Қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін бағалы қағаздардың қайталама рыногында сатып алу тәртібі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 23 қазандағы N 361 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 17 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2560. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 29 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.13 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірге сатып алғысы келетін тұлғаның қоғамға және бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға акцияларды сатып алудың болжанған кезеңі басталғанға дейінгі он күннен кешіктірмей осы қаулыға қосымшаның нысаны бойынша хабарлама жіберетіні белгіленсін.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.

      3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап:
      1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Акциялардың ірі пакеттерін сатып алу шарттары туралы" 1998 жылғы 26 қазандағы N 182 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 656 тіркелген, 1999 жылғы ақпанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" N 2 журналында жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Ашық халықтық акционерлік қоғамның акцияларын сатып алу жөнінде ақпарат беру тәртібі туралы" 1998 жылғы 3 қарашадағы N 187 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 650 тіркелген, 1999 жылғы ақпанда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" N 2 журналында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Қоғамның дауыс беретін    
акцияларының отыз және одан 
да көп процентін бағалы   
қағаздардың қайталама    
рыногында сатып алу тәртібі
туралы" 2003 жылғы    
23 қазандағы N 361 қаулысына
қосымша           

Қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және
одан да көп процентін бағалы қағаздардың қайталама
рыногында сатып алу туралы хабарлама

      Осы хабарламамен акция сатып алу туралы ниетімізді білдіреміз:
      акционерлік қоғам ________________ (бұдан әрі - қоғам);
      саны _____________________________________________;
      акциялардың түрі _________________________________;
      бір акцияны сатып алудың болжамды бағасы (теңгемен) ________.

      1. Бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін сатып алғысы келетін тұлға және оның аффилиирленген тұлғалары туралы мәлімет (әрбір тұлғаға жеке-жеке ақпарат беріледі):
      жеке тұлға үшін:
      1) оның жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес аты-жөні, бар болса әкесінің аты;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні және берген орган;
      3) азаматтығы;
      4) тұрғылықты жері;
      5) коммуникациялық деректемелері: телефонның, факстің, телекстің, телетайптың нөмірлері, электрондық почтаның адресі және басқа ықтимал коммуникациялық деректемелер;
      заңды тұлға үшін:
      1) оның мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
      3) орналасқан жері;
      4) коммуникациялық деректемелері: телефонның, факстің, телекстің, телетайптың нөмірлері, электрондық почтаның адресі және халықаралық және қаларалық байланыстардың коды көрсетілген басқа ықтимал коммуникациялық деректемелер;
      5) оған негізгі кіріс әкелетін қызмет түрлерінің тізбесі.
      2. Бағалы қағаздардың қайталама рыногында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан да көп процентін, дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірге сатып алғысы келетін тұлғаға тиесілі, сондай-ақ олардың басқаруындағы қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы саны.
      3. Қоғамның акцияларын сатып алу барысында қызмет көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының атауы.

      Қолы

      Заңды тұлға
      мөрінің орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады