Балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 26-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2615. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі N 16-6/64п бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі N 16-6/64п   бұйрығымен .
______________________________________________
      "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында балық кәсіпшілік телімдерді бекіту және балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу жөніндегі жекелеген мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158  қаулысының 9 тармағына сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса берілген балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелері бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Төраға

ҚР АШМ              
Балық шаруашылығы комитетінің   
2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 26-п 
"Балық пен басқа су жануарларын  
аулау лимиттері мен квоталарын  
бөлу үшін табиғат пайдаланушының 
рейтингтік бағасын анықтаудың  
Ережелерін бекіту туралы"    
бұйрығымен бекітілген       

  Балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері
мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының
рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелері

      1. Осы Ережелер арқылы конкурстық (тендерлік) комиссия балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтайды.

      2. Табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасы олардың көрсеткіштеріне байланысты (осы Ережелердің N 1 қосымшасы) төмендегідей анықталады:
      1) 100 пайызға теңестірілген максималдық бағалау көрсеткіші және табиғат пайдаланушылардың сапалық көрсеткіші маңыздылығына қарай бөлінеді;
      2) берілген өтінімге сәйкес табиғат пайдаланушылардың көрсеткіш саны;
      3) конкурстық (тендерлік) комиссия мүшесінің 10-баллдық жүйемен бағаланған бағасы;
      4) табиғат пайдаланушының рейтингтік коэффициенті (Р).3-кестенің көрсеткішін (максималдық бағалау көрсеткіш) 5-кестеге (10-баллдық жүйемен бағаланған баға) көбейтіп және 100-ге бөлу арқылы анықталады.

      3. Конкурста (тендерде) жеңген әрбір табиғат пайдаланушы үшін балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталары бөлу (осы Ережелердің N 2 қосымшасы) төмендегідей анықталады:
      1) конкурсқа қойылатын бекітілген балық пен басқа су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталары - (У);
      2) табиғат пайдаланушылардың рейтингтік коэффициентінің сомасы - (С);
      3) балық пен басқа су жануарларын аулаудың коэффиценті (К) былай есептеледі: конкурсқа қойылған лимиттер мен квоталар (У) табиғат пайдаланушылардың рейтингтік коэффициентінің сомасына (С) бөлінеді К = У : С;
      4) табиғат пайдаланушыға бөлінетін балық пен басқа су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталары (Л) балық аулаудың коэффициентін (К) табиғат пайдаланушының рейтингтік коэффициентіне (Р).көбейту арқылы есептеледі: Л = К х Р.

      4. Балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу конкурсының (тендерінің) қорытындысы N 3 қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      5. Балық кәсіпшілік су айдындарын (телімдерді) бекітудің жеңімпаздарын анықтау конкурсының (тендерінің) қорытындысы N 4 қосымшаға сәйкес ресімделеді.

ҚР АШМ                
Балық шаруашылығы комитетінің    
2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 26-п  
бұйрығымен бекітілген балық пен   
басқа су жануарларын аулау     
лимиттері мен квоталарын бөлу үшін 
табиғат пайдаланушының рейтингтік  
бағасын анықтаудың Ережелеріне   
N 1 қосымша              

Табиғат пайдаланушы _________________________________________
___________________________________________________________________
N  |           Көрсеткіштердің      |Мак.|Бе. |10-    |Табиғат
п/п|                 атауы          |си. |ріл.|баллдық|пайдала.
   |                                |мал.|ген |жүйемен|нушының
   |                                |дық |өті.|баға.  |рейтингтік
   |                                |ба. |нім.|ланған |коэффициенті
   |                                |ға. |ге  |бағасы |Р=(3 тізбе*
   |                                |лау |сәй.|       |5 тізбе):100
   |                                |көр.|кес |       |
   |                                |сет.|көр.|       |
   |                                |кі. |сет.|       |
   |                                |ші, |кіш |       |
   |                                |па. |саны|       |
   |                                |йыз.|    |       |
   |                                |бен |    |       |
___________________________________________________________________
1                      2             3     4     5         6
___________________________________________________________________
1   Балық өсімін молайту -
    мелиоративтік шаралар жүргізу
    (су айдындарының экологиялық
    жағдайын, гидробионттардың
    өмір сүру жағдайын және балық
    қорларының өсімін молайтуды
    жақсарту және басқа да табиғат
    қорғау шаралары), оның
    ішінде мың теңге                  25
    а) балықтандыру шаралары          15
    б) басқа шаралар                  10
2   Бөлінген балық аулау лимиттері
    мен квоталарының игерілуі,
    оның ішінде  %                    20
    а) 100%;                          15
    б)  75%                           5
3   Су айдынының жануарлар дүниесін
    қорғау, өсімін молайту және
    пайдалану талаптарының орындалуы,
    заң бұзушылық саны                10
4   Жүзу құралдарының, аулау
    механизмдерінің бары, шт.         10
5   Аулау қаруының бары, шт.          10
6   Өндірістік ғимараттар,
    кубтық метр                       5
7   Тоңазытқыштық қондырғылар,
    саны/тонна                        5
8   Қайта өңдеу технологиялық
    жабдықтары                        5
9   Балықшылардың саны, адам          10
    Жиыны                             100
___________________________________________________________________

ҚР АШМ                
Балық шаруашылығы комитетінің    
2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 26-п  
бұйрығымен бекітілген балық пен   
басқа су жануарларын аулау     
лимиттері мен квоталарын бөлу үшін 
табиғат пайдаланушының рейтингтік  
бағасын анықтаудың Ережелеріне   
N 2 қосымша              

Табиғат пайдаланушыға бөлінетін балық
пен басқа су жануарларын аулаудың
лимиттері мен квоталарының есебі

      1. Конкурсқа (тендерге) қойылатын бекітілген балық пен басқа су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталары (У);
      2. Табиғат пайдаланушының рейтингтік коэффициенті (Р);
      3. Табиғат пайдаланушылардың рейтингтік коэффициентінің сомасы - (С);
      4. Балық пен басқа су жануарларын аулаудың коэффициенті (К) = У/С;
      5. Табиғат пайдаланушыға бөлінетін балық пен басқа су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталары (Л) = К х Р.

ҚР АШМ                
Балық шаруашылығы комитетінің    
2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 26-п  
бұйрығымен бекітілген балық пен   
басқа су жануарларын аулау     
лимиттері мен квоталарын бөлу үшін 
табиғат пайдаланушының рейтингтік  
бағасын анықтаудың Ережелеріне   
N 3 қосымша              

Балық пен басқа су жануарларын аулау
лимиттері мен квоталарын бөлу конкурсының
Қорытындысы

___________________________________________________________________
N  |    Табиғат     |   Табиғат    | Балық пен су | Балық пен су
п/п| пайдаланушының |   пайдала.   | жануарларын  |  жануарларын
   |      атауы     |   нушының    |  аулаудың    |   аулаудың
   |                |  рейтингтік  |  коэффициенті| лимиттері мен
   |                | коэффициенті |      (К)     |   квоталары
   |                |     (Р)      |              |  (Л = Р х К)
___________________________________________________________________
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
    Жиыны                  Х               Х
___________________________________________________________________

      Конкурстық (тендерлік) комиссия Төрағасы:

      Конкурстық (тендерлік) комиссия мүшелері:

ҚР АШМ                
Балық шаруашылығы комитетінің    
2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 26-п  
бұйрығымен бекітілген балық пен   
басқа су жануарларын аулау     
лимиттері мен квоталарын бөлу үшін 
табиғат пайдаланушының рейтингтік  
бағасын анықтаудың Ережелеріне   
N 4 қосымша              

Балық кәсіпшілік су айдындарын (телімдерін) бекітудің
жеңімпаздарын анықтау конкурсының (тендерінің)
Қорытындысы

___________________________________________________________________
N  |       Табиғат    |      Табиғат     |Конкурстың (тендердің)
п/п|  пайдаланушының  |  пайдаланушының  |    қорытындысы
   |       атауы      |   рейтингтік     |
   |                  | коэффициенті (Р) |
___________________________________________________________________
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
       Рейтингтік
    коэффициенттің
        сомасы -                                     Х
___________________________________________________________________

      Конкурстық (тендерлік) комиссия Төрағасы:

      Конкурстық (тендерлік) комиссия мүшелері:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады