Ең төменгi тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өткiзетiн тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк ресiмдеудi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 11 шiлдеде N 2401 болып тiркелген "Бико" баспасы "Ресми газетiнiң" 2003 жылғы 6 қыркүйектегi N 36 санында жарияланған "Қазақстан Республикасының белгiлi бiр кеден органдарында тауарлардың жекелеген санаттарын декларациялау жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 26 маусымдағы N 326 бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының белгiлi бiр кеден органдарында тауарлардың жекелеген санаттарын декларациялау жөнiндегi нұсқаулыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы 29-56-жолдармен толықтырылсын:
__________________________________________________________________
29 Баспахана бояуы, жазуға және сурет салуға 3215
арналған сия және шоғырландырылған немесе
шоғырландырылмаған, қатты немесе қатты емес
өзге де сия
30 Көшiру-көбейту техникаларына арналған тонер 3707 90 300
31 Шаңсорғыштарға арналған қағаз қапшықтар 4819 40
32 Баспа каталогтары мен үнпарақтары 4901
33 Жарнамалық плакаттар 4911
34 Шаңсорғыштарға арналған мата сүзгiлер 5911 90
35 Соруға арналған көмiрлі сүзгілер 6815 10 900
36 Желдеткiштер 8414 51
37 Сорғыштар 8414 60
38 Су жылытқыштар 8419 11
39 Ауа тазартқыштар 8421 39 300
40 Таразылар 8423 10
41 Кептiргiш барабандар 8451 21
42 Yтiктеу жабдықтары 8451 30 300
8473 30
43 Плазмалық панелдер 8471 60 900
44 Көшiру-көбейту техникаларына арналған 8472 90
аксессуарлар
45 Есептеу машиналарының бөлшектерi мен керек- 8473 30
жарақтары
46 Статикалық өзгерткiштер 8504 40
47 Электр аккумуляторлары 8507 20
48 Телефон аппараттарына арналған аксессуарлар 8517 90
49 Бейнежазба аппараттарының бөлшектерi 8522 90
50 Ұялы телефондар 8525 20 910
51 Телевизиялық байланысқа арналған қабылдау 8529 90
аппаратының бөлшектерi
52 Электр желiлерiн қорғауға арналған қондырғы 8536 30 900
53 Түрлi-түстi электронды-сәулелiк бейнелeу 8540 11
түтiкшелерi
54 Бейне аппараттарға арналған кабельдер 8544 20
55 Сылау аппараттары 9019 10 100
56 Сiңiрiлген полимер материалдарынан жасалған 9612 10 100
таспалар
__________________________________________________________________
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсаровә) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Кедендiк бақылауды ұйымдастыру департаментi (А.Б.Малғаждаров) осы бұйрықтың iске асырылуын қамтамасыз етсiн.