Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 747 болып тіркелген "Офицерлік құрам адамдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметті және запастағы қызметті өткеруі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1998 жылғы 30 қарашадағы N 210 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 13 қазандағы N 338 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 11 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2553. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 2006 жылғы 23 шілдедегі N 289 бұйрығымен.

       Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 2006 жылғы 23 шілдедегі  N 289 бұйрығымен .

----------------Бұйрықтан үзінді--------------------

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскер құралымдарында әскери қызметтi өткеру ережелерiн бекiту туралы" 2006 жылғы 25 мамырдағы N 124 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күшi жойылды деп танылсын:
      ...
      2) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде офицерлiк құрам адамдарының әскери қызметтi және запастағы қызметтi өткеру ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 1998 жылғы 30 қарашадағы N 210 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 2003 жылғы 13 қазандағы N 338 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2003 жылғы 11 қарашада N 2553 тiркелген)...

      Армия генералы
------------------------------------ 

      Қарулы Күштер Әскери қызметшілерінің әскери қызметін өткеруін регламенттейтін "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  және "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының офицерлік құрам, прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарындағы келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі  қаулысының  қабылдануына байланысты, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 747 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері офицерлік құрамы адамдарының әскери қызметті және запастағы қызметті өткеруі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1998 жылғы 30 қарашадағы  бұйрығына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен белгіленген ережеде:
      он бесінші тармақтағы сілтеме мынадай редакцияда жазылсын: "Бес жыл және одан да көп оқу мерзімімен әскери (арнаулы) және азаматтық жоғары оқу орындарын (күндізгі оқу нысанын) бітірген офицерлер үшін лейтенант әскери атағында қызмет өткеру мерзімі 1 жыл болып белгіленеді";

      17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Офицерлерге офицерлік құрамның кезекті әскери атақтары генералдар мен офицерлерді Лауазымдарға тағайындауға арналған номенклатураға сәйкес, сондай-ақ офицерлік құрамға кезекті әскери атақтар беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарынан босату Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен жеке құрам бойынша бұйрықтармен (бұдан әрі Номенклатура) беріледі";

      19-тармақтың екінші абзацындағы ", әдеттегідей," деген сөз алынып тасталсын;

      20-тармақтың екінші абзацындағы ", әдеттегідей," деген сөз алып тасталсын;

      жиырма сегізінші тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "28. Офицерлер лауазымдарға Номенклатураға сәйкес жеке құрам бойынша бұйрықтармен тағайындалады";

      34-тармақтың тоғызыншы тармақшасы мынадай редакцияға жазылсын:
      "9) Оларға қатысты қылмыстық істер қозғалған және тергеу жүргізіліп жатқан немесе қылмыстық істері сотта қаралып жатқан офицерлік құрам адамдары іс бойынша үзілді-кесілді шешімге дейін қызмет бойынша ауыстыруға немесе іссапарға жіберуге жатпайды. Көрсетілген офицерлер атқарып жүрген лауазымдарынан босатылады және бүкіл тергеу кезеңінде тергеу немесе сот органдарының қаулысы негізінде тізілімдемеге сәйкес тиісті командирлердің (бастықтардың) қарамағына алынады. Полк командирлерінен бастап және одан жоғары командир (бастық) осы лауазымға тағайындау құқығын пайдаланатын бастықтың келісімімен офицерді жеке құрамға басшылық жасауға, материалдық құралдар мен қару-жарақтың есебін жүргізуге, сақтауға байланысты емес бос лауазымдар бойынша міндетті уақытша орындауға жіберуі мүмкін. Басқа лауазымға уақытша тағайындау қылмыстық қудалауды жүргізуші органдардың келісімі бойынша қолбасшылықпен шешіледі";

      58-тармақтың 3 тармақшасының екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Жағымсыз себептер бойынша босатылған адамдармен жеке әңгімелесулер өткізілмейді";
      58-тармақтың үшінші тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "3) Запасқа (отставкаға) шығуға тиіс офицерлер істері мен лауазымдарын тапсырғаннан соң Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысымен белгіленген мерзімде, бірақ офицер кезекті демалыста немесе емдеуде болған жағдайларды қоспағанда, әскери бөлім запасқа (отставкаға) шығару туралы жазбаша бұйрықты алған күнінен бастап бір ай мерзімінен кешіктірмей босатуы тиіс";

      59-тармақтың бесінші тармақшасындағы ", аттестаттау тәртібімен" деген сөздер алынып тасталсын;

      63-тармақта "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрімен" деген сөздер "Номенклатураға сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы тарау алынып тасталсын;
      жетінші тараудың атауы мынадай редакцияға жазылсын:
      "Шақыру бойынша әскери қызмет өткерудің ерекшелігі";

      91-тармақтың екінші тармақшасындағы "қысқа мерзімді қызметтің" деген сөздер "шақыру бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      тоқсан үш және тоқсан төртінші тармақтардағы "қысқа мерзімді қызметтің" деген сөздер "шақыру бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      94-тармақтың бірінші абзацы мынадай сөздермен толықтырылсын: "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  15-бабында  белгіленген мерзімге жаңа келісім-шарт жасасу жолымен";
      тоқсан бесінші тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) қызметке сәйкес келмеуі бойынша - әскери қызметшінің іскерлік және моральдық қасиеттерін негіздей отырып қолбасшылықтың шешімі бойынша";
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Офицерлік құрам адамдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметті және запастағы қызметті өткеру ережесін қолдану тәртібі туралы нұсқаулыққа мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      он үшінші тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Офицерлік құрамды лауазымға тағайындау, өкімге алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің, әскер тектерінің және өңірлік әскерлер қолбасшылықтарының арасындағы орын ауыстырушылықтар жөніндегі құқықтарды айқындау Номенклатурасымен белгіленеді";

      26-тармақтың үшінші абзацы мынадай сөйлеммен толықтырылсын: "және Алматы";
      26-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері мен өңірлік әскерлер қолбасшылықтарының басқармаларында";
      26-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қорғаныс министрлігі мен Штаб бастықтары комитетінің басқармаларында, бас басқармаларында, департаменттерінде";
      26-тармақтың сегізінші абзацы алынып тасталсын;

      30-тармақтың бесінші абзацындағы "корпус командирімен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің қолбасшыларымен" деген сөздер "Номенклатураға сәйкес командирлер мен бастықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      30-тармақтың сегізінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің қолбасшылары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері мен өңірлік әскерлер қолбасшылықтарының қолбасшылары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      40-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қорғаныс министріне тікелей бағынатын Қорғаныс министрінің орынбасарларына, департаменттер, бас басқармалар, басқармалар бастықтарына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшыларына, әскер тектері қолбасшыларына";
      40-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Штаб бастықтары комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарына тікелей бағынатын департаменттердің, басқармалардың бастықтары Штаб бастықтары комитетінің төрағасымен - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарымен";

      48-тармақтың бірінші абзацы мынадай сөздермен толықтырылсын: "Жағымсыз себептер бойынша босатылуға ұсынылған адамдардан басқа";

      49-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жағымсыз себептер бойынша босатылуға ұсынылған офицерлік құрамның адамдары әскери-дәрігерлік комиссияға жіберілмейді";
      алпыс жетінші тармақтағы "Қысқа мерзімді қызметтің" деген сөздер "шақыру бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Офицерлік құрам адамдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметті және запастағы қызметті өткеруі туралы қосымшаларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      N 7 қосымшаның бірінші тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі спорт комитетінің төрағасы - Армия орталық спорт клубының бастығы";
      N 7 қосымшаның екінші тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) өңірлік әскерлер қолбасшылықтарының қолбасшылары, олардың орынбасарлары";
      N 7 қосымшаның үшінші тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Ұлттық қорғаныс университетінің факультет бастықтары мен бастығының орынбасарлары";
      N 7 қосымшаның төртінші тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Әскери институттар мен Ұлттық қорғаныс университетінің бастықтары";
      бесінші тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшыларын, әскер тектерінің және өңірлік әскерлер қолбасшылықтарының қолбасшыларын";
      N 7 қосымшаның алтыншы тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері бас қолбасшыларының орынбасарларын, әскер тектері мен өңірлік әскерлер қолбасшылықтарының қолбасшыларын";
      N 7 қосымшаның жетінші тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Штаб бастықтары комитеті төрағасының - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарының орынбасарларын";

      Нұсқаулықтың 60-тармағының N 14 қосымшасы алынып тасталсын.

      2. Бұйрық жекелеген әскери бөлімге жіберілсін.

      3. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Армия генералы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады