақылау, берілген түрдегі авиациялық техникаға қызмет көрсету жөніндегі жұмысты әуе кемелері құрылысының, оның күштік қондырғыларының, жүйелері мен жабдықтарының жұмыс қабілеттігі мен дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету есебімен қызмет көрсетілген әуе кемелерінің ұшуды қауіпсіз орындауын кепіл ететін көлемде және сапада орындау авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның (бұдан әрі - Ұйым) дайындығын (жарамдығын) растауға арналған шаралар жүйесі;
      2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету сапасы - белгіленген авиациялық техниканың ұшу қауіпсіздігін, үнемділігін, оны пайдаланудың неғұрлым тиімділігін қамтамасыз ететін техникалық жағдай деңгейінде ұстау жөніндегі жұмыс белгілері мен сипатының жиынтығы;
      3) авиациялық техниканы жөндеу - авиациялық техниканы түзету мен жұмыс қабілеттігін қалпына келтіру жөніндегі операциялар;
      4) Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету - әуе кемелерін ұшуға дайындау кезіндегі ұшу жарамдылығында ұстау, сондай-ақ әуе кемелеріне, авиациялық қозғалтқыштарға және олардың құрама бөлшектеріне ұшудан кейін, сақтау мен тасымалдау кезінде қызмет көрсету үшін жүзеге асырылатын жұмыстар кешені. Сонымен бірге техникалық қызмет көрсетуге пайдаланушы-техникалық құжаттамамен қарастырылған, сондай-ақ авиақозғалтқыштарды, агрегаттарды және авиациялық техниканың құрама бұйымдарын ауыстыру жөніндегі, әуе кемелерін қайта құрастыру жөніндегі, авиациялық техниканы әуе кемесін әзірлеушісінің бюллетені бойынша жөндеу, әуе кемелерін, қозғалтқыштарын және авиациялық техниканың құрама бұйымдарын жөндеуге өткізуге дайындау (жөндеуден қайта алу), құрама бұйымдардың бұзылушылықтарын және күнделікті жөндеу жұмыстар кіреді;
      5) Уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде азаматтық авиация саласында мемлекеттік саясат жүргізуді, азаматтық және эксперименттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, оны үйлестіру мен реттеуді және Қазақстан республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы;
      6) Пайдаланушы - әуе кемесін пайдаланумен айналысатын немесе осы аумақта өз қызметін ұсынатын заңды немесе жеке тұлға;
      7) Пайдалану-техникалық (пайдалану) құжаттама - нормативтік-техникалық, техникалық мазмұндағы құжаттар және авиациялық техниканы пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі өзге де құжаттар жиынтығы.

      3. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтық әуе кемелерінің техникалық пайдаланылуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      4. Әр бір ұйым үшін тексерілетін объектілердің тізімі мен кезегін, сондай-ақ тексеру жүргізу мерзімін уәкілетті орган белгілейді.

      5. Тексеру мерзімі туралы хабарлама ұйымға тексеру басталмас бұрын екі күннен кешіктірілмей жіберіледі.

      6. Ұйым уәкілетті орган сұраған ұйымның қызметі жөніндегі басшылық және әуе кемелерінің техникалық пайдаланылуын ұйымдастыру мен жүзеге асыруы жөніндегі өзге де құжаттамаларды ұсынады.

      7. Уәкілетті орган келесіні тексереді:
      1) әуе кемелерінің техникалық қызмет көрсетуге түсу жоспарын (кестесін);
      2) техникалық қызмет көрсету технологиясы мен әдістерінің реттелуін;
      3) күтілген жұмыс көлемін кадрлармен қамтамасыз етілуін;
      4) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету құжаттамамен қамтамасыз етілуін, әуе кемелерінің әр бір түрі жөнінде және орындалатын жұмыс түрінде қолданылатын пайдалану-техникалық құжаттаманы (қолданыстағы пайдалану-техникалық құжаттамаға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды ескерумен);
      5) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жалпы және үлгі пайдалану-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес, әуе кемелерінің түрлерін, орындалатын жұмыс түрлерін және ауа райы жағдайларын ескерумен орындау үшін жеткілікті өндіріс базасының болуын;
      6) техникалық қызмет көрсету үдерістерін ұйымдастыруды, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу жоспарын сақтауды;
      7) техникалық қызмет көрсету үдерістерін, қызмет көрсету құралдарын, қосалқы бөлшектерді, материалдарды және т.б. материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      8) авиациялық техниканы және авиациялық-техникалық мүлікті нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес тиеу-түсіру жұмыстар, сақтау, қаптау мен тасымалдау тәртібі;
      9) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді орындауды тиісті рәсімдеуді;
      10) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі жұмыстар туралы құжатпен рәсімделген мәліметтерді;
      11) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі ұйымның қызметі бойынша басшылықты.

      8. Техникалық қызмет көрсету сапасына жүргізілген тексеру нәтижесі жөнінде уәкілетті орган акт жазады және табылған сәйкес келмеушіліктерді сипаттайды және оларды ұйымға береді.

      9. Уәкілетті орган ұйым мен әуе кемесін пайдаланушыны (меншік иесін) хабарландырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға ұйымның сәйкес келмеуі, сонымен қатар әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты орындаушының (орындаушылардың) толық сәйкес келмеуі туралы ескертеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады