Қазақстан Республикасының белгілі бір кедендерінде тауарлардың жекелеген санатын декларациялау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 26 маусымдағы N 326 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 11 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2401. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2005 жылқы 5 мамырдағы N 167 бұйрығымен. (Қолданысқа енгізілу тәртібін 7 тармақтан қараңыз V053647)

      Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің 373-бабына  сәйкес, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өткізетін, ең аз тәуекел санатына жатқызылатын тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік ресімдеуді жетілдіру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының белгілі бір кедендерінде тауарлардың жекелеген санатын декларациялау бойынша нұсқаулық бекітілсін.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Кедендік ұйымдастыру департаменті (А.Б.Малғаждаров) осы бұйрықтың іске асырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Баспасөз қызметі (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасының  
Кедендік бақылау агенттігі 
төрағасының 2003 жылғы   
26 маусымдағы N 326    
бұйрығымен бекітілген   

  Қазақстан Республикасының белгілі бір кедендерінде тауарлардың жекелеген санатын декларациялау бойынша
нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы  Кеден  кодексінің 373-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 258  бұйрығымен  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылы 5 маусымда N№2349 болып тіркелген) бекітілген сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызу ережесіне сәйкес сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ең аз тәуекел санатына жатқызылатын тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелетін тауарлардың (бұдан әрі - тауарлар) жекелеген санатына (1-қосымша) негізгі кедендік ресімдеу жүргізуді жетілдіру мақсатында әзірленді.

      2. Осы нұсқаулыққа сәйкес тауарларды кедендік ресімдеу рәсімін пайдалану үшін ең аз тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (бұдан әрі - декларант) тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелгенге дейін алдын ала Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігіне (бұдан әрі - ҚР КБА) өтініш жасауы тиіс. Өтініште:
      1) тауарларға негізгі кедендік ресімдеу жүргізілетін кеден органы (ресімдейтін кеден органы);
      2) тауарлардың келуі жүзеге асырылатын кеден органы (кеден органдары) (баратын кеден органы);
      3) Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өту пункті көрсетіле отырып, тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілуінің бағыттары мен тәсілдері;
      4) тауарлардың келген жеріндегі уақытша сақтау орындарының іс жүзіндегі мекен-жайлары;
      5) төлеуге жататын кедендік төлемдер және салықтар сомаларының болжамды мөлшерлерінің есептері;
      6) Қазақстан Республикасына тауарлар жеткізуге арналған келісім-шарттар (шарттар) көрсетіледі.
      Өтінішке СЭҚ-қа қатысушының есеп кәртішкесі қоса берілуі тиіс.

      3. ҚР КБА 15 күннің ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және декларантқа, ресімдейтін кеден органы мен баратын кеден органына аталған декларантқа осы Нұсқаулықпен белгіленген кедендік ресімдеудің оңтайландырылған рәсімін қолдану туралы тиісті ақпарат жолдайды.

  2. Алдын ала жүк кеден декларациясын беру

      4. Декларант тауарлардың жеке санатын баратын кеден органына іс жүзінде ұсынғанға дейін қолда бар мәліметтердің және олардың құжаттарының (көшірмелерінің) негізінде ресімдейтін кеден органына алдын ала жүк кеден декларациясын (бұдан әрі - АЖКД) және оның электронды көшірмесін береді.

      5. Ресімдейтін кеден органына берілетін АЖКД кеден мақсаттары үшін қажетті тауарлар туралы барлық мәліметтерді қамтуы тиіс.

      6. Кеден төлемдері мен салықтары АЖКД қабылданғанға дейін немесе қабылданған күні төленеді.

      7. Тиісті кеден төлемдері мен салықтарының төленгендігі фактісін растайтын төлем құжаттары АЖКД берумен бір мезгілде ұсынылады.

      8. АЖКД-мен бірге берілген құжаттарды (көшірмелерді) және мәліметтерді тексергеннен кейін декларант ресімдейтін кеден органының лауазымды адамына АЖКД үшінші данасының көшірмесін береді.

      9. Ресімдейтін кеден органының лауазымды адамы декларант ұсынған АЖКД көшірмесінің "Д" бағанына "ҚР КБА төрағасының .... бұйрығына сәйкес тексерілді" деген жазбаны аталған бұйрықтың нөмірі мен күнін көрсете отырып жазады, қолын қояды және жеке нөмірлік мөрінің таңбасымен растайды.

      10. Ресімдейтін кеден органы АЖКД-ның үшінші (қайтарымды) данасының көшірмесін декларантқа береді.
      11. Декларант АЖКД көшірмесін тауарларды тасымалдаушыға береді.

      12. Ресімдейтін кеден органы осы тарауға сәйкес АЖКД ресімделгеннен кейін АЖКД тексеру аяқталған сәттен бастап үш сағаттан кешіктірмей қорғалатын байланыс арналары бойынша қызмет аймағында тауарларды әкелу жүзеге асырылатын кеден шекарасындағы өткізу пункттері орналасқан баратын кеден органы мен ресімдейтін кеден органына АЖКД ресімделгені туралы мәліметтерді береді.

  3. Тауарларды өткізу пунктінде ресімдеу

      13. Қызмет аймағында өткізу пункті орналасқан кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың кеден шекарасы арқылы өтуі кезінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттардың пакетінде ресімдейтін кеден органының осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көрсетілген жазбаларымен бірге АЖКД данасы көшірмесінің болуын тексереді.

      14. Өткізу пунктінде орналасқан кеден органдары АЖКД данасының көшірмесін ұсыну кезінде тауарларды баратын кеден органына жолдайды.

      15. Егер онда тауарлар оларға осы Нұсқаулықтың қолданылуы таратылатын өзге тауарлармен бірге жеткізілетін жекелеген тауарлар санатының бір партиясы (аралас жүктер) әкелінсе, АЖКД данасының көшірмесі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада көрсетілген тауарлардың жеке санатына ғана ұсынылуы тиіс.

      16. Егер бір көлік құралында жекелеген санат тауарларының бірнеше партиясы бірнеше алушының мекен-жайына әкелінсе (біріктірілген тасымалдау), онда АЖКД данасының көшірмесі оларға осы Нұсқаулықтың қолданылуы таратылмайтын тауарлардың жекелеген санаты партияларына ғана ұсынылуы тиіс.

      17. Оларға АЖКД данасының көшірмесі ұсынылатын тауарлардың жекелеген санатына қатысты кедендік ресімдеуді жүргізу және тауарлардың жеткізілуін жүзеге асыру кезінде көлік құралдарының жүк бөлімдеріне (контейнерлерге) кедендік бірдейлендіру құралдары салынады.

  4. Негізгі кедендік ресімдеу жүргізу

      19. Тауарлардың жекелеген санаты баратын кеден органына келген кезде декларант ресімдейтін кеден органын жеткізілу орнына келгендігі туралы хабардар етеді.

      20. Тауарларды ұсыну кезінде тауардың көліктік және тауарға ілеспе құжаттарының көшірмелері, сондай-ақ ресімдейтін кеден органында ресімделген АЖКД көшірмесі ұсынылады.

      21. Декларант АЖКД көшірмесін ұсынған жағдайда, алайда баратын кеден органында оның қабылданғандығы туралы электронды түрдегі ақпарат болмаған жағдайда, аталған кеден органы кешіктірмей (1 сағаттан аспайтын мерзімде) АЖКД-ны тіркеген және қабылдаған ресімдейтін кеден органы оның қабылданған фактісін растау туралы жедел арналар бойынша сұратады.
      Көрсетілген растау алынған жағдайда кедендік ресімдеу осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Баратын кеден органдары АЖКД-ның көшірмесін ұсынған сәттен бастап 3 сағаттан кешіктірмей қорғалатын байланыс арналары бойынша ресімдейтін кеден органына тауарлардың келіп түскені туралы ақпарат береді.

      23. Кеден мақсаттары үшін қажетті құжаттар тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін ресімдейтін кеден органына беріледі.

      24. Ресімдейтін кеден органы баратын кеден органының тауарлардың келіп түскені туралы ақпаратты және кеден мақсаттары үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын алғаннан кейін тауарларға негізгі кедендік ресімдеуді жүргізеді және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды шығарады.

Қазақстан Республикасының   
Кедендік бақылау агенттігі  
төрағасының 2003 жылғы    
26 маусымдағы N 326     
бұйрығымен бекітілген    
Қазақстан Республикасының  
белгілі бір кедендерінде  
тауарлардың жекелеген   
санатын декларациялау   
бойынша нұсқаулыққа    
1-қосымша          

Тауарлардың жекелеген санатының тізбесі

       Ескерту: 1-қосымша толықтырылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі 2003 жылғы 20 қазандағы N 474   бұйрығымен .

      <*> Тауарлардың атауы пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген. Аталған тізбені қолдану мақсаттары үшін тек тауардың Ресей СЭҚ ТН сәйкес кодын пайдалану қажет.

------------------------------------------------------------------
 N !                  Тауардың атауы            ! Тауардың СЭҚ ТН
р/с!                                            !  бойынша коды
------------------------------------------------------------------
 1 !                     2                      !        3
------------------------------------------------------------------
 1  Тамақты газ немесе газ және басқа да отын        7321 11
    түрлерінде дайындауға және жылытуға арналған     7321 90 000
    құрылғылар

 2  Ауаны тазартуға арналған қондырғылар,            8415 10 100
    олардың бөлшектері                               8415 81 909
                                                     8415 82 800
                                                     8415 83 900
                                                     8415 90 900

3   Тоңазытқыштар, мұздатқыштар, олардың             8418 10 910
    бөлшектері                                       8418 10 990
                                                     8418 21
                                                     8418 22 000
                                                     8418 29 000
                                                     8418 30 910
                                                     8418 30 990
                                                     8418 40 910
                                                     8418 40 990
                                                     8418 91 000
                                                     8418 99 990

4   Кофе немесе шай дайындауға арналған электр       8516 71 000
    жылыту приборлары, олардың бөлшектері            8516 90 000

5   Кір кептіргіштер                                 8421 12 000

6   Тұрмыстық ыдыс жуу машиналары, олардың           8422 11 000
    бөлшектері                                       8422 90 100

7   10 кг астам кір сиятын кір жуғыш машиналар,      8450 11
    олардың бөлшектері                               8450 12 000
                                                     8450 19 000
                                                     8450 90 000

8   Тұрмыстық тігін машиналары, олардың бөлшектері   8452 10
                                                     8452 90 000

9   Есептеу машиналары және есептеу функцияларын     8470 10 000
    атқаратын жазуға, дыбысын шығаруға және          8470 21 000
    деректерді көзбен көруге арналған қалта          8470 29 000
    машиналары, олардың бөлшектері                   8473 21 

10  Есептеу машиналары мен олардың блоктары,      8478 (8471 10 100
    олардың бөлшектері                               8471 41 100
                                                     8471 49 100
                                                     8471 50 100
                                                     8471 60 100
                                                     8471 70 100-
                                                     ден басқа)
                                                     8473 30

11  Электр двигателі орнатылған қол аспаптары,       8467 21
    олардың бөлшектері                               8467 22
                                                     8467 29
                                                     8467 99 000

12  Электр двигателі орнатылған                      8509
    электромеханикалық тұрмыстық машиналар,
    олардың бөлшектері

13  Электр ұстаралар, шаш қиюға арналған             8510
    машинкалар, олардың бөлшектері

14  Инерциясыз немесе аккумуляциялайтын электр       8516 (8516 80
    су жылытқыштары, ыдысқа батырылатын электр       100-ден басқа)
    су жылытқыштары, олардың бөлшектері

15  Телефон аппараттары, бейнефондар,                8517 11 000
    факсимильдік аппараттар                          8517 19 100
                                                     8517 19 900
                                                     8517 21 000

16  Микрофондар және олардың табандықтары            8518
                                                     (8518 10 100
                                                     8518 21 100
                                                     8518 22 100
                                                     8518 29 100
                                                     8518 30 100
                                                     8518 40 100
                                                     8518 50 100-ден
                                                     басқа)

17  Электр ойнатқыш құрылғылар (дектер),             8519
    олардың бөлшектері                               (8519 10 00-ден
                                                     басқа)
                                                     8522
                                                     (8522 90 100
                                                     8522 90 300-ден
                                                     басқа)

18  Магнитофондар, диктофондар, олардың бөлшектері   8520 10 000
                                                     8520 32
                                                     8520 33
                                                     8520 39
                                                     8520 90 900

19  Дайын, жазылмаған тасығыштар                     8523 

20  Грампластинкалар, таспалар және дыбысты          8524
    жазуға немесе осыған ұқсас жазбаларға
    арналған басқа да тасығыштар

21  Бейне жазу және бейне көрсету аппаратурасы,      8521 (8521 10
    бейнекамералар, олардың бөлшектері               100-ден басқа)
                                                     8522 (8522 90
                                                     100-ден басқа)
                                                     8525 20 910
                                                     8525 40
                                                     8529 (8529 10
                                                     100
                                                     8529 90
                                                     100-ден басқа)

22  Радиотелефондық, радиотелеграфтық байланысқа     8527 (8527 90
    немесе радио хабарларын таратуға арналған        100-ден басқа)
    қабылдау аппаратурасы, олардың бөлшектері        8529 (8529 10
                                                     100 0
                                                     8529 90 100
                                                     0-ден басқа)

23  Телевизия байланысына арналған қабылдау          8528 12
    аппаратурасы, олардың бөлшектері                 8528 13 000
                                                     8528 30
                                                     8529 (8529 10
                                                     100
                                                     8529 90
                                                     100-ден басқа)

24  Электронды интеграл сызбалары және микро         8542
    жиналымдар

25  Фотокамералар (кинокамералардан басқа),          9006
    фото жарқылдатқыштар, олардың бөлшектері

26  Фото көшіру машиналары, олардың бөлшектері       9009 21 000
                                                     9009 22 000
                                                     9009 91 000
                                                     9009 92 000
                                                     9009 93 000
                                                     9009 99 000

27  Дыбысы электр тәсілімен шығарылатын              9207
    немесе күшейтілетін музыка аспаптары             9209 94 000

28  Телевизия қабылдағышы пайдаланылатын             9504 10 000
    бейне ойындар, электронды ойындар                9504 90 900
29  Баспахана бояуы, жазуға және сурет салуға        3215
    арналған сия және шоғырландырылған немесе
    шоғырландырылмаған, қатты немесе қатты емес
    өзге де сия
30  Көшiру-көбейту техникаларына арналған тонер      3707 90 300
31  Шаңсорғыштарға арналған қағаз қапшықтар          4819 40
32  Баспа каталогтары мен үнпарақтары                4901
33  Жарнамалық плакаттар                             4911
34  Шаңсорғыштарға арналған мата сүзгiлер            5911 90
35  Соруға арналған көмiрлі сүзгілер                 6815 10 900
36  Желдеткiштер                                     8414 51
37  Сорғыштар                                        8414 60
38  Су жылытқыштар                                   8419 11
39  Ауа тазартқыштар                                 8421 39 300
40  Таразылар                                        8423 10
41  Кептiргiш барабандар                             8451 21
42  Yтiктеу жабдықтары                               8451 30 300
                                                     8473 30
43  Плазмалық панелдер                               8471 60 900
44  Көшiру-көбейту техникаларына арналған            8472 90
    аксессуарлар
45  Есептеу машиналарының бөлшектерi мен керек-      8473 30
    жарақтары
46  Статикалық өзгерткiштер                          8504 40
47  Электр аккумуляторлары                           8507 20
48  Телефон аппараттарына арналған аксессуарлар      8517 90
49  Бейнежазба аппараттарының бөлшектерi             8522 90
50  Ұялы телефондар                                  8525 20 910
51  Телевизиялық байланысқа арналған қабылдау        8529 90
    аппаратының бөлшектерi 
52  Электр желiлерiн қорғауға арналған қондырғы      8536 30 900
53  Түрлi-түстi электронды-сәулелiк бейнелeу         8540 11
    түтiкшелерi
54  Бейне аппараттарға арналған кабельдер            8544 20
55  Сылау аппараттары                                9019 10 100
56  Сiңiрiлген полимер материалдарынан жасалған      9612 10 100
    таспалар
__________________________________________________________________
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады