"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
3-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесі бекітілсін.
2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Бағалы қағаздар рыногында
трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
есеп беру ережесін бекіту
туралы"
2003 жылғы 12 қарашадағы
N 396 қаулысымен
бекітілген
Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік
қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру
ережесі
Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру нысандары мен мерзімдерін белгілейді.
1. Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан басқасы) бағалы қағаздар рыногын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жыл сайын, есепті жылдың 1 қаңтары - 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде мыналарды:
осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйым туралы мәліметтерді;
осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік балансты;
осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес кірістер мен шығыстар туралы есепті;
осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес ақша қозғалысы туралы есепті;
осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес меншік капиталындағы өзгерістер туралы есепті;
қаржылық есепке түсіндірме жазбаны;
есепті жылда жүргізілген қаржылық есеп аудитінің нәтижелері туралы аудиторлық есепті береді.
2. Есеп уәкілетті органға қағаз жазбада беріледі.
Есеп еркін нысанда жазылған, бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымның басшысы қол қойған және оның мөрімен расталған ілеспе хатпен бірге уәкілетті органға беріледі.
3. Есепті уәкілетті органға жіберген кезде оның барлық парақтарына нөмір қойылады, парақтардың жалпы саны ілеспе хатта көрсетіледі.
4. Есепке бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымның басшысы және бас бухгалтері қол қояды және мөрмен бекітіледі.
5. Түзетілген және өшірілген есеп бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымға қайтарылуы тиіс.
6. Есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйым үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып, есептің түзетілген нұсқасын береді.
7. Уәкілетті орган есепті қараған бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымнан есепте көрсетілген ақпаратты тексеруге қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратуға құқылы.
8. Есепті уақтылы бермегені немесе көрсетілген есепте шынайы емес мәліметтер бергені үшін бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйым мен оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілік атқарады.
Бағалы қағаздар рыногында
трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
есеп беру ережесіне
1-қосымша
Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік
қызметті жүзеге асыратын ұйым (ұйымның атауы)
туралы мәліметтер
20__жылғы ____ ___________
___________________________________________________________________
1. Мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы
мәлiметтер:
2. Банктiк деректемелер:
3. Tуған жерi (тiркелгенi):
4. Тұрған жері (нақты):
5. Байланыс құралдары (телефон, факс,
электронды почта) туралы мәлiметтер:
6. Басшы қызметкерлер туралы мәлiметтер:
7. Филиалдардың саны туралы мәлiметтер:
8. Филиалдардың атауы және олардың тұрған
жерi (нақты):
9. Филиалдардың байланыс құралдары (телефон,
факс, электронды почта) туралы мәлiметтер:
10. Филиалдардың басшы қызметкерлерi туралы
мәлiметтер:
___________________________________________________________________
Бiрiншi басшы [қолы] Бас бухгалтер [қолы]
мөр орны
Орындаушы [қолы, телефон номерi]
Бағалы қағаздар рыногында
трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
есеп беру ережесіне
2-қосымша
Бухгалтерлік баланс
[Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк
қызметтi жүзеге асыратын ұйымның толық атауы]
_____ жылғы ____ ___________
(мың теңгемен)
___________________________________________________________________
Баптардың атауы |Ескерту|Есеп.|200_
| |тi |жылғы
| |ке. |31
| |зең. |жел.
| |нің |тоқ
| |ая. |сан
| |ғында|
___________________________________________________________________
1 2 3 4
___________________________________________________________________
Негiзгi қызметте пайдаланылатын негiзгi
құрал-жабдықтар (нетто)
Материалдық емес активтер (нетто)
Басқа заңды тұлғалардың капиталына
инвестициялар
Ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешек
(күмәндi борыштар бойынша резервтердi
шегергенде)
Өтелгенге дейiн ұсталатын бағалы қағаздар
(күмәнды борыштар бойынша резервтердi
шегергенде)
Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар
(күмәнды борыштар бойынша резервтердi
шегергенде)
"Кері РЕПО" операциясы
Басқа да дебиторлық берешек (күмәнды
борыштар бойынша резервтердi шегергенде)
Басқа активтер
Алдағы кезеңдердiң шығыстары
Салық талаптары
Мерзiмi өткен салық талабы
Қысқа мерзiмдi дебиторлық берешек (күмәнды
борыштар бойынша резервтeрдi шегергенде)
Саудаға арналған бағалы қағаздар (күмәнды
борыштар бойынша резервтердi шегергенде)
Орналастырылған салымдар (күмәнды борыштар
бойынша резервтердi шегергенде)
Ақшалар
оның iшiнде:
кассадағы қолма-қол ақша
банктер шоттарындағы ақша
Активтер жиынтығы
Мiндеттемелер
Ұзақ мерзiмдi алынған заемдар
оның iшiнде:
Қаржылық жалға алу
Ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар
Мерзімі өткен салық мiндеттемелерi
Алдағы кезеңдердiң кірістері
Акциялар бойынша акционерлермен есеп
айырысу бойынша есептелген шығыстар
Салық мiндеттемелерi
Қысқа мерзiмдi берешек
Қысқа мерзiмдi алынған заемдар
"РЕПО" операциясы
Қызметкерлер мен есеп айырысу бойынша
есептелген шығыстар
Басқа да мiндеттемелер
Жиынтық мiндеттемелер
Азшылық үлесi
Меншiк капитал
Жарғылық капитал
Алынған капитал
Төленбеген капитал
Қосымша төленген капитал
Қайта бағалау резервтерi
Бөлiнбеген кiрiс (жабылмаған шығын):
оның iшiнде:
өткен жылдарда
есептiк кезеңде
Жиынтық капитал
Жиынтық пассивтер
___________________________________________________________________
Бiрiншi басшы [қолы] Бас бухгалтер [қолы]
мөр орны
Орындаушы [қолы, телефон номерi]
Бағалы қағаздар рыногында
трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
есеп беру ережесіне
3-қосымша
Кiрiстер және шығыстар туралы есеп
[Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк
қызметтi жүзеге асыратын ұйымның толық атауы]
_____ жылғы ____ ___________
(мың теңгемен)
___________________________________________________________________
Баптардың атауы |Ескерту|Есеп.|200_
| |тi |жылғы
| |ке. |31
| |зең. |жел.
| |нің |тоқ
| |ая. |сан
| |ғында|
___________________________________________________________________
1 2 3 4
___________________________________________________________________
Бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттiк
қызметтен сыйақы түріндегі кірістер
Орналастырылған салымдар бойынша сыйақы
түріндегі кірістер
Бағалы қағаздар бойынша сыйақы
(купон/дисконт) түріндегі кірістер
Бағалы қағазда бойынша өзге де кiрiстер
(шығындар) (нетто)
оның iшiнде:
Бағалы қағаздарды сатып алудан-сатудан
түскен кiрiстер (нетто)
Саудаға арналған және қолда бар сатуға
арналған бағалы қағаздар құнының өзгеруiнен
кiрiстер (нетто)
Шетел валютасын қайта бағалаудан кiрiстер
(шығындар) (нетто)
Басқа заңды тұлғалардың капиталына қатысудан
түскен кiрiс
Өзге де кірістер
Көзделмеген кiрiс (шығын)
Кiрiстер жиынтығы
Комиссиялық шығыстар
Бағалы қағаздар (сыйлықақы) түріндегі шығыстар
Алынған заемдар бойынша шығыстар
Күмәндi борыштар бойынша резервтерге
(провизияларға) жұмсалған шығыстар
(қалпына келтiру)
Жалпы және әкiмшiлiк шығыстар
оның iшiнде:
Салық және бюджетке төленетiн басқа
да міндетті төлемдер бойынша шығыстар
(корпоративтiк табыс салығынан басқасы)
еңбекақы және iссапар бойынша шығыстар
Ағымдағы жалға алу бойынша шығыстар
амортизациялық есептеулер және тозу
Өзге де шығыстар
Шығыстар жиынтығы
Кoрпоративтiк табыс салығын төлегенге
дейiн таза кiріс (шығын)
Кoрпоративтiк табыс салығы
Салықтар төлегеннен кейiнгi таза кiрiс
(шығын)
___________________________________________________________________
Бiрiншi басшы [қолы] Бас бухгалтер [қолы]
мөр орны
Орындаушы [қолы, телефон номерi]
Бағалы қағаздар рыногында
трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
есеп беру ережесіне
4-қосымша
Ақша қозғалысы туралы есеп (жанама әдiс)
[Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк
қызметтi жүзеге асыратын ұйымның толық атауы]
_____ жылғы ____ ___________
(мың теңгемен)
___________________________________________________________________
Баптардың атауы |Ескерту|Есеп.|200_
| |тi |жылғы
| |ке. |31
| |зең. |жел.
| |нің |тоқ
| |ая. |сан
| |ғында|
___________________________________________________________________
1 2 3 4
___________________________________________________________________
Операциялық қызмет
Салық салуға дейiнгi кiрiс (шығын)
Ақшалай емес операциялық баптарға түзетулер:
оның iшiнде:
амортизациялық есептеулер және тозу
күмәндi бoрыштар резервтер (провизиялар)
бойынша шығыстар
Қаржы активтерiнiң құнын өзгертуден жұмсалмаған
кiрiстер және шығыстар
алуға сыйақы түрiнде есептелген кірістер
Сыйақы төлеуге шығыстар
Ақшалай емес баптарға басқа да түзетулер
Операциялық активтердi және мiндеттемелердi
өзгерткенге дейiнгi операциялық кiрiс (шығын)
Операциялық активтерде (көбеюi) азаюы
Орналастырылған салымдардың (көбеюi) азаюы
Ұзақ мерзiмдi дебиторлық берешектiң (көбеюi)
азаюы
Алдағы кезеңдердегi шығыстардың (көбеюi) азаюы
Қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектiң (көбеюi)
азаюы
Саудаға арналған және қолда бар сатуға арналған
бағалы қағаздардың (көбеюi) азаюы
"Кері РЕПО" oпeрацияларының (көбеюi) азаюы
Алынған сыйақы
Басқа да активтер
Операциялық мiндеттемелердiң (көбеюi (азаюы)
Ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешектiң
көбеюi (азаюы)
Қысқа мерзiмдi кредиторлық берешектiң
көбеюi (азаюы)
"РЕПО" oпeрацияларының көбеюi (азаюы)
Алдағы кезеңдердегi кiрiстердiң көбеюi (азаюы)
Ақы төлеуге шоттар
Басқа да мiндеттемелер
Операциялық қызметтен түскен ақшаның көбеюi
(азаюы)
Төленген кoрпоративтiк табыс салығы
Салық салудан кейiнгi операциялық қызметтен
түскен ақшаның көбею (азаю) жиынтығы
Инвестициялық қызметпен байланысты ақшалай
түсiмдер және төлемдер
Өтеуге дейiн ұсталынатын бағалы қағаздарды
сатып алу (сату)
Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес
активтердi сатып алу
Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес
активтердi сату
Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар
Басқа да түсiмдер және төлемдер
Инвестициялық қызметтен түскен ақшаның көбею
(азаю) жиынтығы
Қаржылық қызмет
Акциялар шығару
Акцияларды алу
Алынған заемдар
Акциялар бойынша дивидендтер төлеу
Басқа да түсiмдер және төлемдер
Қаржылық қызметтен түскен ақшаның көбею немесе
азаю жиынтығы
Есептi кезеңдегi ақшаның таза көбею немесе
азаю жиынтығы
Кезең басындағы ақша қалдығы
Кезең соңындағы ақша қалдығы
___________________________________________________________________
Бiрiншi басшы [қолы] Бас бухгалтер [қолы]
мөр орны
Орындаушы [қолы, телефон номерi]
Бағалы қағаздар рыногында
трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
есеп беру ережесіне
5-қосымша
Меншiк капиталындағы өзгерiстер туралы есеп
[Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк
қызметтi жүзеге асыратын ұйымның толық атауы}
_____ жылғы ____ ___________
(мың теңгемен)
___________________________________________________________________
|Жар.|Алын|Тө. |Қо. |Қайта|Бөлін.|Жиын.
|ғы. |ған |лен.|сым.|баға.|беген |тығы
|лық |ка. |бе. |ша |лау |кіріс |
|ка. |пи. |ген |тө. |ре. |(жа. |
|пи. |тал |ка. |лен.|зерв.|был. |
}тал | |пи. |ген |тері |маған |
| | |тал |ка. | |кіріс)|
| | | |пи. | | |
| | | |тал | | |
___________________________________________________________________
Есептiк кезеңнiң басындағы
сальдо
Есеп саясатындағы өзгерiстер
және өткен жылдардағы
негiзгi қателердi түзету
Есептiк кезеңнiң басында
қайта есептелген сальдо
Есептi кезеңде қосымша
шығарылған (сатып алынған)
меншiк акциялар
Есептелген дивидендтер
Негізгі құрал-жабдықты
қайта бағалау
Сатуға арналған қолда бар
бағалы қағаздардың құнын
өзгерту
Ағымдағы кезеңде бөлiнбеген
кiрiс (орны жабылмаған шығын)
Iшкi аударымдар
оның iшiнде:
негiзгi құрал-жабдықтың
жинақталған қайта бағалауының
амортизациясы
Өзге операциялар
Есептiк кезеңнiң аяғындағы
сальдо
___________________________________________________________________
Бiрiншi басшы [қолы] Бас бухгалтер [қолы]
мөр орны
Орындаушы [қолы, телефон номерi]