Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі N 16-6/64п Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 5 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3874. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 8 ақпандағы N 16-6/11п бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 8 ақпандағы N 16-6/11п   бұйрығымен .
_________________________________

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102  қаулысымен бекітілген Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесі және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының 2 тарауының 18 тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелері бекітілсін.
      2. "Балық пен басқа су жануарларын аулау лимиттері мен квоталарын бөлу үшін табиғат пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 26-п  бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2615 нөмірлі болып тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 27 желтоқсандағы N 52 (157) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының орынбасары Ю.Т.Ромашовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ол ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы      
Ауыл шаруашылығы министрлігінің 
Балық шаруашылығы комитеті   
төрағасының          
2005 жылғы 12 қыркүйектегі  
N 16-6/64п бұйрығымен     
бекітілген           

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын
пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың
ережелері

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелері (бұдан әрі - Ережелер) халықаралық, республикалық, жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) ұзақ мерзімге (10 жылдан 49 жылға дейін) арнайы пайдалану үшін бекітіп беру бойынша конкурс жеңімпазын анықтау жөнінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының (бұдан әрі - Пайдаланушы) рейтингтік бағасын есептеу үшін қажет іс-әрекеттердің тізбектілік тәртібін белгілейді.

  2. Рейтингтік бағаны анықтау

      2. Пайдаланушының рейтингтік бағасы конкурстық құжаттамада және балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның мәліметтерінде көрсетілген мәліметтер негізінде анықталады:
      1) 100 пайызға теңелетін максималдық бағалау көрсеткіші біліктілік және басқа да пайыздық маңыздылығы бар көрсеткіштерге бөлінеді (3 баған);
      2) ең көп/ең жақсы көрсеткіші бар үміткерге тиісті тармақ бойынша максималдық бағалау көрсеткіші беріледі;
      3) пайдаланушылардың көрсеткіштерінің көлемі және/немесе саны ұсынылған өтінім мен осы мәліметтердің растығын дәлелдейтін құжаттарға сәйкес белгіленеді (4 баған);
      4) конкурстық комиссия мүшесінің бағасы 10-баллдық жүйе бойынша белгіленеді (5 баған);
      5) пайдаланушының рейтингтік бағасы (R) максималдық бағалау көрсеткішін (3 баған) 10-баллдық жүйе бағасына (5 баған) көбейтіп, оны 100-ге бөлу арқылы анықталады;

R = (3баған x 5баған:100).

      Ескерту: сонымен қатар осы рейтингтік баға балық мен басқа да су жануарларын аулау квоталарын пайдаланушылардың арасында бөлуде пайдаланылып, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының анықтама-дәлелдеме негізінде анықталады.

      3. Рейтингтік бағаны есептеу осы Ережелердің қосымшасына сәйкес рәсімделеді.

                                            Балық ресурстары мен
                                           басқа да су жануарларын
                                          пайдаланушының рейтингтік
                                              бағасын анықтаудың
                                             ережелеріне қосымша

                  Рейтингтік бағаны санау парағы

       Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы N 16-6/100п   бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін    4-тармақтан   қараңыз ).

Пайдаланушы ______________________________________________________
Өтінім берілген балық шаруашылығы су тоғаны (учаске) _____________
Бұған дейін бекітілген балық шаруашылығы су тоғаны (учаске) ______

N
т/б

Көрсеткіштің атауы

Макси-
малдық
бағалық
көр-
сеткіш

Көрсет-
кіштер
саны

10-
баллдық
жүйе
бойынша
баға

Пайдала-
нушының
рейтин-
гтік
коэффе-
циенті

1

2

3

4

5

6

1.

Табиғатты қорғау мен  балық өсімін молайту іс-шараларына жұмсалған қаржы мөлшері, (қорықшылық қызметті құру және ұстауына жаратылған қаражаттан басқа) мың.тнг.

    10




2.

Балық өнімін мұздату, салқындату және сақтау, ыдыстарының барлығы, куб.м.,

  10




3.

Балық пен басқа да су жануарларын терең өндіру цехтарының барлығы, тн/тәулік

    10




4.

Балық аулау флотының барлығы, бірлік

15





1) өздігінен жүретін, өздігінен жүретін (стационарлық қозғалтқышпен), 40 а.к. және одан жоғары

10





2) аз көлемді, өздігінен жүрмейтін

5




5

Көлік флотының барлығы, бірлік/тн.

10




6

Балық пен басқа да су жануарларын аулауға бөлінген квотаның игерілуі, %

15





1) 100%

15





2) 75%-дан 100%-ға дейін

5





3) 75%-дан төмен

0




7

Өтінім берілген балық шаруашылығы су тоғанының (учаскенің) бұған дейінгі жылы (жылдары) пайдаланушыға бекітілгендігі туралы фактінің барлығы

    20





1) бекітілді

20


10



2) бекітілген жоқ

0


0


8

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтардың саны

10




9

ҚОРЫТЫНДЫ, баллдар

100




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады