Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 350 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 10 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2551. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 (V043400) қаулысымен (Қолданысқа ену тәртібін қаулының 2-тармағынан қараңыз).

     Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті мемлекеттік реттеу мақсатында, " Бағалы қағаздар рыногы туралы " және " Лицензиялау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
     1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
     3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға жіберсін.
     4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Қазақстан Республикасының  
бағалы қағаздар рыногындағы
трансфер-агенттік қызметті  
лицензиялау ережесін     
бекіту туралы 2003 жылғы   
29 қыркүйектегі       
N 350 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар
рыногындағы трансфер-агенттік қызметті лицензиялау
Ережесі

     Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті лицензиялау ережесі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі - лицензия) беру шарттарын және тәртібін белгілейді.
     Лицензияны қолдану трансфер-агент және оның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті (бұдан әрі - трансфер-агенттік қызмет) жүзеге асыруға қатысатын филиалдарының тізіміне енгізілген филиалдары орналасқан елді мекендердің аумағымен шектеледі.

1. Лицензия беру шарттары және тәртібі

     1. Өтініш беруші лицензия алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
     1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша өтініш;
     2) бюджетке лицензиялық алымның төленгендігін растайтын құжат;
     3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
     4) статистикалық карточканың көшірмесі;
     5) барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен (осындайлар бар болса) бірге жарғының нотариат растаған көшірмесі;
     6) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың тізімі (осындайлар бар болса) және осындай филиалдар туралы ережелердің нотариат растаған көшірмелері;
     7) осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар (акционерлер) туралы мәліметтер;
     8) аты-жөнін, азаматтығын және басқа заңды тұлғаларда атқаратын лауазымдарын көрсете отырып өтініш берушінің директорлар кеңесінің және атқарушы органының құрамына сайланған (тағайындалған) тұлғалар туралы мәліметтер;
     9) басшы қызметкерлер лауазымына кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен келісу рәсімінен өтуге арналған құжаттары;
     10) қызметкерлердің аты-жөні, олардың атқаратын қызметтері көрсетілген штаттық кестенің көшірмесі;
     11) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру жүктелетін құрылымдық бөлімше туралы ереже, сондай-ақ осы бөлімшенің осы Ереженің 2-тармағының талаптарына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелерді орындау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды орындауға рұқсат құқығымен екінші санаттағы біліктілік куәліктерін иеленген қызметкерлері туралы мәліметтер;
     12) осы Ереженің 3-тармағының талаптарын сақтауды растайтын құжаттар, сондай-ақ байланыс желілерінің, компьютерлік желілердің және бағдарламалық өнімдер көздерінің сипаттамасын қоса отырып трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруды технологиялық қамтамасыз ету туралы, бағдарламалық-техникалық және коммуникациялық құрал-жабдықтарды пайдалану шарттары туралы мәліметтер;
     13) тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі мөлшері 50.000 есе айлық есептік көрсеткішті құрайтын жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттар;
     14) тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі мөлшері 50.000 есе айлық есептік көрсеткішті құрайтын меншікті капиталдың лицензия алу үшін өтініш берілген тоқсаннан кейінгі соңғы тоқсан соңындағы жағдай бойынша өтініш берушінің алқалы атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функциясын жеке дара орындайтын тұлға) және оның бас бухгалтері қол қойған есебі;
     15) негізінде осы тармақтың 14) тармақшасына сәйкес ұсынылған меншікті капиталдың есебі жасалған, өтініш берушінің алқалы атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функциясын жеке дара орындайтын тұлға) және оның бас бухгалтері қол қойған бухгалтерлік баланс;
     16) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру шарттарын және тәртібін белгілейтін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған және өтініш берушінің органы оның жарғысында белгіленген құзыретіне сәйкес бекіткен ішкі құжаттарды (бұдан әрі - регламент) екі данамен;
     17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құжаттар.

     2. Өтініш берушінің және оның трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдарының мынадай қызметкерлері бағалы қағаздармен мәмілелерді орындау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды орындауға рұқсат құқығымен екінші санаттағы біліктілік куәліктерін иеленуі тиіс:
     1) өтініш берушінің алқалы атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функциясын жеке дара орындайтын тұлға) немесе оның регламентке сәйкес трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыратын орынбасары;
     2) өтініш беруші филиалының басшысы (банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын ұйымдар үшін);
     3) өтініш берушінің, оның ішінде филиалдарының трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде құжаттарды (ақпаратты) қабылдауды және өткізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысты орындайтын қызметкерлері.

     3. Өтініш берушінің және оның трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдарының бағдарламалық-техникалық құрал-жабдықтары:
     1) электрондық байланыс құралдары арқылы қабылданған құжаттар мазмұнының өзгермеуін;
     2) құжаттарды қабылдау және өткізу кезінде олардың мазмұнын болуы мүмкін өзгерістерден қорғалуын;
     3) Х-25, ТСР/ІР үлгідегі деректер пакеттерінің коммутация хаттамасын және тәулігіне кемінде бір мегабайт өткізу мүмкіндігі бар байланысы арналарын пайдалана отырып құжаттардың мазмұнын электрондық байланыс құралдарымен он екі сағат ішінде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларына және облыс орталықтарына жіберуді;
     4) электр қуаттау көзі ажыратылып қалған жағдайда бағдарламалық-техникалық құрал-жабдықтар жұмысының әдеттегі режимде қалыпты аяқталуын, сондай-ақ жіберілетін құжаттар мазмұнының сақтауын қамтамасыз ететін үздіксіз және/немесе дербес электр қуаттау көздерінің болуын қамтамасыз етуі тиіс.

     4. Осы Ереженің 1-тармағында аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және өтінушінің мөрімен соңғы парақтың сыртқы жағында тігістің түйінінде желімделген, тігілген парақтардың саны көрсетілген жапсырма қағаздың үстіне жартылай қойылып расталып ұсынылады.

     5. Құжаттардың ұсынылған көшірмелерінің шынайылығы өтініш берушінің осындай құжаттарға қол қою құқығын иеленген лауазымды тұлғаларының қолдарымен және өтініш беруші мөрінің таңбасымен расталады.

     6. Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды бағалы қағаздар рыногын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - лицензиар) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген мерзімдерде қарайды.

     7. Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген кезде өтініш берушіге лицензия беріледі.

     8. Лицензия өтініш берушінің алқалы атқарушы органның басшысына (атқарушы органның функциясын жеке дара орындайтын тұлғаға) не сенімхат негізінде оның өкіліне беріледі.
     Өтініш берушіге өтініш берген кезде лицензиармен келісілген регламенттің бір данасы қайтарылады.

     9. Лицензиар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген негізде бойынша лицензия беруден бас тартады.

     10. Лицензия алған заңды тұлға (бұдан әрі - лицензиат) негізінде лицензия берілген құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларды өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он күн ішінде ұсынады.

     11. Лицензиар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген негізде бойынша лицензияны қолдануды тоқтата тұрады және оны қайтарып алады.

     12. Лицензиат уәкілетті органның лицензияны қолдануды тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу туралы хабарламасын алғаннан кейін лицензиаттың трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.
     Лицензиат уәкілетті органның лицензияны қолдануды тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу туралы хабарламасын алған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ екендігі туралы өзінің клиенттеріне жазбаша хабар жібереді және бас офисінде және филиалдарында тиісті хабарландыру орналастырады.

2. Есепке алу және бақылау

     13. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
     Лицензиат өзі қызмет еткен бүкіл кезең ішінде осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

     14. Лицензиар лицензиаттың біліктілік талаптарын және белгіленген ережелерді сақтауын тексеруді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

3. Қорытынды ережелер

     15. Лицензиардың лицензия беруден бас тарту туралы шешімі жөнінде сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

     16. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
2003 жылғы 29 қыркүйектегі  
N 350 қаулысымен бекітілген  
Қазақстан Республикасының   
бағалы қағаздар рыногындағы  
трансфер-агенттік қызметті  
лицензиялау ережесіне қосымша

ҚҰРЫЛТАЙШЫНЫҢ (АКЦИОНЕРДІҢ) САУАЛНАМАСЫ
(заңды тұлғалар үшін)

___________________________________________________________________
              (өтініш берушінің толық атауы)

1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (акционері) ______________________
___________________________________________________________________
                       (толық атауы)
Орналасқан жері ___________________________________________________
___________________________________________________________________
                 (почталық индексі, мекен-жайы)
Байланыс деректемелері ____________________________________________
___________________________________________________________________
(телефон және факс нөмірлері, бар болса электрондық почта адресі)
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер _______________
___________________________________________________________________
    (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берген)
Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емесі ________________
Негізгі қызмет түрі _______________________________________________
___________________________________________________________________

2. Өтініш берушінің орналастырылған акцияларының жалпы санына
проценттік арақатыспен өтініш берушінің құрылтайшыға (акционерге)
тиесілі акцияларының саны _________________________________________

3. Заңды тұлғалардың толық атауларын және орналасқан жерін көрсете
отырып өтініш беруші құрылтайшысының (акционерінің) өзге заңды
тұлғаларды құруға және қызметіне құрылтайшы (қатысушы, акционер)
ретінде қатысуы туралы мәліметтер:

4. Өтініш беруші құрылтайшысының (акционерінің) дауыс беретін
акцияларының он және одан көп (халықтық акционерлік қоғамда - бес
және одан көп) процентін иеленген не өтініш беруші құрылтайшысының
(акционерінің) жарғылық капиталында бес және одан көп процент қатысу
үлесі бар өтініш беруші құрылтайшысының (акционерінің) құрылтайшы-
лары туралы мәліметтер:

___________________________________________________________________
Атауы/   |  Орналасқан жері/  |  Дауыс беретін  | Негізгі
аты-жөні |  тұрғылықты жері   |  акциялардың %  | қызмет түрі
        |    (Қазақстан      |  не жарғылық    |
        |  Республикасының   |  капиталындағы  |
        |    резиденті/      |      үлесі      |
        |  резидент емесі)   |                 |
___________________________________________________________________

5. Ұйымдардың толық атауларын, орналасқан жерін көрсете отырып,
өтініш берушінің құрылтайшысы (акционері) қатысатын өнеркәсіптік,
банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар,
консорциумдар туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

6. Өтініш беруші құрылтайшысының (акционерінің) осы сауалнаманың
3-5-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасы-
ның заңдарына сәйкес осындай болып табылатын басқа аффилиирленген
тұлғалары туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

7. Өтініш беруші құрылтайшысының (акционерінің) басшысы туралы
мәліметтер:
___________________________________________________________________
                              (аты-жөні)

ҚҰРЫЛТАЙШЫНЫҢ (АКЦИОНЕРДІҢ) САУАЛНАМАСЫ
(жеке тұлғалар үшін)

___________________________________________________________________
              (өтініш берушінің толық атауы)

1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (акционері) ______________________
                                                   (аты-жөні)
Туған күні және жылы ______________________________________________
Азаматтығы ________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері _______________________
___________________________________________________________________
 (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берген)
Тұрғылықты жері ___________________________________________________
___________________________________________________________________
                 (почталық индексі, мекен-жайы)
Байланыс деректемелері ____________________________________________
___________________________________________________________________
            (телефон, электрондық почтасының адресі)
Жұмыс орны (мекен-жайын көрсетіп), лауазымы _______________________
___________________________________________________________________

2. Өтініш берушінің орналастырылған акцияларының жалпы санына
проценттік арақатыспен өтініш берушінің құрылтайшыға (акционерге)
тиесілі акцияларының саны _________________________________________

3. Заңды тұлғалардың толық атауларын және орналасқан жерін көрсете
отырып өтініш беруші құрылтайшысының (акционерінің) өзге заңды
тұлғаларды құруға және қызметіне құрылтайшы (қатысушы, акционер)
ретінде қатысуы туралы мәліметтер:

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

4. Өтініш беруші құрылтайшысының (акционерінің) осы сауалнаманың
3-5-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасы-
ның заңдарына сәйкес осындай болып табылатын басқа аффилиирленген
тұлғалары туралы мәліметтер

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады