Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1143 тіркелген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi міндетін атқарушының "Кәсiптiк бастауыш және орта оқу орындары оқушыларының ауысуы, оқуын қалпына келтіру тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі 391 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы N 827 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2655. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 13 қаңтардағы N 13 (V053426) бұйрығымен.

     Оқушылардың құқықтары мен мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту мақсатында бұйырамын:

     1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде (2000 жылғы 5 мамырда N 1143 болып тiркелген) "Кәсiптiк бастауыш және орта оқу орындары оқушыларының ауысуы, оқуын қалпына келтіру тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi міндетін атқарушының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 391 бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
     бұйрықпен бекiтiлген Кәсiптiк бастауыш және орта оқу орындары оқушыларының ауысу, оқуын қалпына келтіру тәртібі туралы ережесінде:
     мынадай мазмұндағы 3-1 тармақшамен толықтырылсын:
     "3-1. Бұрын басқа оқу орындарында оқығандарды ауыстыру және оқуын қалпына келтіру:
     курстар мен мамандықтар бойынша оқытудың тиісті оқу топтары болған жағдайда;
     қабылдаушы оқу орны оқу жұмыс жоспарының оқу пәндері тізбесімен оқушының академиялық анықтамасында немесе сынақ кітапшасында (үлгерім кітапшасында) көрсетілген оқу пәндерінің тізбесіндегі айырмашылық төрт пәннен кем болмаса жіберіледі";
     5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "5. Басқа кәсіптік бастауыш немесе орта білім беретін оқу орнына ауысқысы келген оқушылар өзі білім алып жатқан ұйым басшысының атына ауысуы туралы өтініш береді және мөрмен бекітілген жазбаша келісім алғаннан кейін, өзі ауысқысы келген білім беру ұйымының басшысына барады.
     Қабылдайтын білім беру ұйымы басшысының атына жазылған өтінішке қоса, оқушының білім беру ұйымының басшысының қолымен расталған сынақ кітапшасының (үлгерім кітапша) көшірмесі қоса беріледі.
     Ауысу туралы мәселе оң шешімін тапқан жағдайда оқушыны қабылдайтын білім беру ұйымының басшысы оны оқу сабақтарына жіберу және оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыру туралы бұйрық шығарады және оқушының бұрын оқыған білім беру ұйымына оның жеке ісін жіберу туралы жазбаша сұрау салады";
     7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "7. Оқушының жеке ісін уақытында жіберу мен алуға бақылау оқу орнындағы оқу бөлімінің бастығына жүктеледі";
     8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "8. Оқушылардың қатарына бұрын оқу орындарынан шығарылған тұлғаларды қалпына келтіру, егер оқудан шығарылған сәттен бастап он жыл өтпеген болса, оқудың барлық нысандарында жүргізіледі";
     10-тармақтағы екінші абзац алынып тасталсын;
     12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "12. Ауысу және оқуын қайта қалпына келтіру кезінде оқу орнының басшысы келесі сессияның басталуына дейін академиялық қарызды жоюдың уақыты мен ретін немесе оқу жоспары мен бағдарламасының айырмашылығын белгілейді. Академиялық айырмашылықты тапсыру ақылы түрде жүргізіледі";
     мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
     "16. Аталған ережеде қарастырылмаған мәселелерді шешу білім беру ұйымының құзырына жатады".

     2. Жалпы орта, кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм департаментi (С.Б. Есбосынова) осы бұйырықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.

     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К. Шәмшидиноваға жүктелсiн.

      Министрдің міндетін
     атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады