Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.03.31 № 126 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Диссертациялық кеңестер жұмысының тиімділігін арттыру және реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Диссертациялық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 14 бұйрығына (Әділет министрлігінде N 2139 тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені" журналында жарияланған, 2003 жыл, N 15) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы ереженің 10-тармағының екінші абзацындағы "немесе төрт кандидаттық диссертация" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Жоғары аттестаттау комитеті (А.Қ.Құсайынов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттарды осы бұйрыққа сәйкестендірсін.
3. Осы бұйрық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Министр