Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақтан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 7 қарашадағы N 445 бұйрығы. Қазақтан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2597. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 613 (V043301) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі)  153  және  318  баптарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу Ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (Ж.С.Есмағанбетова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. "Төлем көзінен салық салынатын қызметкерлердің табысы бойынша жеке табыс салығын есептеу Есебін құрастыру Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 1 ақпандағы N 125  бұйрығының  (N 1787 нөмірмен тіркелген, "Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде" 2002 ж., N 17 жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      4. Осы бұйрық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

       Төраға

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Салық 
комитеті Төрағасының  
2003 жылғы 7 қарашадағы 
N 445 бұйрығымен    
бекітілген       

  Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және
әлеуметтік салықты есептеу
Ережелері

      1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі)  153  және  318  баптарына сәйкес әзірленген және қызметкерлердің төлем көзінен салық салынатын табысы бойынша жеке табыс салығын және қызметкерлердің табыстарына төлеуге жұмыс берушінің шығыстарына есептелетін әлеуметтік салықты, сондай-ақ ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға төлемдерді есептеу және ұстап қалу тәртібін айқындайды. Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу, сондай-ақ әлеуметтік салықты қосымшаға сәйкес жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу бойынша есепті жасау (бұдан әрі - Есеп) жолымен жүзеге асырылады.

      2. Есепте салық төлеуші мынадай мәліметтерді көрсетеді:
      1) 1-бағанда салық жылының тиісті айлары;
      2) 2-бағанда Салық кодексінің  144-бабы , 1-тармағының 10), 16), 17), 23), 25)-26), 29), 31-1), 34) тармақшаларында айқындалған төлемдерді қоспағанда жеке тұлғаға салық жылының тиісті айы үшін қосымша төлемдерді, үстеме ақыларды, сыйлықақыларды, сондай-ақ Салық кодексінің  149-бабының  2-тармағына сәйкес өзге де төлемдерді қоса алғанда жалақы түрінде есептелген табыстарының сомасы. 2-бағанда сонымен қатар жеке тұлғаның ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша кірістері көрсетіледі;
      3) 3-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен есептелген табыстардың сомасы;
      4) 4-бағанда 2-бағанда көрсетілген және Салық кодексінің  144-бабына  сәйкес салық жылының тиісті айы үшін салық салуға тиіс емес табыстарының сомасы;
      5) 5-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен 4-бағанда айқындалған табыстардың сомасы;
      6) 6-бағанда Салық кодексінің  152-бабының  1-тармағының 1), 2) және 4)-6) тармақшаларына сәйкес айқындалатын салық жылының тиісті айы үшін салық шегерімдерінің сомасы;
      7) 7-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен 6-бағанда айқындалған салық шегерімдерінің сомасы;
      8) 8-бағанда салық жылының тиісті айы үшін зейнетақы заңдарына сәйкес белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
      9) 9-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
      10) 10-бағанда салық жылының басынан бастап 3, 5, 7 және 9 бағандардың арасындағы айырма ретінде айқындалатын жеке табыс салығы салынатын табыстардың сомасы;
      11) 11-бағанда салық жылының басынан бастап салық салынатын сома айқындалатын айлардың жалпы санының күнтізбелік жылдағы айлардың санына қатынасы ретінде айқындалатын қайта есептеу коэффициенті. Қызметкер жұмыстан босаған ретте жұмысының соңғы айы үшін табысынан жеке табыс салығын есептеу кезінде бірлік коэффициенті қолданылады;
      12) 12-бағанда салық жылының басынан бастап салық салынатын табысының сомасы (10-баған) мен қайта есептеу коэффициентіне (11- баған) көбейту жолымен айқындалатын жеке табыс салығы салынатын табыстың есепті сомасы;
      13) 13-бағанда салық салынатын табыстың есепті сомасына Салық Кодексінің  145-бабының  1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептелген жеке табыс салығының сомасы;
      14) 14-бағанда 13-бағанының 11-бағанға қатынасы ретінде айқындалатын салық жылының есепті айы үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы;
      15) 15-бағанда салық жылының өткен айлары үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы;
      16) 16-бағанда салық жылының тиісті айы үшін ұстап қалуға тиісті, 14 және 15 бағандардың айырмасы ретінде айқындалатын жеке табыс салығының сомасы;
      17) 17-бағанда 2-бағанда көрсетілген және міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда, Салық кодексінің  316-бабының  1-тармағына сәйкес әлеуметтік салық салуға жатпайтын табыстар сомасы;
      18) 18-бағанда 2, 6 және 17-бағандардың айырмасы ретінде айқындалатын салық жылының есепті айы үшін әлеуметтік салық салынатын табыстар сомасы;
      19) 19-бағанда есепті ай үшін салық салынатын табысты (18-баған) 12-ге көбейту жолымен айқындалатын салық жылы үшін әлеуметтік салық салынатын табыстың есепті сомасы;
      20) 20-бағанда 19-бағанда айқындалған салық салынатын табыстың есепті сомасына Салық Кодексінің  317-бабының  1 немесе 2-тармақтарында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептелген әлеуметтік салықтың сомасы;
      21) 21-бағанда 20-бағанда айқындалған салық жылы үшін әлеуметтік салық сомасын 12-ге бөлу жолымен айқындалатын салық жылының есепті айы үшін төленуге тиісті әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі.

      3. Қозғалыс тірек аппараттары бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін Салық кодексінің  121-бабының  2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін және әлеуметтік салықты 6,5 процент ставка бойынша төлейтін мамандандырылған ұйымдар 17-21-бағандарды толтырмайды.

Жеке табыс салығын есептеу     
және ұстап қалу және әлеуметтік
салықты есептеу Ережелеріне    
1 қосымша                      

Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу
және әлеуметтік салықты есептеу есебі

-----------------------------------------------------------
Салық !Табыс есептелді!Салық салуға тиіс!Салық шегерімдері!
кезеңі!               !емес табыстар    !                 !
нің   !---------------!-----------------!-----------------!
айлары!есепті !жыл ба.!есепті !жыл ба.  !есепті !жыл ба.  !
      !ай үшін!сынан  !ай үшін!сынан    !ай үшін!сынан    !
      !       !бастап !       !бастап   !       !бастап   !
-----------------------------------------------------------
 1       2        3       4        5        6       7
-----------------------------------------------------------
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан
-----------------------------------------------------------
Барлығы
-----------------------------------------------------------

      кестенің жалғасы
-----------------------------------------------------------
Міндетті зейнет.!Жыл басынан!Қайта!ЖТС салы. !ЖТС салынатын
ақы жарналарының!бастап ЖТС !есеп.!натын та. !табыстардың
сомасы          !салынатын  !теу  !быстар.   !есепті сомасы.
----------------!табыстардың!коэф.!дың есеп. !нан ЖТС
есепті !жыл ба. !сомасы     !фици.!ті сома.  !сомасы
ай үшін!сынан   !           !енті !сы(10*бағ !
       !бастап  !           !     !11-бағ)   !
-----------------------------------------------------------
 8       9          10        11      12          13
-----------------------------------------------------------

      кестенің жалғасы
-----------------------------------------------------------
Жеке табыс салығының !МЖЗ қос.!Әлеу. !Әлеу. !Әлеу. !Есепті
      сомасы         !пағанда !меттік!меттік!меттік!ай үшін
                     !әлеумет.!салық !салық !салық !әлеу.
---------------------!тік сал.!салына!салына!салына!меттік
есепті  !жылдың!ұстап!ық салын!тын та!тын та!тын та!салық
ай үшін !өткен !қалу.!байтын  !быстар!быстар!быстар!сомасы
(13бағ.:!айлары!ға   !табыстар!(2бағ-!дың   !дың   !(20бағ.
11-бағ) !үшін  !тиіс.!        !6бағ.-!есепті!есепті!/12)
        !      !ті   !        !17бағ)!сомасы!сомасы!
        !      !(14- !        !      !(18бағ!мен   !
        !      !бағ.-!        !      !*12)  !әлеу. !
        !      !15-  !        !      !      !меттік!
        !      !бағ) !        !      !      !салық !
        !      !     !        !      !      !сомасы!
-----------------------------------------------------------
  14      15     16      17      18     19    20       21
-----------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады