Екінші деңгейде банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 434 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2653. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 359 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

        Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 359   қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін   4-тармақтан   қараңыз ).
__________________________________

      Қазақстан Республикасының банктiк заңдарын жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
      3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне және Қазақстан аудиторлар палатасына жіберсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.
      5. Операция басқармасы (Төлеутаева Ә.Қ.) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасының бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен қабылданған шешiм туралы ақпаратты жариялауға байланысты шығыстарды төлесiн.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкi Басқармасының   
"Екiншi деңгейдегi банктерде  
тәуекелдердi басқару және   
iшкi бақылау жүйелерiнiң    
болуына қойылатын талаптар туралы
нұсқаулықты бекiту жөнiнде"  
2003 жылғы 6 желтоқсандағы   
N 434 қаулысымен бекiтiлген  

  Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару және
iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар
туралы нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы"  Заңына сәйкес әзiрлендi және екiншi деңгейдегi банктердiң сақтауы үшiн тәуекелдердi басқару жүйелерiнiң болуына қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейдi.

      2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты тәуекелдердi басқару және iшкi бақылаудың теңбе-тең жүйесiн банктерде қалыптастыруға қойылатын ең төменгi талаптарды және банктер мен банктiк топтардың тәуекелдерiн олар жүргiзетiн операциялардың түрiн және көлемiн ескере отырып, тиiмдi айқындауды, бағалауды және шектеудi қамтамасыз ететiн, банктерде және банктiк топтарда тәуекелдердi бақылау әдiстерiн қолдануды қарастыратын iшкi бақылауды ұйымдастыруға қойылатын қосымша талаптарды айқындау болып табылады.

      3. Осы Нұсқаулықтың талаптары тiзбесiн қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) бекiткен кез келген халықаралық рейтинг агенттiктерiнiң "А" деңгейiнен төмен емес ұзақ мерзiмдi рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес қаржылық ұйымдарының еншiлес ұйымы болып табылатын банктердiң қызметiне қолданылмайды.

      4. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекелдердi басқару жүйесi - бұл процеске төрт негiзгi элемент кiредi: тәуекелдi бағалау, тәуекелдi өлшеу, тәуекелдi бақылау және тәуекел мониторингi;
      2) кредит тәуекелi - заем, лизинг, факторинг, форфейтинг, ломбард операцияларын, банктiк кепiлдiк беру операциялары мен басқа да операцияларды жүргiзу кезiнде өзiне алынған ақша мiндеттемелерiн орындау бойынша шарттың (келiсiм-шарттың) бастапқы талаптарын клиенттердiң бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
      3) проценттiк тәуекел - сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруi салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi, оның iшiнде:
      банктiң орналастырған активтерi мен тартылған мiндеттемелерiн (белгiленген сыйақы ставкалары кезiнде) қайтару және өтеу мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуiнен шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
      банк активтерi бойынша, бiр жағынан, және мiндеттемелерi бойынша екiншi жағынан ставкалардың әр түрiн (өзгермелi не белгiленген) банктiң қолдануы салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
      өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бiрқатары бойынша алынатын және төленетiн сыйақыны есептеу және түзетудiң түрлi әдiстерiн қолдануға байланысты негiзгi тәуекел;
      4) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелi - банктiң өз мiндеттемелерiн орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн басқару кезiнде банктiң ағымдағы өтiмдiлiгi бақылауға алынады, сондай-ақ сыйақы алуға (төлеуге) байланысты орналастырылған және тартылған ақшалардың, кiрiстер мен шығыстардың мерзiмдерi салыстырылады;
      5) операция тәуекелi - iшкi бақылау ұйымдарына қойылатын талаптарды банктiң бұзуы (сақтамауы) салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
      операциялық (компьютерлiк) жүйелердегi елеулi iркiлiстердiң туындауына байланысты тәуекелдер де операция тәуекелiне кiредi;
      6) валюта тәуекелi - банк өз қызметiн жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруiне байланысты болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Шығыстардың (шығындардың) қаупi құндық көрiнiсте валюталар бойынша банктердiң позицияларын қайта бағалаудан пайда болады;
      7) баға тәуекелi - қаржы құралдарының рыноктық құнына әсер ететiн қаржы рыноктарының жағдайы өзгерген жағдайда пайда болатын қаржы құралдары портфельдерi құнының өзгеруi салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
      8) елдiң (трансферт) тәуекелi - шетел мемлекетiнiң немесе шетел мемлекетi резидентiнiң банк алдындағы қаржы тәуекелдерiне қатыссыз себептер жөнiнде мiндеттемелер бойынша төлем қабiлетсiздiгi немесе жауап беру ниетiнiң болмауы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
      9) құқықтық тәуекел - банктiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуы не банк тәжiрибесiнiң оның iшкi құжаттарына сәйкес келмеуi, ал Қазақстан Республикасы резидент еместерiне қатысты - басқа мемлекеттер заңдарының талаптарын бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
      10) бедел тәуекелi - қоғамдық жағымсыз пiкiрдiң немесе банкке сенiмнiң төмендеуi салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
      11) фронт-офис - негiзгi функциясы банк клиенттерiмен мәмiле жасау болып табылатын банктiң бөлiмшесi;
      12) бэк-офис - негiзгi функциясы фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар негiзiнде қосалқы есепте жасалған операцияларды тiркеу болып табылатын банктiң бөлiмшесi;
      13) гэп - сыйақы ставкаларының өзгерiсiне ұшыраған немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде өтеуге жататын банктiң активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемiн салыстыру негiзiнде банктiң процент тәуекелiн және өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн өлшеу әдiстерi;
      14) стресс-тестинг - банк қызметiне әсер етуi мүмкiн ерекше, бiрақ ықтимал оқиғалардың банктiң қаржы ережелерiне қарымды ықпалын өлшеу әдiстерi;
      15) бэк-тестинг - көрсетiлген операцияларды жасаудан болған ағымдағы (нақты) нәтижелермен банк операциялары бойынша тарихи деректердi пайдалану және есептелген нәтижелердi салыстыру арқылы тәуекелдердi өлшеу рәсiмдерiнiң тиiмдiлiгiн тексеру әдiстерi.

  2-тарау. Тәуекелдердi басқару жүйелерiнiң
болуына қойылатын талаптар

      5. Банктiң тәуекелдi басқару жүйесiнiң болуы корпоративтiк басқаруға осы Нұсқаулық талаптарының сәйкес, келуiн, заем операцияларын жүргiзу тәжiрибесiнiң, қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу тәжiрибесiнiң, активтер мен мiндеттемелердi басқару тәжiрибесiнiң болуын, ақпарат жүйелерiнiң және басқару ақпараты жүйелерiнiң қалыптасуын қарастырады.

      6. Тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйесiн ұйымдастыру осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетiлген негiзгi және қосымша талаптарға банктiң сәйкес келуiмен қамтамасыз етiледi.

      7. Банктiң заем операцияларын жүргiзуi банкке сыйақы төлемiмен немен сыйақы төлемiнсiз қайтару жағдайында, оның iшiнде борыштық бағалы қағаздар және басқа қаржы құралдарын сатып алу, кепiлдiк беру, аккредитив ашу, вексельдi есепке алу және кредит тәуекелiне байланысты өзге де операцияларды жүргiзу арқылы берiлген банктiк заем берудi және қаржыландырудың басқа түрлерiн қарастырады.
      Тәуекелдердi басқару жүйесi шеңберiнде заем операцияларын жүргiзу тәжiрибесiнiң болуы осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында көрсетiлген негiзгi және қосымша талаптарға банктiң сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.

      8. Қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу баға тәуекелiне ұшыраған ықтимал сыйақы төлемдерi бойынша бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарын сатып алу/сату қарастырылады.
      Активтер және мiндеттемелердi басқару банктiң активтерi мен мiндеттемелерiн оның стратегиялық мақсаттарымен, оның iшiнде олармен тәуекелдерге байланысты мақсаттарды сәйкес келтiруге бағытталған iс-шараларды жүргiзу, сондай-ақ банк маржасын қажеттi деңгейде ұстауды қарастырады.
      Тәуекелдердi басқару жүйесi шеңберiнде қаржы құралдарымен операциялар жүргiзу тәжiрибесiнiң болуы осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетiлген негiзгi және қосымша талаптарға банктiң сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.

      9. Ақпарат жүйесiн және басқару ақпараты жүйесiн қалыптастыруды қамтамасыз ету банкте бағдарламалық-техникалық кешеннiң, қызметкерлердiң және банк жүргiзетiн операцияларға бiрдей, оның iшiнде банктiк операциялық тәуекелдерге ұшырау дәрежесiн шектейтiн ақпараттық-коммуникациялық жүйенiң болуын қарастырады.
      Тәуекелдердi басқару жүйесi шеңберiнде банктiң операциялық қызметiнiң, ақпарат жүйесiн және басқару ақпараты жүйесiн қалыптастырудың болуы осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетiлген негiзгi және қосымша талаптарға банктiң сәйкес келуi кезiнде рұқсат етiледi.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      10. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi
басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң 
болуына қойылатын талаптар туралы   
нұсқаулыққа 1-қосымша      

Тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйесiн
ұйымдастыруға қойылатын негiзгi және
қосымша талаптар

___________________________________________________________________
Негiзгi талаптар                        Қосымша талаптар
___________________________________________________________________
директорлар кeңeci ұзақ  директорлар кеңесi банк қызметiнiң страте.
мерзiмдi корпоративтiк   гиясын бекiтедi;
стратегияны              банктiң корпоративтiк стратегиясында банк
қалыптастырды;           қызметiнiң қысқа мерзiмдi (бiр жылдан кем)
                         және ұзақ мерзiмдi (екi жылдан он жылға
                         дейiн) мақсаттары;
                         банктiң, ұзақ мерзiмдi стратегиясы жасалған
                         және банк қызметiне бұрын жағымсыз әсер
                         еткен факторларды алып тастау мақсатында
                         үнемi жетiлдiрiлiп отырады;
___________________________________________________________________
директорлар кеңесi       директорлар кеңесi банктегi мүдделер қайшы.
талаптары корпоративтiк  лығын реттеу жөнiндегi саясатты бекiттi;
басқарудың тиiмдiлiгiн   директорлар кеңесi тәуекелдермен (кредит
қамтамасыз ететiн банк   тәуекелi, процент тәуекелi, өтiмдiлiктi 
қызметiн басқару         жоғалту тәуекелi, валюта тәуекелi) 
саясатын белгiледi;      байланысты және банктiң
                         стратегиясына, саясатына және рәсiмдерiне
                         қайшы келетiн немесе банкпен ерекше
                         қатынастармен байланысты тұлғалар үшiн
                         жеңiлдiк жағдайларын туғызатын банк
                         операцияларының мониторингiн жүргiзедi;
                         директорлар кеңесi банкпен ерекше
                         қатынастармен байланысты тұлғалар үшiн
                         жеңiлдiк жағдайларын туғызатын банк
                         операцияларының мониторингiн жүргiзедi;
___________________________________________________________________
директорлар кеңесi       банктiң iшкi ережелерi мен рәсiмдерiн 
директорлар кеңесiнде    сақтауын бақылауды, iшкi және сыртқы 
құрылған комитеттер      аудиторлардың есептердi орындауын, 
арқылы банк қызметiнiң   уәкiлеттi органның ықпал ету шараларын
мониторингiн жүргiзедi;  және өзге де талаптарын жүзеге асыратын
                         iшкi аудит (бақылау) қызметi (бұдан әрi -
                         iшкi аудит қызметi);
                         заем операцияларының талаптарын белгiлейтiн
                         және бекiтетiн кредит комитетi заемдардың
                         сапасын қадағалайды және банктiң меншiктi
                         капиталының бес процентiнен асатын
                         заемдарды беруге алдын ала рұқсат бередi;
___________________________________________________________________

Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi
басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң  
болуына қойылатын талаптар туралы   
нұсқаулыққа 2-қосымша         

Заем операцияларын жүргiзуге қойылатын
негiзгi және қосымша талаптар

___________________________________________________________________
негiзгi талаптар                     қосымша талаптар
___________________________________________________________________
банктiң кредиттiк       басқарма баланстық және баланстан тыс опера.
тәуекелдi бақылау       циялар бойынша банктiң және оның еншiлес
жөнiндегi саясаты бар   ұйымдарының кредиттік тәукелге ұшырауына
                        мониторингтi жүзеге асырады;
                        директорлар кеңесiмен кредиттер сапасын
                        бағалау рәсiмдерi белгiлендi;
                        директорлар кеңесi және басқарма
                        провизияларды қалыптастыру және жiктелген
                        активтердi есептен шығару рәсiмдерiн
                        белгiледi;
                        басқарма айына кемiнде бiр рет баланстық
                        және баланстан тыс мiндеттемелер бойынша
                        банк активтерiнiң сапасына және кредит
                        тәуекелiнiң деңгейiне талдау жүргiзедi,
                        банктiк қаржы жағдайына кредиттiк
                        тәуекелдiң әсер ету дәрежесiн айқындайды;
___________________________________________________________________
директорлар кеңесi      банктiң кредит бөлiмшесiнiң қызметкерлерi
кредиттеумен            мүдделер қайшылығы тәуекелiн шектейтiн
байланысты банк         рәсiмдердi сақтау арқылы функционалдық
қызметкерлерi           мiндеттерiн жүзеге асырады;
мүдделерiнiң            iшкi бақылау қызметi жылына кемiнде бiр рет
қайшылығы тәуекелiн     кредит бөлiмшесi қызметкерлерiнiң мүдделер
шектейтiн рәсiмдер      қайшылығы тәуекелiн шектейтiн саясатты және
белгiледi;              рәсiмдердi сақтауына тексеру жүргiзедi;
___________________________________________________________________
директорлар кеңесi      тәуекелдердi басқару бөлiмшесi тоқсанына
бақылау саясаты және    кемiнде бiр рет банктiң кредит тәуекелiн
кредит тәуекелiнiң      шоғырландыруды анықтау мақсатында және
мониторингi, оның       шоғырландырылған негiзде, оның iшiнде
iшiнде                  заемшылар, экономика салаларында, ел/аумақ
шоғырландырылған        бөлiгiнде есептi кезең iшiнде жүргiзiлген 
негiзде бекiттi;        заем операцияларының мониторингiн жүргiзедi;
                        тәуекелдердi басқару бөлiмшесi мониторинг
                        жүргiзедi және тоқсанына кемiнде бiр рет
                        басқармаға және жарты жылда кемiнде бiр рет
                        - директорлар кеңесiне банктiң кредит
                        тәуекелi, оның iшiнде шоғырландырылған
                        негiзде заемшылар, экономика салалары,
                        ел/аумақ бөлiгi бойынша мәлiметтердi
                        ұсынады;
___________________________________________________________________

Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi
басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң  
болуына қойылатын талаптар туралы   
нұсқаулыққа 3-қосымша        

Қаржы құралдарымен операциялар жүргiзуге
қойылатын негiзгi және қосымша талаптар

___________________________________________________________________
негiзгi талаптар                қосымша талаптар
___________________________________________________________________
Директорлар кеңесi      қаржы құралдарын сатып алу/сату және баға
қаржы құралдарын        тәуекелi бойынша операцияларды басқарудың
сатып алу/сату          iшкi саясаты:
және баға               банк активтерiнiң (мiндеттемелерiнiң)
тәуекелi бойынша        құрылымына байланысты өтiмдiлiк тәуекелiн
операцияларды           айқындайды;
басқарудың ішкі         банк активтерiнiң (мiндеттемелерiнiң)
саясатын бекiттi;       құрылымына байланысты проценттiк тәуекелдi
                        айқындайды;
                        банк активтерiнiң (мiндеттемелерiнiң)
                        құрылымына байланысты валюта тәуекелiн
                        айқындайды;
                        шоғырландырылған негiзде туынды қаржы
                        құралдарымен жүргiзiлетiн операцияларға тән
                        тәуекелдердi айқындайды;
                        баға тәуекелiнiң лимиттерiн белгiлеу
                        әдiстерiн, рынок тәуекелi бойынша меншiктi
                        капиталдың жеткiлiктiлiгiн;
                        банктiң рыноктық тәуекелiн өлшеу кезiнде
                        пайдаланылатын модельдердi;
                        тәуекелдердi басқару бөлiмшесiнiң
                        директорлар кеңесiне және басқармаға
                        шоғырландырылған негiзде рынок тәуекелi
                        бойынша банк позициясы туралы есептердi
                        ұсынуының кезеңдiлiгiн айқындайды;
___________________________________________________________________
директорлар кеңесi      қосарланған бақылау жүйесi:
функционалдық, атап     фронт- және бэк-офистердi бөлудi;
айтқанда мәмiленi       бэк-офистiң фронт-офистiң операциялары
жүзеге асыратын фронт-  жағдайын уақтылы тексеру мүмкiндiгiн;
офис пен көрсетiлген    қосарланған бақылау жүйесi қатысушылары
операцияларды есепте    арасындағы ықтимал келiсiмдердi
көрсетумен              шектеу шараларын;
айналысатын бэк-офис    тәуекелдер мониторингi мен кастодиан
арасындағы мiндеттерiн  қызметiн жүзеге асыратын фронт- және бэк-
бөлугe негiзделген      офистерде және бөлiмшелерде бiр тұлғаның
___________________________________________________________________

Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi
басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң  
болуына қойылатын талаптар туралы   
4-қосымша                  

Банктiң операциялық қызметiне, ақпарат жүйесiнiң
және басқару ақпараты жүйелерiнiң жұмыс iстеуiне
қойылатын негiзгi және қосымша
талаптар

___________________________________________________________________
негiзгi талаптар                    қосымша талаптар
___________________________________________________________________
басқарма банк            iшкi рәсiмдер реттейдi:
қызметiн көрсету және    банктiң өндiрiстiк қызметiне басшылықты
олардың бухгалтерлiк     қамтамасыз ететiн бөлiмшенi;
есебiнiң операциялық     банк операцияларын жүргiзудiң техникалық
техникасы бойынша        тәртiбiн;
рәсiмдердi бекiттi;      банк операциясының бухгалтерлiк есебiн;
                         банк операциясына қосарланған бақылауды
                         және олардың есебiн реттейдi;
___________________________________________________________________
банкте қолма-қол         банк кассадағы ақшаны сейфте (қоймада)
ақшамен жұмыс            сақталатын журнал жазбаларымен салыстырып
жөнiндегi ақпарат        тексерудi жүзеге асырады;
жүйесi бар;              банк кассадағы қолма-қол ақшаның артық (кeм
                         шығу) жағдайын тексередi;
                         банк банкоматтардың қолма-қол ақшамен
                         қамтамасыз етуiне жауап беретiн
                         қызметкерлердiң жұмысына бақылау жасауды
                         жүзеге асырады;
___________________________________________________________________
басқарма қабылданған     iшкi бақылау қызметi депозиттердi
және берiлген            қабылдау/орналастыру, 
депозиттердi,            дебиторлық/кредиторлық берешек бойынша
дебиторлық және          операцияларды жүргiзудiң техникалық
кредиторлық берешектi    операциясын олардың сақтауын бағалау
есепке алудың дұрыс      мақсатында жарты жылда кемiнде бiр рет
жүргiзiлмеу және         бөлiмшелерге тексеру жүргiзедi;
шынайы көрсетiлмеу
мүмкiндiгiн шектейтiн
рәсiмдердi белгiледi;
___________________________________________________________________
банктiң деректердi       банктiң деректердi электрондық өңдеу 
электрондық өңдеу        жүйесiн жоспарлау, әзiрлеу және жұмыс
жүйесiн жоспарлау,       істеуіне қатысты ережелерi мен 
әзiрлеу және жұмыс       нұсқаулықтары бар;
iстеуi бойынша iшкi
ережелері мен
нұсқаулықтары бар;
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады