-------------Қаулыдан үзінді---------
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің уақытша жұмсалмаған ақшалары орналастырылуы мүмкін мемлекеттік бағалы қағаздардың және басқа қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 323 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2500 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 22 қыркүйекте - 5 қазанда жарияланған)...
2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап жеті күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Төраға
---------------------------------
"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
7-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің уақытша жұмсалмаған ақшалары:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқару органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарға;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға;
3) агенттік облигацияларға орналастырылуы мүмкін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және "Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы