Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2113 тiркелген "Шарттар жасасуды талап ететiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 433 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2652. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 211 Бұйрығымен

  --------------Бұйрықтан үзінді--------------  

       "Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Заң қызметi департаментi (Д.В. Вагапов) қоса берiлген тiзбеде көрсетiлген бұйрықтардың күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне белгiленген тәртiппен бiр апталық мерзiмде хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрiнің     
2005 жылғы 3 маусымдағы 
N 211 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң күшiн
жойған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

      19. "Шарттарды жасасуды талап ететiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 18 маусымдағы N 620 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 433 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 30 желтоқсанда N 2652 тiркелген)...
--------------------------------------------

      Бұйырамын:
      1. "Шарттар жасасуды талап ететiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2113 тiркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 1 наурыздағы N 86  бұйрығымен  - N 2212 тiркелген, 2003 жылғы 18 маусымдағы N 236  бұйрығымен  өзгерiстер енгiзiлдi - N 2440 тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Шарттар жасасуды талап ететiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тiзбесiнде, "Ескерту" бағаны:
      125-ерекшелiк бойынша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған шарттар: әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi болып табылатын "Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кipуi" бюджеттiк бағдарламасы бойынша соманы айырбастау және кейiннен Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiгiнiң шотына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына аудару кезiнде талап етiлмейдi.";

      138, 139, 146, 149-ерекшелiктер бойынша:
      "әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi болып табылатын" деген сөздерден кейiн "Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi" бюджеттiк бағдарламасы бойынша," деген сөздермен толықтырылсын,
      қазақ тiлiндегi мәтiнi өзгерiссiз қалады.

      144, 411-ерекшелiктер бойынша:
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
министрлiгi болып табылатын "Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кipуi" бюджеттiк бағдарламасы бойынша".

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады