Бірегей тұқым өндірушілерді аттестаттау (қайта аттестаттау) ережесін және бірегей тұқым өндірушінің куәлігі бланкының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 17 қазандағы N 539 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2542. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі N 575 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы 12 қыркүйектегі N 575 Бұйрығымен.

      ------------------- Бұйрықтан үзінді --------------------

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының   6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       1. ...
      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                            М. Оразаев

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2008 жылғы 12 қыркүйектегі   
N 575 бұйрығына         
қосымша              

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1. ...
      2. ...
      3. ...
      4. "Бірегей тұқым өндірушілерді аттестаттау (қайта аттестаттау) және бірегей тұқым өндірушінің куәлігі бланкының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 17 қазандағы N 539 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., N 25-28, 947-бет).
      5. ...

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Бірегей тұқым өндірушілерді аттестаттау (қайта аттестаттау) ережесі;
      2) бірегей тұқым өндірушінің куәлігі бланкының нысаны бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаментіне жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      орынбасары-Министр

      Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2003 жылғы 17 қазандағы  
N 539 бұйрығымен   
бекітілген     

Бірегей тұқым өндірушілерді аттестаттау
(қайта аттестаттау) ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бірегей тұқым өндірушілерді аттестаттау (қайта аттестаттау) ережесі (бұдан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғаларды ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымын өндіру және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына аттестаттау (қайта аттестаттау) тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымын өндіруші мәртебесін алуға үміткер жеке және заңды тұлғалар осы Ереже айқындайтын біліктілік талаптарға сай болуы тиіс.

      3. Элиталық тұқым өндіруші шаруашылық мәртебесі бар және бірегей тұқым өндірушіге қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін жеке және заңды тұлғалар сонымен қатар бірегей тұқым өндіруші мәртебесін алуға үміттене алады.

2. Бірегей тұқым өндірушіге қойылатын
біліктілік талаптар

      4. Бірегей тұқым өндірушіге қойылатын біліктілік талаптарға мыналар енеді:
      1) бірегей тұқымды өндіруге қойылатын талаптарға сәйкес оны өндіруді жүргізу үшін жеткілікті егістік алқаптың (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егіс егістігінің) болуы;
      2) бірегей тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып нақты топырақ-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес салынған және бірден кем емес айналымнан өткен игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістердің болуы;
      3) соңғы үш жылдағы егістік құрылымындағы сүрі жерлер алқабының мына көлемде (суармалы жерлерге талап жүрмейді; астықты-отамалы дақылда ауыспалы егістерде сүрі жерлерді көпжылдық шөптердің жер қыртысымен алмастыруға жол беріледі):
      шаруашылық бойынша орташа есеппен - 20 пайыздан кем болмауы;
      тұқым шаруашылығы бастапқы звеноларының учаскелерінде (іріктеу, көбейту көшеттіктері) - 50 пайыздан кем болмауы;
      4) тұқым шаруашылығы егістіктерінің жалпы егістік алқапта 30 пайыздан кем болмауы;
      5) бірегей тұқым өндіру (бастапқы тұқым шаруашылығы) жөніндегі жұмыс тәжірибесі 6 жылдан кем болмауы;
      6) жоғары деңгейлі сорттық агротехнологияның болуы;
      7) оригинатордың аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер оригинатордың аумағында сонымен қатар аттестаттау сәтіне дейін үш жылдан кем емес кезеңде де болмауы тиіс;
      8) 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар дақыл жөніндегі маман-селекционерлердің болуы немесе 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар дақыл жөніндегі маман-селекционермен (ғылыми-өндірістік орталықпен) бірегей тұқым өндіру жөнінде бірлесіп жұмыс атқару туралы шарттың болуы;
      9) біреуден кем емес дақыл жөніндегі мамандар;
      дақыл мен сорттың тұқым шаруашылығы жөніндегі спецификалық жұмыс әдістерін білетін үш адамнан кем емес техникалық персонал санымен бастапқы тұқым шаруашылығы бөлімінің болуы;
      10) агроном-тұқымшының біреуден кем болмауы;
      11) бірегей тұқымды дақыл мен сорттың биологиялық белгілерін, қасиеттерін ескеретін сызбаларға қатаң сәйкес түрде өндіруді қамтамасыз ету;
      12) соңынан элиталық тұқым өндіруді қамтамасыз ету мақсатында бірегей тұқымның жоспарланған көлемін өндіруге қажетті ассортиментте және көлемде сорттың негізгі тұқымдық материалының (жеміс, жидек дақылдарының және жүзімнің тұқымын өндірушілер үшін тұқымдық екпе ағаштардың) болуы;
      13) тұқымның сақтандыру қорларының болуы:
      бастапқы звенолардың негізін қалау үшін - қажеттіліктен 100 пайыз;
      суперэлита үшін - 50 пайыз;
      14) бірегей тұқым өндірісі жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктері түрлерінің бірегей тұқымын өндіру жөніндегі жұмыстардың барлық кешенін қамтамасыз етуге арналған мамандандырылған селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының тиісті көлемінің болуы;
      15) жеткілікті көлемде мамандандырылған қырмандардың, жабық асфальттанған алаңқайлардың; қоймалардың (жеміс дақылдары мен жүзімге арналған көміп қою алаңқайларының); араласуына жол бермей тұқым партияларын орналастыруға мүмкіндік беретін арнайы ыдыстың болуы;
      16) бірегей тұқым өндірісі жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, сатылған және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасына, шыққан тегіне (себу, іріктеу, сорттық, түрлік және фитопатологиялық отаулар (тазалаулар), егістіктерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, бірегей тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, сату актілері, бірегей тұқым өндірісін есепке алу кітабы, тұқымның сапасы туралы куәлік, тұқым аттестаты және т.с.) есеп жүргізу;
      17) сортты шығару әдісін, ата-аналық нысандар, сорттың белгілерінің ерекше мінездемелері туралы мәліметтерді көрсететін сорт жөніндегі құжаттаманы жүргізу;
      18) тұқым шаруашылығы жөніндегі есеп материалдарының алты жылдан кем емес мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз ету;
      19) материалды-техникалық базаның өндірістік қызметті жүзеге асыруға жарамдылығы туралы:
      өртті қадағалау органдарының, санитарлық және экологиялық қадағалау органдарының - өндірістік базаның экология және адам денсаулығы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне;
      өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың - карантиндік объектілердің жоқ екендігі туралы қорытындылардың болуы.

3. Бірегей тұқым өндірушілерді аттестаттау
(қайта аттестаттау) тәртібі

      5. Бірегей тұқым өндірушіні аттестаттауды (қайта аттестаттауды) оның өтініші негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен құрылатын, құрамы 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия жүзеге асырады. Сараптамалық комиссия көпшілік дауыспен жеке немесе заңды тұлғаның бірегей тұқым өндіруші мәртебесіне сай немесе сай емес екендігі туралы шешім қабылдайды.

      6. Қайта аттестаттауға өтінішті бірегей тұқым өндіруші бірегей тұқым өндірушінің куәлігі күшінің мерзімінің бітуіне 1 (бір) ай қалғанға дейін беруі тиіс.

      7. Бірегей тұқым өндірушіні қайта аттестаттау осы Ережемен бекітілген бірегей тұқым өндірушілерді аттестаттауға арналған талаптарға сәйкес бес жылда бір рет жүргізіледі.

      8. Аттестаттау (қайта аттестаттау) үшін бірегей тұқым өндірушілер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті аумақтық басқармаларына (бұдан әрі - облыстық аумақтық басқарма) мына құжаттарды:
      1) белгіленген үлгідегі өтінішті (1-қосымша);
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) нотариалды куәландырылған жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жер учаскесін жалға алу шарты бойынша жалға алу мерзімі 12 жылдан кем болмауы тиіс);
      4) бірегей тұқым өндірушінің 4-тармақта көрсетілген біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды;
      5) бірегей тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандар туралы мәліметтерді тапсырады.

      9. Облыстық аумақтық басқарма бірегей тұқым өндірушіден аттестаттауға (қайта аттестаттауға) өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тапсырылған құжаттарды зерделейді және орнына бару арқылы оның біліктілік талаптарға сәйкестігі дәрежесін белгілейді.

      10. Бірегей тұқым өндірушіні зерттеу нәтижелері бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда біліктілік талаптарға сәйкестігін зерттеу кесімі жасалады. Онда бірегей тұқым өндірушінің біліктілік талаптардың әр тармағы бойынша бөлек сәйкестігі дәрежесі көрестіледі.

      11. Осы Ереженің 4 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттарды облыстық аумақтық басқарма бірегей тұқым өндірушіні зерттеу аяқталған күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде сараптамалық комиссияның қарауына жібереді.

      12. Бірегей тұқым өндіруші облыстық аумақтық басқарма мен сараптамалық комиссияға берген барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады. Оның көшірмесі құжаттар қабылданған күн туралы белгі қойылып, бірегей тұқым өндірушінің өкіліне жіберіледі (беріледі).
      Шындыққа сай емес немесе бұрмаланған мәліметтер бергені үшін бірегей тұқым өндіруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.

      13. Сараптамалық комиссия облыстық аумақтық басқармадан құжаттар түскен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде тапсырылған құжаттарды зерделейді, бірегей тұқым өндірушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін тексереді және сараптамалық қорытынды береді.
      Бірегей тұқым өндіруші мәртебесін беру туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін қарастырудың жалпы мерзімі 1 (бір) айдан аспауы тиіс.

      14. Сараптамалық қорытынды хаттама ретінде ресімделеді, оған сараптамалық комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды.

      15. Сараптамалық комиссияның оң қорытындысын алған бірегей тұқым өндірушілерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бірегей тұқым өндіруші мәртебесі беріледі және белгіленген нысандағы куәлік тапсырылады.

      16. Тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар бір жылдың ішінде бірегей тұқым өндірушілердің біліктілік талаптарға сәйкес еместігі, бірегей тұқымды өндіру және пайдалану кезінде бірегей тұқым өндірушінің технологияны бұзғаны, өндірілген және пайдаланудағы тұқымның сапасын бұрмалағаны жөніндегі фактілерді тапқан жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі сараптамалық комиссияны көрсетілген мәселені қарастыруға тартуға және жоғарыда аталған фактілер расталған жағдайда бірегей тұқым өндірушіні мәртебесінен айыруға құқылы.

      17. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру немесе тарату, жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметінің тоқтауы оны қайта аттестаттауға немесе бірегей тұқым өндіруші мәртебесінен айыруға негіз болып табылады. Көрсетілген жағдайларда бірегей тұқым өндіруші немесе оның құқықтық мұрагері көрсетілген өзгерістерді растайтын құжаттарды қоса отырып кідірместен қайта аттестаттау туралы өтініш беруге міндетті.

Бірегей тұқым өндірушілерді
аттестаттау (қайта    
аттестаттау) ережесіне   
1-қосымша         

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның Ф., А., Ә)

Ө Т І Н І Ш

      Аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізуді және ______________
___________________________________________________________________
                           (дақыл, сорт)
бірегей тұқымын өндіруші мәртебесін беруді сұраймын.
      Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:
      1. Меншік нысаны ____________________________________________
      2. Құрылған жылы ____________________________________________
      3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе жеке
тұлғаның жеке куәлігі _____________________________________________
___________________________________________________________________
                       (N, кім және қашан берді)
      4. Мекен-жайы: ______________________________________________
___________________________________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің N, телефоны, факсы)
      5. Басшының Ф.А.Ә. __________________________________________
      6. Банкілік реквизиттер _____________________________________
___________________________________________________________________
       (РНН, МФО, есеп-шот N, банкінің атауы және тұрған жері)
      7. Қоса беріліп отырған құжаттар: ___________________________
___________________________________________________________________
               (біліктілік талаптарға сәйкес)

      Басшы _____________      ____________________________________
               (қолы)             (фамилиясы, аты, әкесінің аты)

      Мөр орны

      200__ жылғы "___" _________________

      Өтініш қарастыруға 200__ жылғы "___" ____________ қабылданды.
___________________________________________________________________
         (өтініш қабылдаған жауапты тұлғаның фамилиясы, аты,
                        әкесінің аты, қолы)

Бірегей тұқым өндірушілерді
аттестаттау (қайта    
аттестаттау) ережесіне   
2-қосымша         

Жеке немесе заңды тұлғаның бірегей тұқым өндіруші
мәртебесін алуға үміткер жеке және заңды тұлғаларға
қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін зерттеу

КЕСІМІ

200__ жылғы "___" _________________ N ____

___________________________________________________________________
             (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық
                 аумақтық басқармасының атауы)
___________________________________________________________________
     (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Ф.А.Ә.)
___________________________________________________________________
                 (дақылдардың, сорттардың атауы)

бірегей тұқымын өндіруші мәртебесіне сәйкестігін зерттеу нәтижелері
туралы осы кесімді жасады.

      Зерттеу нәтижесінде белгілі болғаны:
___________________________________________________________________
          (біліктілік талаптардың әр тармағы бойынша
___________________________________________________________________
            бөлек сәйкестігі дәрежесі көрсетіледі)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Қорытынды:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Қолдары:

      АШМ облаумақбасқармасы бастығы            Ф.А.Ә., қолы, мөрі

      АШМ облаумақбасқармасының
      тұқым шаруашылығы жөніндегі
      мемлекеттік инспекторы                    Ф.А.Ә., қолы

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің.
2003 жылғы 17 қазандағы N 539 
бұйрығымен бекітілген     

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

К У Ә Л І К

N ___

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
200__ жылғы "____" __________________ N _____ бұйрығы негізінде
___________________________________________________________________
               (ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы)
бірегей тұқымын өндіруші шаруашылық мәртебесі берілген
___________________________________________________________________
                  (жеке тұлғаның Ф.А.Ә. немесе
_____________________________________________________ берілді.
                заңды тұлғаның толық атауы)

Басшының Ф.А.Ә. __________________________      ____________
                                                   (қолы)
Лауазымы ___________________________________________________

            Берілген күні: 200__ жылғы "___" _____________
      М.О.
            200__ жылғы "___" _____________ дейін күші бар

Астана қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады